Құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын сызықша
Құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын сызықша – құрамындағы жай сөйлемдердің мағыналық қатынасын айқындау және олардың аражігін ерекше интонациялық мәнмен бөлу үшін қолданылатын тыныс белгісі. Құрмалас сөйлемдерде сызықшаның орынды қойылуы синтаксистік қатынастарды дұрыс тануға және пунктуациялық нормаларды сақтауға негізделеді.
|
Құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын сызықша |
|||
|
Жалғаулықсыз қарсылықты салалас құрамындағы жай сөйлемдер арасына үтір мен сызықшаның қойылады |
Салаласқа енген жай сөйлемдегі іс шұғыл түрде өткен болса, не біріндегі іске екіншісіндегі қарама-қарсы қойылып айтылса, арасына сызықша қойылады |
Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдердің баяндауышы сонша, сондай, сол, мынау, себебі сөздерімен аяқталса, олардан соң сызықша қойылады |
Шартты бағыныңқылы сабақтастың баяндауышы шартты райдан жасалып, бағыныңқы сөйлемге мән бере айтылса, одан кейін сызықшы қойылады |
|
Оларда пасықтық бар, – адамдық жоқ; қараңғы жауыздық бар, – жарқын жүз жоқ. |
Ти десем – тимейді, тиме десем – тиеді. |
Оның қорыққандығы сондай – не айтып, не қойғанын білген жоқ. |
Қой өлсе – қозы қалады, келер жылы өзі болады. |
108-жаттығу. Құрмалас сөйлемдерді оқып, олардың құрамындағы жай сөйлемдердің арақатынасын анықтаңыздар. Мағыналық байланысына қарай тиісті тыныс белгілерін қойып, көшіріп жазыңыздар. Тыныс белгілерінің қойылу себебін ережемен дәлелдеп, жай сөйлемдердің байланысу тәсілін көрсетіңіздер.
Түптеп келгенде көмейі белгілі болды бес болыс Бошан мен төрт болыс Қара Шор елі ежелден егес-ті. (Ә.Ә.) Оның мұнша елжіреуінің мәнісі мені шапса қылышы атса оғы етіп алу екенін кейін бес жылдан соң білдім. (Ә.Ә.) Ел болып іздеген жолдарыңызды таба алсам айтуға өзім де құштармын таба алмасам қинамассыздар. (Ә.Ә.) Соның біріне де ол қайысқан жоқ еді жастардың жан жүрегімен салған әні оның тұла бойын түгел балқытып жіберді де көзінен жас ыршып кетті бар көрген қасірет-қыспағын осы бір ән шайып жібергендей. (Ә.Ә.) Елдің ойдағысы мен өрдегісі бұл ауылға бір мезгілде жетуге уәделескен болуы керек біріне-бірі қарайлағандай аралары алшақ болса да бір қалыпта алуан түрлі көлікпен баяу жүріп келеді. (Ә.Ә.) Екеуі де пәуескенің төріндегі тақта отыр оның бірі жасамыс келісті әйел екіншісі жас мөлшері он екі-он үштегі бала. (Ә.Ә.) Оны көріп Назгүл де бір тізесін бүгіп еді шешесінен қалысқысы келмегендей Қазтай да қос тізерлеп отыра қалды. (Ә.Ә.) Мәдидің жанына батқаны көрі де кебіні де емес алдынан асқақтап өткені оның сол кебінге оранғаны да көрге көмілгені де емес Текежанның жаңағыдай асқақтағаны. (Ә.Ә.) Үлкендердің көргені бар азанды намаздың басында түрегеп тұрып айтады ғой Шернияз бүгін олай емес бес бас намаздың бесеуіне бес азан шақырып еді оны азсынғандай шарта жүгінген күйі тағы да азыната жөнелді. (Ә.Ә.) Оның екі жағында екі адам тұр бірі салтақ-салтақ сәлдесін қайда барса да басынан тастамайтын Шайқы молда да екіншісі көсе беті тас қайрақтай ысқаяқтанып тұратын Мақаш. (Ә.Ә.) Біреулер өлшеуін келтіре алмай тармақтарын ұзартып өлеңді төсегіне сыйғыза алмай сирағын сыртқа шығарып жібереді біреулер бунақтарын өлең табиғаты тілеген орнына қоя алмай иә жорғағын бұзып иә тіпті өлең сиқын жоғалтып жібереді. (А.Б.) Көркем сөз көңіл тілі жалаң сөз зейін тілі. (А.Б.) Жалын күшейген соң мен оны анық көре бастадым сұңғақ бойлы денесі сымбатты бірақ тұла бойы толы қорқыныш тек менің ғашығымның көйлегіндей көк болғандығынан да үстіндегі көйлегі ғана көңілге медеу. (Ә.Ә.)
