4-тақырып. Қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттесуі



Географиялық орта туралы түсінік. Табиғаттың кұрамдас бөлігі ретінде адам географиялық ортамен өзара тығыз байланысты. Өркениеттің жетістіктері түгелдей дерлік географиялық ортаның жағдайынан көрініс табады. Осы жерде біз "табиғат" және "географиялық орта" туралы түсініктерге тоқтала кеткеніміз жөн. Дегенмен "табиғат" ауқымы кеңрек түсінік. Географиялық орта географиялық қабыктың антропогендік ықпалымен ұзак эволюциядан өту нәтижесінде қалыптасады. Антропогендік әрекет нәтижесінде "екінші табиғат", яғни қалалар, зауыттар, суармалы жерлер, каналдар, көлік магистральдары және т.б. пайда болады.

Географиялық орта деп адамзаттың тарихи даму кезеңіне және кәсіптік әрекетіне тікелей қатысатын Жер табиғатының бөлігін айтамыз.

Географиялық орта — қоғамның дамуы мен әрекетінің қажетін өтейтін өмір сүру ортасы, ресурстардың аса маңызды көзі болып табылады, сонымен бірге адамдардын рухани әлеміне, олардың денсаулығына және көңіл күйіне әсер етеді.

Соңғы уақыттарда географиялық орта ұғымымен қатар, ғылым салаларында қоршаган орта түсінігі де қолданыла бастады. Қоршаган орта деп адамзат қоғамының барлық тіршілік және өнеркәсіптік әрекет ету ортасын, адамды қоршаган, табиғи және антропогендік ортаны қоса есептегендегі барлық материалдық дүниені түсінеміз.

Қоғам мен табиғат арасындағы байланыс. Адамзат қоғамының тарихы — ол коғамның табиғатпен, географиялық ортамен өзара әрекеттесу тарихы. Осы өзара әрекеттесу барысында (онда белсенді күш рөлін қоғам атқарады) олардың арасында күрделі қарым-қатынас қалыптасады.

Адамзат тарихындағы қоршаған табиғат үшін ғаламдық маңызды оқиғаның біріне адамдар тарапынан от жағуды үйрену жатады. Отты игеру Жер шарының түрлі географиялық аймақтарында экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына себепші болып отыр.

Ғаламдық деңгейдегі екінші оқиға — ол шаруашылық, түрінің ауысуы. Терімшіліктен өндіруші шаруашылыққа көшу процесі неолит дәуіріне тұстас келіп, мыңдаған жылдарға созылды. Бұл дәуірде алғашқы жасанды (техногендік) ландшафтылар қалыптасты. Адамдар табиғаттан азық-түлік алу арқылы қоршаған ортаны белсенді тұрде өзгертуге көшті. Өндіруші шаруашылық қалыптасты, соның нәтижесінде пайдаланылатын табиғат байлықтарының түрі айтарлықтай көбейді, адамдардың сандық тұрғыда өсуіне және олардың жекелеген аймақтарда шоғырлануына жағдай жасалды. Дегенмен адамзат қоғамының, мәдениеттің жетістіктері қоршаған табиғи ортаның кедейленуі есебінен іске асты. XX ғасырдағы ғылым жетістіктері табиғаттың даму заңдылығын күрт өзгертті.

Қол жеткен ғылыми-техникалық жетістіктерге байланысты адам өзін таби-раттың қожайыны сезінді. Сондықтан табиғатты тиімсіз пайдаланды. Ғаламдық деңгейдегі табиғат ресурстарын пайдаланудын белсенділігінің артуы, өлем халқы санының күрт өсуі (1650 ж. — 550 млн адам, 1850 ж. — 1250 млн, 2009 ж. — 6,8 млрд адам), адамдардын қалаларға шоғырлануы, қалалар санының және өндіріс аудандарының өсуі табиғат пен қоғам арасындағы өзара әрекеттесуге сапалық өзгеріс алып келді. Қоғам тарапынан табиғатқа деген "қысым" күрт өсті. Табиғи лаңдшафтыларды антропогендік түрге айналдыруда ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, жол кұрылысы сияқты және т.б. салалардың үлесі күннен-күнге артты.

Барлық елдердегі өнеркәсіптер мен шаруашылық салалары табиғатты пайдаланушы рөлін атқарады. Олардағы технологиялық процестердің мешеулігінен өндірілетін шикізаттың 1,5-2%-ы ғана өнім көрсеткішін кұрайды. Ал оның негізгі массасы (98-99%) өндірістік және тұрмыстық қалдыктарға немесе жай ғана қоқысқа айналады. Жер шарының көптеген аймақтарында шаруашылық салаларының (ауыл шаруашылығы, көлік) және қалалардың өсуі адамдар үшін көптеген экологиялық зардаптар тудырады:
1) ресурстық-шаруашылықтық (табиғат ресурстарының сарқылуы);

2) табиғи-ландшафтылық (алуантүрліліктің қысқаруы, табиғи ландшафтылардың тозуы);

3) антропогендік-экологиялық (адам денсаулығының нашарлауы).

Жер шарының түгелдей дерлік аймақтарында көрініс тапқан осы зардаптар адамдар тарапынан олардын қоршаған ортаны сақтауға тікелей тәуелді екендігін түсінуіне, табиғат қорғау проблемасына жауапкершілік көзкарастың калып-тасуына алып келді. Көптеген жүзжылдықтар бойы адамзат өзінің тіршілігін өндірістің қарқынды дамуымен байланыстырып, алынған өнімнің басым бөлігін өндірісті одан әрі дамытуға жұмсады. Бұдан қорытындылайтынымыз - табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және оларды сақтау, қалпына келтіру тірі табиғатты, адамды, қоршаған ортаны қорғау мәселелерінен алшақтағандығында.

Мұндай жағдайда табиғат ресурстарын адамның шаруашылық әрекеттерінің аясына енгізу және табиғат ресурстары мен қоршаған ортаны қалпына келтіру, кайта өзгерту шараларының кешенді проблемалары туындайды. Бұл пробле-мамен білімнің колданбалы сипаттағы табиғатты тиімді пайдалану деп аталатын жаңа кешенді ғылым саласы айналысады.