Абдуллаев Ондасын (Охан) Абдуллаұлы. 1948 ж. 13 қыркүйекте Алматы облысында дүниеге келген. Ұстаз, ҚР еңбек сіңірген қайраткері. Алматы музыка училищесін, Алматы консерваториясын (В.С.Басаргин, Д.Х.Тұяқбаевтің баян класын) бітірген. 1983 жылдан бастап К.Байсеиітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық музыкалық арнайы орта мектеп-интернатынің директоры. Оқушыларының арасында: А.Ефременко (Мәскеу, Германиядағы Клингентальда өткен халықаралық байқау ларлауреаты, КазНАМ доценты), И.Крюков (Италияның Кастельфидардо халықаралық байқауының дипломанты, республикалық байқаулар, халықаралық «Шабыт» байқауларының лауреаты), халықаралық, республикалық байқаулар және халықаралық фестивальдар лауреаттары: Э.Вист, А.Петров, М.Бердигулов, О.Войтехович (1981 ж., 1 орын, халық аспаптарында орындаушылардың республикалық байқаулары; 1989 ж., 3 орын, Қарағанды қ.; 2000 ж., II сыйлық, «Шабыт» халықаралық байқауы, Астана қ.); Р.Закиров, Н.Сауыт, С.Толқынхан (2006 ж., 2 орын, Астана қ., Құрманғазы атындағы республикалық конкурс; 2006 ж., 1 орын, Италия, «Lanciano» халықаралық конкурс; 2011 ж., 1 орын, Ресей Самара қ., «Виват Баян» халықаралық конкурс; 2011 ж., 1 орын, Ресей Челябинск қ., «Кубок Липса» халықаралық конкурс; 2011 ж., 1 орын, Қытай, Тянзинде баян-аккордеонда орындаушылардың халықаралық конкурсы; 2011 ж., 1 орын, Мәскеу қ., «Весенние голоса» халықаралық конкурс; 2011 ж., 1 орын, Астана қ., «Шабыт» халықаралық конкурс; 2011 ж., 1 орын, Ресей Ржев қ., «Играй баян» халықаралық конкурс; 2011 ж., 3 орын, Италия Пинето қ., «Трофей Мира» халықаралық конкурс; 2015 ж., 3 орын, Мәскеу қ., V Мәскеу халықаралық конкурсы; 2013 ж., 2 орын, Мәскеу қ., «Кубок СНГ» халықаралық конкурс); Н.Бекмолдинов (2004 ж., 1 орын, Алматы қ., XXV Республикалық жас орындаушылар конкурсы; 2004 ж., Астана қ., Shabitinspiration «Приз надежда» халықаралық конкурс; 2005 ж., 2 орын, 2007 ж., 1 орын, Италия, Ланчиано қ., жас орындаушылардың халықаралық конкурсы; 2007 ж., 1 орын, РФ Мәскеу қ., «Классическое наследие» Ресей әртісі Анатолий Беляев атындағы баян және аккордеоншылардың халықаралық конкурсы; 2007 ж., 1 орын, Шымкент қ., жас орындаушылардың республикалық конкурсы; 2008 ж. 1 орын, Астана қ., жас орындаушылардың Құрманғазы атындағы республикалық конкурсы; 2008 ж., 2 орын, РФ Саратов қ., II әлемдік Дельфи ойындары, «Күміс медаль» иегері; 2009 ж., 3 орын, Италия Ланчиано қ., А.Пьяццолла атындағы халықаралық конкурс; 2011 ж., 4 орын, Германия Клингенталь қ., «Фогландские дни музыки» халықаралық конкурсы; 2013 ж., 1 орын, Эстония Таллинн қ., «Аккордеонная регата» халықаралық конкурс); Е.Ахан (2008 ж., ҚХР-нда өткен ІІІ халықаралық конкурстың үздік орындаушысы; 2009 ж., 2 орын, Алматы қ., жас орындаушылар арасындағы 43-Республикалық конкурстың лауреаты; 2010 ж., Гран-при, Алматы қ., А.Жұбанов атындағы республикалық; 2010 ж., 1 орын, ҚХР Харбин, дүниежүзілік баян және аккордеоншылар ассоциациясымен өткізілген халықаралық конкурс; 2011 ж., дипломант, ҚХР Шанxай қ., 64-ші Әлем кубогі); Д.Пуатұлы (2009 ж., 3 орын, «Musicforum» Республикалық конкурс; 2011 ж., 1 орын, А.Жұбанов атындағы халықаралық конкурс; 2012 ж., Гран-при, 43-Республикалық конкурс; 2015 ж., диплом, Италия, халықаралық конкурс; 2016 ж., 3 орын, Мәскеу қ., халықаралық конкурс; 2016 ж., 2 орын, Химки қ., халықаралық фестиваль-конкурс; 2016 ж., 3 орын, Франция, «AccordeOpale» халықаралық конкурс; 2016 ж., 1 орын, Франция, «Etoiles Sancyberie» халықаралық конкурс); Ж.Сауыт (2014-2016 жж., 1 орын, Алматы қ., «ҚР дарынды балаларға арналған орта мамандандырылған музыка мектептері оқушылары-жас орындаушыларының II Республикалық конкурсы»; 2014 ж., 1 орын, ҚХР Харбинь қ., баян-аккордеоншылардың халықаралық конкурсы; 2014 ж., 3 орын, Алматы қ., А.Жұбанов атындағы мектептің 50 жылдығына арналған Қазақстан жас орындаушылары халықаралық конкурс-фестивалі; 2016 ж., 1 орын «баян», 1 орын «Ансамбльдік орындаушылық», дуэт – Жетпісұлы Елжанмен, ҚХР Харбинь қ., «Кубок Мира» баян-аккордеоншылардың халықаралық конкурсы; 2016 ж., 2 орын, Алматы қ., ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, А.Жұбанов атындағы жас орындаушылар Халықаралық конкурсы; 2016 ж., 1 орын, Алматы қ., Құрманғазы атындағы КНК-дағы Республикалық конкурс; 2017 ж., 1 орын, «Дуэт» номинациясы бойынша, Мәскеу қ., XIV «Фестиваль Москва встречает друзей»); Е.Жетпіс (2014-2016 жж., 1 орын, Алматы қ., «ҚР дарынды балаларға арналған орта мамандандырылған музыка мектептері оқушылары-жас орындаушыларының II Республикалық конкурсы»; 2014 ж., 1 орын, ҚХР Харбинь қ., баян-аккордеоншылардың халықаралық конкурсы; 2014 ж., 3 орын, Алматы қ., А.Жұбанов атындағы мектептің 50 жылдығына арналған Қазақстан жас орындаушылары халықаралық конкурс-фестивалі; 2016 ж., – 1 орын «баян», 1 орын «Ансамбльдік орындаушылық», дуэт Сауыт Жандоспен, ҚХР Харбинь қ., «Кубок Мира» баян-аккордеоншылардың Халықаралық конкурсы; 2016 ж., 2 орын, Алматы қ., ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына А.Жұбанов атындағы жас орындаушылар халықаралық конкурсы; 2016 ж., 1 орын, Алматы қ., Құрманғазы атындағы КНК-дағы Республикалық конкурс; 2017 ж., 1 орын, «Дуэт» номинациясы бойынша, Мәскеу қ., XIV «Фестиваль Москва встречает друзей»), А.Мұқаметқазықызы (2013 ж., 1 орын, Түркия, «Art olympia» балалар және жасөспірімдер шығармашылығы халықаралық фестиваль-конкурсы; 2014 ж., Гран-при, Алматы қ., «ҚР дарынды балаларға арналған орта мамандандырылған музыка мектептері оқушылары-жас орындаушыларының II Республикалық конкурсы»; 2014 ж., 2 орын, ҚХР Харбинь қ., баян-аккордеоншылардың халықаралық конкурсы; 2014 ж., Гран-при, Алматы қ., А.Жұбанов атындағы мектептің 50 жылдығына арналған, Қазақстан жас орындаушылары халықаралық конкурс-фестивалі; 2015 ж., 1 орын, Италия, пианистердің халықаралық конкурсы; 2016 ж., 1 орын, Алматы қ., «ҚР дарынды балаларға арналған орта мамандандырылған музыка мектептері оқушылары жас орындаушыларының IV Республикалық конкурсы»; 2016 ж., 3 орын Алматы қ., ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, А.Жұбанов атындағы жас орындаушылар халықаралық конкурсы; 2016 ж., 1 орын Алматы қ., Құрманғазы атындағы ҚҰК-дағы Республикалық конкурс). Қазақстан өнер шеберлері құрамында Вьетнам, Үндістан, Шри-Ланка, Грекия, АҚШ, Швейцария мемлекеттеріне гастрольға шықты. Әдістемелік әдебиеттер шығ.: Хрестоматия для баяна (Баян хрестоматиясы), А., 1981; Хрестоматия для баяна (Баян хрестоматиясы), А., 1984; «Антология казахстанской популярной музыки для баяна», Китай, 2010.
Абдикеев Тимур. Семей қаласындағы татар өнер мектебін бітірген (оқытушы Р.А.Атногулов класы). 2008 ж. – Астана қаласындағы Қазақ ұлттық музыка академиясына түскен (доцент Д.Р.Султановтың класы), қазіргі уақытта II курс студенті. Республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты: «Приз Ланчиано» халықаралық конкурс (2011 ж., I орын, Италия); «Көзге Иртыш моңнары» татар өнерінің XII халықаралық фестиваль-конкурсы (2011 ж., Гран-При, Семей қ.); татар және башқұрт музыкасы орындаушыларының халықаралық конкурсы (2012 ж., Гран-При, РФ Челябинск қ.); Н.В.Пономарев атындағы орыс халық аспаптарында орындаушыларының ІІ халықаралық конкурс-фестивалі (2013 ж., I орын, РФ Уфа қ.); Құрманғазы атындағы XI республикалық конкурс (2017 ж., III орын, Астана қ.).
Адамова Әлия. 1995 ж. 8 шілдеде туған. Орындаушы. 2003-11 жж. – ҚазҰМУ-нің мектебінде (Г.С.Ефременко аккордеон класы), 2012-16 жж. – А.Шнитке атындағы Мәскеу мемлекеттік музыка институтында оқыған (А.И.Леденев аккордеон класы). 2016 жылдан ҚазҰМУ-нде оқиды (оқытушы А.П.Ефременко класы). Конкурстардың лауреаты: «Астана-Мерей» ІІІ халықаралық жас орындаушылар конкурсы (2007 ж., 2 орын, ҚР Астана қ.), Ресей Халық әртісі Анатолий Беляевтің Сыйлығына халық аспаптарда орындаушылардың Ашық Халықаралық конкурсы (2007 ж., 2 орын, РФ Мәскеу қ.), «Астана-Мерей» V халықаралық жас орындаушылар конкурсы (2009 ж., 2 орын, ҚР Астана қ.), В.Андреев атындағы халық аспаптарында жас орындаушылардың VI халықаралық конкурсы (2008 ж., 1 орын, РФ Санкт-Петербург, «Лира Прииртышья» халық аспаптарында орындаушылардың халықаралық конкурсы (2010 ж., 1 орын, РФ Омбы қ.), Баян және аккордеонда жас орындаушылардың Халықаралық Сібір конкурсы (2010 ж., 3 орын, РФ Кемерово қ.), Георгий Шендерев атындағы халық аспаптарында орындаушылардың IV халықаралық конкурсы (2016 ж., 2 орын, Қырым Республикасы, Судак қ.), «Еуразия кубогі» баян-аккордеоншылардың І халықаралық конкурсы (2017 ж., 2 орын, ҚР Атырау қ.).
Адырбаев Әділхан Қылышханұлы. 1959 ж. 25 наурызда қарапайым отбасында дүниеге келді. 1980 ж. – І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтына түсіп, 1984 ж. ән-күй пәнінің оқытушысы (дәстүрлі ән, сырнайшы, әнші, хор дирижері) мамандығы бойынша бітірді. 1984 ж. – Глиновка орта мектебінің ән-күй пәнінің мұғалімі болып еңбек етті. 1985 ж. қараша айынан бастап Андреев ауданының мәдениет бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалып, сол жылдары аудандық маслихат депутаты болды. 1989 жылы аудандық музыка мектебінің оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болды. 1991-93 жж. Талдықорған педагогикалық институтының филология факультетін қызыл дипломмен бітірді. 1993-95 жж. Андреев ауданындағы музыка мектебінің директоры болды. 1995 ж. – Талдықорған қаласына көшіп келіп қалалық музыка мектебінің оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары міндетін атқарады. 2003 жылдан бастап Талдықорған қаласындағы Қ.Байсейітов атындағы саз колледжінің директоры, «Ән салу» бөлімінің оқытушысы қызметін атқарып келеді. Марапаттары: ҚР ІІ дәрежелі «Қайсар» төс белгісі (2011), «Ы. Алтынсарин» белгісі (2014), «М.Тынышбаевтың туғанына – 135 жыл» медалі, «ТМД Мәдениет және өнердегі сіңірген еңбегі үшін» медалі (2015), ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Алғыс хаты» (2011, 2014), РФ орден «Польза, честь и слава» (2017). Адырбаев Әділхан Қылышханұлы жыл сайын облыс көлемінде өткізілетін «Талдықорған шұғыласы», «Балбұлақ», «Абай оқулары», «Махамбет оқулары», шығармашылық байқауына да қазылар алқасының төрағасы. Алты жыл қатарынан өтіп жүрген Қ.Байсейітов конкурсының облыс көлемінде жоғары деңгейде өтуінің ұйытқысы, бастамашысы бола жүріп ақындардың өлеңіне ән жазып,өзінің сазгерлік өнерін дамытты.
Арапов Өмірсерік Бақытжанұлы. 1957 ж. Алматы облысы, Алакөл ауданы, Қазақстан ауылында дүниеге келген. 1964 ж. – Қазақстан ауылындағы мектеп табалдырығын аттаған. 1967 ж. – аудан орталығы Үшарал қаласындағы М.Төлебаев атындағы музыка мектебінің сырнай аспабы бойынша оқытушы Ермек Бұлдыбаевтың класынан дәріс алды. 1968-75 жж. Алматы қаласындағы А.Жұбанов атындағы Республикалық арнаулы музыкалық мектеп-интернатын бітірген. Ол мектепте сырнай (баян) аспабы бойынша Ф.В.Легкунецтің класынан дәріс алған. 1975-79 жж. Шымкент қаласындағы әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтын «Халық аспаптар оркестірінің көркемдік жетекшісі әрі дирижері» мамандығы бойынша бітірген. Ол институтта сырнай аспабы бойынша оқытушы Жасұлан Қойшыбаевтың класынан дәріс алды. 1975-79 жж. Шымкент қаласының Облыстық халықтық «Достық» фольклорлық ән-би ансамблінде сырнайшы – оркестрант және бишілер тобының сүйемелдеушісі болды. 1976-1977 жж. Шымкент қ. Ж.Шанин атындағы Облыстық драма театрында музыкалық спектакльдердің сүйемелдеушісі болып жұмыс істеген. 1978 ж. қыркүйек айының 12-17 жұлдызы аралығында гастрольдық сапармен Шымкент қаласының Облыстық халықтық «Достық» фольклорлық ән-би ансамблімен сырнайшы-оркестрант ретінде бұрынғы Кеңес Одағының атынан Поляк Халық Республикасының Зеленогура қаласында өткен VIII – Халықаралық фольклорлық ән-би ансамбльдерінің фестивальіне қатысып, осы фестивальде ансамблі – лауреат, оркестрі – дипломант атанды. 1981-82 жж. Алматы қаласындағы Облыстық филармониясының «Алматы әуендері» ансамблінің әртісі ретінде клавиштік аспапта ойнаған. 1982-1983 жж. Алматы облысы, Сарқанд қаласының Мәдени-ағарту училищесінде сырнай аспабының оқытушысы болып жұмыс істеген. 1983-84 жж. Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтында музыка факультетінің халық аспаптар кафедрасында оқытушы әрі сырнайшылар оркестрінің дирижері, көркемдік жетекшісі болып жұмыс істеген. 1984-85 жж. Алакөл ауданы, Үшарал қаласынның М.Төлебаев атындағы музыка мектебінің сырнай аспабы бойынша оқытушысы әрі халық аспаптар бөлімінің меңгерушісі болған. 1985-86 жж. Ақсу ауданында «Ақсу әуендері» ансамблінің көркемдік жетекшісі болып қызмет атқарған. 1986-98 жж. Алматы облысы Сарқан қаласының Мәдениет колледжінің оқытушысы, бишілер бөлімінің сүйемелдеушісі әрі сырнайшылар оркестрінің дирижері, көркемдік жетекшісі болып жұмыс істеген. Сол жылдар аралығында 20-ға жуық шығармаларды сырнайшылар оркестріне лайықтап, өңдеп жазып партитураға түсірген. 1995 ж. 20 қыркүйекте «Республикалық білім жүйесіндегі шығармашылық еңбегі және жеткіншек ұрпақты оқытумен тәрбиелеудегі табыстары үшін» Қазақстан Республикасының Білім министрлігінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. Жалпы, өнер саласында сырнайшы-оркестрант,орыс және қазақ халық аспаптар оркестрлерінде – сырнайшы, бишілер мен әншілерге сүйемелдеуші ретінде 1975 жылдан бастап атсалысып келеді. 1998 жылдың қыркүйек айынан бастап Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университетінің музыкалық білім факультетінде, музыкалық аспаптар кафедрасының аға оқытушысы әрі жетекші сүйемелдеушісі болып жұмыс істеген. Сонымен қатар Алматы облыстық Сүйінбай атындағы филармониясының М.Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестрінің аспапшы әртісі ретінде және де облыстық «Ардагер әжелер» ансамблінің сырнайшы-сүйемелдеушісі ретінде қосымша жұмыс атқарған. 2010 ж. қараша айының 9-13 жұлдызы аралығында Алматы облыстық Сүйінбай атындағы филармониясының, М.Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестрінің аспапшы әртісі ретінде, Қазақстан Республикасының Мәдени күндеріне байланысты концерттік-гастрольдық сапармен Оңтүстік Корея Республикасында болып қайтты. 2016 ж. қаңтар айының 2-6 жұлдызы аралығында Алматы облыстық Сүйінбай атындағы филармониясының М.Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестрінің аспапшы әртісі ретінде Москва қаласында өткен халықаралық фестивальға қатысып гастрольдік сапармен болып қайтты. 2011 жылдың қаңтар айының 10-шы жұлдызында ҚР Мәдениет қайраткері атағына ие болды.