109-жаттығу. Құрмалас сөйлемдерді оқып, олардың құрамындағы жай сөйлемдердің арақатынасын анықтаңыздар. Тыныс белгілеріне назар аударып, әр белгі не себепті қойылғанын талдаңыздар.
Ортада тұрған адамға осы үйдің ішінен екі-ақ нәрсе айқын көрінеді: оның бірі – батыс жақтағы жалғыз терезенің көмескі көрінген күлдібадам шынысы да, екіншісі – Назираның аққұба жүзі. (Ә.Ә.) Түсінде көргені: аузынан ақ көбігі бұрқылдап, тісін қарш-қарш қайраған ақ бас бура еді, оянғанда көргені – күйектей сақалын иегінің астына жұмарлай тығып, көбей қозының жүндес елтірісінен істелген бөркін көзіне түсіре киген, қасының кейбір талы көзін жауып тұратын Түйебай. (Ә.Ә.) Біресе заңғар аспаннан жанталаса түсіп, ажалмен арпалыса құлап бара жатқан өзінің қара найзағайы, біресе мынау Найзатастың басынан құзға қарай өкіре құлаған полковниктің өңкиген зор денесі – бір елесті көзінің алдынан кетіре алмай тұр еді, ту сыртынан біреу ақырын басып келіп қолтығынан ұстай алды. (Ә.Ә.) Екеуінің жұп жазбастан келіп офицерлерге де айтқаны осы меже еді, картаның қызуына түскен олар жөнді тыңдаған жоқ. (Ә.Ә.) Тас қараңғы тар бөлменің төбесіндегі кішкентай терезенің төрт көзінің біреуі ғана шыны, қалған үшеуі – ешкінің қарны ма, әлде жылқының қуығы ма, әйтеуір сондайдан жасалған, жел соқса, шытырлап тұратын бірдеңе. (Ә.Ә.) Айтыс-тартыс қазақ ақындарының айтысқаны да емес, олардың айтыстырып шығаратын өлеңдері де емес, ол айтысу иә айтыстыру мен айтыс-тартыс екеуінің арасында атынан басқа жанасатын жері шамалы: екеуінің айтыс деген аты мен айтыса сөйлесуі ғана ұқсас. (А.Б.) Бұл екі тілдің арасындағы айырмасы мынау: әншейін тіл көбінесе сөздің дұрыстығын, анықтығын, тазалығын, дәлдігін талғайды. (А.Б.) Арқан яки тарамыс ескен сияқты алдыңғы пікірдің аяғын соңғы пікірге қатыстырып қайта айтатын қазақта ақындар бар: бір сөзді көп қайтара айтып айналақтағанда, сөздің әсері мылжыңдықтың әсеріне айналып кетеді; бір сөзді екі-үш қайтара айтқанда, сөз пысықталған, нығыздалған, ширатылған іспетті болады. (А.Б.) Қазақ өнерсіз халық бола тұра, көпке дейін бөтен жұрттарға бағынбай келгенін түрлі жоруға болады: не бұрынғы заманда қазақ мықты халық болған деп, не көшпелі болғаннан сынаптай сырғып, ешкімнің қолында тұрмаған деп, не ауданы үлкен кең дала, ол замандағы айналасындағы көрші жұрттардың уысына сыймаған деп. (А.Б.) Өлеңнің өзі де қазақта екі түрлі болған: бірі әнді болған, екіншісі мәнді болған, әнді өлеңнің сөзінен де әніне көбірек құлақ салған. (А.Б.) Оның сыбыры өзгенің күбіріндей, күбірі өзеннің гүріліндей еді, сондықтан ол сыбырдың сыбырына көшті. (Ә.Ә.) Бұл ауылдағы егде адамдардың күндегі бір әдеті осындай шаңқай тал түсте жиналып келіп, Мәдимен сәлемдесетін де, соңдарынан ере келген тегене-тегене қымызды орталарына алып отырып, бесін намазына дейін әңгіме-дүкен құратын. (Ә.Ә.) Келесі жылдың жазы да жақсы басталып, жайлауымыз жаннатқа айналған еді. (Ә.Ә.) Келдібек ыдыстардың беті енді ашылар деген ойда еді, ол дегені тағы болмады. (Ә.Ә.)
110-жаттығу. Көркем шығармалардан кестеде көрсетілген құрмалас сөйлем түрлеріне сәйкес келетін мысалдар тауып, көшіріп жазыңыздар. Әр мысалдың авторы мен шығарма атауын көрсетіңіздер.
|
Түсіндірмелі салалас құрамындағы жай сөйлемдер арасына қойылған үтір мен сызықша |
Жалғаулықсыз ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдердегі сызықша |
Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдердің баяндауышы сонша, сондай, сол, мынау сөздерімен аяқталғанда қойылған сызықша |
Шартты бағыныңқылы сабақтастың баяндауышы шартты райдан жасалғанда қойылатын сызықша |
|
|
|
|
|