2-тақырып. Сұрақтар мен тапсырмалар



1.Дүниежүзілік саяси картаның объектілерін атаңдар.

2.Дүниежүзі елдерінің басқару түрлері мен мемлекет құрылымында қандай айырмашылықтар бар?

3.Абсолютті монархиялардың, негізінен, Азияда, ал конституциялы монархиялардын Еуропада шоғырлануын немен түсіндіруге болады? 4.Неліктен Латын Америкасындағы тәуелсіз елдердің барлығы бірдей республика? Мұны қандай тарихи факторлармен түсіндіруге болады?

5.Тәуелді аумақтарды қандай топтарға бөлуге болады?

6.БҰҰ халықаралық қатынастарды реттеуші ретінде қандай рөл атқарады? Осы ұйым мен Қазақстан арасындағы байланыс туралы не білесіңдер?