13-тақырып. Сұрақтар мен тапсырмалар



1. Дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз не жәнe оның қалыптасуына қандай алғышарттар болды?

2. Дүниежүзілік шаруашылық дамуының басты даму кезеңдерін және оларға тән белгілерді атаңдар.

3. Халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуы елдерге қандай пайда әкеледі? Жауаптарыңды нақты елдер мысалымен толықтырыңдар.

4. Дамыған индустриялық елдер мен дамушы елдердің халықаралық мамандануы айырмашылық жасай ма? Себебін түсіндіріңдер.

5. Қазақстанның халықаралық дәрежеде маманданған салаларын және олардың дамуына әсер еткен факторларды естеріңе түсіріңдер.