Азисханова Бивизухра Аширбаевна. 1957 ж. Бішкекте дүниеге келген. Ұстаз. 1975 ж. – АОММ (Я.Н.Складман баян класын), 1980 ж. – Бішкекте өнер институтын бітірген. 1980 ж. – Ош музыка училищесінде баян класында ұстаз, 1993 ж. – П.И.Чайковский атындағы Алматы музыка колледжінде баян класында ұстаз.
Аксенов Вячеслав Константинович. 1953 ж. 6 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Зыряновта дүниеге келген. Орындаушы, ұстаз. 1973 ж. – Өскемен музыка училищесін (В.Т.Заводчиков баян класын), 1978 ж. – Новосібір консерваториясын (А.А.Михайлов баян класын) бітірген. 1982 жылдан бастап Өскемен музыка училищесінде баян класында ұстаз. 1983 жылдан бастап Шығыс Қазақстан Мемлекеттік филармониясында «Русский сувенир» аспапты ансамбль құрамында қосымша істейді.
Ақболатов Дәурен Кеңесұлы. 1967 ж. 17 шілдеде Орал облысы Қособа ауылында дүниеге келген. Ұстаз, орындаушы. 1986 ж. – Орал музыка училищесін бітірген (В.В.Плетнев баян класы). 1988-90 жж. – Орал мәдениет ағарту училищесінде ұстаз және концертмейстер. 1995 ж. – Алматы консерваториясын (С.Т.Қожахметов баян класын) бітірген. Студент бола жүріп Құрманғазы атындағы қаз. хал. аспаптары Мемлекеттік оркестрінде жұмыс жасаған. 1993 ж. Орал пединститутында ұстаз, 1998 бастап – кафедра меңгерушісі. 1994 ж. – «Нарын» фольклорлық ансамблінің жетекшісі. М.Бердигуловпен бірге дуэтте Я.Ф.Орланский-Титаренко арналған баяншылар ансамблі халықаралық фестивалінің лауреаты (1992 ж., 1 дәрежелі Диплом, Бішкек қ.). 2010 ж. Астана қаласы Еуразия гуманитарлық институтын «Заңгер» мамандығы бойынша бітіріп екінші жоғары білім алған. Жоғарғы педагогикалық мектеп саласындағы жалпы қызмет өтілі – 17 жыл. 13 ғылыми мақалалары түрлі ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалып, «Ұлт тағылымы», «Ізденіс», «ЕАГИ хабаршысы» ғылыми-педагогикалық журналдарында жарық көрген. Астана қаласындағы Еуразия гуманитарлық институтының педагогика кафедрасының ізденушісі. «Ұлттық музыка фольклорын қолданудың негізінде болашақ мұғалімдердің музыкалық-эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары» атты тақырыпта ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысып жүр.
Алейников Иван Иванович. 1939 ж. 1 ақпанда бұрынғы Семей обл., Үржар ауданы Ириновка ауылында дүниеге келген. Ұстаз, композитор, суреткер. ҚР мәдениетіне еңбек сіңірген қызметкері (1998). 1965 ж. – Алматы музыка училищесін (К.К.Ошлаков баян класын), 1982 ж. – Челябинск мемлекеттік мәдениет және өнер институтын бітірген (В.Я.Кондин баян класын). 1964-74 жж. – Қазақстан Композиторлар одағының жастар секциясы мүшесі. Ақан-сері атындағы Көкшетау колледжінің ұстазы. Шығ: баянға арналған 70-тен аса музыкалық шығармалар сонын ішінде концерттер, фантазия, рапсодия, сюиталар; үш - баянға, ансабль және орыс халық аспаптық оркестрлеріне арналған шығармалар, әндер, әдістемелік құралдар. 250-ден аса суреттер авторы (соның ішінде баяншылар А.Дмитриев, Н.Севрюков, И.Шепельский, А.Хижняк, Н.Худяков, В.Сорокин суреттерін). «Искусство народов мира» (Әлем халықтарының өнері) Мәскеу Қауымдастығының Мүшесі (1994).
Аманжолов Арман Нұрсапаұлы. 1973 ж. 20 мамырда Алматы облысы, Балқаш ауданы Бақанас ауданында дүниеге келген. Орындаушы, ұстаз. 1984-91 жж. – А.К.Жұбанов атындағы республикалық музыка мектебінде оқыған (оқытушы С.Б.Барибаевтың баян класы). 1991-96 жж. – Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында (профессор А.М.Гайсиннің класы) дәріс алған. 1993-2003 жж. – Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясындағы Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрде әртіс, 1996 жылдан бастап сырнайшылар тобының концертмейстері. 1997-99 жж. – А.Жұбанов атындағы РАОММИ ұстаздық етті. Павлодарда өткен халық аспаптарында орындаушылардың республикалық байқауының Дипломанты (1991), баяншылардың халықаралық фестивалінің лауреаты (2 сыйлық, Бішкек). 2003 жылдан Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының «Сазген» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің әртісі (Талдықорған қ.). 2011 ж. – Қазақ ұлттық консерваториясынан оркестрді дирижерлеу класы бойынша біліктілігін арттыру курсынан өткен (доцент Ж.Бегендиковтің класы). 2011 жылдан бері – Мұқан Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестрінің дирижері. 2014 жылдан бастап Н.Тілендиев атындағы БММ-нде баян класы бойынша қосымша оқытушылық қызмет атқарады. 2016 ж. – М.Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі. Шығармашылық ұжым құрамында Түркия, Қытай, Ресей, Солтүстік Корея, Германия, Израиль, Оңтүстік Корея, Франция елдерінде болған.
Амантай Ерсін. 1992 ж. 27 қарашада туған. А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатын (оқытушысы З.Н.Смақова), ҚазҰӨУ музыка колледжін КазНУИ (оқытушысы Н.А.Двизов), ҚазҰӨУ (доцент Д.Р.Султанов класы) бітірген. Көптеген халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты, атап айтқанда: «Астана-Мерей» ІІІ халықаралық конкурсы (2007 ж., III орын, Астана қ.); «Друг баян» ІІ халықаралық конкурс-фестивалі (2010 ж., II орын, РФ Курган қ.); «Лира Прииртышья» халықаралық конкурсы (2013 ж., III орын, РФ Омбы қ.); Құрманғазы атындағы X республикалықконкурс (2014 ж., II орын, Өскемен қ.); «Кубок Фридриха Липса» VI халықаралық конкурсы (2014 ж., III орын, РФ Челябинск қ.); «Каспийская волна» ІІ халықаралық конкурсы (2015 ж., II орын, РФ Астрахан қ.).
Аминов Болат Алдабергенұлы. Республикалық жас орындаушылар конкурсының дипломанты (1981 ж.), «Жігер-88» республикалық жастар фестивалінің дипломанты (1988 ж.), Көкшетау музыка училище Я.И.Геберт, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын профессор А.М.Гайсиннен баян класы бойынша бітірген. 1989 жылдан Біржан сал атындағы Көкшетау музыка колледжінің оқытушысы, орыс халық аспаптар оркестрінің жетекшісі, «Орыс халық аспаптар» бөлімі циклдік комиссиясының төрағасы.
Антонов Владимир Сергеевич. 1946 ж. 24 шілдеде Смоленск облысы Гжатскте (Гагарин) дүниеге келген. Ұстаз, орындаушы. 1963 ж. – баян және аккордеон класы бойынша Өскемен ОБММ, 1967 ж. – Өскемен музыка училищесін (В.Т.Заводчиков баян класын), 1974 ж. – Өскемен пединститутының музыка факультетін (Ю.В.Крутиков аккордеон класын) бітірді. 1964-68 жж. – «Алтайские зори» ән және би ансамблінің концертмейстер-баяншысы және «Звездочка» эстрадалық квинтетінің аккордеонисті (1968 ж., 1 дәрежелі Диплом, Мәскеу қ., жауынгерлер фестивалінің лауреаты). 1968-70 жж. – аккордеон класы бойынша Өскемен ОБММ ұстаз. 1976 жылдан бастап Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде баян және аккордеон класы бойынша ұстаз, 1978 жылдан бастап аға ұстаз, 1994 жылдан бастап доцент. Қонцерттік бағдарламаларда солист аккордеоншы және концертмейстер ретінде өнер көрсетеді. Шығ.: Аккордеонды оқыту жөнінде әдістемелік мақалалар, «Учимся игре на аккордеоне» (Аккордеонда ойнап үйренеміз) оқу-әдістемелік құралының авторы. Өскемен әкімінің Құрмет грамотасымен және «50 лет ВКГУ» (ШҚМУ 50 жыл) мерейтойлық белгісімен марапатталған.
Аxан Ерен. 1995 ж. 22 тамызда туған. 2002-14 жж. – Алматы қаласы К.Байсейітова атындағы РМММ О.Абдуллаевтың баян класынан бітірген. Қазіргі уақытта Құрманғазы атындағы ҚМК-нда оқиды (профессор А.Гайсиннің класы). ҚХР-нда өткен ІІІ халықаралық конкурстың үздік орындаушысы, 2008 ж. Жас орындаушылар арасындағы 43-Республикалық конкурстың лауреаты, 2 орын (Алматы қ.), 2009 ж. А.Жұбанов атындағы республикалық конкурс – Гран-при (Алматы қ.) 2010 ж. Дүниежүзілік баян және аккордеоншылар ассоциациясымен өткізілген халықаралық конкурс, 1 орын (ҚХР Харбин қ.) 2010 ж. 64 Әлем кубогі, дипломант (ҚХР Шанxай қ.) 2011 ж.
Ахметова Дария Сағинбековна. 1959 ж. 24 қаңтарда Талдықорған облысы Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. Ұстаз. 1978 ж. – Шымкент музыка училищесін (В.А.Михуров баян класын), 1985 ж. – Алматы консерваториясын (З.Н.Смақова баян класын) бітірген. 1979-94 жж. – Қызылорда музыка училищесінде баян және аккордеон класы бойынша, 1994 жылдан бастап Тараз гуманитарлық колледжінде ұстаз.
Ахымбек Темірлан Әкімжанұлы. 2003 ж. 17 тамызда Алматы қаласында туған. 2009 ж. – А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ-ге қабылданады. Музыка мектебінде З.Смақованың баян-аккордеон класында оқып, көптеген халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты атанған:
2012 ж. – А.Жұбанов атындағы республикалық жас орындаушылар конкурсы, 3 орын; 2013 ж. – Италияда өткен халықаралық баяншылар конкурсы, 1 орын; 2013 ж. – Астана қаласында өткен «Астана-Мерей» ІХ халықаралық жас орындаушылар конкурсында 1-ші дәрежелі диплом; 2013 ж. – Алматы қаласында өткен ІХ ұлттық Дельфи ойындарында «Баян-аккордеон» номинациясы бойынша І орын; 2014 ж. – дарынды балаларға арналған мамандандандырылған білім беру ұйымдары оқушыларының арасындағы «Халық аспаптары» ІІ республикалық конкурсының жеңімпазы; 2014 ж. – А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ-ның 50 жылдығына арналған халықаралық жас орындаушылар конкурсында 1-ші орын; 2015 ж. – Испания мемлекетінде өткен Халықаралық өнер байқауы кезіндегі «Sea Sun» фестивалінде аккордеон номинациясы бойынша 2 орын; 2016 ж. – Украина елінде ІХ баяншылар мен аккордеоншылар арасында өткен халықаралық конкурста 2 дәрежелі диплом; 2016 ж. – Чехия мемлекетінде өткен Халықаралық «ART Duo» конкурсында 2-ші дәрежелі диплом алды.
Ашимов Сапарғали. Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консервато- риясының түлегі, педагог, композитор, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі. Қарағанды облысының Қаражал қаласында туған. Алғашқы және орта музыкалық білімді Қарағанды облыстық мамандандырылған музыка мектеп-интернатында педагог А.М.Мучниктен баян класы, композиция класы бойынша педагог А.Н.Рудянскийден алған. 1980-85 жж. аралығында – консерватория студенті болып, профессор, халықаралық конкурстардың лауреаты Анатолий Гайсиннің класында оқыған.
1983 ж. – Минск қаласында өткен Бүкілодақтық баняшылардың іріктеу конкурсына қатысқан (Беларусь). Консерватория қабырғасында оқып жүріп, Қазақстан, сондай-ақ Болгария мен Румынияда гастрольдік сапарларда болған. Консерваторияны бітіріп, Целиноград облыстық филармониясының солист-аспапшысы болған. 1990-шы жылдары Алматы қаласында оқытушылық және творчестволық қызметпен айналысқан. Профессор А.Гайсин мен П.Чайковский атындағы музыка колледжінің оқытушысы С.Сейтхановтың редакциялауымен шығарылған «Альбом баяниста» шығармалар жинағының авторы. Қазақ халық аспаптар оркестріне арналған шығармалардың, «Елге арнау», «Жапақ» күйлерінің авторы. Оның вокалдық шығармалары Қазақстан музыка мектептеріне арналған оқулықтарға енгізілген. Балаларға арналған жинағына «Жаса Қазақстан – Отчая земля», «Спасибо миру» туындылары еңген. Ол бүгінгі таңда «Бөбек» Ұлттық орталығының қызметкері.
Әжікен Сәтім Сухашұлы. 1948 ж. Атырау облысы, Балықшы поселкесінде туған. 1967 ж. – Д.Нұрпейсова атындағы Гурьев музыка училищесін «баян» мамандығы бойынша бітіріп, сол оқу орнында ұстаз болып қалдырылды. 1960-70 жж. – облыстық мәдениет бөлімі жанынан құрылған жас композиторлар мен ақындардың «Жас дәурен» атты ұжымына мүше болып, сол жылдары «Есімде» және т.б. әндері жарық көрді. 1980 ж. – Шымкент педагогикалық мәдениет институтын бітірді. С.С. Әжікен жас ұрпаққа музыкалық білім және эстетикалық тәрбие беруде 46 жылдан аса еңбек етіп келеді. Ол Дина Нұрпейсова атындағы Атырау музыка училищесінде көп жылдар баян мамандығынан ұстаз, Мәкәлім Қойшыбаев атындағы Балықшы балалар музыка мектебінде директор болды. Соңғы жылдары Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті «Музыка және өнер» кафедрасында доцент. Студенттері жоғарғы оқу орындарының арасында өткен Республикалық сайыстарда жүлделі орындарды жеңіп алды. Ұстаз еңбегі 1981 ж. – «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 1986 ж. – Дина Нұрпейсова атындағы ұлт аспаптар оркестріндегі көп жылғы орындаушылық еңбегі 2 Бүкілодақтық фестивальдің «Лауреат» төсбелгісімен, 2009 ж. – «ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері» атағымен және төсбелгісімен, оқу министрінің, университеттің, Д.Нұрпейсова атындағы музыка колледжінің, облыстық, қалалық білім беру және мәдениет мекемелерінің Құрмет және мақтау грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталды. Оның «Атырау – әнім», «Сырнай үні», «Менің Қазақстаным», «Сырнай – баянда орындаушылық тарихы», «Баян аспабында орындаушылық әдістері», «Баян ансамбльдеріне арналған шығармалар», «Баянға лайықталып, өңделген қазақ әуендері», «Атырау саздары», «Гүлденіп, көркейе бер, Атырауым» атты оқу құралдары, ғылыми мақалалары университет баспасынан басылып шықты. Ол еңбектерін облыстың балалар музыка мектептерінің, музыка және педагогика колледждерінің, университеттің оқытушылары мен студенттері, оқушылары әдістемелік оқу құралы ретінде пайдалануда.
Бадеш Гүлнара Нұртазақызы. 1987 ж. 18 мамырда туған. Орындаушы, педагог, өнертану ғылымдарының магистрі. 2004 ж. – С.Бәйтереков атындағы музыка мектеп-лицейін (оқытушы С.Н.Вагнер аккордеон класы) бітірген; 2004-08 жж. – Шымкент қаласындағы музыка колледжінде оқыған (оқытушы В.П.Демченко аккордеон класы); 2004-12 жж. – Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясында оқыған (профессор А.М.Гайсин класы); 2016 ж. – Құрманғазы атындағы ҚМК-ның магистратурасын бітірген. 2013 жылдан Ыссық гуманитарлық-экономикалық колледжінің баян және аккордеон класы бойынша педагогы. «Приз города Монтезе» халықаралық конкурсының лауреаты (2004 ж., 2-ші дәрежелі диплом, Италия); облыстық, республикалық және халықаралық Дельфи ойындары конкурстарының лауреат және дипломанты (1-ші дәрежелі диплом, Шымкент, 2005 ж., 1-ші дәрежелі алтын медаль, Астана, 2005 ж, Киев, 2005 ж.), Құрманғазы атындағы халықаралық конкурс лауреаты (2-ші дәрежелі диплом, Астана, 2008 ж.); XXIX республикалық жас музыканттар конкурсы (1-ші дәрежелі диплом, Көкшетау, 2008 ж.); «Шабыт» халықаралық конкурсының екі мәрте дипломанты; Республикалық олимпиада лауреаты (1-ші және 2-ші дәрежелі дипломдар, Алматы, 2011 ж.).
