23-тақырып. Сұрақтар мен тапсырмалар



1. Көлік жүйесі дегеніміз не?

2. Көлік түрлерінін ең ежелгі және ең жаңа түрлерін атаңдар. Әрбір көлік түрінің қандай жетістігі мен кемшілігі бар?

3. Атластағы көлік географиясына арналған карталардан аса маңызды теміржол, автомобиль және теңіз жолының ірі желілерін анықтап, олардың шаруашылық салаларындағы маңызын түсіндіріңдер.

4. Мәтінде келтірілген теміржол мен автомобиль жолдарынын ұзындығынын сәйкестігін анықтаңдар.

5. Қазақстандағы маңызды теміржол мен автомобиль тораптарын еске түсіріп, олардың еліміз экономикасындағы маңызын сипаттаңдар.

6. Кең тараған қандай байланыс құралдарын білесіңдер?

7. Көліктің қандай түрлері қоршаған ортаға аса зиянды деп есептеледі, не себепті?