«Педагогиканы оқыту әдістемесі.
Педагогика әрдайым оқыту процесін зерттейді. Оны оқыту процесінің әлеуметтік, дидактикалық және жалпы педагогикалық сипаттамалар қызықтырады.
Оқу әдебиетіне оқыту процесінің келесі негізгі сипаттамалары енгізілді:
- оқыту процесін сатыларға, аспектілерге бөлу тұтастығы мен мүмкіндігі;
- оқыту процесінің барысын тексеру, суреттеу мүмкіндігі;
- оқыту процесінің басқарылуы.
Бұл сипаттамалар педагогиканы оқыту процесіне қатысты. Педагогикадағы оқыту процесінің ерекшелігі неден құралған? Әр жыл сайын оқытушыға жаңа оқушылар мен студенттер келеді. олар педагогикаға оқуға және жалпы оқу процесіне әртүрлі көзқарас тұрғысынан келеді. Педагогикаға оқыту мазмұны бойынша, форма және әдістері бойынша жалпы білім беру негізінде туыстық пәндермен тығыз байланыста жүзеге асырылады. Сондықтан оны жалпы білім беру және арнайы дайындық деңгейін есепке алу керек.
Педагогиканы оқыту – мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің негізін құрайтын білім мен іскерліктерді оқушылардың меңгеруі. Оқытушы жаңа міндеттерді алға тартып, оқушыларды оларды шешуге ынтылындырса, болашақ мұғалімдерді педагогиканы зерттеуде іс-әрекеттің жаңа формаларымен таныстыруы керек.
Педагогика оқыту процесіне іс-әрекет әртүрлілігі ретінде тереңдей енеді. Курсты оқыту барысында оқытушы өз әрекетінде мыналарды енгізеді: жоспарлау, ұйымдастыру, түзету және студенттердің жұмысын бақылау. Ол студенттерді жоспарлауға өз іс-әрекетін ұйымдастыруға, бақылауға еліктіреді. Соңында оқушылрды педагогикалық өзіндік білім алуға жетелеуге тырысады.
Педагогиканы оқыту процесін әдістемелік ұсыныстармен студенттерді қамтамасыз етумен бастау керек. Онда студенттер мен оқытушылардың іс-әрекеттері, тапсырмалар мен оларды орындау әдістемелері айқын көрсетілген. Бұл тек қана білімді игеруге ғана емес, оларға қол жеткізу тәсілдеріне, бақылау құралдарына сондай-ақ оқу процесін басқаруға жағдай жасайды.
К. Д. Ушинскийдің пікірі: «Тәрбиенің педагогикалық әдістері әртүрлі, бұл әртүрлілікпен танысу тәрбиешіні біржақтылықтан сақтайды».
Педагогика білімінің маңыздылығы педагог-практик үшін өте маңызды. Болашақ мұғалімдерде педагогиканы басынан бастап оқығанда танымдық қызығушылықтар мен қажеттіліктерді есепке алу керек. Бұл процестегі шешуші роль педагогика оқытушысына тиесілі: оның ғылыми-әдіснамалық қарулануы, педагогикадағы кең эрудиция, педагогикалық шеберлік, мәселені терең түсіне алу.
Студенттердің педагогикаға қызығушылығын арттыруды қалыптастыру жұмыстарында осы міндетті шешудің жолдары көрсетілген: оқу процесінің әдістемелік әртүрлілігі, техникалық құралдарды қолдану, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелерді қолдану, т.б. Олардың ішіндегі ең сенімдісі: студенттерді біртіндеп ғылыми ізденіске енгізу, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені зерттеуде олардың қатынасуы, педагогиканы теориялық зерттеудің күнделікті практикалық іс-әрекетпен біріктіру, тәрбиенің қазіргі кездегі мәселелеріне салыстырмалы-тарихи тұрғыдан келу.
К. Д. Ушинский: «адам тәрбиесінің басты жолы – сендіру, ал сендіруге сенім арқылы әсер етуге болады». Мұндай сенімнің болуы педагогтың оқушылар дамуында ауытқылардың себептерін анықтауға мүмкіндік береді.
В. А. Сухомлинский педагогикалық сенімнің қалыптасу процесін ашты. Оларды қалыптастырудың негізі педагогикалық идеялар болады. Олар педагогты өз жұмысын талдауға әкеледі.
Өз жұмысын талдау жайлы сұраққа жауап іздеуде педагогикалық сенімдер қалыптасады. Оларды қалыптастырудың маңызды шарттары мұғалімнің педагогикалық идеялармен тұрақты танысып отыруы болып табылады. Кәсіби сенімділікті қалыптастыру педагогиканы оқыту барысында зерттеуге болады.
Оқуды белсендіру. Педагогикалық өзіндік білім алуға даярлықты қалыптастыру.