Базанов Григорий Федорович. 1947 ж. Алматыда дүниеге келген. Ұстаз, орындаушы, дирижер. 1965 ж. – Өскемен музыка училищесін (А.В.Белоглазов баян класын), 1970 ж. – Алматы консерваториясын (В.С.Басаргин баян класын) бітірген. 1970-71 жж. – САВО ансамбілінде қызмет еткен. 1971-85 жж. – Өскемен музыка училищесінде баян және аккордеон класында ұстаз. Дуэтте құрамдағы концерттік қызметі: В.Ф.Романюк, Г.Ф.Базанов. 1985 жылдан бастап Өскемен облыстық балалар музыка мектебінің баян класы ұстазы және директоры. Оқушыларының ішінде: республикалық байқаулар қатысушылары және лауреаттары: М.Койшинов, С.Сошников, А.Лопатин, А.Марунченко.
Бакиев Малик Мусретұлы. 1962 ж. 5 қыркүйекте Алматы облысы Жаркентте дүниеге келген. Орындаушы, ұстаз. 1986 ж. – Алматы музыка училищесін (С.С.Сейтханов баян класы), 1991 ж. – Гнесин атындағы ММПИ (Ю.А.Сидоров баян класын) бітірген. 1991 жылдан бастап Жамбыл атындағы Қаз. Мемлекеттік филиармониясының «Отырар сазы» фольк.-этн. оркестрының баяншысы. 1992 ж. – Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде баян класы бойынша ұстаз. 1993 жылдан бастап ҚазМҚызПИ баян класының ұстазы.
Балтабаев Марат Хамитұлы. 1940 ж. 24 желтоқсанда Алматыда дүниеге келген. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Акмеология ғылымдары Академиясының корреспондент мүшесі (Санкт-Петербург), ҚР мәдениетіне еңбек сіңірген қызметкері, ҚР ЛКСМ және ВЦСПС сый лауреаты, ҚР халықтық білім озаты, пед. Ғылымдар бойынша сараптау Одағының төрағасы. Ұстаз, композитор, ғалым. 1966 ж. – Мәскеу мәдениет институтының музыка бөлімін (П.А.Гвоздев баян класын, А.Иванов-Радкевич дирижерлау оркестр класын, Н.Будашкин аспаптау класын) бітірді. 1966-86 жж. – ҚазҚызПИ муз.-пед. фак. Ассистент. Аға ұстаз, музыкалық Аспаптар кафедрасының меңгерушісі. Декан. «Айгүл» студенттік халық ансамблінің басқарушысы. 1986-95 жж. – Алматы Мемлекеттік Университеті Музыка тәрбие кафедрасының меңгерушісі. Музыка, халық өнерінің хореография факультетінің деканы. Пед. Ғылым Докторы, профессор. 1995 жылдан бастап мәдениет мәселелерінің ғылыми орталығы директоры. Акмеология ғылымдары Академиясының академиясы (Санкт-Петербург). «Учебные занятия в классах ансамбля и оркестра» (ансамбль және оркестр кластарында оқу сабақтары), А., 1982; «Песни, обработки, переложения» (Әндер, өңдеулер, ыңғайланғандар), А., 1978.
Балтабаев Жамбыл. 1996 ж. 23 қарашада туған. Қарағанды қаласының арнайы музыка мектеп-интернатын бітірген (оқытушы В.В.Брусенцов класы). 2015 ж. – Қазақ ұлттық өнер университетіне түскен (доцент Д.Р.Султановтың класы). Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты және дипломанты. «Кубок Фридриха Липса» баян-аккордеонда орындаушылардың IV халықаралық конкурсы (2008 ж., III орын, РФ Челябинск қ.); «Астана-мерей»V халықаралық конкурсы (2009 ж., II орын, Астана қ.); «Астана-мерей» VII халықаралық конкурсы (2011 ж., II орын, Астана қ.); В.Г.Бердов атындағы халық аспаптарда орындаушылардың VII халықаралық конкурсы (2013 ж., III орын, РФ Тобольск қ.); «Кубок Урала» халық аспаптарында орындаушылардың І халықаралық конкурсы (2016 ж., диплом, РФ Магнитогорск қ.).
Барибаев Сабен Барибайұлы. 1953 ж. 13 ақпанда Алматы облысы Балқаш ауданы Байбақты ауылында дүниеге келген. Орындаушы, ұстаз. 1971 ж. – А. Жұбанов атындағы РАОММИ (Ф.В.Легкунец баян класын), 1976 ж. – Алматы консерваториясын (Л.И.Попернацкий баян класын) бітірген. 1976-78 жж. – Жезқазған музыка училищесінде ұстаз. 1980-88 жж. – А.Жұбанов атындағы РАОММИ ұстаз. 1988 жылдан бастап Қаз. қыздар ПУ халық аспаптары кафедрасының аға ұстазы, сонымен қатар Құрманғазы атындағы қаз.халық аспаптары Академ. оркестрінің артист-концертмейстері. Оқушыларының арасында жас орындаушылардың республикалық байқауында дипломанты А.Аманжолов (Павлодар, 1991). Шығ.: Қазақ халық музыкасы шығармаларын баянға арнап өңдеу және ыңғайлау, әдіс, дайындау, репертуарлық жинақтар құрастыру.
Басаргин Валентин Степанович. 1925 ж. 2 сәуірде Алтай өлкесі Сростки ауылында дүниеге келген. Орындаушы, ұстаз. 1942 ж. – Алматы музыка училищесін (К.К.Ошлаков баян класын) бітіргеннен кейін өз еркімен майданға кетті. Демобилизациядан соң 1951-56 жж. – Қазақ мемлекеттік университетінде физика-математика факультетінде оқыған. Алматы консерваториясында баян класы ашылған соң 1957-62 жж. – консерватория студенті (Ф.В.Легкунец баян класы). 1963 жылдан бастап Алматы консерваториясында ұстаз, 1968 жылдан бастап аға ұстаз, 1985 жылдан бастап қобыз және баян кафедрасының доценті. Қазақ халық аспаптары оркестрінің алғашқы баяншыларының бірі. В.И.Верещагин, П.И.Сапожников, Д.Х.Тұяқбаев, Б.Р.Раева, Ю.П.Курбатов, Т.Б.Ибраев, В.В.Брусенцов, В.А.Евдокименко, Л.А.Демиденко, С.Т.Қожахметов, С.Исенов, А.В.Канунников, С.С.Муксинов, С.С.Сейтханов, О.А.Абдуллаев, Н.С.Жарасов, С.Ж.Унайбеков, М.Узбеков, О.Наумова, С.Остриков және т.б. Шығ.: Ғылыми-әдістемелік жұмыстар; қаз. хал. музыкасын өңдеулер; классикалық шығармаларды жеке баянмен дуэтке ыңғайлау.
Бекмолдинов Нартай Сағмбекұлы. 1989 ж. 23 қаңтарда дүниеге келген. Баяншы, оқытушы, музыкатанушы, сазгер. Өнертану ғылымдарының магистрі. Өнертану мамандығы бойынша философия ғылымдарының докторы. 1995-2006 жж. – К.Байсейітова атындағы РМММ-нде оқыған. 2006-10 жж. – Құрманғазы атындағы ҚҰК, 2010-12 жж. – аталған оқу орнының магистратурасында оқыған. 2012-15 жж. – Т. Жургенов атындағы Қазақ ҰӨА-ның жанынан докторантура. 2010-2012 жж. – Құрманғазы атындағы ҚҰК Халық музыкасы факультеті қобыз және баян кафедрасының оқытушысы. 2015 ж. – Т.К.Жүргенов атындағы Қазақ ҰӨА «Музыкалық өнер» факультетінде оқытушы. Көптеген республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты: XXV Республикалық жас орындаушылар конкурсы, Алматы қ., 1 орын, 2004 ж.; Халықаралық конкурс Shabitinspiration Астана қ. «Приз надежда», 2004 ж.; Жас орындаушылардың халықаралық конкурсы Ланчиано қ., Италия, 2 орын; 1 орын, 2005 ж., 2007 ж.; «Классическое наследие» Ресей әртісі Анатолий Беляев атындағы баян және аккордеоншылардың халықаралық конкурсы Мәскеу қ., РФ, 1 орын, 2007 ж.; Жас орындаушылардың республикалық конкурсы Шымкент қ., 1 орын, 2007 ж.; Жас орындаушылардың Құрманғазы атындағы республикалық конкурсы, Астана қ., 1 орын, 2008 ж.; II әлемдік Дельфи ойындары, 2 орын, «Күміс медаль» иегері, Саратов қ., РФ, 2008 ж.; А.Пьяццолла атындағы халықаралық конкурс Италия, Ланчиано қ., 3 орын, 2009 ж.; «Фогландские дни музыки» халықаралық конкурсы Германия Клингенталь қ., 4 орын, 2011 ж.; «Аккордеонная регата» халықаралық конкурс Таллинн қ., Эстония, 1 орын, 2013 ж. 2011 ж. – «Назарбаев стипендианты». Магистратура және докторантурада оқыған кезінде ҚР МОН талаптарына сәйкес екі диссертациясы қорғалған, сондай-ақ 12 мақаласы жарияланған. Күйлер, әндер және шығармалар баянға лайықталған. Республикалық конкурстарға әділқазы мүшесі ретінде шақыртылған. Бірнеше Құрмет грамоталарының иегері.
Бердіғұлов Марат Айтжанұлы 1968 ж. 6 тамызда бұрынғы Талдықорған облысы Панфилов ауданы Басчи ауылында дүниеге келген. Орындаушы, ұстаз. 1986 ж. – К.Байсеитов атындағы РАОММ (Д.Х.Тұяқбаев баян класын), 1993 ж. – Алматы консерваториясын (Д.Х.Тұяқбаев баян класын) бітірген. 1990-95 жылға дейін – Алматы облысы Сүйінбай атындағы «Адырна» фольклорлы-этнографиялық ансамблінде баяншы. Ансамбль құрамында Еуропа және Азия (ФРГ, Бельгия, Испания, Австрия, Швейцария, Түркия, ҚХР) елдеріне гастрольге шыққан. 1995 жылдан бастап ҚР Қорғаныс Министрлігі Орталық ән және би ансамблі «Сарбаздар» ФЭА баяншы. Республикалық байқаулар Лауреаты (III сыйлық, 1985), Д.Ақбулатовпен бір дуэтте халықаралық баяншылар фестивалі лауреаты (I сыйлық, Бішкек қ.). Шығармалар: жеке баянға, дуэт, триоға күйлердің өңдеулері.
Боранбаев Сапарғали Жарылқасынұлы 1964 ж. 15 шілдеде Қарағанды облысы Жезқазған қаласында дүниеге келген. Орындаушы. 1983 ж. – Қарағанды музыка училищесін (А.М.Мучник баян класын), 1990 ж. – Алматы консерваториясын (А.М.Гайсин баян класын) бітірген. 1989 жылдан бастап Қарағанды обллыстық филиармониясында қазақ халық аспаптары оркестрінде концертмейстер. Оркестр құрамында 1995 ж. – Оңтүстік Кореяда, Иранда, Турцияда өткен халықаралық фестивальдарда өнер көрсеткен.
Борангұлова Әсия Сеилиханқызы. 1963 ж. 6 мамырда Ақтау қаласында дүниеге келген. Ұстаз. 1984 ж. – Шымкент музыка училищесін (В.П.Демченко баян класын), 1989 ж. – Қызылорда педагогикалық институтының музыкалық факультетін (Н.А.Быковских баян класын) бітірген, 2007 ж. – Құрманғазы атындағы ҚҰК (Д.Х.Тұяқбаев баян класын) бітірген. 1990 жылдан бастап Қызылорда музыка колледжінің ұстазы.
Ботагузов Мәди Сағатұлы. 1989 ж. 3 маусымда дүниеге келген. Музыка колледж жанындағы ББММ баян класы бойынша (оқытушы Т.П.Креймер класы), «Дарынды балаларға арналған музыка колледж-музыка мектеп-интернат» кешені» ММ (оқытушы М.Н.Алимқұлов класы), 2014 ж., Қазақ ұлттық өнер университетін (доцент Д.Р.Султанов класы) бітірген. 2014 жылдан бастап «Дарынды балаларға арналған музыка колледж-музыка мектеп-интернат» кешені» ММ-нде баян және аккордеон класының оқытушысы. И.Байзаков атындағы облыстық филармониясы қазақ халық аспаптар оркестрінің әртісі. 2015 жылдан музыка мектеп-интернаты «Халық аспаптары» (орыс) бөлімінің меңгерушісі. Түрлі концерттік шараларға белсене атсалысады. Республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты: I халықаралық баян және аккордеонда орындаушылардың Сібір конкурсы (2010 ж., II орын, РФ Кемерово қ.); Құрманғазы атындағы IX республикалық конкурс (2012 ж., II орын, Астана қ.); «Каспийская Волна» халық аспаптарында орындаушылардың І халықара- лық конкурсы (2012 ж., I орын, РФ Астрахан қ.); «Шабыт» XVI халықаралық жастар шығармашылығы конкурсы (2013 ж., I орын, Астана қ.); «Лира Прииртышья» халық аспаптар орындаушыларының І халықаралық конкурсы (2013 ж., I орын, РФ, Омбы қ.); В.Ф.Беляков сыйлығына баян, аккордеонда және ұлттық гармоникада орындаушылар арасындағы І халықаралық конкурс (2013 ж., I орын, РФ, Уфа қ.); С.Сайдашев атындағы халық аспаптар орындаушыларының III халықаралық конкурсы (2014 ж., II орын, РФ Қазан қ.); «Казахстан баян-фест» баян өнері халықаралық фестиваліне қатысушы, Қазақстанның әр аймағына концерттік іс-сапарға шығады. Оқушылар: Е.Мамрай, М.Абай, И.Балмашнов, Д.Аукенов, В.Колесниченко, А.Шевчук – республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары.
Бралиева Светлана Насимовна. 1964 ж. 18 маусымда Батыс Қазақстан облысында туған. 1981 ж. – Саратов облысындағы Питер орта мектебін бітірген. 1981 ж. – Орал музыка училищесіне оқытушы А.В.Махаев баян класына оқуға қабылданған. Музыка училищесін аяқтаған соң, БҚО Каменск ауданының БММ-нде баян класы бойынша оқытушылық жұмыс жасаған. 1986-90 оқу жылы аралығында – әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық институтында ҚР Еңбек сіңірген қызметкері П.И.Сапожниковтың класында оқыған. Институтты үздік аяқтаған соң, Орал музыка училищесіне жұмысқа жіберіліп, сондағы халық аспаптар бөлімінде баян және дирижерлау класы бойынша оқытушы болып орналасады. 2001-05 жж. – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы халық аспаптар кафедрасының доценті З.Н.Смақованың класында оқыған. «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері», сондай-ақ «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық шығармашылық бірлестік атынан «Лидер образования» медалімен марапатталған. Оқушысы И.Валиев «Балау са жұлдыздар» атты республикалық конкурста (2015 ж., 3 орын, Шымкент қ.), «Ақ көгершін» атты VІІІ Халықаралық конкурста (2016 ж., 1 орын, Астана қ.) лауреат атанған.
Брусенцов Валерий Васильевич. 1947 ж. дүниеге келген. Орындаушы, ұстаз. «КСРО мәдениет министрлігінің білім үздігі» (1997). 1965 ж. – Қарағанды музыка училищесін (Е.Д.Чупров баян класын), 1971 ж. – Алматы консерваториясын (В.С.Басаргин баян класын) бітірген. 1973-79 жж. – Алматы музыка училищесінде баян класының ұстазы. 1979-83 жж. – Теміртау музыка училищесінің халық аспаптар бөлімінің оқытушысы және меңгерушісі. 1983-98 жж. – Қарағанды музыка училищесінің баян класында ұстаз, 1984-93 жж. – халық аспаптар бөлімінің меңгерушісі. 1999 жылдан бастап Қарағанды арнайы орта музыка мектебінің ұстазы. Оқушылары арасында: 6 республикалық байқаулар лауреаттары, соның ішінде А.Сокирко (1978 ж., 2 орын, Алматы қ.), С.Овчинников (1987 ж., 1 орын, Шымкент қ.), Л.Хабибулина (1989 ж., 3 орын, Қарағанды қ.), С.Кошевой (1989 ж., 3 орын, Қарағанды қ.), М.Сухинин (3 орын, Павлодар қ.), А.Витущенко (1998 ж., 2 орын, Алматы қ.). Халықаралық байқаулар лауреаттары: С.Кошевой (2000 ж., III сыйлық, Новосібір қ.), А.Витущенко (Халық аспаптары орындаушыларының XIX республикалық байқауының лауреаты, 2 орын, Алматы қ., 1998 ж., өнерпаз жастар фестивалі шеңберінде халықаралық «Шабыт» байқауының лауреаты (2000 ж., I сыйлық, Астана қ.; 2003 ж., II сыйлық, Астана қ.). Әртүрлі музыкалық жоғары оқу орындарына 14 түлек түсті, орындаушы аспирантурасын бітіргендер: М.Сухинин (Кельн, 1998), С.Кошевой (Челябинск, 2001). Ж.Балтабаев – «Кубок Фридриха Липса» баян-аккордеонда орындаушылардың IV халықаралық конкурсы (2008 ж., III орын, РФ Челябі қ.); «Астана-мерей»V халықаралық конкурсы (2009 ж., II орын, Астана қ.); «Астана-мерей» VII халықаралық конкурсы (2011 ж., II орын, Астана қ.); В.Г.Бердов атындағы халық аспаптарда орындаушылардың VII халықаралық конкурсы (2013 ж., III орын, РФ Тобольск қ.); «Кубок Урала» халық аспаптарында орындаушылардың І халықаралық конкурсы (2016 ж., диплом, РФ Магнитогорск қ.)
