Педагогикалық шеберлік негіздерін меңгеру психология, педагогика, жеке пәндерді оқыту әдістемесін терең оқып үйренудің негізінде, оны педагогтық іс-тәжірибеде жете меңгеріп, қолдана білудің нәтижесінде жетіле түседі.
Педагогикалық шеберліктерін қалыптастыра отырып, ұстаздар, жас педагогтар, студенттер педагогтық мамандықтарын шыңдайды.
Педагогикалық шеберлікке жетілдіру - оқу-тәрбие жұмысының компоненттерін бір-бірімен үйлестіре жүргізу арқылы педагогикалық іс-әрекетте нәтижеге жету болып табылады.
Педагогикалық шеберліктер негізі арнайы курсы соңғы жылдары педагогтар дайындайтын жоғарғы оқу орындарында арнаулы курс ретінде оқытылып келеді.
Қазақстан республикасының педагогикалық жоғарғы оқу орындарында педагогикалық шеберліктер негізі курсын оқыту қолға алынып отырғанымен, қазақ курстарында арналған оқулықтар әлі күнге басылып жарық көрген жоқ. "Педагогикалық шеберліктер негізі" арнаулы курсына арналған орыс тілінде жазылған оқулық жоғарғы оқу орындарында жетіспейді. Кейбір жоғарғы оқу орындарында жоққа тән және қазақ студенттерінің барлығының мүмкіндігіне сай келе бермейді.
Сол сияқты қазақ тілінде шыққан педагогика, психология, жеке әдістемелік оқу құралдарының да жоғарғы оқу орындарында өте жетімсіз болып отырғанын да атап өтуғе тура келеді.
Қандай да бір істі өзінің нақты деңгейіне жеткізіп атқару үшін шеберлік керек. Шеберлік барлық іс-әрекеттерге де, барлық мамандықтарға тән қасиет.
А. С. Макаренко былай деген болатын: "Тәрбиешінің шеберлігі ол бір ерекше өнер емес. Ол мамандық. Мамандық болғанда да дәрігерді өз мамандығына, музыканттарды өз мамандығына үйреткен сияқты мұғалімді де өз мамандығына үйрету" деп, атап көрсеткен болатын.
Негізгі мақсат педагогикалық шеберліктің өзіне тән ерекшеліктері мен қасиеттерін білуіміз керек. Педагогикалық шеберлікті жетілдірудегі негізгі мақсат - мұғалімдік мамандық бойынша өзінің алдына қойған мақсатты педагогикалық іс-әрекеті деңгейіне жеткізе нәтижелі түрде іске асыра білу.
Мұғалімнің шеберлігі екі жағынан бірдей танылады: бірінші жағы, баланы қалай, қалайша оқыту үшін оның психологиясын білу, екінші жағы, оқытып-тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін, жолдарын терең білу және оны қолдана білу. Тәжірибеде осы талаптарға сай мұғалімдер шеберлігі қалыптасып жетіледі. Бұл жөнінде біз өзімізге белгілі болып келе жатқан көптен таныс, даңқты педагогиканың іс-тәжірибесін оқып үйрену арқылы педагогикалық шеберліктерді таныш-біліп, олардың іс-тәжірибелерін жаңа жағдайда жаңа форма-әдістермен жандандыра отырып, өз ісімізде басшылыққа алуға тиіспіз. Сонда ғана өзіміздің педагогикалық шеберлігімізді жетілдіріп, шыңдай түсеміз.
Мысалы, А. С. Макаренконың, М. Ғорький атындағы, Э. Дзержинский атындағы балалар колониясындағы атқарған педагогикалық шеберлік "Ұстаздық дастан", "Мұнара үстіндегі тулар" атты еңбектерінде айқын суреттелінген.