Танымдық қажеттіліктер мен қызығушылықтарды қалыптастыру оқуда студенттердің белсенділігімен және өзінділігімен байланысты. Педагогиканы оқыту танымдық іс-әрекетті белсендіруге жағымды мүмкіндіктер жасайды. Оны оқу процесінде болашақ мұғалімдер оқу табиғаты, құралдары және тәсілдері жайлы жан-жақты білім алады. Сондықтан педагогиканы оқудың басынан бастап нақты бір жүйеде студенттерді жүйелілік өзіндік жұмысқа қатыстыру қажет. Мұнда тапсырмалар іскерлік кешенін қалыптастыруға бағытталуы керек: өзіндік жоспарлау, өзіндік ұйымдастыру, оқу процесіндегі өзіндік басқару.
Оқу іскерлігі кешені мен мотивацияны қалыптастыру оқыту процесінің жоғары мақсаты болып табылды.
Педагогикалық өзіндік білім алу студенттердің өзіндік білім алуының бөлігі ретінде қарастырылады. Ол тұлғаның педагогикалық теория мен алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені меңгеруге жүйелі танымдық іс-әрекетін көрсетеді. Ол барлық педагогикалық процестің жүзеге асырылуына бағытталған. Педагогикалық өзіндік білім алу кәсіби іс-әрекеттің әртүрлі жақтарымен тығыз байланысты.
Педагогикалық өзіндік білім алуға дайындық күрделі динамикалқ тұлғалық білім алу ретінде қарастырылады. Оның құрылымына педагогикалық өзіндік білім алуға ұмтылу, педагогикалық жүйені талдауға үйрену, теориялық қарулану, алынған білімдерді педагогикалық шынығуда қолдана алу, өзіндік ұйымдастыру іскерлігі енеді.
Педагогикалық өзіндік білім алуға дайындықтың жүйе құрушы компоненті мотивациялық пен аналитикалықтың өзара байланысы болады. педагогикалық өзіндік білім алуды қалыптастыру кәсіби бағыттылықтың даму деңгейіне тәуелді болып келеді. Студенттердің жеткіліксіз бағдарлануы педагогикалық өзіндік білім алуды тежейді.
Студенттердің нақты бағдарлануы мұндай дайындықтың қалыптасуына жағдай жасайды.
Педагогикалық өзіндік білім алуға дайындықты қалыптастыру бойынша жұмыс тиімділігін көтеретін шарттар көрсетілген:
1.Студенттердің өзіндік білім алудың мәні мен мағынасын түсінуі, оқытушының оны түсіндіруі қажет;
2.Өзіндік білім алуды қалыптастыруға бағытталған күрделі тапсырмалардың жүйесін өңдеу;
3.Тапсырманы орындау жұмысы студенттің өзіндік білім алудағы жетістігін сезінуге әкелуі керек;
4.Өзіндік білім алуға дайындауды қалыптастыруда студенттердің жеке ерекшеліктерін есепке алу керек.
ЖОО-да, басқа да оқу мекемелерінде студенттердің педагогикалық өзіндік білім алуға даярлығын қалыптастыруда жүйелі жұмыстар жасалуда. Педагогикадан алғашқы сабақтар «Бастауыш мектеп», «Мектепке дейінгі тәрбие», «Воспитание школьников» сияқты журналдардан иллюстрация курстарын оқудан басталады. Содан соң сабаққа дайындалуға пәндік журналдарды қолданудан әртүрлі сипаттағы тапсырмалар беріледі. Журналдарға шолу жасалады. Оқытушылр жетешілігімен оқушылар оқу орнын аяқтағанға дейін педагогикалық әдебиеттерден тұратын өздерінің жеке кітапханасын жинақтай алады. Бұл оқытушы іс-әрекетінде педагогикалық әдебиеттерді кең қолдануға мүмкіндік береді.
Мектеп талабына сай педагогика курсын оқыту жүйесіндегі өзгерістер бұл жұмысты дамытуға жағдайлар жасайды.
Педагогиканы оқыту процесіндегі жаттығулар. Іскерлік пен дағды арқылы білім бекітіліп дами түседі. К. К. Платонов: «Іскерлік – бұл қалыптасуы педагогикалық процестің мақсаты болып табылатын адамның жоғары қасиеті». Іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру жаттығулар процесінде жүреді.
Педагогика оқу процесіндегі жаттығулардың орнын әртүрлі бағалайды. Педагогикалық шеберлікті қалыптастыру, мұғалімнің дайындығын жетілдіруде ізденістер жасалуда. Олар мұғалімнің іс-әрекетін ғылыми зерттеу негізінде жүргізіледі. Бұл зерттеулердің ұйымдастырушылары мұғалімнің практикалық дайындығын жүзеге асыруда арнайы жаттығулар кешенін өңдейді.