Буркин Александр Федорович. 1960 ж. 7 қыркүйекте Астанада дүниеге келген. Ұстаз, орындаушы, дирижер. 1979 ж. – Қарағанды музыка училищесін (И.П.Виндгольц, А.С.Зацепилов баян кластарын), 1983 ж. С.Сейфуллин атындағы ЦГПИ (Л.Н.Черная баян класын, М.Г.Михлин дирижерлеу класын) бітірген, Новосібір консерваториясын (Г.П.Черничка баян класын) бітірген. 1979 жылдан бастап №3 БММ орыс халық аспаптары бөлімінің меңгерушісі, баян класы ұстазы. 1985 жылдан бастап Целиноград музыка училищесі УВР баян, дирижерлау класы ұстазы, 1992 жылдан бастап 1996 жылға дейін – директор орынбасары. 1998 жылдан бастап ҚазНАМ орыс халық аспаптары кафедрасының меңгерушісі, доцент, орыс халық аспаптарының оркекестрінің дирижері. Музыка-педагогикалық жоғарғы оқу орны студенттерімен ұстаздарының орындау шеберлігі бойынша республикалық байқауларының II және III орын Лауреаты (1980 ж., 2 орын, Қызылорда қ.; 1982 ж., 2 орын, Талдықорған қ.). Шығ.: көріністер, өңдеулер, орыс халық аспаптары оркестрына арналған оқу құралдар.
Быков Борис Иванович. 1938 ж. Саратов облысы Пугачев қаласында дүниеге келген. Ұстаз. 1959 ж. – Қарағанды музыка училищесін (В.А.Холопайнен баян класын) бітірген. 1963 жылдан бастап Теміртау музыка училищесінде ұстаз, 1970 жылдан бастап Чайковский атындағы музыка училищесінде ұстаз, 1973 жылдан бастап Қарағанды өнер музыка колледжінде ұстаз. Оқушылар арасында: В.Тимофеев (1983), Ю.Нефедов (3 орын, 1987) республикалық байқаулар дипломанттары және лауреаттары.
Бычков Анатолий Владимирович. 1929 ж. 20 маусымда Павлодар облысының Ермак ауылында туған. 1943 ж. – пионерлер үйі жанындағы музыка мектебіне оқытуға (Г.А.Балтердің баян класына) қабылданған. 1945-49 жж. аралығында Алматы музыка училищесінде К.К.Ошлаковтың баян класында оқып, үздік аяқтаған. 1955 ж. – Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясын Е.Брусиловскийдың класы бойынша үздік бітірген. 1955-62 жж. аралығында Алматы музыка училищесінің ұстазы. 1962 жылдан консерваторияда композиция және аспаптану класының ұстазы, 1972 ж. доценті, сондай-ақ 1968 жылдан бері Қазақстан композиторлар одағы төрағасының орынбасары қызметін атқарған. 1957 жылдан КСРО композиторлар одағының мүшесі. 1957 ж. – «ҚазКСР Еңбек сіңірген қайраткері» атағын иеленген. Марапаттары: «За трудовое отличие» медалі (1959), «За трудовую доблесть» медалі (1970). «Степное зарево» операсының, вокалдық-симфониялық шығармалардың, камералық-аспаптық шығармалардың, баянға арналған этюдтар мен пьесалардың, басқа да көптеген еңбектердің авторы.
Вагнер Анатолий Готлибович, 1946 ж. 5 маусымда Челябинск облысының Еманжелинка ауылында туған. 1965 ж. – Глинка атындағы Магнитогорск музыка училищесіне баян класы бойынша оқуға қабылданып, одан әрі оқуын 1971 ж. – Свердловск педагогикалық институтының музыка-педагогикалық факультетінде жалғастырған. 1975 жылдан бері – А.Г.Вагнер Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының БММ-нде жұмыс жасайды. А.Г.Вагнер пьесалары, өңдеулері мен шығармаларындағы джаз бағытының ерекшелігі мен гармониясына айрықша мән берілген. «ҚР-ның еңбек сіңірген мұғалімі», Ыбырай Алтынсарин атындағы медаль берілген (2016).
Вагнер Светлана Николаевна. 1951 ж. туған. Қырғызстан Республикасы Ош қаласындағы музыка училищесін бітірген соң, 1972 жылдан бастап жас музыканттардың түрлі конкурстарына дайындық жүргізу арқылы, өздерінің шығармашылық қызметтерін бастаған. 1975 жылдан бері – С.Н.Вагнер Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының БММ-нде жұмыс жасайды. С.Н.Вагнер оқушылары көптеген облыстық, республикалық және халықаралық конкурстардың жеңімпаздары болған. Конкурс әділқазылары тарапынан оның оқушы-аккордеонистерінің орындаушылық деңгейі үнемі жоғары бағалаған. Сондай-ақ «ҚР-ның еңбек сіңірген мұғалімі», Ыбырай Алтынсарин атындағы медальдің иегері (2016).
Варавина Татьяна Викторовна. Б.Бейшеналиева атындағы өнер институтының түлегі (1990 ж., Фрунзе қ.), 1994 жылдан бері – Көкшетау музыка мектебінде баян және аккордеон класы бойынша оқытушы болып жұмыс жасайды. Халық аспаптар ұжымының жетекшісі. О.Б.Закировамен екеуі бірлесіп, баяншылар дуэтін құрған.
Верещагин Владимир Иванович. 1948 ж. 16 шілдеде Талдықорған қаласында дүниеге келген. Ұстаз, дирижер. ҚР мәдениетке еңбек сіңірген қызметкер (1992). 1967 ж. – Алматы музыка училищесін (К.К.Ошлаков баян класын), 1972 ж. – Алматы консерваториясын (В.С.Басаргин баян класын) бітірген. 1972-73 жж. – Орта Азия әскери аймақтық ансамблінде қызмет атқарған. 1973 жылдан бастап Петропавл музыка училищесінің орыс халық аспаптары оркестрдің дирижері, баян класының ұстазы. Оның жетекшілігімен оркестр ҚР музыка училищелер арасында өтетін республикалық байқаулардың үш рет лауреат атанды (1984, 1988, 1992). Қазақстан және Ресейде өткен белсенді концерттік әрекеттері баспасөз бетінде жарияланды. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша КСРО Халық артисі Е.Серкебаевпен қоса бірнеше концерт берді. Оқушылар арасында: халық аспаптарында орындаушылардың республикалық байқаулар лауреаттары – М.Хуснутдинов, А.Вайгандт, М.Стручков, Т.Конопацкая.
Вильянова (Дамаева) Наталья. 1980 ж. 7 қазанда туған. Орындаушы, педагог. 2003 ж. – ҚазҚМА Астана қ., (А.П.Ефременко класы) бітірген. Қостанай Мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушысы. Қостанай қаласындағы Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясы РНИ оркестрінің жеке орындаушы-аспапшысы. Конкурстар лауреаты: «Шабыт» II республикалық фестиваль-конкурсы (1999 ж., 3 орын, ҚР Астана қ.), «Шабыт-INSPIRATION» V мерекелік халықаралық жастар шығармашылығы фестиваль-конкурсы (2002 ж., 3 орын, ҚР Астана қ.).
Витущенко Александр Николаевич. 1980 ж. 25 шілдеде Қарағанды қаласында дүниеге келген. Орындаушы. 1999 ж. – Қарағанды музыка колледжін (В.В.Брусенцов баян класын), 2003 ж. – Алматы консерваториясын (А.М.Гайсин баян класын) бітірген. 2000 жылдан бастап ҚР ҰҚК шекара әскерінің ән және би орталық ансамблінің баяншысы. Халық аспаптары орындаушыларының XIX республикалық байқауының лауреаты (1998 ж., 2 орын, Алматы қ.), өнерпаз жастар фестивалі шеңберінде халықаралық «Шабыт» байқауының лауреаты (2000 ж., I сыйлық, Астана қ.; 2003 ж., II сыйлық, Астана қ.).
Войтехович Олег Михайлович. 1971 ж. дүниеге келген. Орындаушы, ұстаз. 1979 ж. – Целиноград БММ (М.С.Черный баян класына) оқуға түсті. 1981 жылдан бастап 1989 жылға дейін К.Байсеитова атындағы РАОММ оқыды (О.А.Абдуллаев баян класы), 1994 ж. – Алматы консерваториясын (В.А.Евдокименко баян класын) бітірді. 1993 жылдан бастап Дәулеткерей атындағы Батыс Қазақстан өнер институтында ұстаз. Халық аспаптарында орындаушылардың республикалық байқаулар (1981 ж., 1 орын; 1989 ж., 3 орын, Қарағанды қ.), «Шабыт» халықаралық байқау (II сыйлық, Астана, 2000) лауреаты.
Гайдемский Николай Павлович. 1941 ж. 12 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы «Советский» астық кеңшарында дүниеге келген. Ұстаз. 1964 ж. – Қарағанды музыка училищесін, 1979 ж. – Шымкент мәдениет институт, орк. дирижерлеу мамандықтан бітірді. 1964 жылдан бастап Қарағанды қаласында БММ ұстаз. Оқушылары арасында – облыстық және республикалық байқаулар лауреаттары: О.Брыжак, М.Кобзева, С.Кожухарь, В.Ефанов, В.Коженовский. Көптеген түлектері музыкалық білімін орта және жоғары оқу орындарында жалғастырды. Соның ішінде С.Боранбаев, Д.Крекешева және т.б.
Гайсин Анатолий Мубарякзянович. 1952 ж. 12 шілдеде Бурят АСРО Улан-Удэ қаласында дүниеге келген. Орындаушы, ұстаз. ҚР еңбек сіңірген әртісі (1993), профессор. 1971 ж. – Улан-Удэ музыка училищесін (В.К.Малых, А.М.Стороженко баян кластарын), 1976 ж. – Новосібір консерваториясын (Г.П.Черничка баян класын), 1978 ж. – сол жерде ассистентура-тағылымдамасын (Г.П.Черничка жетекшілігімен) бітірді. 1978-80 жж. – Жамбыл БММ баяншылар оркестрі жетекшісі және баян класы ұстазы, Жамбыл филармониясының жеке орындаушы. 1980 жылдан бастап Алматы консерваториясының аға ұстазы, 1987 ж. – доцент, 1997 ж. – қобыз және баян кафедрасының профессоры. 1983 жылдан бастап Казахконцерта солисті ретінде Союзконцерт және Росконцерт жобалары бойынша ТМД елдерінің түрлі өңірлеріне гастрольмен шықты. Р.Денхоффтың және басқа да қазақ композиторларының шығармаларын бірінші рет орындады. Өнер шеберлері тобы құрамында Австрия, Германии, ҚХДР, Ирак, Словакия, Швеция, Жапония мемлекеттерінде өнер көрсеткен. Жеке концерттерімен Вена, Грац, Филлах (Австрия), Ортенбург, Ингольдштадт (Германия) қалаларында өнер көрсетті. Кубадағы студенттер және жастардың XI Бүкілодақтық фестиваліне арналған Бүкілодақтық өнер эстафетасының қатысушысы (Челябі, 1978, жеке ойынына және балалайкашы В. Шурыгинмен дуэті үшін 2-ші орын). I Бүкілодақтық баяншылар мен аккордеоншылар байқауының дипломанты (Новосібір, 1979), «Кубок мира» халықаралық байқауының лауреаты (ФРГ, Гамбург, күміс медалі, 1982). Оқушылары арасында: А.Ефременко – бүкілодақтық байқау (2 орын, Ульяновск қ.), халықаралық байқау (1 орын, Мәскеу қ,, 1995), Клингентальде (Германия) 33 халықаралық аккордеоншылар байқауының лауреаты, ҚазНАМ доценты, «Дарын» Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР өнер қайраткері; М.Ғабдиев – Монтази (Италия) халықаралық байқау лауреаты, ҚР өнер қайраткері; С.Карташов – «Кубок мира» халықаралық байқаулар дипломанты (Райнах, Швейцария, 1997; Наймеген, Голландия, 1998), Құрманғазы атындағы халықаралық байқау лауреаты (1 сыйлық, Астана, 1998); Бішкектегі халықаралық фестиваль лауреаттары А.Аманжолов, Э.Воробьев, В.Бондаренко; Астанадағы «Шабыт» және Құрманғазы атындағы халықаралық байқау лауреаттары: Т.Полатов, И.Крюков, Р.Закиров, С.Мацкевич, М.Петров, А.Витущенко. Шығ.: Баянда ойнау прогрессивтік мектебі (Д.Тұяқбаевпен бірге, А.: Өнер, 1988); З.Смақова, Д.Мерғалиевпен «Антология казахстанской баянной литературы» 3 бөлім, А.,: Ценные бумаги, 2016; қаз. хал. және кәсіби музыканы баянға өңдеу және ыңғайлау; ғылыми-әдістемелік жұмыстар; репертуарлық жиынтық және оқу типтік бағдарламаларды шығарды. Өндеген күйлері Құрманғазы атындағы халықаралық байқауында міндетті түрде бағдарламаға енгізген. Күйтабағы: «Анатолий Гайсин ойнайды», баян. «Мелодия», 1984; «Анатолий Гайсин», баян. «Мелодия», 1985; CD-дисклер, электронды оқулықтар. Республикалық, халықаралық, шетел аккордеон-баяншыларының байқауларына қазылар алқасы төреағасы мен мүшесі ретінде шақырылып, халықаралық деңгейде шеберлік сабақтарын өткізді.
Гайсин Геннадий Александрович. 1956 ж. 31 қаңтарда Бурят АСРО Улан-Удэ қаласында дүниеге келген. Орындаушы, ұстаз. Өнертану ғылымы кандидаты (1986). 1975 ж. – Улан-Удэ музыка училищесін (В.И.Анисимов баян класы), 1980 ж. – Новосібір консерваториясын (Г.П.Черничка баян класын) бітірген. 1980-82 жж. – Красноярск музыка училищесінде баян класы ұстазы. 1982-86 жж. – ҚазҚызПИ ұстаз. 1987 жылдан бастап К.Ушинский атындағы Ярославль педагогикалық институтының аға ұстазы. «Гармоника и ее разновидности в музыкальной культуре Казахстана» тақырыбында кандидаттық диссертацияны Н.А.Римский-Корсаков атындағы Ленинград консерваториясында қорғады.
Гертер Петр Иванович. 1953 ж. 15 ақпанда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Орындаушы, ұстаз. 1972 ж. – Қарағанды музыка училищесін (Е.Д.Чупров баян класын), 1977 ж. – Гнесин атындағы ГМПИ (Ф.Р.Липс баян класы), 1981 ж. – осы жерде ассистентура-тағылымдамасын (Ф.Р.Липс жетекш.) бітірген. 1976 жылдан бастап Владивосток қаласындағы өнер пед. инситутында баян класы бойынша ұстаз, 1982 ж. – аға ұстаз болды. Жеке концерттермен Финляндия, ФРГ, Швецияға гастрольға шыққан. В.Семененко, А.Капитанмен баяншылар триосын құрған (1992). 1996 жылдан бері – Германияда тұрады. Орыс халық және кеңес музыкасының ІІІ жастар фестивалінің (1975 ж., III сыйлық, Мәскеу қ.) және Клингентальде өткен халықаралық конкурстың лауреаты (1981 ж., II сыйлық, ГДР).
Голованевский Григорий Григорьевич. 1966 ж. 10 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында дүниеге келген. 1978 ж. – Түркістан қаласындағы БММ-не «аккордеон» мамандығы бойынша К.М.Штомпельдің класына оқуға қабылданған. 1983 ж. – Шымкент музыкал училищесіне оқытушы В.П.Демченко баян класына оқуға түскен. 1989 ж. – Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясына профессор А.М.Гайсин класына қабылданып, оны 1994 ж. оқытушы, концерттік орындаушы мамандығы бойынша бітірген. 1991 жылдан Шымкент, одан әрі Оңтүстік Қазақстан музыка колледжінің аккордеон класы бойынша оқытушысы. 1991 жылдан ОҚМК «Орыс халық аспаптар» бөлімінің меңгерушісі. 1995-98 жж. – аккордеоншылар ансамблінің жетекшісі. 1987 ж. – халық аспаптарында жас орындаушылардың республикалық конкурсының лауреаты (1987 ж., І орын, Шымкент қ.). 2004 ж. – «Приз города Монтезе» баян-аккордеоншылардың халықаралық конкурсында екі мәрте лауреат: жеке орындаушы ІІ орын және ансамбль номинациясы бойынша І орын, лауреат кубогінің иегері. ОҚМК-нде жұмыс жасаған уақыт аралығында көптеген әдістемелік жұмыстарды атқарған, жас музыканттардың қалалық және облыстық конкурстарына әділқазы мүшесі ретінде шақыртылған. Г.Г.Голованевский аккордеонға арналған бірнеше шығармалардың, сондай-ақ аралас ансамбльдерге, орыс халық аспаптар мен баян-аккордеоншылар оркестрлеріне арналған өңдеулер, лайықтаулардың авторы. «Путь к любви» және К.Дүйсекеевтің «Қарағым-ай» әніне өңдеуі №3 Баяншы альбомына (Құрастырушы З.Смакова. Алматы, 2004) енген. Эстрадалық стильде жазылған жеке шығармасы «Путь к любви» автордың өзімен Италияда өткен Халықаралық конкурста орындалды. Қазақ халық музыкасына жасалған екі өңдеуі «Қазақстандық баян әдебиетінің антологиясының» үшінші басылымына енген. (Алматы, 2016). Ол жеке орындаушы ретінде, аккомпаниатор, ансамбльдер, оркестрлер құрамында түрлі концерттік алаңдарда өнер көрсеткен. 1981 жылдан бастап Қазақстанның Алматы, Шымкент, Кентау, Көкшетау, Түркістан қалаларында гастрольдік сапарлармен болған. Александр Коротковтың жетекшілігімен құрылған орыс халық аспаптар ансамблінің құрамында ансамбль құрылған күннен бастап (1991) көптеген мәдени істер атқарып, қала мен облыстың көптеген мерекелік шараларына қатысты. 2003, 2004, 2005 жж. «Играй, гармонь» халық аспаптарында жас орындаушылардың І аймақтық конкурсының, облыстық конкурстарының концерттік бағдарламаларында, XXVI Республикалық жас орындаушылар конкурсында өнер көрсеткен (2005 ж., Шымкент қ.). Көптеген облыстық, аймақтық, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттарын дайындаған.
