Алғашқы студенттік және оқушылардан құрылған баяншылар ансамбльдері 40-шы жылдары Алматы музыка училищесі мен Әміре Қашаубаев атындағы БММ-нің қабырғасында Константин Кириллович Ошлаковтың жетекшілік етуімен құрылды. Аталған пән де, баяншылар оркестрі секілді бастауыш және ортаңғы буынның оқу бағдарламасына міндетті болып енгізілді және екінші мамандық болып саналатын болды.
Ансамбльмен ойнау әрқашан өте қызықты болатын, сондықтан К.К.Ошлаков өз оқушыларының бәрінде баян өнерінің осы түріне деген сүйіспеншілікті оята білген. Константин Ошлаков, Валентин Басаргин мен Васильев триосы республикамыздың бірнеше миллиондаған аудиториясын лайықталған классикалық музыкамен, Қазақстан композиторларының шығармаларымен қазақ радиосының эфирі арқылы таныстыру жұмыстарын жүргізген.
Заманында К.К.Ошлаков пен М.Х.Балтабаев ЖенПУ-де студенттердің күшімен баяншылар ансамбілін құрған.
Ф.В.Легкунец Батыс Еуропалық, орыс және кеңес композиторларының шығармаларынан, сондай-ақ қазақ музыкасынан көптеген лайықтаулар жасақтаған. Ол құрған баяншылар ансамблінің құрамында В.С.Басаргиннің өзі және өзге де студенттер ойнап, өкіметтік концерттерде өнер көрсеткен, радио, телевидениеге жазба жасаған, түрлі мекемелер мен кәсіпорындардың көптеген шефтік концерттеріне қатысқан.
К.К.Лазутиннің өзі де сол ансамбльдің құрамында ойнаған және өз шәкірттерін де орындаушылықтың осы түріне баулыған.
Өскемендегі баян мектебінің негізін салушы К.К.Ошлаковтың оқушысы – А.Ф.Подольский болған. Ол да оқытушы ретінде ансамбльдік ойынды өте беріле насихаттаған адам. Өзінің осындай дәстүрін ол оқушысы Өскемен музыка училищесінің түлегі Владимир Литвиновке дарытып кеткен. Ал Владимир Владимирович бұл дәстүрді өзінің әріптесі А.Г.Полянский мен бірге Шымкент музыка училищесінде жалғастырған. 1960-1980-жылдар аралығында Шымкент музыка училищесінде тұрақты баяншылар дуэті болған. Олар қолданыстағы бүкіл дуэт репертуарының бәрін ойнаған. Кейін бұл дәстүрді олар өз шәкірттеріне берген. Шымкент училищесінің түлектері ансамбльде зор мақтанышпен және рахаттана ойнайды. Ансамбльмен ойнауға деген құштарлықты В.В.Литвиновтың шәкірті Сұлтан Қожахметовтен де байқауға болады.
70-жылдары Шымкент музыка училищесінде жаңа ұжым – баяншылар квартеті құрылады. Ансамбль жоғары санатты музыканттар қатарынан құрылған, олардың әрқайсысы орындаушылық тұрғысынан бірегей тұлға ретінде қабылданған. Композитор, керемет виртуоз Н.И.Николаиди, В.В.Литвинов, А.Г.Полянский, С.Т.Қожахметов. 1975 ж. квартет Шымкент музыка училищесінің есептік концертінде, кейін өз бағдарламасымен Алматының концерттік залдарында өнер көрсеткен.
Тыңдармандарының таңғалдырған Сұлтан Қожахметов пен Равиль Отарбаев дуэтінің репертуарында баяншылардың ең таңдаулы туындылары қамтылған. Ерекше танымал болғаны Анатолий Шалаев пен Виктор Гридиннің концерттік туындылары.
Евгений Простомолотов өзінің педагогы, Алматы консерваториясының түлегі, кейін Бішкек өнер институтының доценті В.Бондаренкомен бір ансамбльде ойнаған.
Белгілі баяншылар ансамбльдерді: Г.Плотников, В.Литвинов, Г.Дубко триосы, Е.Апасов, В.Разломов, И.Шумаков триосы, Валентин және Владимир Разломовтің дуэті, В.Романюк пен Г.Николаевтің дуэті, В.Евдокименко мен Г.Базановтың дуэті, В.П.Каравасилиди және Н.Т.Нұрманбетовтын дуэті, Б.Игнатьев және В.Аксенов дуэті, Л.Пономарева және Н.Д.Кравченко дуэті, М.Черный мен Л.Калиниченко дуэті және М.Черный мен Л.Черная әулетінің дуэті, С.Ошлаков пен В.Солодников дуэті, А.Гайсин мен А.Ефременконың дуэті.
