7-тақырып. Сұрақтар мен тапсырмалар



1. Сызбанұсқаны пайдаланып, Қазақстандағы халық санының өзгерістеріне талдау жасап, себептерін түсіндіріндер.

2. Сызбанұсқадағы дүниежүзі аймақтарының демографиялық көрсеткіштерін салыстырып, әрқайсысына түсінік беріндер.

3. Оқулық мәтініндегі сандық көрсеткіштерді пайдаланып, Қазақстан, Нигер және Канада халқының табиғи өсу коэффи¬циентін есептеп шығарыңдар және оларға түсінік беріндер. Аталған елдерге ұдайы өсудің қай типтері тән?

4. Сызбанұсқа бойынша жеке елдердегі адамның өмір жасының орташа ұзақтығын салыстырып, әрқайсысына түсінік беріндер.

5. Қазақстанда демографиялық саясатты қай бағытта жүргізген тиімді? Жауаптарыңды накты деректермен негіздеңдер.

6. Қосымшадағы кесте бойынша сызбанұсқа құрастырыңдар.