Гусинцов Дмитрий Андреевич. 1940 ж. 6 тамызда Украина СРО Черновцы қаласында туған. 1994 ж. Алматыда қайтыс болды. Орындаушы, композитор, қазақ әндерін жинаушы (80-ге жуық). 1960 ж. – Черновцыда музыка училищесін, 1964 ж. – Киев консерваториясын (И.А.Яшкевич баян класын) бітірген. 1964-74 жж. – Шымкент мәдениет институтының кафедра меңгерушісі. 1974-78 жж. – Шымкент филармонияның жеке орындаушы. 1978-83 жж. – Жамбыл атындағы ҚазМем филармонияның жеке орындаушы. 1983-94 жж. – Алматы облыстық филармония жеке орындаушы. ҚР Еңбек сіңірген артисі К.Сыздықовамен бірге Қазақстан, ТМД елдерінде қазақ өнерін насихаттады. Өз қаражаттарына ұлы қазақ әншісі Әміре Қашаубаевқа ескерткіш орнатты (1992). Шығ.: «Концерт для баяна с фортепиано в 3-х частях», «Баянға арнап өңделген 36 қаз. хал. әні», «Қазақ мектептеріне арналған 58 бала әндері», «Мұқағалиды аңсау»; қазақ ақындарының мәтініне жазылған 100-ден аса ән; «Эстетическое воспитание в музыкальных школах» методикалық талдама (1974). Қазақ радио, ТД қорына арналған 100-ге жуық шығармалар. «Мелодия» Бүкілодақтық фирма шығарған күйтабағы: «Детские песни», 1984, «К.Сыздықова ән айтады», Д.Гусинцов баянда сүйемелдейді, 1987, «И.Байзақовтың 90 жылдығына орай» – И.Байзақовтың мәтініне 5 ән, 1991; «Бақытты балалық шақ», 1986.
Ғабдиев Мұхаддас Рысбайұлы. 1963 ж. туған. 1988 ж. – Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын А.М.Гайсиннің баян класынан бітірген. 1988-90 жж. – Гурьев облыстық филармониясының көркемдік жетекшісі. 1990 жылдан Д.Нұрпейісова атындағы оркестрдің әртісі. Түркия елінің Анталия қаласында өткен конкурста оркестрдің құрамында бас жүлдеге ие болған. 2004 жылдан бастап жоғарыда аталған оркестрдің көркемдік жетекшісі қызметінде болған. Республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты: «Жігер» жастар шығармашылығы республикалық байқау-фестивалінің лауреаты (1988); Италияның Монтезе қаласында өткен халықаралық конкурстың Гран-при иегері (2001). Бірнеше Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарымен марапатталған. «ҚР Еңбек сіңірген қайраткері» атағының иегері.
Дастенов Жолан. 1943 ж. 8 қаңтарда бұрынғы Семей облысы Бесқарағай ауданында туған. 1961 ж. – орта мектепті бітіріп, М.Төлебаев атындағы Семей музыка училищесінің баян класына түскен. 1965 жылы Құрманғазы атындағы Өнер институтының композиторлық бөліміне К.Кужамьяровтың класына оқуға қабылданған. 1968 ж. – Республикалық телеарнада музыкалық бағдарламалардың редакторы, бас редакторы, сонымен қатар Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониясының лекторы. 1971 жылдан Құрманғазы атындағы Өнер институты композиция кафедрасының ұстазы. Сол жылдан КСРО Композиторлар одағының мүшесі. Көптеген симфониялық, камералық-аспаптық, хорға арналған шығармалардың, әндер мен романстардың авторы.
Двизов Николай Алексеевич. 1955 ж. 30 қазанда Қорған облысы Шумиха қаласында дүниеге келген. Ұстаз, орындаушы. 1975 ж. – Қорған музыка училищесін (Бояринцев баян класын), 1981 ж. – Орал консерваториясын (З.И.Алешина баян класын) бітірген. 1981 жылдан бастап 1998 жылға дейін Целлиноград музыка училищесіндегі баян класы ұстазы болды. Ол жерде 1987 жылдан бастап 1992 жылға дейін орыс хал. аспаптар бөлімі меңгерушісі болған. 1998 жылдан бастап Қаз. НАМ орыс хал. асп. кафедрасы ұстазы. В.Харламов және В.Эггертпен бірге баяншылар триосының қатысушысы. 1977 жылдан бастап Астанадағы Мемл. фил. қаз. хал. асп. оркестрі солисті. Оқушылары: В.Зеленый – республикалық байқау дипломанты, А.Шандер (1994 ж., Павлодар қ.), К.Стригин – XVII республикалық жас орындаушылар байқауы лауреаты (1995 ж., Көкшетау қ.).
Демченко Владимир Петрович. 1956 ж. 9 қарашада Шымкент қаласында туған. 1968 ж. – Ж.Омарова атындағы БММ-не оқытушы, Қазақстан Республикасы «Білім беру ісінің үздігі» А.Н.Домащенконың баян класына оқуға қабылданады. 1970, 1973 жж. – Республикалық жас музыканттар конкурсының II және I орын иегері атанады (Алматы қ.). 1973 ж. өткен Республикалық конкурста БММ оқушылары үшін Н.Чайкиннің оркестрімен баянға арналған концерттің финалын, сондай-ақ Н.Николаидидің «Достық» концерттік күйін орындаған. 1973 ж. – Гнесиндер атындағы музыка училищесіне оқытушы А.Ф.Сухановтың класына оқуға қабылданады (Мәскеу қ.). 1977 ж. – Мемлекеттік емтихан тапсыру кезінде, музыка колледжінің тарихында бірінші рет В.Золотаревтың соната №3, В.Подгорныйдың «Русская фантазиясын» орындаған. 1977 ж. – Гнесиндер атындағы Мемлекеттік музыка-педагогикалық институтына «баян» мамандығы бойынша профессор В.П.Кузовлевтің класына оқуға түседі (Мәскеу қ.). 1983 ж. – аталған оқу орнын бітіріп, оқытушы, концерттік орындаушы квалификациясын алады. 1981 жылдан Шымкент, одан әрі Оңтүстік Қазақстан музыка колледжінің баян-аккордеон класы бойынша оқытушысы. ОҚО МК-нде еңбек еткен жылдар ішінде Орыс халық аспаптар оркестрінің жетекшісі, «Орыс халық аспаптары» бөлімі пән бірлестігі комиссиясының меңгерушісі, баяншылар ансамблінің жетекшісі, баян-аккордеонистер оркестрінің жетекшісі, көркемдік-әдістемелік кеңес мүшесі қызметтерін атқарған. 2 бөлімнен тұратын жеке концерт беру құқығы бар жеке орындаушы-аспапшы І Бүкілодақтық категориясының иегері. 1988 ж. – «Жігер-88» І Республикалық конкурсының лауреаты (Алматы қ.). 1990 ж. – Орта Азия республикалары және Қазақстан баяншы-аккордеоншыларының Аймақтық фестиваліне қатысып, жоғары орындаушылық шеберлігі үшін дипломмен марапатталған (1990 ж., Бішкек қ.). 2004 ж. – «Приз города Монтезе» Халықаралық баян-аккордеоншылар конкурсына қатысып, екі мәрте І орынды соло және ансамбль номинациялары бойынша иеленіп, лауреат атанған. В.П.Демченко баян, аккордеон, ансамбльдерге, орыс халық аспаптары оркестріне арналған көптеген шығармалардың, өңдеулердің авторы. Абай Құнанбаевтың «Көзімнің қарасы» әніне жазған поэма-импровизациясы, қазақ халық әні «Жайдарманға» жасалған импровизациясы қазақ тілінде шыққан «Сырнай үйрену мектебі» кітабына және репертуарына енгізілген («Білім» баспасы - Алматы, 2004 ж.), А.Пахмутованың «Старый клен» әніне фантазия, №3 «Баяншы альбомы» еңбектері жарық көрген (Алматы, 2004 ж., құрастырушысы З.Смақова). «Вдоль по Питерской», «Веселые ковбои» тақырыбына экспромт-фантазиялары автордың өзімен Италияда өткен Халықаралық конкурста орындалған. Қ.Ахмедияровтың «Қосбасар» күйіне өңдеуі Құрманғазы атындағы Республикалық конкурста орындалуы міндетті күйлердің қатарынан табылды (2012 ж., Астана қ.) Концерттік орындаушылық стажы 1970 жылдан бастап есептегенде 50 жылға жуық уақытты құрайды. Бүкіл оқыған және жұмыс жасаған кезеңі аралығында жеке орындаушы, аккомпаниатор, ансамбльдер, оркестрлер құрамында түрлі концерттік алаңдарда өнер көрсеткен. 1981 жылдан бастап Қазақстанның Алматы, Шымкент, Кентау, Ленгер, Сары-Ағаш, Жамбыл, Қостанай, Рудный, Павлодар, Ермак, Көкшетау секілді қалаларында гастрольдік сапармен болған. 1985 ж. – концерттік бағдарламамен ОҚО-ның музыкалық-хореографиялық ансамблінің құрамында Мәскеу қаласында, Куба елінде болған. 1995 ж. – баянист-аккордеонистердің облыстық фестивалінде авторлық бағдарламасымен өнер көрсеткен, Шымкент қ. 2003-08 жж. – облыстық «Играй, гармонь» фестиваліне қатысқан. ОҚО МК жұмыс жасаған жылдары аралығында көптеген аймақтық, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары мен дипломанттарын дайындаған. «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» атағының иегері (2008).
Джумашева Айгүл. 1968 ж. дүниеге келген. Орындаушы, ұстаз, дирижер. 1987 ж. – Орал музыка училищесін (В.В.Плетнев баян класын), 1992 ж. – Алматы консерваториясын (В.А.Евдокименко баян класын) бітірген. 1992 жылдан бастап 1995 жылға дейін – Дәулеткерей атындағы Батыс Қазақстан өнер институтында баян класы ұстазы, қазақ халық аспаптар оркестрінің дирижері. 1995 жылдан бастап Орал музыка колледжінің баян класы бойынша ұстаз.
Дүйсенғалиев Ғаділ Зайденұлы. 1955 ж. 19 сәуірде дүниеге келген. 1974 ж. – Гурьев музыка училищесін, 1985 ж. – Гурьев педагогикалық институтын бітірген. Еңбек жолын Гурьев облысы, Балықшы ауданының Ғ.Мұратбаев атындағы №23 мектебінде музыка пәнінің мұғалімі болып бастады. 1982-94 жж. – М.Қойшыбаев атындағы Балықшы аудандық балалар саз мектебінің оқытушысы, бөлімше меңгерушісі, директордың орынбасары, директоры қызметін атқарды. 1994-95 жж. – Атырау облысы, Балықшы аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, 1995-99 жж. – Атырау облыстық мәдениет басқармасы бастығының орынбасары. 1999-2007 жж. – Құрманғазы атындағы облыстық балалар саз мектебі директорының орынбасары. 2007 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияның басшысы. 1972-77 жж. – республикалық байқаулардың жеңімпазы атанған «Қызғалдақ» ВИА-нің жетекшісі, 1977-82 жж – республикалық байқаулардың жеңімпазы «Жетіген» ВИА-нің негізін қалаушы және жетекшісі, 1982-90 жж. – республикалық, бүкілодақтық, халықаралық байқаулардың жеңімпазы «Атырау» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің музыкалық жетекшісі. «Еуразия кубогі» баян-аккордеон аспабында орындаушыларыдың І Халықаралық конкурсының жетекші-ұйымдастырушысы. Қазақстан Республикасы Мәдениет Министрілігінің «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері, Мәдениет Министрілігінің, жергілікті атқарушы органдардың Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен марапатталған.
Дюсебаев Сабит Байсеитұлы. 1972 ж. 1 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында дүниеге келген. Ұстаз, этномузыкатанушы. 1992 ж. – Шымкент музыка училищесін (Р.Р.Мұбараков баян класын), 1997 ж. – Алматы консервато- риясын (Д.Х.Тұяқбаев баян класын, Е.К.Кабдулин этномузыкатану класын) бітірген. 1997 жылдан бастап Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледж ұстазы. 1997 жылдан А.Жұбанов атындағы РАОММИ ұстазы.
Дюсметов Фаиль Мухаметович. Ұстаз. Мәскеу мәдениет институтын бітірген. 1974 жылдан бастап Ақтөбе музыка колледжінде баян және дирижер класында ұстаз, 1993 жылдан бастап бөлім меңгерушісі. Қалалық пионерлер үйіндегі «Искорки» үлгілі би ұжымында баяншы-концертмейстер жұмысымен қоса – облыстық, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты. Оқушылары арасында: С.Митрохин облыстық байқаудың лауреаты.
Евдокименко Василий Антонович. 1946 ж. 11 тамызда Қарағанды қаласында туған. Педагог, әдіскер, орындаушы. 1965 ж. – Қарағандының музықалық училищесін (В.А.Холопайненның баян класын), 1970 ж. – Алматы консерваториясын бітірген (Ф.В.Легкунецтың баян класын). 1971-76 жж. – Павлодар музыка училищесінде баян класының оқытушысы, орыс халық аспаптары оркестрінің жетекшісі және дирижері. 1976 жылдан Алматы қаласындағы №3 БММ (ДМШ) оқытушысы, консерваторияда баян класының оқытушысы. 1977 жылдан Алматы музыка училищесінде баян класының оқытушысы және баяннан сабақ беру әдіскері, сонымен қатар консерваторияда баян мамандығы бойынша жұмысты қатар алып жүреді. 1993 жылдан консерваторияның аға оқытушысы. Оқушылары арасында: А.Петров – республикалық байқаудың диплолманты (1988 ж., 4 орын), республикалық байқаудың лауреаты (1982 ж., 1 орын), О.Карцев – республикалық байқаулардың лауреаты (1986 ж., 2 орын; 1988 ж., 2 орын), А.Крапивин – баян, аккордеон және гармоникадан I республикалық фестивалінің лауреаты (1993 ж., 3 сыйлық), Н.Юдина (2000 ж., 3 орын, Алматы қ.). Концертмейстер ретінде КСРО Халық әртісі Б.Төлегенова, ҚР Халық әртістері Б.Әшімова, К.Кенжетаев, 3.Койшыбаева, ҚР Еңбегі сіңген әртісі А.Байтуғаевтармен гастрольдерге шыққан. Музыка училищелері, БММ арасындағы республикалық, облыстық, қалалық байқаулардың қазылар алқаларының мүшесі. 1990 ж. Павлодардағы халықаралық байқаудың лауреаты А. Найкомен бірге республикалық байқаудың қазылар алқасының қосарлас төрағасы. ҚР Ағарту Министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Ерзаков Геннадий Александрович. 1951 ж. 24 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының Шаховское ауылында туған. Педагог. 1970 ж. – Петропавл музыка училищесін, 1983 ж. Новосібір консерваториясын (Г.А.Розанованың баян класын) бітірген. 1970-74 жж. – Солтүстік Қазақстан облысының Гаврино ауылында ауылдық клубының меңгерушісі. 1974-78 жж. – Энергетиктер МҮ (ДК) музыкалық-хор студиясының оқытушысы. 1978-84 жж. – №1 БММ оқытушысы, 1984 жылдан бері Петропавл өнер колледжінің оқытушысы.
Еркенов Ерболат Еркенұлы. 1955 ж. 18 желтоқсанда Семей қаласында туған. Орындаушы, педагог. 1975 ж. – Семей музыка училищесін (А.М.Тюленевтың баян класын), 1981 ж. – Алматы консерваториясын (Д.X.Тұяқбаевтың баян класын) бітірді. 1976 жылдан «Әсем» фольклорлық-этнографиялық халық ансамблінің концертмейстері. 1978-81 жж. – Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық қазақ халық аспаптары оркестрінің сырнайшысы. 1981 жылдан Талдықорған музыка колледжінің оркестр бөлімшесіндегі кезеңдік комиссиясының төрағасы (мамандығы аспап, оркестрді дирижерлік ету, кл.ансамбльді аспаптау, баяншылар ансамблінің жетекшісі), оқытушы. Сонымен қатар – Талдықорған филармониясының қазақ халық аспаптар оркестрінің концертмейстері. «Әсем» ансамблінің құрамында Францияға гастрольге шыққан (1976). 1997 жылдан бері Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармония жанындағы М.Төлебаев атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің дирижері. Оқушылары республикалық конкурстардың лауреаты. «ҚР Мәдениет Қайраткері» (2005).
Есмаханова Назым Алпысбайқызы. 1990 ж. 14 мамырда Қызылорда облысында дүниеге келген. Қазалы аудандық балалар музыка мектебін оқытушы Қ.А.Оразалының класынан 2005 ж. үздік бітіріп, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінде ұстаз Т.Қ.Каденовтың класында «баян» мамандығы бойынша білім алды. 2008 ж. – Тараз қаласында өткен VI Республикалық Дельфий ойындарының лауреаты (III орын) атанды. 2009 ж. – колледжді үздік бітіріп, Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық өнер университетіне доцент А.П.Ефременконың класына қабылданды. 2015 ж. – Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясын доцент З.Н.Смақованың класынан «баян» мамандығы бойынша магистратураны бітірді. 2015 жылдан Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің «Халық аспаптары» бөлімінде оқытушы, Қызылорда облыстық филармониясында Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің әртісі.