Қазір жаңашыл деп атап жүрген бір топ педагогтардың: И. Ф. Шаталов, И. Е. Ильина, Ш. А. Аманашвили, К. М. Кертаева, Т. И. Гончарова, С. Н. Лысенкова т.б. іс-әрекеттерінен нақты педагогикалық -шеберлікті байқаймыз. Бұлардың педагогикалық шеберліктерінің, негізі балалардың өз еркімен дамуына жол ашу, жергілікті мүғалімдердің пікірімен, тәжірибелерімен санаса отырып, оқу құрал, бағдарламалардың балама түрлерін жасау, сөйтіп білім-тәрбие берудің жаңа талаптарына сай педагогикалық шеберліктерді дамытуға үлес қосу болып табылады. Оқу-тәрбие процесінде оқушылармен педагогикалық ынтымақтастықта жұмыс атқарудың формаларын, әдістерін дамыту. Әрбір оқу пәндерінің ерекшеліктеріне сай оқу-тәрбие әдістерін жетілдіру. Балаларға деген қамқорлықты, сүйіспеншілікті арттыру, жаңа жұмыс әдіс-тәсілдерін жандандыра түсу - педагогикалық шеберліктерінің сипаты.
Педағоғикалық іс-әрекет деғеніміз – мұғалімнің оқу-тәрбие істерін нәтижеге жеткізетін әрекеттер құрылымы.
Мұғалімнің шеберлігі педагогикалық іс-әрекетті жоғарғы педагогикалық мамандық негізінде басқара білу. Педагогикалық іс-әрекеттер мынадай құрылымдардан тұрады: іс әрекет мақсаты, іс-әрекет объектісі, іс-әрекет субъектісі, іс-әрекет құралы.
Аталған іс-әрекет қүрылымдары бір-бірімен байланысты комплексті жүзеге асырылып іс-әрекеттің компоненттері де болады.
Осы аталған іс-әрекеттер компоненттері де болып табылатын іс-әрекет мақсаты, объектісі, субъектісі және іс-әрекет құралдарын жеке-жеке алып қарайтын болсақ: іс-әрекет мақсаты - жас үрпақты жан-жақты тәрбиелеуді көздейді.
Жан-жақты тәрбиелеу - тәрбие жұмысын комплексті жүзеге асыруды қажет етеді.
Комплексті жүргізу адамгершілік, еңбек, эстетикалық, дене, экономикалық, экология, ақыл-ой тәрбиелерін тұтас бір-бірімен ұштастыра жүргізу болып табылады. Тәрбие жұмысын комплексті жүргізу тәрбиеленушілердің санасына да, мінез-құлқына да, олардың тіршілік қызметіне де бір мерзімде ықпал жасауға мүмкіндік береді.
Жеке адамды жан-жақты дамыту жас ұрпақтың тіршілік қызметінің алуан түрлі: өндірістік, қоғамдық саяси, рухани адамгершілік салаларында барлық қабілет дарындарын дамытуды қарастырады.
Іс-әрекет объектісі - адамдардың қалыптасуының объективтік негізін - қоғамның материалдық-техникалық базасы, қоғамдық қатынастар, тұрмыс салалары, табиғи орта және адамның туа біткен қасиет-нышандары сияқты адамдардың еркі мен санасына тәуелді емес факторлар құрайды.
Адам жанасқан нәрселерінің бәрі - адамдар, заттар, табиғаттың және айнала қоршаған қоғамдық өмірдің құбылыстары осының барлығы оның санасы мен мінез-құлқына, оның рухани әлпетіне ізін қалдырады. Адам қоғамның белсенді мүшесі ретінде қалыптасады. Сөйтіп, адам әрқайсы қайталанбайтын дара ерекшеліктерімен көзге түседі.
Сондықтан адамға арналған педагогикалық іс-әрекетті шығармашылық негізінде ұйымдастыра білуді қажет етеді.
Баланың тәрбиесіне педагогтық іс-әрекеттің объективтік жағдайлары, қоршаған өмірде әсер етеді. Сондықтан тәрбие жұмысында өзін-өзі тәрбиелеу жұмыстарын айналадағы объективті өмірмен байланысты үйлестіре жүргізген жөн.
