Дүниежүзінің саяси картасының объектілері. Дүниежүзінің қазіргі саяси картасының объектілері қатарына мемлекеттік мәртебесі жарияланған және жарияланбаған 250-ден аса ел мен аумақ жатады. Оларды басты екі топқа: 1) мемлекет мәртебесі жарияланған, халықаралық деңгейде танылған тәуелсіз мемлекеттер; 2) дербес басқару мәртебесіне ие болмаған тәуелді аумақтар деп екіге бөледі (6-сызбанұсқаны қараңдар). Олар бір-бірінен жерінің ауданы, халық саны, әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне қарай айырмашылық жасайды.
Тәуелсіз мемлекеттер. Өздерінің 6-сызбанұсқадан көріп отырғандай, тәуелсіз елдер мемлекеттік құрылымы мен басқару формалары жағынан әртүрлі болады. Кез келген елдің мемлекеттік құрылымы, яғни мемлекеттің аумақтық ұйымдасу сипаты оның қоғамдық-саяси өміріне тікелей ықпал еткенімен, экономикалық даму деңгейінде шешуші рөл атқармайды. Дүниежүзінің халықаралық деңгейде танылған тәуелсіз мемлекеттерін (олардың саны 193) мемлекетті басқару бойынша монархиялар мен республикаларға бөлінеді.
Монархия жағдайында жоғары өкімет билігі бір ғана адамның (император, король, герцог, князь, сұлтан және т.б.) қолында шоғырланған. Билік ету құқығы атадан балаға мұра етіп беріледі. Дүниежүзінде қазіргі кезде 29 монархия бар,. Олардың барлығы дерлік Ескі Дүниеде (Азияда – 13, Еуропада – 12, Африкада – 3), тек біреуі ғана Мұхит аралдарында (Тонга Корольдігі) орналасқан.
Абсолюттік монархияларда монархтың билігіне мүлде шек қойылмаған. Дүниежүзі бойынша мұндай мемлекеттер саны жыл сайын азайып келеді, олардың көпшілігі Азияда (БАЭ, Бахрейн, Катар, Кувейт, Оман) орналасқан.
Әлем монархиялары (2008 ж.)
Конституциялық монархияда монархтың билігі конституциямен шектелген. Яғни, накты заң шығару билігі парламенттің колында, ал үкімет атқарушы билікке ие. Мұндай мемлекеттерде монархтар “патшалық етеді, бірақ басқармайды”, тек ұлттың символы ретінде сан жылғы дәстүрді жалғастырады. Батыс Еуропаның көптеген елдеріне монархияның осы түрі тән: Бельгия, Дания, Нидерланд, Норвегия және т.б. конституциялық монархиялар арасында жоғары дамыған елдермен қатар, Лесото сияқты мешеу елдер де бар. Азиядағы жетекші ел Жапония да конституциялық монархиялар қатарына жатады. Теократтық (грек. theos – құдай, kratos – билік) монархияларда мемлекет басшысы діни жетекші қызметін де атқарады. Мұндай мемлекеттер қатарына Бруней, Сауд Арабиясы және Ватикан жатады. Дүниежүзіндегі елдердің басым көпшілігі мемлекетті басқару формасына қарай республика (латын. respublica — қоғамдық іс) болып табылады. Республикалық басқару формасы Еуропадағы буржуазиялық төңкерістер нәтижесінде енгізілген болатын. Республика — заң шығаратын ең жоғары өкімет билігі сайланатын өкілетті органның (парламент) қолында, ал мемлекет басшысын ел халқы өзі сайлайды. Президенттік республика жағдайында президент мемлекет басшысы болумен қатар, үкімет басшысы қызметін атқарады. АҚШ, Аргентина, Бразилия тәрізді елдер президенттік республикалар болып саналады. Ал парламенттік республикаларда атқарушы билік қызметін президент тағайындаған премьер-министр атқарады. Дүииежүзінің көптеген елдеріне, соның ішінде Қазақстан Республикасына басқарудың осы формасы тән. Мемлекеттік құрылымына байланысты унитарлы (латын. unitas бірлік) және федерациялы (латын. foederatio-одақ, бірлестік) мемлекеттерді ажыратады. Унитарлы мемлекеттерде әкімшілік-аумақтық бірліктер тікелей орталық үкіметке бағынады, ортақ заң жүзеге асырылады. Унитарлы мемлекеттер қатарына Италия, Франция сияқты республикалармен қатар, Жапония, Ұлыбритания тәрізді конституциялық монархиялар да кіреді. Федерациялы мемлекет жағдайында оның құрамына енетін федерация мүшелерінің белгілі бір саяси, экономикалық дербестігі болады. Бірыңғай (федералдық) заңдарымен және басқару органдарымен, ортак әскермен қатар, федерация мүшелерінде мемлекеттік биліктің барлық белгілері (ту, әнұран, конституция, парламент, атқарушы билік жүйесі) бар. Дүниежүзіндегі федера-циялар саны 20-дан асады (1-кестені қараңдар). Федерациялардың әкімшілік құрылымдары республикалар, провинциялар, штаттар, жерлер және т.б. түрде болуы мүмкін. АҚШ пен Ресей Федерациясын нағыз федерацияның үлгісі деуге болады. АҚШ құрамына 50 штат пен Колумбия Федерациялы округі енеді. Америкалықтар жалпы федералдық заңдармен қатар, өздері тұратын штаттын, заңдарына да бағынуы тиіс. 47 штаттың жері 3 мың графтыққа, ал олар өз кезегінде 17 мың тауншип (қалалы жерлер) пен 18 мың муниципалитета (ауылдық округтер) жіктеледі. Ал Ресей Федерациясы құрамына 21 республика, 46 облыс, 9 өлке, 4 автономиялық округ, 1 автономиялық облыс, екі федералдық қала енеді.
Дүниежүзіндегі федерациялы мемлекеттер 1-кесте
|