Алматыда әрдайым үздік орындаушылар мен педагогикалық мамандар шоғырландырылған. П.И.Чайковский атындағы Алматы музыка колледжі жоғары квалификациялы баяншылар мен аккордеоншылар дайындайтын жетекші орта оқу орны болып табылады. Кәсіби мектеп ретінде іргетасын 1941 ж. Қазақстандағы баян мектебінің негізін салушы Константин Кириллович Ошлаков қалаған. К.Ошлаков және оның шәкірттері И.Ванечкин, А.Ахметов, музыка училищесінде еңбек ете жүріп, көптеген кәсіби баяншыларды даярлаған.
Отандық білім берудің үзік дәстүрін одан әрі жалғастырушылар В.Бриков, В.Петренко, А.Астахов, Г.Пампуха, М.Воложанин, А.Канунников, С.Муксинов, Р.Заиров, Л.Суюмбаева, С.Сейтханов, В.Евдокименко, Н.Кравченко, В.Маркин, Н.Нурманбетов, С.Қожахметов, И.Ванеев, В.Кондратьева, В.Толстов болды.
К.Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған музыка мектеп-интернатындағы кәсіби шеберлік пен оқытудың жоғары деңгейін мектеп директоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері О.Абдуллаевтан дәріс алған, беделді халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары мен дипломаттары толықтырады.
Әр кезеңдерде Алматыда баян үйрету мектебінің белгілі кәсіби мамандары Р.Заиров, Д.Тұяқбаев, С.Сейтханов, З.Смақова, А.Ефременко, И.Крюков және тағы басқалар жұмыс жасады.
Қазақ Қыздар педагогикалық институтында баян аспабына оқыту бойынша бұрынырақта және қазіргі уақытта К.Ошлаков, В.Буланов, Б.Раева, М.Қонысбаев, Г.Оразханова, Д.Рахымжанова, М.Бакиев, В.Колокольников, С.Барибаев, Г.Биғалиева, Г.Қарамолдаева, Д.Ерғалиева, М.Алимбаланова, Т.Бурумбаев, А.Исағулова, С.Әшімов, Ж.Сарсембенов, А.Лагодин, П.Лим сабақ берген.
Музыка мектептерінде энтузиаст мамандар Ж.Сарсембенов, А.Стуров, Т.Исалиев, А.Цулин, Ш.Ахимова, А.Дубровский, В.Хохленко, Б.Федянин, М.Парахин, А.Козлов, А.Илюхин, В.Солодников, Л.Солодникова, К.Кузеков, Т.Фардеев, В.Кокорин, Ф.Багапов, М.Узбеков, А.Лазутин, А.Минстр, Л.Пономарева, В.Брянцев, Ю.Розов., О.Наумова, В.Грищенко, Н.Снегирева, Н.Старожук, М.Абдуллин, Д.Құрамысов, В.Кондратьева, С.Сковикова, В.Ткаченко, П.Зяблов, Р.Хорошева, А.Миронов, П.Коротченко, И.Воложанин, Р.Мұхаметқалиев, Л.Жамылшиева, А.Буртовой, Э.Рашевская, Д.Гриншпун, В.Минеев, В.Астраханцев, О.Наумова, А.Михальчук, В.Моисеенко, М.Курышкина, С.Колокольников, А.Аманжолов, Б.Сансызбаев, Ғ.Нарымбетов жұмыс жасаған.
Концерттік ұжымдардағы белгілі баяншылар К.Щеглов, Байсаринов, X.Әбуғалиева, Г.Тамендаров, М.Бердіғұлов, М.Жалбиров, В.Каравасилиди, Л.Пономарева, А.Коротков, С.Картенбаев, Р.Отарбаев, А.Аманжолов, Г.Кондратюк, Фомин, Ю.Морфессий, Текебаев, Коротков, И.Завадский, Д.Гусинцов, Шишов, А.Шупейкин, Г.Апасов, В.Синяков, Ю.Курбатов, В.Югай, Г.Шутов, Н.Васильев, Р.Бекмұхамбетова, Ғ.Нарымбетов қызмет атқарған.