Мұғалімнің педагогикалық шеберлігін жүзеге асыруда жаттығуларды қолдануға А. С. Макаренко көп көңіл бөлді. Ол оқу мекемелеріне арнайы жаттығулар қолдануға ұсыныс жасады: тәрбиешілермен қарым-қатынаста, оларымен жеке әңгіме жүргізуде, тәрбие процесінде пайда болатын әртүрлі ситуацияларды шешуде.
ЖОО-да мұғалімдерді дайындауда іскерліктер мен дағдыларды қарастыруға бағытталған зерттеулер жүргізіуде. Болашақ мұғалімдерді даярлауда оқу-тәрбие процесін зерттеуге бағытталған жаттығулар маңызды рольге ие. Олардың қолданылуы – педагогикалық процесс ерекшеліктерімен танысу, оның логикасына мән беру, оқытушы мен оқушылардың іс-әрекеті мен өзара әрекет жүйесінің сипатына көңіл бөлу.
Бұл жаттығуларды орындау болашақ мұғалімдерді ұстаздың маңызды қасиеттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Жаттығуларды орындау барысында оқушылар мұғаліммен, мектеппен, балалар ұжымымен тұрақты байланыста болуы керек. Мұндай байланыс оларға өзін өзін балалар тәрбиесіне жауапты болашақ мұғалім ретінде сезінуге мүмкіндік береді.
Мұғалімдерді даярлау тәжірибесі педагогикалық процесті бақылауға байланысты жаттығулар орындау педагогикалық міндеттерді шешумен үйлеседі.
Өзінің жұмыс тәжірибесінде мұғалім әртүрлі міндеттерді шешу мәселесімен кездеседі. Мұғалімнің шеберлігі - оның педагогикалық жағдайда қалай талдауынан байқалады, яғни өз іс-әрекетінің мақсаты мен міндеттерін талдау негізін қалыптастыру, бұл міндеттерді шешуге оқушылар ұжымын қалай ұйымдастырады, педагогикалық міндеттерді шешуде адамдардың қарым-қатынасы мен іс-әрекетін ұйымдастыруда кешенділік тұрғысынан келу.
Кәсіби- педагогикалық іс-әрекеттің спецификасы мен күрделілігі тәрбиешінің тұлғаға мақсатқа бағытталған әсері оның санасында, әрекетінде, қарым-қатынас пен іс-әрекетінде байқалуынан тұрады.
Педагогикалық міндеттер педагогикалық құбылыстардың күрделі әлеміне үйренуге көмектеседі. Мұғалімді даярлауды жүзеге асыру оқушының ішкі өмірін терең білу негізінде оқу-тәрбие процесін құруға мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Оқушыны тереңірек білу, тәрбие жұмысының әсерінен оқушыда болатын өзгерістерді есепке алу – бұл қазіргі мұғалімғе оқушылардың жоғары даму деңгейін қамтамасыз ететін оқу-тәрбие процесін саналы басқару үшін қажет нәрсе.
Зерттеу көрсеткендей, бұған диагностикалық әдістерді қолдану мүмкіндік береді. Диагностикалық әдістер негізінде тапсырмаларды орындау психология мен педагогиканың өзара байланысын құруға, олардың кітаптық сипатын жеңуге, оларды балалармен практикалық жұмыс жасауда қолдануға мүмкіндік береді. Диагностикалық әдістер арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекетінің даму деңгейін анықтауға болады. Диагностикалық әдістемелер оқушының ақыл-ой дамуы ерекшеліктерін, оның ойлауын, іскерлігін көрсетуғе, оқу материалын талдауға, заттардың қасиеттерін көруге, оқушының ырықты зейінін дамыту деңгейі, оның байқағыштығы, бақылампаздығын аз уақыт ішінде аңғаруға көмектеседі.
Мұндай әдістемелерді қолдана отырып тек қана сандық талдау емес, қанша тапсырма және оларды оқушы қанша уақыт ішінде орындады, сондай-ақ оқушылар іс-әрекетін сапалық деңгейде талдауға үйретеді.
Мұғалімдерді даярлаудың теориясы мен практикасы жаттығулардың басқа да түрлерін өңдеуге мүмкіндік берді. Олардың барлығы студенттерде педагогикалық іс-әрекетті табысты бастауға қажет іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
Зерттеулерде мұғалімді даярлау процесінде әртүрлі іскерліктерді қалыптастыру шарттары өңделген. Олар екі топқа бөлінеді: субъективті және объективті.
Субъективті шартар қатарына зерттеушілер келесілерді енгізді:
1.Оқушыларда іскерлік қалыптастыруға оқу-тәрбие процесіне бағдарланған педагогтың тұлғасының бағыттылығы.
