Қазіргі қоғамда білім адамзат әрекетінің ең маңызды саласы болып табылады. Онымен көптеғен миллиард оқушылар мен 50 млн. педагогтар айналысады. Білімнің әлеуметтік рөлі жылдам өсті: оның бағыттылығы иен тиімділіғінен адамзаттың дамуның перспективасы анықталады. Білім, соның ішінде жоғарғы білім, әлеуметтік және экономикалық прогрестің маңызды, бастаушы факторы ретінде қарастырылады.
Педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесі – жоғарғы оқу орнының талаптарына сәйкес мамандардың кәсіби дайындығы және тәрбие процесінің заңдылықтары туралы, осы процесс негізінде басқару және ұйымдастыру технолоғиясын, әдістемесін, теориясын өңделетін ғылым.
Ғылыми білімінің дамуымен қатар жоғарғы мектеп педагогикасының жеке бөлімдері пайда бола бастады, олар жеке салаларға айналды. Олардың қатарына:
Педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесінің ғылым ретінде неғізғі практикалық катеғорияларға сүйене отырып өзінің объектісі және зерттеу пәні бар.
Педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесінің объектісі – жоғарғы оқу орнында басқару жүйесінің қызметін атқаратын педагогикалық жүйелер.
Мұндай жүелерге академиялық топ, факультет, жоғарғы оқу орны, қоғамдық ұйымдар, студенттер, оқытушылар, білімберу министрлігінің басқаруы және бөлімдері және тағы да басқалары жатады.
Педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесінің пәні – тәрбие процесі және жоғарғы оқу орнының талаптарына сәйкес мамандардың кәсіби дайындығы, сабақ беруғе осы процесс заңдылықтарының жүзеге асуы.
Педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесінің негізгі үғымдары - даму, қалыптасу, өзіндік білім алу, өзін-өзі тәрбиелеу.
Педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесінің әдіснамалық идеялары жалпы педағоғикадан шығады. Жоғарғы мектеп педагогикасының әдіснамалық негізі – ғылымның дамуына әсер ететін, философиялық ойлардың негізін салушы жүйе.
Әдіснамалық жағдай – оқытушының зерттеушілік позициясын, зерттеу процесінің бағыттылығын, оның тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Жоғарғы мектеп педагогикасы негізгі төрт бағыт бойынша жіктеледі:
1-ші бағыт, жоғарғы мектеп педагогикасын педагогика ғылымының негізгі саласы ретінде теориялық жағынан зерттеу;
2-ші бағыт, жоғарғы оқу орнының түрлі саласындағы жұмыскерлеріне “ Жоғарғы мектеп педагогикасының неғіздері” курсының оқу пәні ретінде оқытылуы;
3-ші бағыт, әртүрлі жоғарғы оқу орнындағы оқу курстарын оқыту әдістемелерінің зерттеуімен байланысты;
4-ші бағыт, мамандарды дайындау жүйесінің ғылыми негізін зерттейтін ғылымдарды біріктірумен бағытталған.
Бұл курста педагогикалық пәндерді оқу әдістемесінің мәселелерін зертейтін екі бағыт көрініс тапты, яғни олардың басты міндеттері – мемлекет сұранысын қанағаттандыру мақсатында, қазіргі заман талабына сай экономика, ғылым мен мәдениет салаларын дамытуда белсенді роль атқаратын мамандарды даярлау.
Студенттерді саяси тәрбиелеу, дүниетанымдарын, биік адамгершілік қасиеттерін, қоғамдық борыш және жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру маңызды міндет болып табылады.
Осы маңызды міндеттердің барлығын қазіргі жоғарғы мектеп шешуі керек. Оқытушы осы міндеттерді біліп және олардың маңызы мен мәнін түсіне отырып, студенттерді оқу тәрбиелік троцесте дұрыс жолға бағыттауы керек.
Тағы бір міндеттердің бірі болашақ жоғарғы мектеп оқытушыларын жоғарғы мектеп педагогикасы саласындағы зерттеу жұмыстарына қызықтыру, ол үшін негізгі педагогикалық құбылыстарды зерттеуде қолданылатын әдістер жүйесін білу маңызды.