Республикалық конкурс лауреаттарының ұстаханасы деп Тәттімбет атындағы Қарағанды музыка колледжінің халық аспаптар бөлімін атауға болады. Аталған білім ордасында Е.Чупров, В.Холопайнен, Г.Зонов, В.Кривенко болған. И.Манузин, А.Илюхин, В.Брусенцов, В.Ткаченко, О.Новиков, В.Чекунов, И.Виндгольц, Б.Быков, Г.Шелпаков, А.Мучник, Смирнов, А.Зацепилов секілді жоғары квалификациялы дарынды педагогтар қызмет атқарды. Республика көлемінде және одан тыс жерлердегі Балалар музыка мектептерінде Н.Гайдемский, Ю.Голоменцев, Г.Болдырев, А.Шишкин дәріс берген. Концерттік мекемелерде С.Боранбаев, Г.Шелпаков, А.Чернов жұмыс жасады.
Шымкент музыка училищесінің түлектері республикамыздағы, жақын және алыс шетелдегі көптеген ұжымдарда еңбек етеді. Жетекші педагогтар: В.Литвинов, В.Полянский, Н.Николаиди, П.Сапожников, В.Демченко, О.Мұхаметжанов, Г.Голованевский, Р.Р.Мубараков, В.Михуров, В.Юсупов, Г.Сон. Баяншылар сүйіп орындайтын қазақ музыкасының өңдеулері мен лайықтауларын, авторлық шығармаларды Гнесиндер атындағы Мәскеу мемлекеттік педагогикалық институтын түлегі, «Жігер» республикалық конкурсының лауреаты, «Монтази кубогы» атты Италияда өткен халықаралық аккордеоншылар конкурының лауреаты Владимир Демченко жазған.
А.Латышев, С.Кудимов, А.Домащенко, Н.Елисеев, С.Скибин, В.Куклеев, X.Рахманкулов, Н.Романова, А.Есеналиев, Н.Руссу, К.Штомпель, Т.Турдиев, Г.Плотников – Балалар музыка мектептерінде дәріс берген белгілі ұстаздар.
Шығыс Қазақстанда ұзақ жылдар бойы ақын-гармоншы Құбыш Ыдырысов өмір сүрген. Сол өңірдің тумасы әрі Қазақстандағы кәсіби баян педагогикасы мен орындаушылық өнерінің негізін салушылардың бірі К.К.Ошлаков Құбыш туралы мәліметтерді жеткізген. Өскемен баян мектебінің өз алдына бөлек тарихы да бар. Шығыс Қазақстандағы баян мектебінің негізін қалаушылар А.Подольский, В.Заводчиков, В.Шульгин, А.Белоглазов, Г.Плотников, Н.Макаренко. Музыка училищесінің педагогикалық ұжымының негізін ТМД мен Қазақстандағы жоғары оқу орындарының түлектері құрайды. Олар: В.Романюк, А.Павлов, А.Тимошенко, А.Белоглазов, Ю.Крутиков, В.Савкин, Г.Базанов, В.Зубов, В.Аксенов, И.Сумароков, В.Чернявский. Үлкен әдістемелік жұмысты жүргізуші В.Стеблецова. Көп тармақты БММ-де П.Харламов, В.Разломов, Верхошапов, В.Пестов, И.Банников, И.Шумаков, О.Левенцова, Е.Апасов, Г.Шелпаков, А.Баширов, П.Лангов, Г.Сеилханова, Л.Гапоненко, В.Шпоруненко, Ф.Мажеренова, В.Козлов, Кузнецов және тағы басқалар қызмет атқарған.
Павлодар шаһары қазақтың атақты әнші-гармоншысы Майра Шамсутдинованың есімі мен тығыз байланысты. Көнекөз қариялар оның концерттерін әлі күнге дейін еске алады.
Кәсіби оқыту Павлодарда 1948 жылдан Сергиенко Федор Денисовичтің келуінен және БММ-нде баян класының ашылуынан басталған. Музыка мектептері мен музыка училищесінің көптеген оқытушылары баянда алғашқы ойнау мектебін Федор Денисовичтен алған. 1959 ж. Павлодарда П.И.Чайковский атындағы музыка училищесі ашылған. Музыка училищесінің оқытушылары: Ф.Сергиенко, В.Сергиенко, Л.Ожерельева, В.Денисенко, В.Евдокименко, Т.Подхватилина, М.Әлімқұлов. Керемент баяншы әрі аспап-шебері Г.Е.Шелпаков дайындаған баяндар Алматыда және Қазақстанның өзге де аймақтарына белгілі болған.
Баян орындаушылық өнерді насихаттау ісіне зор үлес қосқан филармония директоры, Алматы мемлекеттік консерваториясының түлегі, 1971 ж. өткен республикалық орындаушылар конкурсының лауреаты В.Н.Линчевский.