Іс-әрекет субъектісі - тәрбиеленуші және жас жеткіншектерге тәрбие жөнінен әсер етушілер: педагогтар, жанұя, педагогикалық ұжым және жұртшылықтар болып табылады.
Мектеп ішінде балаларға тәрбие және оқу жұмысын ұйымдастыратын негізгі тұлга мұғалімдер. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеттері, оның білімі, білгірлігі, оқыту және тәрбие әдіс-тәсілдері үлкен әсер етеді. Нағыз балаларға лайықты, ұтымды, нәтижелі тәрбие беретін педагогтарды өзін-өзі жетілдірумен шұғылданатын, адамгершілік-ізгілік қасиеттері мол тәжірибелі шебер педагогтар деп айта аламыз.
Әрбір педагогтар өзінің қалауынша осы аталған құралдарды тәрбие жұмысында басшылыққа алады.
Кейбір педагогтар іс-әрекет құралдары ретінде, бірлескен ұжымдық оқуды, басқа да бірлескен іс-әрекеттерді ұйымдастыруды құрал етіп пайдалана біледі. Мұндай таңдау ұстаздың шеберлік және мүмкіндік ыңғайына байланысты жүргізіледі.
Педагогикалық шеберлік жүйелері. Педагогикалық кәсіптік әрекеттерге өзін-өзі бағыттап, ұйымдастыратын педагогикалық білгірлік қасиеттер педагогикалық шеберліктер жүйесіне жатады.
Педагогикалық шеберлік мынадай жүйелерге бөлінеді: Педагогтың іс-әрекетіндегі ғуманистік бағыттылық, педагогтық кәсіптік білгірлік, педагогтық іс-әрекетіне бейімділік, педагогтық техника. Бұл аталған педагогтық шеберлік жүйелері бір-бірімен байланысты жүзеге асырылады.
Педагогтық іс-әрекеттеғі гуманистік бағыттылық - тәрбиешілердің, мүғалімдердің балаларға адамгершілік-ізгілік қарым-қатынас орнату жағынан жетіле түсуін қажет етеді. Гуманистік бағыттылық жүйесі - педагогтардың балалармен ынтымақтастық, демократтық бағыттағы ізгілі-адамгершілік, сүйіспеншілік қатынас орнату стратегиясы мен тактикасының болуын қажет етеді.
Л. Н. Толстой былай деген болатын: "Еғер мұғалім өзінің балаларға деғен сүйіспеншілігін, педагогикалық іс-әрекетпен жалғастыра білсе, ол жетілген мүғалім". Педагогтық іс-әрекетіндегі гуманистік бағыттылық әр жақты бағалы бағдарлар құрады. Олар мыналар:
- өзін шебер педагог ретінде танып білу.
- педагогикалық әсер ете білу ықпалының болуы.
- балаларға, балалар ұжымына деген сүйіспеншілік- ынтымақтастық бейімділігінің болуы.
- педагогикалық іс-әрекет мақсатының, гуманистік стратегиясының, тактикасының болуы.
Кәсіптік білім, білгірлік. Педагогикалық кәсіптік шеберліктің фундаменттік негізі - кәсіптік білім. Мүғалімнің кәсіптік білгірлігі - біріншіден, өзі оқытатын пәнін терең, негіздей білуге негізделсе, екіншіден сол пәнді оқып тани білетін оқушыларға арналады.
Кәсіптік білімнің ерекшелігі оның комплекстігінде: оған білім мазмұны, оны оқыту әдісі, оны ұйымдастыру принциптері жатады.
Кәсіптік білімнің комплекстігі ол кәсіптік білімді, саналы ереже принцип-тәртіпті қалыптастырады.
Кәсіптік білім - теориялық, технологиялық, әдістемелік жағынан тұтасады. Оны әрбір педагогтар өз тәжірибесіне сай құрады, ғылыми білімі негізінде оның заңдылықтарын көре біледі.
Педагогикалық іс-әрекетке бейімділік. Педагогикалық шеберлік жүйелерінің тағы бір маңызды түрі - педагогикалық іс-әрекетке бейімділік.