Жаңа адамды тәрбиелеу мен оқытуда жоғарғы мектеп маңызды орын алады. Оның қызметі үнемі дамуда. Жаңа заман талаптарына сәйкес жоғарғы мектептің дамуы көптеғен әлеуметтік қоғамдық мәселелерді шешуді қамтамасыз етуі керек.
Жоғарғы мектептің алдына қойған ең бірінші мақсаты – қоғамға, мемлекетке қажетті жоғары білімді мамандарды даярлау.
Шетел университеттерінің тәрбиесін зерттеп білу, бүгін Қазақстанның Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрамына енетін басқа елдер сияқты болашақ мамандардың кәсіби даярлық процесін көп деңгейлі даярлыққа (бакалавриат, магистратура) өткендігін, оқытуды диверсификациялау нәтижелі болғандығы жаңа информациялық технологиялар тағы да басқаларды еңғізіліп жатқанын көрсетіп отыр.
Мамандардың пікірінше ХХI ғасырда тиімді білім беру жүйесін жасайтын жас ұрпақтың ақыл ой және рухани патенциалын барынша дамытуға мүмкіндігі бар ұлт қана озат бола алады.
XX ғасыр аяғы мен ХХI ғасырда ғылыми техникалық прогрестің және ақпарат көлемінің өсуі жоғарғы оқу орындарындағы алынған білім қорының мүлдем белсенді кәсіби іс-әректінің барлық кезеңіне емес, тек қысқа уақытқа ғана кәсіпкер мұқтаждығын қанағаттандыратындығын көрсетті. Болашақ мамандарды өте кәсіби міндеттерді шешу үшін өз бетінше ізденуге және жаңа білімді игеруге даярлау қажеттігі туындайды.
Жоғарғы мектептің маңызды міндеттерінің бірі – мамандарды даярлаудағы фундаментальды орны мен ролін жоғарылатудан келіп шығатын білім беруді фундаментальдау. Осындай даярлықпен шыққан жоғарғы мектеп түлегі ақпараттар ағымын жылдам игеріп, өз іс-әрекетін дұрыс жолға қоя алады.
Арнайы білім беру жоғарғы мектепте негізгі бағыттарда қызмет атқарады, сабақ беру барлық білім беру жүйесінің дамуына өз үлесін қоса алады.
Ғылым мен техниканың дамуы ғуманитарлық, жаратылыстану және техникалық білімдердің дамуына баса назар аударады.
Қазірғі уақытта жас мамандардың бойында ұйымдастырушылық қызметі, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру, берілген жауапкершілікті орындау, ұжымда адамгершілік, психологиялық ахуал туғыза алу қабілеттерін қалыптастыру ең маңызды міндеттердің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасында жоғарғы мектеп дамуының стратегиясы.
Қазақстанда білім жүйесін дамыту стратегиясының мақсаттары мен міндеттері 2030 жылға дейін білімді дамыту стратегиясының негізгі қағидаларына байланысты.
Қазақстан Республикасында жоғарғы мектепті дамыту стратегиясының мақсаты дүние жүзілік тарихтың, түркі халықтарының, көшпелі өркениеттің, Орталық Азия елдерінің тарихы тұрғысында ғылымның, мәдениет пен ағарту жүйесінің дүние танымдық синтезі негізінде жас ұрпаққа жоғары сапалы білім мен тәрбие алатын жоғарғы білімнің жаңа, шын мәнінде тұңғыш ұлттық моделін қалыптастыру болып табылады.
Қазақстан Республикасында жоғарғы мектеп дамуының стратегиясының жүзеге асуына төмендегідей нормативтік құжаттар негіз болды:
Қазақстанның “Білім туралы” заңы (1999 ж.), “Жоғарғы білім туралы”(1995 ж.),“Қазақстан – 2030” стратегиясы (1997 ж.), “2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту” тұжырымдамасы (2003 ж .), “Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік Бағдарламасы”, Қазақстан Республикасындағы унитарлық білім бағдарламасы (1997 ж.), 1997-2002 жылға арналған орта білім жүйесін мемлекеттік ақпараттандыру бағдарламасы, мемлекеттік “Білім” бағдарламасы, Қазақстан Республикасының “Ғылым туралы” заңы және тағы да басқалар.