Балалар музыка мектептерінде жұмыс жасағандардың қатарында: В.Гончаров, Л.Петерс, А.Гонтовой, Н.Козенко, М.Черный, Л.Черная, И.Черных болған.
Батыс Қазақстан өңірінде жұмыс жасайтын, баян орындаушылық өнерінің дамуына үлес қосқан мамандар: В.Плетнев, В.Плетнева, В.Котельников, С.Остриков, Н.Новеньков, А.Махаев, С.Кошкарбаев, Д.Акбулатов, О.Войтехович, А.Джумашева, С.Бралиева, Д.Байтлеуов, В.Ахматов, Ф.Дюсметов, Г.Шарафетдинова, А.Байжанов, Н.Руссу, Т.Идрисова, А.Ставниченко, Степанов.
Баян мамандығының Атырау өңірінде дамуы алғашқы ұстаздары А.Я.Бахирев, А.Т.Ивакин, И.В.Хованскийдің есімдерімен байланысты. 1962 ж. училищенің алғашқы түлектері Қ.Игжанов, В.Шишманов, Ю.Бастанжиев, В.Қарымсақов, В.Семиончев, ал 1963 ж. М.Қисымов, А.Түсіпқалиев болды. 1966-67 жылдары училищені үздік бітірген түлектері Вячеслав және Олег Тюриндер мен С.С.Әжікен ұстаздық жұмысқа қалдырылып, баян класы үлкен бөлімге айналды.
Ғ.З.Дүйсенғалиев, М.Р.Ғабдиев, Е.Ә.Камалиденов, Ж.Т.Изтілеуов, О.Ф.Раисов, Г.М.Сұлтанова, Д.Ғ.Күзембаева, В.П.Гнедов, Г.Р.Черняховская, Б.Сұлтанмұратов, Қ.Рахимова, А.Молдағалиева және т.б. Атырау өңіріне баян мамандығынан шәкірттер даярлауда көп еңбек сіңірді.
Астанадағы Ұлттық музыка академиясында халықаралық конкурстардың лауреаттары – А.П.Ефременко, Д.Р.Султанов, Г.С.Ефременко, сондай-ақ А.Ф.Буркин, В.И.Харламов, Н.Двизовтар жұмыс жасайды. БММ-нде – Л.Н.Черная, М.С.Черный, С.Исенов, В.Эггерт болды.
Концерттік мекемелерде: О.Бурнацкий, В.Франк, Р.Отарбаев, Г.Асадулина, А.Середич. Баяншылар М.Черный мен Л.Чернаяның дуэті Ақмола облысына өте танымал болды, Бішкектегі халықаралық музыкалық ансамбльдер фестивалінің лауреаты атанды. Педагогика институтында баян класынан А.Шантемирова, Даукенова, Г.Асадуллина сабақ береді.
Семейдің танымал баяншы-педагогтары: А.Травков, В.Шишов, А.Тюленев, И.Заиграев, С.Ковин, Г.Мунатаева, А.Марьин, А.Мазин, П.Плиско, Р.Бекетаев, Г.Қайдарова, Г.В.Қайдаров, А.Каленова, Г.Ахунжанов, З.Габитова. БММ-нде – А.Смағулов, К.Асқаров, Галкин, Пак, Л.Чапышев.
Талдықорғанның баян саласында еңбек етіп жүрген майталмандар: Т.Алыбаев, И.Тохтаров, Т.Мұстафина, Б.Мұстафин, Е.Еркенов, Д.Бекжунусов, Р.Бекмұхамбетова, Т.Қурушпаева, А.Қожабекова, А.Молдабекова, Л.Асанбаева, Р.Майкеева, А.Мұхаджанов, Л.Чапышев, Н.Денисов, Н.Корнеев, Ю.Кулешов, К.Южанин, А.Реснянский, Ю.Китанин, Г.Гориченко, П.Сазонов, Филлипенко.
Жезқазған музыка училищесінде С.Барибаев бірнеше жыл еңбек етті. Керемет баяншы орындаушы С.Қожахметовтің музыка училищесіне директор болып келуімен, баяншылардың даярлығы жоғарылады. Кезінде осынау оқу орнында белгілі баяншылар В.Демидов, Э.Воробьев қызмет атқарған.
