Жоғарыда айтып кеткеніміздей, баянда ойнау өнері бұрынғы КСРО көлемінде әлдеқайда жас жанр болып саналады (70-80 жыл) және біздің республикамызда тек кеңес заманынан бері ғана дами бастаған. Халық аспаптарынан кәсіби музыкалық білім беру жүйесі, оның ішінде баяннан, ХХ ғасырдың 30-шы жылдарынан бастау алады.
Қазақстанда баянға кәсіби оқытудың бастауы тікелей Константин Кириллович Ошлаковтың атымен тікелей байланысты. К.К.Ошлаков 5 қараша 1916 ж. Шығыс Қазақстан Зыряновск ауданының Зыряновск ауылында дүниеге келген. Әкесі шаруашылықпен айналысқан, жалданып жұмыс жасаған. Ол басым бөлігінде қазақтар тұратын ауылдардың аудармашысы болған. Тұрмыстық жағдайының қиын болуына байланысты, Константин Кириллович еңбекке ерте араласқан. Өзі тәрбиеленіп, байланысшы міндеттерін атқарып жүріп, Шыңғыстай шекара бекетінде жарақат алған соң, 1934 ж. Тобылдағы музыка училищесінің баян класына оқуға түседі. 1939 ж. педагог және баян орындаушысы мамандығын иеленген ол, Красноярск қаласында өткен баяншылар конкурсынан 1-ші орын алып, Қазрадиокомитетке баяншы-жеке орындаушы және сүйемелдеуші ретінде жұмысқа қабылданады [13].
17.09.40 жылдан бастап Қазрадиокомитеттің шақыртуы бойынша жеке орындау- шы-баяншы болып жұмыс жасайды. Сонымен бірге Алматы музыка училищесінен алғаш ашылған баян класына жұмысқа шақыртылады. «Баян класын ашу баянға және аспаптарға арналған ноталардың болмауына байланысты, көптеген қиындықтар туады. ЦП КОС, әскери бөлімшелерден сұратуға, алыпсатар дүкендер мен музыкалық аспаптар сататын дүкендерден баяндар сатып алу үшін рұқсат алуға тура келді. Ноталық әдебиеттер бар кітапханаларды табу өте қиын болатын, сондықтан фортепиано, скрипка, дауыстарына арналған классикалық музыкаларды ыңғайлауға тура келеді. Сонымен қатар қазақ халық әндерін, күйлерін өңдеп, баянға арналған ұлттық музыка қорын жасайды.
Алматы музыка училищесінде баян класын ашып, ол онда 1961 жылға дейін жұмыс жасап, 1961 мен 1985 жылдар аралығында сағаттық жалақыға жұмыс істейді.
Халық аспаптары бөлімінің меңгерушісі бола жүріп, Константин Кириллович 1942-43 жж. домбыра және қобыз кластарын ашқан және бұл кластар келе-келе қазақ халық аспаптар бөліміне дейін өсіп, кейінгі жылдары оны шақыртылған жас домбырашы, болашақ КСРО Халық артисі Н.А.Тілендиев басқарған.
1943 ж. училищеге соғыста көз жанарынан айырылған жауынгерлер түсе бастайды. Негізінен бұлар белгілі бір мамандықтары бар, музыкадан алшақ адамдар болған. Сондай қиын қыстау заманда, төрт жылдың ішінде адамды (үнемі дарынды емес) бір аспапта ойнауға үйрету, мамандық алуына мүмкіндік жасау мәселесі туындағанда, музыкалық аспаптарда ойнауды үйрететін кешенді әдістеме жасақталған, ол одан әрі жетілдіріліп, Қыздар педагогикалық институтына музыкалық дайындықсыз түскен студенттерімен жұмыс кезінде өте оңтайлы қолданысқа ие болды.
Училищеде жұмыс жасай жүріп, баяншылар оркестірін құрған, оның құрамы 1947 жылдың өзінде 50 адамға жеткен және ойнаған шығармалары радиодан жиі беріліп отырған. Оркестрдің репертуарын Константин Кирилловичтің өзі құрастырып, орыс және шетел классиктерінің, кеңес елі композиторларының, Қазақстан композиторларының шығармалары мен халық әндері мен күйлерін өңдеген. Ол радиодан, филармонияда жеке концерттер берген, республикамыздағы Қазақстанның музыка мәдениетінің өркендеуіне үлес қосқан барлық орындаушыларын: Қ.Жандарбеков, Күләш және Қанабек Байсейітовтер, Е.Өмірзақов, Ғ.Құрманғалиев, ағайынды Абдуллиндер, Н.Тілендиев, Ә.Үмбетбаев және басқаларды баянмен сүйемелдеген. Орындаушылық өнер және қазақ музыкалық шығармаларын өңдеу жұмыстары көп еңбек пен уақытты қажет еткен. Жастайынан қазақ халық әуенін тыңдап өскендіктен, қазақ тілін де тамаша меңгеріп, қазақ халқының салт-дәстүрлерімен де жақсы таныс болған, сондықтан өз шығармаларында қазаққа тән үйлесімділікті де сақтай білген. Ол қазақ музыкасының әуенімен көптеген шығармалар жазған, қазақ әндеріне кереметтей шеберлікпен өңдеу жұмыстарын жүргізген. Солардың көбі кейін «Баянда ойнау мектебі» кітабына енген, ол 3 буынмен (бастауыш, ортаңғы, жоғары) оқытуға арналған 4 бөлімнен тұрады. Оның оқулығына қатысты Қазақстанның алдыңғы қатарлы музыканттары (Е.Рахмадиев, Л.Хамиди, Ғ.Жұбанова және басқалар) оң пікірлерін білдірген, Кеңес Одағы көлеміндегі атақты орындаушы-әдіскерлер жоғары бағалаған. Көптеген шығармалары жарық көрмеген күйінде қалып қойған. Оның оқулықтары бүкіл Кеңес Одағы бойынша – Украинада, Белоруссияда, Ресей, солтүстік республикаларда, Сібірде пайдаланылған. К.К.Ошлаков оқушыларының қатарында - ҚР Халық әртісі композиторлар А.В.Бычков, С.Мұхаметжанов, Ходоско, КСРО Халық әртісі Ә.Дінішевті, қазақ опера және балет театрының дирижері Р.Садыкованы атауға болады. Қазақстанның жоғары оқу орындарында және өзге де республикаларда В.Басаргин, Ф.Легкунец, В.Буланов, А.Мамонтов, Н. және М.Быковских, Г.Шмаков, Л.Быкова, А.Исағұлова, Г.Оразханова, Д.Рахимжанова, Г.Биғалиева, Г.Қарамолдаева, Д.Ерғалиева, М.Алимбаланова, Т.Күрішбаева, А.Қожабекова, А.Каленова, Даукенова, А.Момынова, Г.Шарафетдинова, Ж.Келгенбаева, Шәкірбаева жұмыс істеген.
