1. Халықаралық қаржы-қаражат қатынастары жүйесіне не кіреді?
2. Валюта дегеніміз не? Oның қандай түрлері бар?
3. Қазақстанның ұлттық валютасының әлемдегі кең тараған валюталармен ресми курсы қандай?
4. 16-сурет бойынша дүниежүзінің қандай елдері ең жоғары валюта және алтын қорына ие екенін анықтаңдар. Оның себебі неде? Бұл елдерді ең бай елдер қатарына жатқызуға бола ма?
5. Қазақстанның қаржы-қаражат саясатының болашақ бағыты қандай?
6. Еліміздің сыртқы қарызының мөлшерін азайтудын қандай жолдары бар деп ойлайсыңдар?