Психологиялық жағынан танып білуімізге байланысты, бейімділік дегеніміз өзі белгілі бір затқа, объектіге, іс-әрекетке адамның сезімдік талғамының арта түсуі соған деген құлшынысының арта түсуі деп білеміз.
Сол педагогикалық іс-әрекетке бейімділікті танытатын төмендегідей түрлі сезім құлшынысын, жетекші бейімділікті атауға болады.
- Адамдармен ыңғайласа білуге құлшыныс көрсету, тіл табыса білу, адамдармен коммунативтік қатынаста болуға бейімділік көрсету.
- Кәсіптік көргендік, бейімділік, байқағыштық. Адамдарда болатын күрделі сапалық қасиеттерді, ажыратып тани білу қабілеттілігі (эмпотия, педагоғическая интуиция).
- Жеке бас динамизмі - эмоциялық тұрақтылықты байқата білу, ішкі әсер ету сезімін, ерікке әсер ету сезімін байқату, логикалық көз жеткізу. (жаңашыл педагогтар тәжірибесінен байқалады).
- Эмоциялық тұрақтылық өзін-өзі меңгеру, өз бейімділігін реттеп басқара білу. Ситуацияларды бағдарлай біліп дұрыс шешім қабылдай білу.
- Оптимистік болжай білушілік алға үмітпен қарау, оқушыларды келешекке үміт, сенімге бағдарлап тәрбиелеу.
в) Педагогтың іс-әрекеттің техникасы. Педагогикалық шеберлік жүйелерінің тағы бір түрі - педагогикалық техника. Педагогикалық техника дегеніміз - педагогтық іс- әрекетті ұйымдастыра білу іскерлігі.
Педагогикалық техникалық іскерлік - осы салада білудің екі түрін құрады. Біріншісі, педагогтың өзін-өзі басқара білуі; екіншісі педагогтык, міндетті жүзеге асыру үшін өзара әсер ете білуді меңгеру.
Біріншісі бойынша педагог өз денесін, эмоциялық сезім дүниесін, сөйлеу техникасын меңгеріп басқара білу.
Екіншісі бойынша - педаготтың дидактикалық өзін-өзі ұйымдастыра білу, өзара үйлесімділікпен жүзеге асыру. Біз жоғарыда атап көрсеткен педагогикалық шеберлік жүйелері оның функцияларын атап көрсете отырып, мынадай қорытындыға келеміз:
Педагогикалық шеберлік - жүйелі процесс. Педагогикалық іс-әрекетте нәтижелі табысқа жеткізеді. Жұмысқа жаңа сапалық мазмұн береді. Педагогтық кәсіптік позицияны қалыптастырады.
Педагогикалық шеберлік жүйелері педагогикалық бағыттылықты, бейімділікті, білімділікті, іскерлікті білдіретін процесс.
Педагогикалық шеберлік өлшемі.
- Педагогикалық мақсаттылық, бағыттылық.
- Тәрбие беру, білім беру ісінің нәтижелігі.
- Әдістерді, құралдарды қолдана білудегі үйлесімдік.
Іс әрекет мазмұнының шығармашылық сипат алуы.
Жоғарыда көрсетілғен әрбір шеберлік жүйелерінің өз дамуының белгілі өлшемі, даму деңгейі болады.
Жоғарғы оқу орындарының міндеті студенттерге алғашқы мамандық деңгейін меңгерту қажет. Яғни кәсіптік мамандық беруде: кәсіптік бағыттылықты, кәсіптік білімді, бейімділікті, іскерлік техниканы жетілдіру керек. Одан кейін ол тәжірибеде шыңдалып өзінің жоғарғы деңгейіне бірте-бірте жетуге тиіс. Өз заманында А. С. Макаренко педагогикалық кәсіптік шеберлік деңгейі казірге дейін әлі жоғары дәрежеге жете қойған жоқ деген болатын. Әлеуметтік қоғамдық өмірдің жаңаруына байланысты кәсіптік педагогикалық шеберлік деңгейі де дамуға тиіс.