Қазақстан музыка училищелерінің оқытушылары болып И.Ваничкин, В.Бриков, А.Астахов, А.Канунников, А.Жданов, Г.Шелпаков, А.Травков, А.Ивакин, Ю.Калашников, И.Ваганов, Р.Заиров, Г.Пампуха, А.Подольский, И.Алейников қызмет еткен.
Константин Кирилловичтің БММ-нің оқытушылары болған, кейіннен баянға сүйіспеншілігі артып, көптеген республикалық және қалалық конкурстардың лауреаттарын тәрбиеледі. Дарынды шәкірттерінің қатарында Д.Гриншпун, В.Астраханцев, А.Стуров, В.Цулин, А.Лазутин, Г.Ткаченко, В.Моисеенко, А.Буртовой, Э.Рашевская, П.Коротченко, А.Реснянский, К.Южанин, С.Колокольников, А.Козлов, Л.Жымылшиева, Р.Хорошеваны атауға болады. 26 жыл уақыт аралығында ол 200 түлекті орта квалификациялы маман ретінде, 150-не жоғары білім беріп, қанаттандырған. Олардың бәрі де өз мамандықтарын жетік меңгеріп, музыкалық білім беру саласы мен орындаушылық шеңберінде еңбек еткен.
40-шы, 50-ші жылдары К.К.Ошлаков Қазақстанды аралап, жас дарындарды жинаған. Кезекті бір сапарда К.Ошлаков КСРО халық әртісі Н.Тілендиевпен және ҚСРО халық әртісі Б.Жылысбаевпен ақылдасып, болашақ атақты музыкант және еліміздің мемлекеттік қайраткері атанған Е.Рахмадиевті музыка өнеріне тартқан.
1961 ж. К.К.Ошлаковты Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық институты шақыртады. Бұл оқу ордасында 25 жыл үздіксіз еңбек етеді. Ол секция меңгерушісі, өзінің және Б.Байқадамовтың күшімен құрылған факультеттің әдістемелік бюросының төрағасы, факультеттің партия бюросы хатшысының орынбасары әрі хатшысы, институттағы Әдістемелік кеңес пен Білім беру кеңесінің мүшесі болады. Ол сүйікті жұмысына өз өмірін толықтай арнаған жан. Константин Кириллович ағартушы-публицист ретінде, еліміздегі барлық атақты баяншылармен араласып, олардың концерттерін шәкірттер тыңдауы, білуі, үйренуі үшін, аянбай еңбек етіп, кездесулер ұйымдастырып, кеңестерін алуға тырысқан.
Алматыдағы, Орал мен Қарағандыдағы музыка училищелері Қазақстандағы алғашқы орта білім ошақтары болып саналады. Бұл оқу орындарында баян және аккордеон кластары ашылған. Алғашқы оқытушылары және баян мектебінің негізін қалаушылар К.К.Ошлаковтың шәкіреттері.
Мәскеудегі Гнесиндер атындағы Мемлекеттік музыка-педагогикалық институты мен, Киев пен Ленинград консерваторияларының үлгісімен 1957 ж. Алматы консерваториясындағы халық аспаптар кафедрасының жанынан баян класы ашылды. Оның негізін қалаушы Константин Кирилловичтің шәкірті, Гнесиндер атындағы ММПИ түлегі Федор Васильевич Легкунец еді. Ол кафедраға жалпы Қазақстан баяншыларының орындаушылық дәстүрін және Мәскеу баян мектебінің үдемелі оқыту әдістерін енгізген.
Оның алғашқы шәкірті Валентин Степанович Басаргин – өте керемет және елгезек педагог болған. Олар бірлесіп, Қазақстанның музыка мәдениетінің дамуына кейінгі жылдары зор үлес қосқан, республикамыздың, алыс және жақын шетелдегі жоғары, орта және балалар білім беру ошақтарында жұмыс жасап жүрген көптеген тамаша баяншыларды дайындады.