2.Оқушылардың кәсіби жарамдылығы.
3.Олардың педагогикалық іс-әрекетіне бейімділігінің болуы.
4.Оқу-тәрбие жұмысының (оқу, сыныптан тыс, т.б.) әр түрлеріне болашақ мұғалімдердің қатынасы.
Объективті шарттар қатарына мыналар жатады:
1.Өткізілетін жұмыстың дидактикалық принциптерге сәйкестілігі.
2.Қойылған міндеттерге сәйкес тікелей және жанама оқу материалын таңдау.
3.Оқу-тәрбие процесінің педагогикалық бағыттылығы.
Педагогикалық іскерліктер ақыл-ой іскерлігінің әртүрлілігі ретінде көрінеді. Мұны есепке алу оларды қалыптастырудың келесі кезеңдерінен тұрады:
- оқушылардың тапсырма жайында алдын-ала түсінігін құрау;
- ереже-бағдарды енгізу;
- танымдық практикалық міндеттерді шешу үшін әрекеттерді кеңінен қолдану.
Педагогика пәнінің оқытушылары жұмысының тәжірибесінде жаттығулардың басқа да түрлері қолданылады: мектеп құжаттарын талдау, сабақ конспектісінің және сыныптан тыс сабақтың бөлігін құрау, ойындарды таңдау, ойындарды құрау, оқушылармен сабақ сценарийін өңдеу, т.б.
Әртүрлі жаттығулардың орындалуы оқушылардан оқу-тәрбие процесінде мектеппен, мұғаліммен тұрақты байланыста болуын талап етеді.
Болашақ мұғалімдерді кәсіби білім, іскерлік және дағдылармен қаруландыру шарттары.
Мұғалімдерді дайындаудың әртүрлі аспектілерін, сондай-ақ педагогикалық оқу мекемелерінің іс-әрекетін жалпылау үшін жасалынған зерттеулер педагогика пәні бойынша білім, іскерлік және дағдылармен қаруландырудың шарттарын қалыптастыруға мүмкіндік берді.
1.Болашақ педагог өзінің мамандығына деген жауапкершілік сезімін оята білсе, білімді де сапалы түрде меңгереді. Мектеп өзгерісіне сай психологиялық- педагогикалық цикл пәндерін зерттеу, үздіксіз педагогикалық тәжірибе бұл міндеттерді шешу нәтижелеріне әкеледі.
2.Басқа пәндер бойынша оқыту процесін зерттеу тұлғаның ақыл-ой белсенділігі шығармашылқ іс-әрекетте шығармашылық міндеттерді оқытуға мүмкіндік береді. Жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіндегі бағыттылық педагогиканы оқыту процесіне қатысты.
3.Кәсіби білім, іскерлік және дағдыларды меңгеру оқушылардың педагогикалық өзіндік білім алуға қызығушылығын арттырса тиімдірек болып келеді. Педагогикалық өзіндік білім алудың дамуы – мұғалімнің шығармашылық өсуінің кепілі.
4.Өзіндік білім алу мен оқытуға қолданылатын материалдың ғылыми таңдауы маңызды. Тәжірибе көрсеткендей, оқу материалында жетекші идеяларды көрсету оларды меңгеру мүмкіндігін арттырады.
5.Қажет базаның болуы (кітапхана, кабинат, әдістемелік кешен, т.б.) міндетті түрде. Педагогикалық әдебиеттің кітапхана кешенінде мол қорының болуы.
Оқыту және кәсіби тәрбие. Оқытумен бірлікте мақсатқа бағытталған тәрбие процесі бірлікте жүзеге асырылады. Педагогиканы оқыту болашақ мұғалімді қалыптастыру жалпы процесте маңызды рольге ие. Педагогикалық оқу мекемелеріндегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру тәжірибесі мен зерттеуі педагогика пәнінің оқытушылары студенттердің кәсіби тәрбиелеу мақсатында сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстарды кеңінен қолданады. Көптеген оқу мекемелерінде студенттердің кәсіби тәрбиесінің дәстүрлі формалары құрылады. Бұл формалар тәжірибемен тексерілген. Олардың ұйымдастырушылары педагогтар болады. Олар басынан бастап студенттердің бірігу жұмыстарына қызықтырады. Оқу мекемесінің өмірінде біріктіру бекітіліп, дәстүрлі болады, олар оқытушылар мен студенттердің ұжымдық шығармашылық негізінде өмір сүреді. Студенттер болашақ мұғалімдерді білімдер мен іскерліктер игеру барысында байытылады. Өмір талаптарына сай дами отырып студенттердің өзіндік іс-әрекетінің формасы педагогикалық оқу мекемелерінде жаңа топтарды қамтып, өз ісіне жан-тәнімен берілген педагогты қалыптастырады.