3-тақырып. Саяси география және геосаясат. Тарихи-географиялық аймақтар



Саяси география мен геосаясат туралы жалпы тусінік. Саяси география — салыстырмалы түрде кейін пайда болган ғылым саласы, ол XVIII ғасырдың соңына қарай дүниежүзі елдерінің ерекшеліктері мен олардың өзара қарым-қатынастарын зерттейтін ғылым ретінде қалыптаса бастады. Саяси географияның ғылым ретінде негізін неміс ғалымы Фридрих Ратцель қалаған, оның осы саладағы негізгі тұжырымдамалары 1897 жылы жарияланған “Саяси география” атты еңбегінде жарық көрген.

Қазіргі заманғы саяси география саясаттану ғылымымен қатар дамуда. Географтардың анықтамасы бойынша, саяси география — геосаясат, география-лык мемлекеттану мен саяси аймақтану, аймақтық саясаттануды біріктіретін география ғылымының саласы. Саяси география саласындағы маман ғана елдің әкімшілік-аумақтық бөлінуі мен мемлекеттік құрылымының саласына мемлекет-тің біртұтастығын сақтау тұрғысында баға бере алады.

Геосаясат мемлекеттердің сыртқы саясаты мен олардын бір-бірімен карым-қатынастарын саяси, экономикалық және әскери-стратегиялық өзара байланыс-тар тұрғысынан зерттейді. Ал бұл байланыстардың сипаты, ең алдымен, елдігі орналасқан орнымен және басқа да географиялық факторлармен байланысты анықталатыны белгілі. Сонымен геосаясаттың басты мақсаты — мемлекеттің геостратегиясын анықтап тұжырымдау. Тіпті ежелгі грек оқымыстысы Аристотельдің өзі геосаясат бағытында біршама құнды пікірлер айтқан. Ол арал-дардыңң геосаяси рөліне айрықша мән беріп, Крит аралы арқылы Грекияға ықпал етуге болатынын атап көрсеткен.

Қазіргі заманғы геосаяси ағымдар. Қазіргі кезде көптеген жаңа геосаяси тұжырымдар дүниеге келуде. Геосаясаттың XX ғасырдын екінші жартысында дамуында америкалық геосаясатшы Солом Коэннің еңбектерінің маңызы зор болды. С.Коэн әлемнің "көп полюстілігі" туралы тұжырым жасап, әлемнің анағұрлым күрделі геосаяси үлгісін (моделін) ұсынды. Мұнда бүкіл әлем екі геостратегиялық облыс (Сауда дамыған теңіз маңы және Еуропалық құрлық әлемі) пен Шеткі геосаяси аймаққа бөлінген.

С. Коэннің пікірінше, геостратегиялық облыстардың шекарасында жатқан аудандарға (Африканың Сахарадан оңтүстікке қарай жатқан бөлігі, Таяу Шығыс, Оңтүстік-Шығыс Азия) саяси тұрақсыздык тән, мұнда мемлекетаралық және ұлтаралық жанжалдардың жиі болуының өзі бұл аймақтардың шекаралық орнымен түсіндіріледі.

Қазіргі кезде әлемдік саясатта мемлекеттің орны, ең алдымен, оның экономикалык қуатымен анықталады. Осыған сәйкес, геосаясаттың негізі де ауысты, яғни бұрын физикалық-географиялық факторларға басым көңіл бөлінсе, қазіргі кезде экономикалық факторға көп көңіл бөлінеді. Геосаясатшылардың айтуынша, дүниежүзінде "жаңа әләмдік тәртіп" орнықты. Бұл көп полюсті әлем, экономикалық фактордың алғашқы орынға шығуы, интеграциялық және сауда одактарының калыптасуы, ғаламдық деңтейде карама-карсы жаңа топтардын (бай солтүстік — кедей оңтүстік, батыс – мұсылман әлемі және т.б.) пайда болуымен сипатталады.