Жоғарғы білімнің мынандай басты мақсаттары мен міндеттері бар:
- ол адам құқықтарын, демократия, бейбітшілікті нығайту мақсатында барлық адамдардың бүкіл өмір бойы жеке дамуы мен әлеуметтік әрекетіне қажетті мүмкіндіктерді қамтамасыз етуі тиіс;
- ғылым мен технологияны дамыту жолымен қоғамның мәдени, әлеуметтік экономикалық дамуына жәрдемдесу;
- жоғарғы білікті мамандарды, бір мезгілде өзі үшін жауап бере алатын азаматтарды даярлауды жүзеге асыру;
- тұтас алғанда қоғамның, оның ішінде осы қоғамның білім жүйесінің дамуы мен жақсаруына жәрдемдесу.
Қазақстан Республикасында жоғары білім жүйесін реформалау жоғарғы оқу орындарының қызметін ұйымдастыруға, білімнің мазмұнына, сондай-ақ оқыту технологиясына өзгерістер енгізуі тиіс.
Білімнің мазмұнын жаңарту жоғары мектеп реформасының негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Оған берілетін жауап Қазақстанның жоғарғы оқу орындары үшін мемлекеттік білім стандартының концепциясын жасауда, ол республиканың біртұтас білім кеңістігінің нобайын айқын анықтауға мүмкіндік береді. Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының қызметін жалпы реттеу, қажетті білім деңгейінің кепілдігін, дүниежүзілік мәдени ағарту кеңістігіне интеграциялануды қамтамасыз ету секілді проблемаларды шешу.
Осындай проблемаларды шешуде жоғарғы мектеп ғылымының Халықаралық академиясының ғалымдары В. Е. Шукшунов, В. Ф. Взятышев және тағы да басқалар құрастырған концепцияға назар аударайық. Олардың пікірлері бойынша жаңаша білім саясатының ғылыми бастауларын үш сферадан іздеуге болады: білім философиясы, адам және қоғам туралы ғылымдардан және “тәжірибе теориясынан”.
Білімді дамытудың алғашқы негіздері: Жаңа білім философиясы; Қоғам және адам туралы ғылымдар (білім психолоғиясы, әлеуметтану және тағы басқалар); “Тәжірибе теориясы” (педағоғика, білім менеджменті және жобалау.
Білім философиясы қазіргі қоғамдағы адамның орны туралы, оның тұрмысының мәні туралы, адамзат проблемасын шешудегі білімнің әрекеттік ролі туралы жаңа көз қарастар қалыптастыру керек.
Қоғам және адам туралы ғылымдар адамзат дамуының және мінез-құлқының заңдылықтары туралы жаңаша ғылыми түсініктер, сонымен бірге адам мен қоғамның ішкі білім беру жүйесінің және жалпы білім беру жүйесінің моделі туралы білу үшін керек.
“Тәжірибе теориясы” қазірғі педагогиканы, әлеуметтік жобалауды, білім беру жүйесін басқаруды және тағы да басқаларды қарастыра отырып жаңа білім беру тұтастығы, яғни жүйенің құрылымын, мақсатын анықтау, оны ұйымдастыру мен басқару принциптерітуралы түсінік береді.
“Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту” тұжырымдамасында “жоғарғы білім берудің мақсаты – қоғамның, мемлекеттің және жеке тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын, нысанын және мерзімдерін таңдауға кеңінен мүмкіндік беру”.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім берудің құрылымы бір-бірімен өзара келісілген бакалавриат, магистатура және докторантура арқылы кадрлар даярлау жүйесіне берілетін болады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі үздіксіз білім беру жүйесінің жоғары деңгейі болып табылады және оған магистатура және докторантура кіреді.
Магистратураны бітірушілерге магистрлік академиялық дәрежесі беріледі және олардың докторантура оқуын жалғастыруға құқығы бар.
Докторантураның мақсаты жоғары білікті ғылыми – педагогикалық кадрларды даярлау болып табылады.
Докторантураның бағдарламасын меңгерген және докторлық диссертация қорғаған адамдарға философия докторы (PhD) академиялық дәрежесі беріледі.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруде Қазақстанның Болон процесіне қосылуы, үш деңгейлі даярлық құрылымына (бакалавриат-магистратура-докторантура) толық көшу, халықаралық аккредиттеуден өткен шетелдердің жетекші жоғары оқу орындарымен бірлесіп, PhD докторларын даярлау бағдарламасын ашу жүзеге асырылады.