Ефременко Алексей Павлович. 1973 ж. туған. 1991 ж. – К.Байсейітова атындағы республикалық орта мамандандырылған мектепті (оқытушы О.А.Абдуллаев класы), 1995 ж. – Алматы мемлекеттік консерваториясын (профессор А.М.Гайсин класы), 1997 ж. – сол жерде ассистентура-стажировканы (жетекшісі А.М.Гайсин) бітірген. Қарағанды қаласында өткен жас орындаушылар республикалық конкурсының, Ульяновск қаласында өткен баян және аккордеонда жас орындаушылардың Бүкілодақтық екінші конкурсының, Мәскеу қаласында «Жеңістің 50 жылдығына» арналған Халықаралық конкурстың, Клингенталь қаласында өткен (Германия) аккордеон және баянда орындаушылардың 33-ші Халықаралық конкурсының лауреаты. 1991 мен 1998 жылдар аралығында – К.Байсейітова атындағы РОММ-тің баян класының оқытушысы. 1998 жылдан Мемлекеттік филармонияның жеке орындаушысы, Астана қаласындағы Қазақ ұлттық музыка академиясы баян класының оқытушысы, 2005 жылдан ҚазҰӨУ «Қобыз және ОХА» кафедрасының доценті. 1996 ж. мен 2012 ж. – Президент оркестрі халық музыкасы ансамблінің концертмейстері. Хаттамалық шаралардың қатысушысы. Марат Нүкеевпен 1990 ж. құрылған аспаптық дуэт мүшесі (баян-домбыра). Дуэт – Душанбе, Мәскеу қалаларында өткен халықаралық конкурстардың бірінші сыйлығының лауреаты. Дуэт бірнеше рет Қазақстан атынан Ресейде (Чайковский атындағы зал, Мәскеу қ.), сондай-ақ Австрия (зал Моцартеум, Зальцбург қ.), Германия (Клингенталь қ.), Бельгия Корольдігі (Европарламент залы, Брюссель қ.), Англия (Королева Елизавета залы, Королевский фестиваль-холл, Лондон қ.), АҚШ және өзге де елдерде өнер көрсеткен. Галина Ефременкомен (аккордеон) біріккен аспаптық дуэт орындаушысы. Дуэт Қазақстан композиторлары шығармаларынан бірнеше премьералар орындаған: «Бәйге», «Ордабасы», «Аппақ-Низами», «Көкбура аңыздары», «Folk-on-line». Дуэт Астана, Көкшетау, Қарағанды, Алматы, Павлодар, Рудный, Қостанай, Шымкент, Семей қалаларында тұрақты өнер көрсетеді. Дуэт халықаралық фестивальдер қатысушысы болып танылады. «Баян-фест-Казахстан» (Астана-Павлодар), Алматы қаласында өткен халықаралық баян және аккордеон фестивалі, Мәскеу қаласында өткен «Весенние голоса» халықаралық фестивалі, «Аккордеон+» Ростов-на-Дону, Воронежде өткен В.Авралев атындағы фестиваль. Аспаптық эно-топ «Белес» құрамының мүшесі. Қытайда өткен ШОС елдері арасындағы 2-ші өнер фестивалінің; «Гранд Анкара» 4-ші халықаралық фестивалінің; «Ankara-Alisveris-Festivali» фестивалі-нің; Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Анкарада, Мадридте, Пекинде өткен Салтанатты шараның; 9-ші Аймақаралық серіктестік форумының; Париждегі мәдениетті жуықтастыру халықаралық декадасының; 4-ші ВНС (Канада) Жастар форумының; Навруз (Ресей) Халықаралық мерекесінің; Пекин, Бішкек, Анкара, Джаккартта өткен Мәдениет күндері мерекесінің қатысушысы. Елбасы, шетелдік делегациялар: Беларусь, Қытай, БАЭ, Израиль, Туркия, Ресей, Ауғанстан, Пакистан, Иран, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Индия, Франция, ООН жанындағы ВТО бас ассамблеясы, Түркі елдері ассамблеясы, ШОС, Ислам Конференциясы Ұйымдары, Рухани келісім форумы, ОДКБ, Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес басшылығының, Финляндия, Иордания, Словакия Сенат парламенті төрағаларының, Иордания, Малайзия, Эстония премьер-министрлерінің, Сербия, Финляндия, Беларусь, Румыния, Ресей Президенттерінің алдында бірнеше мәрте өнер көрсеткен. АҚШ, Германия, Австрия, Малайзия, Бельгия, Англия, Голландия, Люксембург, Италия, Моңғолия, Қытай, Туркия, Египет және өзге де елдерге гастрольдік сапармен барған. Оқушылары 40-тан астам республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары. Шығармалары: түрлі ансамбльдерге арнап әлем халықтарының әуендерін өңдеген және лайықтаған автор. Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің тапсырыс бойынша «Жаңа ғасыр» студиясымен «ХХІ ғасыр көшбасшылары» атауымен қысқа метражды деректі фильм сериясы (жетінші) түсірілген (2001). «Кипчаки» CD, «Бозінген», «Ордабасы» концерттер жинағы, «Концертные пьесы для дуэта баянистов-аккордеонистов», «Той бастар» 3 томмен жарық көрген. «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (1999). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2014).
Ефременко Галина Сергеевна. 1978 ж. туған. Орындаушы, педагог. 2000 ж. – А.Шнитке атындағы Мәскеу мемлекеттік музыка институтын, 2002 ж. – Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясын, 2008 ж. – Құрманғазы атындағы ҚҰК жанынан ассистентура-тағылымдама бітірген. Конкурстардың лауреаты: VI Мәскеу жас баян және аккордеон орындаушылары ашық конкурсы – 2 орын; «Кубок Белогорья» бүкілресейлік баян және аккордеон орындаушылары конкурсы – 3 орын; бүкілресейлік халық аспаптарда орындаушылар конкурсы (Мәскеу) – 1 орын; «Играй баян» ІІІ халықаралық фестиваля-конкурсы (Ржев), Гран-при және 1 орын; баян және аккордеоншылардың XXXV халықаралық конкурсы (Клингеналь, Германия) – 2 орын (дуэт категориясында). 1999-2002 жж. – Мәскеу қаласындағы №12 БММ (Алябьев атындағы) аккордеон класының оқытушысы болған. 2002 жылдан Қазақ ұлттық музыка академиясында аккордеон класының оқытушысы (Астана қ.). Ұстаздық еткен жылдары 40-тан аса республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттарын дайындаған. Аккордеонға арналған классикалық, орыс және қазақ композиторларының шығармаларына жасалған түрлі лайықтаулар мен өңдеулердің авторы. Республикалық конкурстардың әділқазы мүшесі. «Аллегро» баян және аккордеоншылар ансамблінің көркемдік жетекшісі (халықаралық фестивальдерге қатысушы, халықаралық конкурстардың лауреаты). 2003 ж. мен 2010 ж. аралығында – Қазақстан Республикасы Республикалық гвардиясы Президент оркестрінің жеке орындаушысы ретінде әрі ансамбль құрамында жұмыс жасады, көптеген Хаттамалық шараларға қатысты. А.Ефременкомен (баян) біріккен аспаптық дуэт орындаушысы. Дуэт Қазақстан композиторлары шығармаларынан бірнеше премьералар орындаған: «Бәйге», «Ордабасы», «Аппақ-Низами», «Көкбура аңыздары», «Folk-on-line». Дуэт Астана, Көкшетау, Қарағанды, Алматы, Павлодар, Рудный, Қостанай, Шымкент, Семей қалаларында тұрақты өнер көрсетеді. Дуэт халықаралық фестивальдер қатысушысы болып танылады: «Баян-фест-Казахстан» (Астана-Павлодар), Алматы қаласында өткен халықаралық баян және аккордеон фестивалі, Мәскеу қаласында өткен «Весенние голоса» халықаралық фестивалі, «Аккордеон+» Ростов-на-Донуда, Воронежде өткен В.Авралев атындағы фестиваль. 2014 ж. А.П.Ефременкомен бірлесіп «Концертные произведения для дуэта баянистов-аккордеонистов» жинағын шығарған.
Жақиянов Әділет Ихсанұлы. 1983 ж. 10 қаңтарда Семей облысы Ақсуат ауылында туған. Орындаушы. 1994 ж. А.Жұбанов атындағы РҚОММИ түсіп, баянда – С.Т.Қожахметов, Т.Т.Исалиев, П.А.Ким, А.М.Гайсин, А.Аманжоловтан дәріс алған. 2001 ж. – З.Н.Смақованың класынан бітірген. 2001-05 жж. – Құрманғазы атындағы ҚҰК-нда З.Н.Смақованың класында оқыған. Халықаралық (Туркия, 1996) және Республикалық (Алматы, 2001) конкурстардың лауреаты. Еңбек жолын 2003 ж. «Отырар Сазы» Мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестір құрамында жұмыс жасаудан бастаған. 2006 жылдан Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық халық аспаптар оркестрінде еңбек етеді. Гастрольдік сапармен Қазақстанның көптеген қалаларында, сонымен қатар шет мемлекеттер: Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Қытай, Түркия, АҚШ, Германия, Австрия, Франция, Монако, Швейцария, Болгарияда болған.
Жақсыбеков Ғарифолла Орынбасарұлы. 1978 ж. 10 қарашада Гурьев облысы Мақат ауданы Доссор кентінде туған. Орындаушы, педагог. 1988-93 жж. – Мақат поселкесіндегі Балалар музыка мектебінде сырнай мамандығы бойынша оқытушы – Аманқос Түсіпқалиевтің класынан дәріс алған. 1993-97 жж. – Д.Нұрпейісова атындағы Атырау музыка колледжіне сырнай мамандығы бойынша оқуға қабылданып, баян класы бойынша оқытушы Е.Ә.Камалиденовте оқыған. 1997-2002 жж. – Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясына баян мамандығы бойынша оқуға түсіп, профессор Досмұхаммед Тұяқбаевтан дәріс алған. Еңбек жолы 1993 ж. Мақат аудандық мәдениет үйінің қазақ ұлт-аспаптар оркестірінде сырнайшы ретінде бастаған. 2000-02 жж. – Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының жанынан құрылған «Адырна» фольклорлық-этнографиялық ансамблінде қызмет атқарған. 2002-05 жж. – Д.Нұрпейсова атындағы академиялық ұлт-аспаптар оркестрінде және Д.Нұрпейсова атындағы музыка колледжінде оқытушылық қызмет атқарған. 2005-14 жж. – Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының А.Жұбанов атындағы қазақ-ұлт аспаптар оркестірінде әртіс, Ақтөбе мемлекеттік А.Жұбанов атындағы педагогикалық институтының музыкалық аспаптар кафедрасында оқытушы болып қызмет атқарған. 2014-15 жж. – Ә.Молдағұлова атындағы гуманитарлық колледжінде музыка пәнінің оқытушысы. 2015-16 жж. – №1 Балалар музыка мектебінде баян мамандығы бойынша оқытушы ретінде қызмет атқарған. 2016 жылдан бастап Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясының А.Жұбанов атындағы қазақ-ұлт аспаптар оркестірінде және «Достық сазы» фольклорлық ансамблінде концермейстер ретінде қызмет атқарып келеді. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісімен марапатталған (2016).
Жалбиров Марат Иманбайұлы. 1962 ж. 13 ақпанда Целиноград облысының Атбасар қаласында туған. Орындаушы, педагог. 1983 ж. – Целиноградтық музыка училищесін (В.Т.Эггерттың баян класын), 1989 ж. – Алматы консерваториясын (Д.Х.Тұяқбаевтың баян класын) бітірген. 1985 жылдан «Отрар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрінің әртісі-сырнайшысы. 1988 жылдан «Сазген» фольклорлық аспаптар ансамблінің сырнайшысы, БММ–де педагогикалық жұмысты қоса атқарады. Ансамблдің құрамында Қазақстанда, Ресейде, Украинада, Беларусьте, Францияда, Германияда, Италияда, Бельгияда, Туркияда, Кореяда, Үндістанда, АҚШ елдерінде гастрольдерде болған. Шығармалары: Қазақстан композиторларының өлеңдері мен билерінің авторлық жинағы. «Балалар бақшасының оқу құралы» басылым кезеңінде.
Жарасов Нұрлан Салауатұлы. 1953 ж. 3 қарашада туған. Кәсіби білімін К.Байсейітова атындағы дарынды жасөспірімдерге арналған музыкалық мектепте алған. 1972 ж. – Құрманғазы атындағы консерваторияны баян класынан бітірген. Одан әрі Т.С.Османовтың жетекшілігімен «Халық оркестрінің дирижері» класында білімін жетілдірген. 1981 ж. – Н.А.Римский–Корсаков атындағы Ленинград мемлекеттік консерваториясының опералық симфонияны дирижерлеу бөлімінде кәсіби білімін шыңдаған. Аталған оқу орнында Ресейдің халық әртісі В.А.Георгиевтің класынан тәлім – тәрбие алған. Нұрлан Салауатұлы еңбек жолын 1984 ж. ҚР Мемлекеттік симфониялық оркестрінің дирижерлығынан бастады. 1989-97 жж. аралығында Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториясының композиция және оркестрлік дирижерлау кафедрасының меңгерушісі, 2001 жылдан бастап осы кафедраның доценті. Нұрлан Жарасов Абай атындағы ҚМАОБТ-да 30 жылдан астам үзбей еңбек еткен. Н.Жарасовтың дирижерлық репертуарында «Қыз Жібек», «Абай», «Біржан-Сара», «Аида» т.б. туындылар бар. Н.Жарасовтың елеулі еңбегі, ұйымдастырушылық қабілеті ескеріліп, оған «ҚР Еңбек сіңірген әртісі» атағы берілген.
Жексембаев Еркебулан Наукенұлы. 1982 ж. 18 мамырда Семей облысы, Мақаншы ауданы, Мақаншы ауылында дүниеге келген. Орындаушы. 1995 ж. – Алматы қаласы А.Жұбанов атындағы Республикалық дарынды балаларға арналған мектеп -интернатының 6 сыныбына «баян» аспабы бойынша қабылданып, аталған мектеп-интернатты 2001 ж. (З.Н.Смақова класынан) бітіріп шыққан. Сол жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының (доцент З.Н.Смақова класынан) баян аспабы бойынша жоғарғы оқу орнына қабылданып, 2005 ж. осы жоғарғы оқу орнын бітіріп шыққан. 2001-05 жж. жоғарғы оқу орнында оқи жүріп, Құрманғазы, Отырар сазы, Әлқисса оркестрлерінің құрамында істеген. 2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметіндегі 2010 әскери бөлімінің жеке орындаушысы әскери қызметінде.
Жетпіс Елжан. 2001 ж. 31 қаңтарда туған. 2011 ж. К.Байсейітова атындағы РОМММ-нің 3 сыныбына оқуға қабылданған, бүгінгі таңда баян класы бойынша 10 «А» сыныбында оқиды. (Мамандықтан О.А.Абдуллаев). Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаты: «ҚР дарынды балаларға арналған орта мамандандырылған музыка мектептері оқушылары жас орындаушыларының II Республикалық конкурсы», Алматы қ., 1 орын, 2014-16 жж.; баян-аккордеоншылардың Халықаралық конкурсы, Харбинь қ., ҚХР – 1 орын, 2014 ж.; А.Жұбанов атындағы мектептің 50 жылдығына арналған, Қазақстан жас орындаушылары Халықаралық конкурс-фестивалі, Алматы қ. – 3 орын, 2014 ж.; «Кубок Мира» баян-аккордеоншылардың Халықаралық конкурсы, Харбинь қ., ҚХР – 1 орын «баян», 1 орын «Ансамбльдік орындаушылық», дуэт Сауыт Жандоспен, 2016 ж.; ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, А.Жұбанов атындағы жас орындаушылар Халықаралық конкурсы, Алматы қ., 2 орын, 2016 ж.;
Құрманғазы атындағы ҚҰК-дағы Республикалық конкурс, Алматы қ., 1 орын, 2016 ж.; XIV«Фестиваль Москва встречает друзей» «Дуэт» номинациясы бойынша, Мәскеу, 1 орын, 2017 ж.
Жүзбасов Қайролла Тусупович. 1941 ж. 25 қазанда Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған. Музыкатанушы. 1970 ж. – Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының тарихи-теориялық факультетін, 1977 ж. – профессор Б.Г.Ерзаковичтің жетекшілігімен аспирантурада оқыған. 1981 жылы Өнертанушы кандидаты атағын иеленген. 1968-82 жж. Алматы консерваториясында фольклор кабинетінің меңгерушісі, кейіннен Қазақ Кеңес эндиклопедиясы жанындағы сәулет және өнер редакциясының ғылыми редакторы болған.
Жүсіпов Сеил Ормантайұлы. 1954 ж. 1 маусымда Қызылорда облысында туған, 2012 ж. Астанада қайтыс болды. Педагог. 1975 ж. – Шымкент музыка училищесін (Н.И.Николаидидің баян класын), 1984 ж. – Алматы консерваториясын (Д.Х.Тұяқбаевтың баян класын) бітірген. 1984 жылдан Қызылорда музыка училищесінде баян класының оқытушысы.
Заводчиков Владимир Тимофеевич. 1917 ж. 15 шілдеде туған, 1980 ж. наурызда Өскеменде қайтыс болды. Педагог, композитор. Барнаул, Таулы Алтай, Барабинск БММ-де, Новосібірдің радиокомитетінде еңбек етті. 1963-80 жж. – Өскемен музыка училищесінде халық аспаптар бөлімінің меңгерушісі. Оқушылары арасында: Б.В.Игнатьев – Санкт-Петербургтегі «Балтика кубогі» халықаралық байқауының лауреаты; С.Ф.Ларионов – халықаралық байқауының лауреаты (1 сыйлық, Мәскеу, 1995), В.Гайдуковпен бірге ансамбльде бүкілресейлік байқауының лауреаты (II сыйлық, Тула, 1986); В.Шеин – Барнаулдық өнер институтының доценті; З.Н.Смақова – Алматы консерваториясы доценті; В.К.Аксенов және И.А.Сумароков – Өскемен музыка училищесінің оқытушылары, т.б.