Қызылорда баян орындаушылық мектебінің дамуына ұзақ жылдар бойы еңбек сіңірген баяншылар: А.Половинкин, А.Козлов, В.Козлов, Д.Ахметова, М.Быковских, Н.Быковских, Г.Рюмкин, Т.Каденов, С.Жүсупов, А.Момынова, Ж.Кельгенбаева, Шакирбаева, М.Нарымбетов, Ә.Боранғұлова. БММ – X.Айжанова, X.Бажиева, Б.Налибаев, А.Кудинов, Панов.
Петропавл баян мектебінің жоғары деңгейін Л.Демиденко, В.Верещагин, М.Трунов, А.Трунов, В.Подолян, В.Игнатенко, А.Баукин, Н.Новиков, В.Сурков, Н.Какулина, В.Калчанов және тағы басқа керемет музыканттар қалыптастырған. Концерттік мекемелерінде ағайынды Труновтар дуэті қызмет атқарған.
Көкшетаудағы баян өнерінің дамуына бірқатар орындаушы-педагогтар еңбек сіңірген. Олар: В.Легкунец, И.Алейников, В.Сорокин, Н.Неретин, Я.Геберт, Б.Аминов, О.Самойленко, Р.Закиров, Р.Хабибулин т.б.
Рудный қаласында да тамаша педагогтер еңбек еткен: Ю.Яковлев, А.Макаров, В.Гнедышев, И.Ваганов, Б.Ахметова.
Теміртаудың белгілі баяншы-педагогтары: Б.Кусков, А.Баклаков, И.Бондарь, Ефременко, А.Татаринцев, П.Горлов.
Қазақстан баян мектебі жылдан жылға жоғары кәсіби деңгейге көтеріліп келеді. Халықаралық баян сайыстарының лауреаттар саны көбеюде: П.Гертер, И.Собочевский, А.Гайсин, Д.Султанов, А.Ефременко, Г.Ефременко, И.Крюков, С.Карташов, Р.Отарбаев, М.Бердигулов, Д.Ақбулатов, Э.Воробьев, А.Аманжолов, Т.Полатов, А.Витущенко, Д.Копшарь, С.Мацкевич, Н.Дамаева, С.Лизунков, Р.Закиров, М.Петров, Ғ.Нарымбетов, Н.Бекмолдинов, О.Нұрланов, Е.Ахан, Д.Пуатұлы, А.Үсібалиев, Д.Алмұратов, М.Даулетхан, Ж.Сауыт, Е.Жетпіс, А.Мұқаметқазықызы, Д.Елемес, Т.Ахымбек және басқалар.
Орындаушылық өнердің ілгерлеуіне үлесін қосқан баяншылар: А.Гайсин, П.Сапожников – ҚР Еңбек сіңірген артистері, А.Бычков, О.Абдуллаев, Д.Тұяқбаев, А.Ефременко, Е.Простомолотов – ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері, М.Балтабаев, В.Верещагин, И.Алейников – ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкерлері, Г.Тамендаров – ҚР Халыққа білім беру ісінің еңбек сіңірген қызметкері, К.Ошлаков пен Р.Хорошева – «ҚР Еңбек сіңірген оқытушылары», З.Смақова, Д.Мерғалиев, Е.Камалиденов – «ҚР Мәдениет қайраткерлері», З.Смақова, Д.Мерғалиев – 2015-16 жж. ҚР бойынша «Жылдың жоғары оқу орнының үздік оқытушылары», А.Ефременко, Д.Султанов – «Дарын» Мемлекеттік сыйлығының лауреаттары, Қазақстан Ленин комсомол сыйлығының лауреаты – Ж.Дастенов және т.б.
Зерттеу жұмыстарымен шұғылданатын баяншылар арасында өнер ғылымдарының кандидаттары – Қ.Жүзбасов, Г.Гайсин, А.Бычков, И.Виндгольц, П.Сапожников, Д.Мерғалиев бар.
Мәскеу мәдениет институтын баян мамандығы бойынша бітірген профессор М.Балтабаев – педагогика ғылымдарының докторы. Н.Бекмолдинов – PhD (Doctor of Phylosophy) докторы. Ғ.Нарымбетов, Г.Бадеш, Н.Есмаханова, А.Кенжетаева – өнертану магистрлер.