Қазақстанның геосаяси жағдайы, ең алдымен, оның Жер шарындағы ең алып құрлык Еуразияның орталығында орналасуымен анықталады. XX ғасырдың ұлы ойшылдарының бірі, этногенез теориясын жасаған әйгілі орыс ғалымы Л.Н.Гумилев өзінің еуразиялық екендігін айтқан. Қазакстанның еуразиялық сипаты тарихи кезендерде оның мемлекет ретінде қалыптасу бағытын және қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін анықтап берді. Кеңес Одағының ыдырауы мен Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алуы елдің геосаяси жағдайын біршама өзгертті. Қазақстан ядролық қарудан өз еркімен бас тарткан тұңғыш мемлекетке айналды. 1991 жылдың 29 тамызында ҚР Президенті Н. Назарбаев Семей ядролық сынақ полигонының жабылғандығы туралы Жарлыққа қол қойды.

Қазақстанның геосаяси жағдайы оның әлемдік саясатта айрықша орны бар Ресей мен Қытайдың, мұсылман әлемінің аралығында орналасуымен де анықталады. Еліміздің ТМД кұрамына енетін Ресей, Қыргызстан, Өзбекстан және Түрікменстанмен ортақ шекараларының болуы оның геосаяси жағдайына қолайлы әсер етеді. Көршілес мемлекеттермен бірге Шанхай ынтымақтастық ұйымына енетін Қазақстан аймақтық қауіпсіздік, шекараны бейбіт жолмен реттеу, халықаралық терроризммен бірлесе күресу, сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі ортақ мәселелерді шешуге атсалысуда. Қазақстанның сыртқы саясатында ТМД елдерімен ынтымақтастық мәселесіне де айрықша мән. беріледі. Халықаралық терроризмнің ошақтарына жақын орналасуы және аса маңызды шикізат түрлеріне байболуы, әлемдегі ықпалды саяси күштердің әрекет ету аймағында жатуы еліміздің әлемдік саясаттағы орнының айрықша екендігін көрсетеді.

Тарихи-географиялық аймақтар.Қазіргі әлем 16 тарихи-географиялық аймаққа бөлінеді:


1. Батыс Еуропа

2. Шығыс Еуропа

3. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД)

4. Оңтүстік-Батыс Азия

5. Оңтүстік Азия

6. Орталық және Шығыс Азия

7. Оүңтүстік-Шығыс Азия

8. Солтүстік Америка

9. Латын Америкасы

10. Солтүстік Африка

11. Батыс Африка

12. Орталық Африка

13. Шығыс Африка

14. Оңтүстік Африка

15. Аустралия

16. Мұхит аралдары

Аймактардың атауларын, құрамы мен шекарасын айқындауда елдерді топтастырудың байырғы дәстүріне сүйенгенімен, соңғы жылдары географиялық әдебиеттерде, әсіресе елтану бағытындағы еңбектерде беріліп жүрген жіктелуі де ескерілді.

ТМД елдерін біртұтас тарихи-географиялық аумақ ретінде жіктеуіміздің өзі бұл аймақта орналасқан елдердің ұзак жылдар бойы біртұтас географиялық, экономикалық, мәдени кеңістік түзгендігімен ғана емес, тарихи тағдырларының ортақтығымен түсіндіріледі. ТМД шеңберінде дамып, нығайып келе жатқан алуан түрлі байланыстар жүйесі, елдер экономикасының даму мүмкіндігі мен сыртқы саясатында ортак мүдделерінің болуы, айрықша геосаяси жағдайы жеке тарихи аймақ ретінде қарастыруымызға себепші болды.

Жалпы алганда, қазіргі заманғы әлем — әртүрлі табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстарының, алуан турлі мәдениеттің, сан салалы экономика мен әр бағыттағы саясаттың тоғысқан түйіні.

Келесі тақырыптардан бастап, сендер осы алуан түрлі әлемнің география-сымен, яғни құбылыстар мен окиғалардың кеңістік бойышна таралу заңдылық-тарымен танысатын боласыңдар.