16-тақырып. Сұрақтар мен тапсырмалар



1. Ел типін анықтауда қандай көрсеткіштерге суйенеді?

2. Жалпы ішкі өнім дегеніміз не? Дүниежүзіндегі ЖІӨ көлемі жөнінен жетекші елдерді атаңдар.

3. ЖІӨ көлемі жоғары елдердің барлығын жоғары дамыған елдерге жатқызуга бола ма? Жауаптарынды 36-сызбанұсқа мәліметтерін пайдаланып нақтыландар.

4. ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы көрсеткішіне қандай факторлар әсер етеді? 15-кесте мәліметтері негізінде бұл көрсеткіш бойынша жетекші орын алатын және мешеу елдерді салыстырып, талдау жасаңдар.

5. "Қоныс аудар¬ған капитализм елдері" дегенді қалай түсінесіңдер? Бұл топтағы елдердін экономикалық дамуында, шаруашылық құрылымында қандай ерекшеліктер бар?

6. Дамушы елдердің қандай топшалары бар? Олардың басты ерекшеліктерін атаңдар.