Заиров Рашид Гарифуллович. 1937 ж. 28 қыркүйекте Семейде туған. Орындаушы, педагог. 1958 ж. – Алматы музыка училищесін (К.К.Ошлаковтың баян класын), 1964 ж. – Құрманғазы атындағы мемлекеттік өнер институтын (Ф.В.Легкунецтың баян класын) бітірген. 1955 жылдан Алматыдағы №2 жетіжылдық мектебінде музыка пәнінің мұғалімі. 1962 жылдан №3 БММ-де баяншылар оркестрінің жетекшісі және халық аспаптар бөлімінің меңгерушісі, баян класының оқытушысы. 1974 жылдан П.И.Чайковский атындағы музыка училищесінде баян класының оқытушысы. Қазақстан жастарының I фестивалінің лауреаты (1957 ж., I дәрежелі диплом, Алматы қ.). Қазақ өнері мен әдебиетінің II Декадасына қатысушы (1958 ж., Мәскеу қ.). Бірнеше дүркін – республикалық байқауларында қазылар алқаларының мүшесі. Концерттік топтар құрамында Қазақстан қалаларына гастрольдерге шыққан. К.К.Ошлаковтың «Баянда ойнау мектебі» III б. музыкалық редакторы (1970). «Халық ағарту ісінің үздігі» (1968).
Зайберт Юрий Федорович. 1952 ж. 23 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы Николаевка ауылында туған. Орындаушы, педагог, дирижер, композитор. 1971 ж. – Петропавл музыка училищесін (Л.А.Демиденконың баян класын), 1980 ж. – ӨМӨИ (Г.Г.Бажановтың баян класын) бітірген. 1971-73 жж. – Гвардейскідегі офицерлер үйінің хор мен эстрадалық-би ансамблінің концертмейстері. 1973-75 жж. – Петропавл қаласының №1 мектебінде ән сабағының мұғалімі. 1975 жылдан Петропавл өнер колледжінде баян класының оқытушысы, 1980 жылдан қатар Новоникольск халық хорының концертмейстері. 1986-96 жж. – Петропавл өнер колледжінде халық аспаптар бөлімінің меңгерушісі, 1993-98 жж. – халық аспаптар оркестрінің дирижері. Халық шығармашылығы бүкілодақтық фестивальдарының лауреаты. Алматы, Павлодар, Көкшетау, Астана, Өскемен, Ишим, Омбы, Калининград, Кишинев қалаларында концертмейстер ретінде сахнаға шыққан. Солтүстік Ишим маңы өлеңдерінің магистрі. «Бейбітшілік! Сана! Өмір!» авторлық өлеңі – республикалық жауынгер өлеңдері байқауының лауреаты (1 орын). Шығармалары: жүзден астам өлеңдер мен әндер, ҚР ІІМ ЖӘУ мен кеденшілердің гимндері. «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін» (1971), «Жеңістің 50 жылдығы» медальдарымен («9 мамыр», «Сіздер аңыз болдыңдар», «Майдангерлер вальсі», «Сәлем саған, Карпаттар!», «Жады» және т.б. өлеңдері үшін) Астана презентациясында Петропавл колледжі оркестрінің жеке концерті үшін «Астана» медалімен марапатталған.
Закирова Оксана Борисовна. 1973 ж. 2 ақпанда Көкшетау облысында туған. Педагог, орындаушы. 1992 ж. – Біржан атындағы Көкшетау музыклық училищесін (В.П.Сорокинның баян класын), 1997 ж. – Алматы консерваториясын (О.А.Абдуллаев, А.М.Гайсинның баян кластарын) бітірген. 1992 жылдан Көкшетау БММ баян класының оқытушысы, 1997 жылдан халық аспаптар бөлімінің меңгерушісі. В.П.Сорокиннің жетекшілігіндегі баяншылар квартеті құрамында республикалық орындаушылар байқауының лауреаты. (1 сыйлық, 1993). Т.В.Варавинамен баяншылар дуэтінің және баяншылар квартетінің (В.Сорокин, О.Закирова, Т.Варавина, С.Иванов) құрамында қатысушысы. ҚР білім және ғылым Министрлігінің сертификатымен, Акмола облысы білім Басқармасының және Көкшетау әкімінің Құрмет Грамоталдарымен марапатталған.
Закиров Ринат Амирұлы. 1979 ж. 12 қаңтарда Көкшетау қаласында туған. Педагог, орындаушы. 1998 ж. – К.Байсеиітова атындағы РОАММ (О.А. Абдуллаевтың баян класын), 1998 ж. – Қазақ ҚМА студенті (А.П.Ефременконың баян класында). 2000 жылдан Ж.Мусин атындағы Көкшетау педагогикалық колледжінде халық аспаптар бөлімінің меңгерушісі. Жас орындаушылардың республикалық байқауының (Гран-При, Алматы, 1998), «Шабыт» республикалық байқауының (2 сыйлық Астана, 1999), «Шабыт» халықаралық фестиваль-байқауының (3 сыйлық, Астана, 2002); Құрманғазы атындағы халықаралық байқауының (3 сыйлық, Астана, 2003) лауреаты, Республикалық байқаудың дипломанты (Атырау, 2002).
Зацепилов Александр Сергеевич. Педагог, орындаушы, дирижер. Қарағандының музыка училищесін (В.Д.Кривенконың баян класын), Алматы консерваториясын (В.А.Петренконың баян класын) бітірген. 1967 жылдан оқытушы, орыс халық аспаптар оркестрінің жетекшісі, Теміртау музыка училищесінің бөлім меңгерушісі. 1977 жылдан оқытушы, орыс халық аспаптар оркестрінің жетекшісі, Қарағанды өнер колледжісінде бөлім меңгерушісі. Халық шахтерлер ансамблінің, «Скань» халық аспаптар ансамблінің жетекшілері болып жұмыс жасаған, оркестрдің солистісі ретінде ойнаған, концертместрілік қызмет атқарған. Оның жетекшілігімен оркестр – барлық облыстық және республикалық байқауларының (1 және 2 орындар), халық музыкасының облыстық және аймақтық фестивальдарының қатысушысы. Оқушылары арасында: С.Луппов – республикалық байқауының лауреаты (3 орын); А.Едиг – Клингентальдегі халықаралық байқауының дипломанты. Оқушылары Алматы, Свердловск, Новосібір, Мәскеу, Санкт-Петербург, Челябі, Шымкент қалаларындағы музыкалық жоғары оқу орындарын бітірген. Шығармалары: орыс халық аспаптар оркестріне казақ музыкасының 25-тен астам аранжировкалары.
Зонов Геннадий Петрович. 1942 ж. 25 наурызда туған. 1977 ж. 12 қыркүйекте қайтыс болды. Педагог. 1959 ж. – Қарағандының музыка училищесін (Е.Д.Чупровтың баян класын), 1965 ж. – Алматыдағы Құрманғазы атындағы өнер институтын бітірген (Ф.В.Легкунецтың баян класын). 1965 жылдан Қарағандының музыка училищесінің оқытушысы. Оқушылар арасында: В.В.Ткаченко, В.Гусев және басқалары.
Зубов Владимир Петрович. 1954 ж. 1 мамырда Шығыс Қазақстан облысында Зыряновскіде туған. Орындаушы, педагог. 1977 ж. – Өскемен музыка училищесін (В.Ф.Романюктің баян класын), 1983 ж. – Алтай өнер институтын (В.А.Брезенің баян класын, И.Н.Гербердің дирижерлау класын), 1989 ж. – Алматы консерваториясын (В.С.Басаргиннің баян класын) бітірген. 1985 жылдан Өскемен музыка училищесінде баян класының оқытушысы, 1987 жылдан сонымен қатар Шығыс Қазақстан филармониясының жеке орындаушысы.
Ибраев Төлеутай Балағазұлы. 1943 ж. 4 сәуірде бұрынғы Талдықорған облысы Бөрлітөбе ауданының Лепсы стансасында туған, Алматыда қайтыс болды. Музыкатанушы, КСРО мен ҚР Композиторлар одағының мүшесі, НАК «Экология» ҰҒА мүшесі, академик. 1971 ж. Алматы консерваториясын (В.С.Басаргиннің баян класын, Ш.С.Қажығалиевтың дирижерлау класын)-Лениндік стипендиант, 1975 ж. – сол жерде аспирантураны (мамандығы «Музыкалық өнер», жетекшісі Б.Г.Ерзакович, мамандығы «Музыканың эстетикасы мен философиясы», жетекшісі П.В.Аравин) бітірген. Германиядағы Росток университетінде, Мәскеуде СОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясында, Новосібірдегі жоғары жалпы әскери училищесінде білімін жетілдірген. Республикада шығармашылық, кәсіпкерлік ұйымдарды басқарған. Қазақстан КП ОК мәдениет бөлімінде, Казақстан теледидары мен радиосында, ҚР Президентінің, ҚР Жоғары Кеңесінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында, Алматы Әкімінің концерттік оркестрінің директоры болып еңбек еткен. ҚР Жоғары Кеңесінің және Алматы қалалық халық депутаттары Кеңесінің депутаты болып сайланған, Санкт-Петербургтегі ТМД елдерінің Парламентаралық Ассамблеясының ғылым, мәдениет және білім жөніндегі тұрақты комиссиясяның мүшесі. Шығармашылықтық іс-сапарларымен ФРГ, Польша, Румыния, Ливан, Сирия, Иордания, Палестина, Балтық және ТМД елдерінде болған. Шығармалары: баянға арналған өлеңдер, концерттік пьесалар, хорлар, камералық-симфониялық, үрмелі, эстрадалық және қазақ халық аспаптар оркестрлерге арналған шығармалары, спектальдерге музыка, теле-радиохабарлар, публицистикалық мақалалар, ғылыми хабарлар, афоризмдер, эссе, соның ішінде «Парламентаризмдер. Парадокстер немесе пароксизмдер» А., 1995; «Кредо немесе Виват, Виктория! 1001 сөз. Заманауи катехизис. Афоризмдер, апофегмдер және грегерийлар» А., 1999; «Көңілді органон немесе заманауи музыканттың Кодексі» А., 1999; «Табыскер менеджердің 1001 өсиеті». А., 1999; «Мен – Наполеонмын!» (автобиографиялық афористикалық хикаят). А., 1999; «Қазақ симфониясы. Ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі ой Антологиясы» А., 1999. КСРО медальдарымен, Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің және Алматы әкімінің Құрмет грамоталарымен, басқа да марапаттармен марапатталған.
Игнатьев Борис Валентинович. 1953 ж. 8 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Зырян қаласында туған. 1999 ж. 5 мамырда Санкт-Петербург қаласында қайтыс болды. Орындаушы, педагог, дирижер. 1973 ж. – Өскемен музыка училищесін (В.Т.Заводчиковтың баян класын), 1980 ж. – Новосібір консерваториясын (А.А.Михайловтың баян класын) бітірген. 1980 жылдан Ленинград мәдениет-ағарту училищесінің оқытушысы және баяншылар оркестрінің жетекшісі. «Балтық кубогы» халықаралық байқауының лауреаты (Санкт-Петербург, 1995). Германияда, Америкада, Канадада гастрольдерде болған.
Идрисова Тұрсын Кенжебайқызы. 1970 ж. 15 мамырда туған. Педагог. Актөбе музыка училищесінің аккордеон класын, Қазан консерваториясын (А.Н.Файзуллинның аккордеон класын) бітірген. 1992 жылдан Ақтөбе музыка колледжінде баян мен аккордеон класының оқытушысы. Баян-аккордеон номина- циясында облыстық жас орындаушылар байқауының лауреаты.
Исағұлова Ағайша Шермұхамбетқызы. 1945 ж. 12 ақпанда бұрынғы Талдықорған облысының Басты-Нұрым ауылында туған. Педагог, баян мен гармоникада өз сүйемелдеуімен халық өлеңдерін орындаушы. ҚР Білім беру ісінің үздігі. (1990). 10 жасынан гармоникада ойнап, ән айтқан. 1967 ж. – Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының музыкалық-педагогикалық факультетін бітірген (К.К.Ошлаковтың баян класын).
1967 жылдан осы күнге дейін Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық институтында баян мамандығы бойынша оқытушы. 1968 жылдан «Айгуль» ВИА-ң және вокалдық квартетінің қатысушысы. 1967-86 жж. – сонымен қатар Алматы қаласының №4, 9, 12 орта мектептерінде музыка пәнінің мұғалімі және хордың жетекшісі. 1978 ж. – Киев қаласында И.А.Яшкевичтен тағылымдама алған. 1980 жылдан «Шаттык жыры» вокалдық ансамблінің жетекшісі және концертмейстері. 1983 жылдан Г.Қарамолдаевамен вокалдық дуэттің солисткасы және концертмейстері. 1992 жылдан Қыздар педагогикалық институтының жанынан Г.Қарамолдаевамен бірге С.Исаев атындағы «Өнер жастан» атты студенттік опера театрын ашқан және онда Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек», М.Төлебаевтың «Біржан мен Сара», А.Жұбановтың және Л.Хамидидің «Абай» опералары, Дж.Вердидің «Травиата» және И.Кальманның «Сильва» опереттасының 1 актісі қойылған. Музыка мұғалімдері арасында педагогикалық және орындаушылық шеберліктен республикалық байқауының лауреаты (1 орын, Гурьев, 1984). 1967 жылдан баянмен орындаушы, әнші, сүйемелдеуші ретінде концерттік қызметін жүргізеді және шығармашылық ұжымдардың жетекшісі. Майра атындағы халықаралық байқаулары идеяларының авторы және ұйымдастырушысы (2001, 2003). Қазақстан облыстарында, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, Украина, Беларусь, Литва, Якутия, Германия, Югославия, Венгрия, Чехия, Польша, Түркиия; Болгария елдерінде гастрольдерде болған.
Қазақ радиосының «алтын» қорына К.К.Ошлаков пен Б.Б.Байқадамовтың басқаруымен 40-тан астам шығармалар жазылған (жеке әндер, дуэттер, ансамбльдер, оркестрлер ); ТД фильмдер мен хабарлар. Басылымнан шыққан шығармалар: тәсілімдік әзірлемелер, оқу-әдістемелік оқулықтар, оқу бағдарламалары, мерзімді баспасөздегі мақалалар, авторлық өлеңдер. Бүкілодақтық «Мелодия» үнтаспаға жазу фирмасымен келесі күй табақшалары шыққан: А.Исағұлованың жетекшілігімен ансамбльдің орындауында «Композитор И.Нүсіпбаевтың өлеңдері» (1985), 12 балалар өлеңі. «Орта мектептерде «Музыка» бағдарламасына арналған фонохрестоматиясы» (1987).
Исалиев Темірбай Тәжібайұлы. 1944 ж. 5 ақпанда Қызылорда облысы Арал қаласында туған. Алматыда қайтыс болған. Педагог. 1965 ж. – Орал музыка училищесін (В.Акимовтың баян класы), 1970 ж. – Алматыдағы Құрманғазы атындағы өнер институтын (Ф.В.Легкунецтің баян класын) бітірді. 1970-96 жж. – А.Жұбанов атындағы РОАММИ баян класының педагогы, қазақ халық аспаптары бөлімінің меңгерушісі. Алматының №163 қазақ мектебінде істеген.
Исмайлов Жарқын. 1994 ж. 3 қазанда туған. Орындаушы. 2011-15 жж. – ҚазҰӨУ-нің колледжінде (А.П.Ефременко класы) оқыған. 2015 жылдан бері – Астана қаласы ҚазҰӨУ-нде оқиды (А.П.Ефременко класы). Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты: «Астана-Мерей» ІІІ халықаралық жас орындаушылар конкурсы (2007 ж., 2 орын, ҚР Астана қ.), «Астана-Мерей» V халықаралық жас орындаушылар конкурсы (2009 ж., 3 орын, ҚР Астана қ.), В.Ф.Беляков сыйлығына ұлттық гармоникада орындаушылар және баяншылар, аккордеоншылардың І халықаралық конкурсы (2013 ж., 3 орын, Башқұртстан Уфа қ.); 35-й Республикалық жас мамандардың халық аспаптарда орындаушылар конкурсы (2014 ж., 2 орын, ҚР Алматы қ.), «От Рождества к Рождеству» жеке орындаушы- аспапшылардың ХІІ халықаралық конкурсы (2015 ж., 2 орын, РФ Барнаул қ.), «Феерия аккордеона» баян және аккордеонда орындаушылардың IV халықаралық конкурс-фестивалі (2017 ж., 3 орын, Татарстан Қазан қ.), Құрманғазы атындағы халық аспаптарында орындаушылардың 11-ші Республикалық конкурсы (2017 ж., 2 орын, ҚР Астана қ.)
Изтелеуов Жақсылық Төлегенұлы. 1966 ж. 5 желтоқсанда Атырау қаласында дүниеге келген. 1982 ж. – М.Қойшыбаев атындағы БММ-нің баян класын В.П.Гнедовтан бітірген. 1982-86 жж. – Гурьев музыка училищесінің баян класында оқыған (оқытушысы И.В.Хованский). Сол жылы Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясының баян класына оқуға түсіп, профессор А.М.Гайсиннің класынан аяқтаған. 1992 ж. – Гурьев музыка училищесіне баян класына қабылданған. Республикалық конкурстардың лауреаты.
Каденов Төлеген Қайберенұлы. 1957 ж. 27 қаңтарда Қызылорда облысының Арал ауданында туған. Педагог, орындаушы, дирижер. 1975 ж. – А.Жұбанов атындағы РММ, 1981 ж. – Алматы консерваториясын (Д.X.Тұяқбаевтың баян класын) бітірген. 1981 ж. – Қызылорда мемлекеттік университетінің музыка факультетінің және музыка училищесінің оқытушысы. 1986 ж. – «Сыр сұлуы» атты ән-би ансамблінің көркемдік жетекшісі. Концерттерге белсене қатысқан, облыстың жетекші концертмейстері. Ансамбльдің құрамында Йемен Араб республикасына, Португалияға гастрольдерге шыққан. Түрік халықтарының 1 халықаралық фестивалінің дипломанты (1988), II Бүкілодақтық халықтар шығармашылығы фестивалінің лауреаты (1987). Шығармалары: қазақ музыкасының 30-дан астам шығармаларын орыс және қазақ халық аспаптары оркестріне лайықтап, өңдеулер жасаған.