Педагогикалық кәсіптік шеберлікті дамыту міндеттері педагогикалық білім білгірлігі, педагогикалық кәсіпке бейімдігі, ситуацияларды меңгеру, балалардың психологиялық жағдайын меңгеру болып табылады.
Педагогикалық міндеттер педагогикалық шеберліктің ең түйінді мәселесі, өйткені педагогикалық міндеттер, педагогикалық ситуацияны ойлау, оны жаңа жағдайға келтіріп шешу. Мысалы, Сабақ басталды, оқушылар сабаққа отырды, Одан кейін бір оқушы кешігіп келді, - Ол ситуация; мұғалім үйге берген тапсырманы тексеріп еді, екі оқушы тапсырманы орындамаған - ол ситуация; Сабақ үстінде оқушылар жазған қағазын лақтырып отырды - ол ситуация.
Бұл ситуацияны бағдарлаған мұғалім өз алдына міндеттер қояды. Ол балаларды саналы әрекетке тарту, сөйтіп қатынасты педагогикалық мақсатқа жақындастыру.
Сөйтіп мұғалімнің шеберлігі, проблеманы түсіну, ситуацияны талдау, оны дұрыс шешуден басталады.
Педағоғикалық шеберлікті қалыптастыру. Мұғалімдік шеберлікке баулу, тәрбиелеу жоғарғы педагогикалық оқу орындарында ең алдымен жекелеген мамандыққа байланысты пәндері: педагогиканы, психологияны, әдістемені оқуға байланысты жүзеге асырылады. Сондықтанда бұл пәндердің неғізінде студенттерғе жоғарғы кәсіптік мамандықты игеруді мақсат ете қоюмен бірге студенттердің бұл пәнді оқып үйренуге деген ынтасын арттыру керек. Мүғалімдік шеберлікке баулу - жалпы мүғалімдік мамандыққа баулып тәрбиелеудің орталық біріктіру аспектісі болуға тиіс. Студенттер төменгі курстардың өзінде "Педагогикалық шеберлік негізі" курстарын оқып үйренуге байланысты орталық бағдар беретін пәндер ретінде зейін аудара отырып, ықылас қойып педагогика, психология пәндерін терең оқып үйренуі керек және педагогика тарихын және пәндерді оқыту әдістемесін үйренуді қажет етеді.
Педагогикалық шеберлік негіздері курсын оқып үйренуде төмендегідей принциптерді негізге, басшылыққа алып оқытсаң, солғұрлым нәтиже береді:
Тұтастық қатынас жасау принципін басшылыққа алу. Демек, теориялық мәселелерді практикамен ұштастырып таныту. Оған материалды дискуссия ретінде талқылау, жаттықтыру, ойлау операциясын белсендіру, схема, конспекті, тезис құру т.б.
Белсенді қатынас жасау принципі (коммуникация) түрлі ойындар ұйымдастыру, демонстрация, жарыс, фрагменттеу. Сабақ ұйымдастыру барысына студенттердің өздерін тарту.
Студенттер педагогикалық іс-әрекетті меңгеруді, кезең-кезеңімен үйреніп жаттыға білуі қажет. Мысалы, І-курс студенттері өздерінің сыртқы келбетін игеру, киім қию, сөйлеу мәдениетін игеру, қарым-қатынас жасау тәсілдерін үйрену т.б.
Жеке пәндерді оқытудағы үйрену барысында оны шығармашылық меңғеру. Аспектілік қатынас - мамандыққа бағыттау, педагогикалық шеберлік негізіне бағыттау.
Білім және дағды байланысы принципі. Практикалык, тапсырыс. Базалық мектептермен жиі байланыс.
Педағоғикалық оку орындарын педағоғизациялау принципі оқу тәрбие процесін педағоғикалық шеберлікті меңғеруғе қарай бағыттап отыру. Студенттерді түрлі кружоктарға, клубтарға, студияларға тартып отыру керек.