Разия Хорошеваның жетекшілігімен зағип балалардан құрылған балалар баян ансамблі 1989 ж. балалар музыка ұжымдары арасында өткен республикалық конкурс лауреаты атанып, «Образцовый» атағын иеленген. Балалар баяншылар ансамблі Мәскеу, Санкт-Петербург, Киев, Бішкек қалаларына гастрольдік сапармен барған. Қазақ радио қорында 1988 жылғы «Играй, мой баян» радиобағдарламасының жазбасы сақталған.
«Халық ұйымы» Қазақстан зағиптар қауымдастығының баян ансамбілінің жетекшісі М.Б.Қонысбаев.
Көкшетауда Владислав Сорокин, Геберт, Неретин, Руслан Хабибулин баяншылар квартетін құрды. 1985 ж. баяншылар квартеті Қазақстан мен Белоруссияда гастрольдік сапармен концерттер берген. Квартет жаңа құрамымен (В.Сорокин, С.Барило, О.Закирова, Ю.Елисеев) республикалық фестиваль-конкурста лауреат атанған (1993 ж., Алматы, 1 орын). Көкшетау баяншылары квартетінің кезекті құрамыда Владислав Сорокин, Оксана Закирова, Татьяна Варавина және Сергей Иванов болған.
Оксана Закирова мен Татьяна Варавинаның дуэті училище мен қала көлемінде өте танымал.
70-80-жылдары Өскемен музыка училищесінің қабырғасында оқытушы-баяншылар Владимир Романюк пен Григорий Базановтан құрылған дуэт болды. 1986 ж. өскемендік баяншы Сергей Ларионов пен Владимир Гайдуков 3 Бүкілресейлік халық аспаптар орындаушылар байқауында және 1996 ж. Ресейде өткен халықаралық конкурста жүлдегерлер атанды. Олардың бейне жазбалары Ресейдің орталық телеарна мен радио қорында бар.
Целиноград музыка училищесі баяншылар триосының құрамында: В.Эггерт, Николай Двизов, Владимир Харламов өнер көрсеткен.
Халықаралық конкурстардың лауреаттары, Қазақ ҰМА педагогтері Галина мен Алексей Ефременко дуэті бүгінгі таңда танымал баян-аккордеонда орындаушы ансамбльдердің таңдаулысы.
Баяншылар дуэті (Астана қ., оқытушы – А.П.Ефременко), құрыманда: Дамаева Наталья, Лизунков Се¬ргей – «Кубок Южного Урала» халық аспаптары орындаушыларының І ашық Ресей конкурсы (2002 ж., 3 премия, РФ Оренбург қ.) лауреаттары.
2012 ж. М.Садченко мен И.Ананьев аккордеоншылар дуэті Италия, Ланчано қаласында Халықаралық аккордеоншылар конкурста «Ансамбль» номинациясында 1 жүлделі лауреат болып атанды.
«Астана» баяншылар квинтеті (Астана қ., оқытушысы – А.П.Ефременко), құрамында: Балтабаев Жамбыл, Вали Даурен, Мадыкаримов Максат, Максутулы Айдар, Исмайлов Жаркын – «Еуразия кубогі» баян-аккордеон орындаушыларының І халықаралық конкурсы (2017 ж., 1 орын, ҚР Атырау қ.)
«ALLEGRO» баян-аккордеон орындаушыларының ансамблі Қазақ ұлттық өнер университеті (Астана қ., жетекшісі – Г.С.Ефременко), 2009 ж. құрылған. Ансамбль құрамында –оқытушылар Алексей мен Галина Ефременко класында оқитын колледж студенттері: Адамова Әлия, Исмайлов Жарқын, Мәдікарімов Мақсат, Үсембаева Аяжан, Омарова Әсел, Валерия Пугачева, Мөлдияр Ерболат, Вали Дәурен, Балписов Қуаныш, Логинова Анастасия, Жамалиев Рустам, Қажікенов Нұрсаят, Абдулла Ержан. «ALLEGRO» ансамблі конкурстардың лауреаты: Internet music competition (1 орын. Сербия, Белград қ., 2012), «Көзге Иртыш моңнары» ХIII Халықаралық татар өнерінің фестиваль-конкурсы (2012 ж., 1 орын, ҚР Семей қ.), В.Ф.Беляков сыйлығына баян, аккордеонда және ұлттық гармоникада орындаушылар арасындағы І халықаралық конкурс (2013 ж., 2 орын, Башкортостан, Уфа қ.), «Еуразия кубогі» баян-аккордеон орындаушыларының І халықаралық конкурсы (2017 ж., 1 орын, ҚР Атырау қ.). «ALLEGRO» ансамблі Астана мен Алматы қалаларында өткен баян мен аккордеон орындаушылары халықаралық конкурсының қатысушысы. Ансамбль гастрольдік сапармен Қазақстанның әр түкпіріндегі қалаларына шығады.
Баяншылар дуэті (Алматы қаласы, оқытушысы – А.М.Гайсин) құрамында Өмірғали Баубек, Көшеров Ерік. «Еуразия кубогі» баян-аккордеон орындаушыларының І халықаралық конкурсы (2017 ж., ҚР Атырау қ., 2 орын).