Республика көлемінде танымал композиторлар Жоламан Дастенов, Сыдық Мұха- меджанов, Төлеген Мұхамеджанов, Анатолий Бычков, Владимир Стригоцкий-Пак, Болат Қабылбаев, Ерболат Андосов музыка училищесін баян класынан бітірген. 1966 ж. Қарағанды музыка училищесін баян класынан аяқтаған А.К.Стоянов көпте- ген баянға арналған шығармаларды дүниеге әкелген атақты композитор атанды.
Белгілі әншілер, ҚР халық артистері Ә.Дінішев пен М.Ералиева, жезтаңдай әнші Ж.Айжанова да өздерінің өнердегі жолдарын баян аспабын меңгеруден бастаған.
Баяншы-композиторлар В.Заводчиков, А.Илюхин, Д.Гусинцов, Н.Николаиди, И.Виндгольц, А.Баклаков, В.Демченко, Т.Қоңыратбай, Т.Бахтыгереевтың шығармалары орындаушылардың репертуарынан тұрақты орын алған.
Бастапқыда баяншы болып, өнер жолын ұстанған белгілі тұлғалар – Т.Ыбраев, Л.Быкова, А.Миненко кейіннен музыкатанушы-зерттеушілер атанды.
Н.Жарасов, Б.Федянин, Р.Садықова, С.Ұнайбеков, А.Мұхаджанов, А.Канунников, В.Верещагин, М.Бердығұлов, М.Тұрарбаев Д.Тұяқбаев баяншы мамандығын меңгергеннен кейін, дирижерлік тұғырға көтерілді. Қазақстандық баяншы В.Линчевский ұзақ жылдардан бері «Росконцерт» жетекшісі қызметін атқарған. Өскемендік баяншы В.Толоконников «Любэ» музыкалық тобында белді қызметкер.
Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының қобыз бен баян кафедрасына 17 жыл меңгерушілік жасаған, ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор Досмұхамед Тұяқбаев баян орындаушылық мектептің өркендеуіне өз үлесін қосқан белгілі тұлға. Ол – Қазақ музыкасын байытқан концерттік өңдеулердің авторы, бірегей орындаушы, әдіскер ұстаз. Заманында дүниежүзіне танылған фольклорлық «Мұрагер» ансамблінің жетекшісі.
«Әлем кубогы» халықаралық конкурсының лауреаты, профессор Анатолий Мубаракзянович Гайсин қазіргі баян орындаушылық мектептің көрнекті өкілі. Жемісті де жеңісті де концерттік қызметінің нәтижесінде «ҚР-ның Еңбегі сіңген әртісі» атанған. Оның Д.Тұяқбаевпен бірлесе дайындаған «Прогрессивная школа игры на баяне» жаңаша баян әдістемесін насихаттау атты оқу-әдістемелік құралының жарық көруі баян орындаушылық мектептің өсуіне қосылған үлкен үлес деуге болады.
Санкт-Петербург консерваториясының жанынан ассистентура-тағылымдаманы аяқтаған әдіскер ұстаз әрі орындаушы З.Смақованың концерттік репертуарында классикалық шығармалар, халық әуендері мен өңделген джаз музыкасының нұсқалары бар. Ол баянға арнап қазақ музыкасының өңдеулері мен әдістемелік оқу құралдарын жасады. З.Смақова 1999 ж. кезінде ұстазы болып, өнер жолында қанатын қақтырған профессор Д.Тұяқбаевпен бірлесіп «Қазақ күйлерін баянға арнап өңдеу жөніндегі оқу құралы» деген атаумен домбыра күйлерінің теориялық және практикалық аспектілерін біріктіріп, баянға арналған оқу әдістемелік құралын баспадан шығарды.
Әр жылдары Алматы консерваториясында қызмет атқарып, білікті мамандар даярлаған ұстаздар А.Петренко, Т.Оқапов, Л.Попернацкий, С.Сейтханов, В.Евдокименко, В.Ячменев, О.Абдуллаев, С.Қожахметов, М.Узбеков, Ш.Ахметова – баян орындаушылық өнердің майталмандары. Сондай-ақ, аталған оқу орында бүгіндері тәжірибелі де белгілі ұстаздар О.Абдуллаев пен, С.Қожахметов жемісті педагогикалық қызмет атқаруда. Таяуда ғана философия ғылымдарының докторы атанып, әрі халықаралық баян орындаушылық сайыстарда бірнеше рет лауреат атанған дарынды орындаушы-жас маман Н.Бекмолдинов аға буын ұстаздардың жолын жалғастырып келеді.