9-тақырып. Сұрақтар мен тапсырмалар



1. Нәсілдік белгілердің пайда болуына табиғи орта қалай әсер етеді? Жауаптарыңды экваторлық нәсілдің басты белгілері негізінде дәлелдеңдер.

2.Аралық және аралас нәсілдер дегеніміз не? Оларға мысалдар келтіріңдер.

3. Сызбанұсқа мәліметтері бойынша ірі этностар мен олардың санын дәптерлеріңе жазып алыңдар.

4. Тарих сабағынан алған білімдерің мен баспасөз материалдарын пайдаланып, соңғы жылдары қай мемлекеттерде ұлт араздығына қатысты оқиғалар болғанын анықтаңдар.

5.Мемлекет пен ұлт мәселесінің тығыз байланыста болуын немен түсіндіруге болады?

6. Дүниежүзі бойынша этностық процестер қай бағытта жүруде?