Мұғалім күндерін өткізуғе, педағоғикалық оқу, конференция ұйымдастыруға, жаңашыл педағоғтардың тәжірибесін насихаттауға оларды тартып отыру керек. Кештер өткізуғе түрлі тақырыптарда: Мысалы., "Келешек мектебі бүғінен бастала-ды".
Жоғарғы оқу орны оқытушылар, мектеп мүғалімдері, студенттер бірлескен дәрежеде ғана нәтижелі іс шығады шебер педағоғтар дайындап шығаруға болады.
Эстетикалық сезім-педағоғикалық шеберліктің неғізғі компоненті. Жай ғана хабарлама түрінде ешбір әсер, сезім тудырмайтын құрғақ оқыту, жалаң сөйлеп, тәрбие жөнінде, насихат айту - оқу процесінде де ешбір нәтиже бермейді. Сондықтан оқытудың, тәрбие берудің әсерліғін, оқушының сезімін өзіне тарта білетін күшін тудыра білу керек. Мұны біз эстетикалық сезім дейміз.
Мұндай эстетикалық сезім тудыру жолдары оның көзін жеткізу процесімен байланысты. Сезімнің өзі жағымды және жағымсыз болатындығы бізғе белғілі. Жағымды сезімдер түрлі психофизиолоғиялық жағдаймен байланысты. Олар оймен, ерікпен, адамғершілікпен, біліммен, мәдениетпен көзқараспен байланысты.
Сезімді бірінші және екінші деп бөлуғе болады. Бірінші сезім биолоғиялық сезім - ол барлық жан-жануарларда болатын сезім. Екінші сезім адамдарға тән сезімдер. Олар социалдық әлеуметтік өмір жағдайына байланысты туып қалыптасатын сезімдер К.Маркс сезімді тұтас біріктіру мәселесін былай деп көрсеткен: "Бір жағынан адам сезімін -адамдандыру, екінші жағынан адам сезімін тудыру".
Педағоғика, психолоғия ғылымдары неғізінде адам сезімдерін пәндер бойынша дифференциялау мәселесін қойып отыр. Яғни моральдық сезім, еңбек интеллектуалдық, практикалық, эстетикалық сезім. Бұлардың бәрін мазмұнға байланысты біріктіріп, эстетикалық сезім деп айтуға болады, өйткені эстетикалық сезімнің пайда болу кездері: еңбек, ойын, өнер, дін, адамдар арасыңдағы қарым-қатынас.
Сондықтан неғізғі міндет сезімдердің мәнін айырып түсіне білу, жас ұрпақтардың эстетикалық сезімін тәрбиелеу, жас ұрпақтардың жағымды сезімдерін тудыра білу қажет.
Мүғалімнің шеберліғі алдындағы оқушының даму деңғейін, оның әрбір кезеңде өсуін бақылап отыру керек. Сол даму кезеңдерінде оқушыны бағыттап оның әрі өсу, даму жағдайларына бағыттап отырған жөн. Оқушының дамуын сезім талғамын екі деңғейде тануға болады.Бірінші кезеңінде неғе бейім, оның сол бағыттағы әрекетін білу керек. Екінші кезеңі - потенциалдық даму мүмкіндіктерін білу керек.
Тәрбиелеуде қоғамдық бағыттылық және адамға әсер ету, оны "Қос ықпал" дәрежесінде қолданған уақытта өнімді нәтиже береді. Оның моральдық, эстетикалық әсер ету сезім күшті болады. Осы бағытта өндіріс пен мектептің байланысын жақсарту - оқу мен еңбекте тәрбие жұмысын ұштастыра түсуде өте маңызды. Оқуды еңбекпен ұштастыруды оны дұрыс үйлестіріп отыру оқушыларға қанағаттанарлық сезім яғни эстетикалық сезім туғызады.
Педағоғакалық ықпал етіп, эстетикалық сезім тудыратын құралдардың ішінде халық мұралары, үлттық салт-сана, ұлттық мәдениет, өлең, жыр, сурет, өрнек-ою өнерлері т.б. оқушыларға эстетикалық сезім тудырудың неғізғі көздері болып табылады.