Камалиденов Ерболат Әнесұлы. 1967 ж. Атырау қаласында дүниеге келген. 1983-87 жж. – Гурьев музыка училищесін баян мамандығы бойынша И.В.Хованскийдің класынан бітірді. 1990 ж. – Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясына профессор Д.Х.Тұяқбаевтың класына оқуға қабылданды. 1992 ж. – Гурьев музыка училищесіне баян мамандығы бойынша жұмысқа келген. Қызмет атқарған жылдары кезінде жастар ұйымының төрағасы, директордың тәрбие мен оқу ісі жөніндегі орынбасары болып, қазір баян пән бірлестігінің төрағасы. Шәкірттері облыстық, аймақтық, Республикалық, Халықаралық деңгейдегі конкурстарда жетістіктерге жетіп, лауреат атануда. Камалиденов Ерболат Әнесұлы «ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері», «Алаш ұстазы» медалінің, ҚР Білім және ғылым министрлігі грамотасының және тағы басқа көптеген марапаттардың иесі. Колледжді бітірген түлектері еліміздің әр түкпіріндегі өнер ошақтарында еңбек етіп жүрген танымал, тәжірибелі, кәсіби деңгейі жоғары ұстаз.
Канунников Анатолий Васильевич. 1945 ж. 4 ақпанда Алматы қаласында туған. Алматыда қайтыс болды. Педагог, дирижер. 1963 ж. – Алматы музыка училищесін (К.К.Ошлаковтың баян класын), 1968 ж. – Құрманғазы атындағы өнер институтын (В.С.Басаргиннің баян класын, Ф.Ш.Мансұровтың оркестрді дирижерлау класын) бітірген. 1967 жылдан Алматы музыка училищесінде баян, дирижерлау кластарының оқытушысы, студенттік орыс халық аспаптары оркестрінің жетекшісі. I және II қазақстандық халық аспаптары оркестрлерінің байқауларында оркестр III дәрежелі дипломдарға ие болды. (Алматы, 1978; Өскемен, 1986), I аймақаралық халық аспаптары оркестрлерінің байқауында – II дәрежелі дипломын алды. (Алматы, 1993). Шығармалары: оркестрге арналған аудармалар және аспаптық өңдеулер, соның ішінде қазақ өлеңдер мен күйлер, баянға арналған шығармалар.
Карташов Сергей Иванович. 1976 ж. 29 қазанда бұрынғы Талдықорған облысында туған. Орындаушы. 1995 ж. – Магадан өнер училищесін (А.И.Цепаның баян класын), 2000 ж. – Алматы консерваториясын (А.М.Гайсинның баян класын) бітірген. Вл.Золотарев атындағы II аймақтық байқауының лауреаты (1995), Белгородтағы Бүкілресейлік байқауының дипломанты (1995), 1997 ж. – «Дүниежүзілік кубогі» халықаралық байқауының дипломанты (Рейнах, Швейцария), 1998 ж. – Құрманғазы атындағы IV халықаралық байқауының лауреаты (Астана), 1998 ж. – «Дүниежүзілік кубогі» халықаралық байқауының дипломанты (Наймеген, Голландия).
Картенбаев Сағат Шаяхметұлы. Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданында 1963 ж. 6 қаңтарда дүниеге келген. 1976-81 жж. А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ мамандырылған музыка мектеп-интернатында баян мамандығы бойынша білім алды. 1981 ж. Алматы мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваториясына халық-аспаптық факультетіне сырнайшы (баянист) мамандығы бойынша қабылданып, 1989 ж. (1989-85 жж. әскер қатарында) профессор Д.Х.Тұяқбаевтың класында дәріс алды. 1988 жылдан бастап Нұрғиса Тілендиев атындағы фольклорлы-этнографиялық академиялық «Отырар Сазы» оркестріне сырнайшы болып жұмысқа қабылданды. 2001 ж. Алматы қаласында өткен авторлық ән байқауында «Автор-орындаушы» номинациясы бойынша лауреат атанды.
2003 ж. Алматы қаласында өткен Майра Уәлиқызы атындағы II Халықаралық сырнайшы-әншілер байқауында Лауреат атағымен және II дәрежелі дипломмен марапатталды. «Отырар Сазы» оркестрінің құрамында Испания, Ресей, Беларусь, Украина, Солтүстік Корея, Оңтүстік Корея, Біріккен Араб Эмираты, Әзербайжан, Вьетнам, Индонезия мемлекеттерінде өткен Қазақстанның мәдени күндері аясында өткізілген концерттік бағдарламаларға қатысты. Сондай-ақ, Қазақстандағы көптеген өнер сапарларында болды. 2016 ж. мемелекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Жарлық бойынша Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Кенжебекова Салтанат Анапияқызы. 2002 жылдан Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінде баян, аккордеон класынан дәріс береді. 1977 ж. 4 желтоқсанда Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келген. 1992 ж. Жамбыл музыка училищесіне түсіп, 1996 ж. Жамбыл Орталық мәдениет және өнер колледжін баян-аккордеон класы (Д.Ахметова) бойынша бітірген. 1996-2001 жж. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының аккордеон класында (З.Н.Смақовадан) оқып, «Оркестр артисі, оқытушы» мамандығы бойынша бітірген. Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінде «Қобыз-баян» ПЦК меңгерушісі болған. Жамбыл облыстық филармониясының «Ұлт аспаптар оркестрінің» әртісі. Жас орындаушылардың Республикалық кіші Олимпиадасына «Баян, аккордеон» номинациясы бойынша жоғары кәсіби деңгейлі орындаушылар дайындағаны үшін Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясы ректорының Алғыс хатымен марапатталған. «Аспабымның ғажайып үні» атты қалалық жеке орындаушылар фестиваліне қатысып алғыс хатпен марапатталды (2016). «Галерея талантов» Халықаралық шығармашылық ғаламтор байқауының дипломанты (2017).
Кенжетаева Арай Әуелханқызы. 1990 ж. 29 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2009 ж. – А.Жұбанов мектебін ұстаз З.Н.Смақованың сырнай класынан бітіріп, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясын З.Н.Смақованың класынан тәмамдап, оркестр әртісі, оқытушы мамандығын алған. 2014 ж. – Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық академиясына магистратураға түсіп, 2016 ж. – «К.К.Ошлаков-баян (сырнай) музыкалық мәдениетінің бағалы негізін қалаушы тұлға» атты диссертациясын қорғап, 2 мақаласы жарыққа шыққан («Сырнай музыкалық аспабының шығу тарихы»; «Қазақстанның енбегі сіңген оқытушы – К.К.Ошлаков»). Өнертану ғылымының магистрі дәрежесін иеленген. Мамандығы: «Дәстүрлі музыка өнері». 2011-12 жж. Алматы қаласы Қазақконцертте «Құлансаз» этно ән-би фольклорлық ансамблінде сырнайшы, 2013 ж. – Іле ауданы Мәдениет үйінің аккомпаниатор-концертмейстері қосымша, 2014 жылдан Іле ауданында №13 мектепте мұғалім болып қызмет атқарған. 2011 ж. «Құлансаз» ансамблімен Москва қаласына, 2014 ж. Венгрия (Будапешт) еліне, 2015 ж. Евротур Мажар елі, Сербия (Белград), Берлин (Германия) қалаларында «Алатау» ансамблімен, 2015 ж. Башқұрт (Уфа) еліне «Нәзік» ансамблімен концерттік сапарда болған. 2015 ж. Стамбул қаласында (Түркия елі) Фатих Сұлтан Мехмет университетінде практикалық оқуда болды. Қазіргі таңда 2017 жылдың тамыз айынан бастап, Іле аудандық Мәдениет үйінің директоры болып қызмет атқаруда.
Копшарь Дмитрий Борисович. 1979 ж. 26 тамызда Мордова АКСР-ң Ардатов қаласында туған. Орындаушы. 1998 ж. – Ташкент музыка училищесін (М.В.Маевскийдің баян класын), 2003 ж. – Алматы консерваториясын (Д.Х.Тұяқбаевтың баян класын) бітірген.
Республикалық классикалық музыкадан жастар байқауы – фестивалінің лауреаты (2 сыйақы, Ташкент, 1996), XIV республикалық халық аспаптарында орындаушылар байқауының лауреаты (I сыйлық, Наманган, 1997), «Шабыт» шығармашылық жастардың фестивалі шеңберінде халықаралық байқауының лауреаты (III сыйлық, Астана, 2000), «Ильхам XX» заманауи музыкасының IV (1999), V (2000) халықаралық фестивальдерінің қатысушысы.
Костырев Дмитрий Борисович. 1941 ж. 7 тамызда Петропавл қаласында туған. Орындаушы, педагог. 1963 ж. – Петропавл музыка училищесін (Н.Г.Новиковтың баян класын), 1947 ж. – Мәскеудің мәдениет институтын бітірген. 1970 ж. – №1 БММ-де оқытушысы, 1966 ж. – халық аспаптар бөлімінің меңгерушісі. 1970 ж. – Петропавл музыка училищесінің оқытушысы, «Карусель» халықтық би ансамблінің концертмейстері.
Көшеров Ерік. Атырау қаласында 1995 ж. дүниеге келген. 2011 ж. – «Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжіне «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» Е.Ә.Камалиденовтың класына түсіп, 2015 ж. аяқтады. Сол жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясына түсіп, ҚР мәдениет қайраткері, доцент З.Н.Смақованың класында дәріс алуда. Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты: «На Николаевской» Халықаралық конкурс-фестивалі, 3 орын, Оренбург қаласы, 2013 ж.; Республикалық колледжаралық конкурстың дипломанты, 2014 ж.; «Citta di Lanciano» Халықаралық конкурсы, 2 орын; Италия, Ланчано қаласы, 2014; Республикалық Кіші олимпиада, 2 орын, 2015 ж; Республикалық Үлкен олимпиада, 2 орын, 2016 ж., Атырауда өткен Халықаралық «Еуразия кубогы» конкурсының «Ансамбль» номинациясында Б.Өмірғали екеуі лауреаттар атанды.
Кравченко Нина Дмитриевна. 1952 ж. Алматыда туған. Педагог, орындау- шы. 1971 ж. – Алматы музыка училищесін (А.В.Канунниковтың баян класын, М.Әубакіровтың дирижерлау класын), 1976 ж. – Алматы консерваториясын (В.С.Басаргинннің баян класын) бітірген. 1 республикалық жас музыканттар байқауының лауреаты (3 орын, Алматы, 1967), республикалық жас орындаушылар байқауының қатысушысы. 1980 жылдан Алматы музыка колледжінде баян класының оқытушысы. Оқушылары арасында: республикалық байқаудың лауреаты О.Романенко (2 орын, Шымкент, 1985). Қалалық, облыстық, республикалық байқаулары қазылар алқасының мүшесі. Шығармалары: халық аспаптары оркестрді дирижерлау курсының әдістемелік әзірлемелер, музыкалық колледждерге үлгілік оқу бағдарламалары, вокалдық шығармаларды, күйлерді, баяндық классикаларды орыс халық аспаптары оркестрлеріне лайықтаулары. Мәдениет министрлігі мен жоғары және орта арнайы білім Министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Кривенко Владислав Дмитриевич. Орындаушы, педагог. Ворошилов қаласында БММ, музыка училищесінің бастапқы курстарын, Қарағанды музыка училищесін (Е.Д.Чупровтың баян класын), Алматы консерваториясын (В.С.Басаргиннің баян класын) бітірген. 1958-66 ж. – Қарағанды музыка училищесінің оқытушысы, облыстық филармониясының жеке орындаушы, концертмейстері, баяншылар оркестрінің жетекшісі. Оқушылары арасында: И.П.Виндгольц, И.П.Манузин, А.С.Зацепилов, А.М.Мучник, Н.П.Гайдемский, Ю.И.Легостаев, В.Н.Бородин, А.И.Гусев және басқалары.
Крюков Илья Геннадьевич. 1978 ж. 10 тамызда Бішкекте туған. Орындаушы, педагог. 1997 ж. – К.Байсеиітова атындағы РОАММИ (О.А.Абдуллаевтың баян класын), 2002 ж. – Алматы консерваториясын (А.М.Гайсиннің баян класын) бітірген. К.Байсеиітова атындағы РОАММИ-да баян класының оқытушысы. Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты: Республикалық байқаудың лауреаты (I орын, Көкшетау, 1995), халықаралық байқаудың (Италия, 1995), «Шабыт» халықаралық байқаудың дипломанты (I сыйақы, Астана, 1998), халықаралық байқаулардың қатысушысы (Клингенталь, 1996) және «Дүниежүзілік кубогы» (Словакия, 1996).
Күзембаева Дильвара Ғажапбекқызы. 1987 ж. 4 қаңтарда Атырау облысы, Исатай ауданы, Х.Ерғалиев ауданында дүниеге келген. 2002 ж. – 9 сыныптан соң Атырау қаласындағы «Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы», Атырау музыка колледжінің баян класына оқуға түсіп, 2006 ж. – колледжді Е.Ә.Камалиденовтің класынан бітіріп, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясына оқуға түседі. 2010 ж. – консерваторияны (З.Смақова мен О.Абдуллаевтың класынан) аяқтап, «Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжінде ұстаздық қызмет атқарады. Шәкірттері облыстық, республикалық, халықаралық конкурстардың лауреаты.
Күмісқалиев Сапар Мұхамеджанұлы. Педагог, баяншы, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты. 2005 ж. – Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжін баян класы бойынша (оқытушысы – В.В.Брусенцов), 2009 ж. – Қазақ ұлттық музыка академиясын баян класы бойынша (оқытушысы – доцент Д.Р.Султанов), 2011 ж. – Қазақ ұлттық өнер университетінің магистратурасын (ғылыми жетекшісі-доцент Г.А.Хусаинова) бітірген. 2011 жылдан Қазақ Ұлттық өнер университетінің оқытушысы. Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты: Республикалық жас музыканттар конкурсы (2 орын, Алматы қ., 2000 ж.), Республикалық жас орындаушылар конкурсы (1 орын, Алматы қ., 2004 ж.), «Кубок Фридриха Липса» Халықаралық баяншылар мен аккордеонистер конкурсы (3 орын, Челябинск қ., 2004 ж., 2006 ж.), Құрманғазы атындағы республикалық халық аспаптарында орындаушылар конкурсы (1 орын, Астана қ., 2006 ж.), Республикалық Дельфи ойындары (алтын медаль, Өскемен қ. 2006 ж.), ТМД елдері арасындағы Дельфи ойындары (алтын медаль, Астана қ., 2006 ж.), «Acco-holiday» Халықаралық баяншылар мен аккордеонистер конкурсы (3 орын, Киев қ., 2007 ж.), «Кубок Урала» орыс халық аспаптарында орындаушылардың халықаралық конкурсы (2 орын, Оренбург қ., 2008 ж.), «Shabyt – Inspiration»халықаралық конкурс-фестиваль (Гран-при, Астана қ., 2008 ж.), «Прикамье-2010» орыс халық аспаптарда орындаушылардың халықаралық конкурсы (2 орын, Пермь қ., 2010 ж.), «Евразия-II» орыс халық аспаптарда орындаушылардың халықаралық конкурсы (2 орын, Екатеринбург қ., 2015 ж.).
Қабылбаев Болат Төлегенұлы. 1946 ж. туған. Орындаушы, педагог, композитор. 1956 ж. – Семей музыка училищесін (И.Ф.Заиграевтың баян класы), 1973 ж. – Алматы консерваториясын (И.Дубровскийдің, В.Дернованың, Н.Тифтикидидің, П.Аравиннің сыныптарынан) бітірді. Музыка училищесінің оқытушысы, Семей филармониясының жеке орындаушы-баяншысы, ҚР Халық артисі Р.Рымбаева оқыған және өзінің шығармашылық жолын бастаған Семей Зооветеринарлық институтындағы «Армандастар» ансамблінің жетекшісі болған. Құрманғазы атындағы мемлекеттік оркестрінің жеке орындаушы баяншысы, Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында, Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрадалық цирк колледжінде баян мамандығы бойынша оқытушы. 1974-1985 жж. – Алматы облыстық филармониясының көркемдік жетекшісі, «Алматы әуендері», «Әсем», «Майра» атты кәсіптік ұжымдарды құрды, «Құлансаз», «Хошалык», «Сары Тауқым» (Алматы облысы), «Мерке әуендері» (Жамбыл облысы), «Наз қоңыр» (Талдықорған облысы), «Інжу маржан» (Семей облысы), Кеген ауданының «Халық хоры» (Алматы облысы) халық музыкалық ансамбльдерді шетел сапарына дайындады. Өнер шеберлері құрамында Пакистан, Моңғолияға гастрольдерге шыққан. 1986 жылдан Мәдениет Министрлігінің орталық аппаратында музыкалық өнер бөлімінің маманы ретінде жұмыс жасап, байқаулар мен өнер фестивальдарын өткізген. «Гүлдер» Мемлекеттік ансамблінің директоры болды. Композиторлық байқаулардың лауреаты, ҚР Композиторлары мен Музыка қайраткерлері одағының мүшесі. Шығармалары: вокалдық-симфониялық, аспаптық және вокалдық-аспаптық шығармалар; спектакльдерге музыка; 50-ден астам өлеңдерінің көбі Мемлекеттік телерадионың «Алтын қорына» енгізілген. 20-дан астам «теле-радио» музыкалық хабарлардың авторы; Қазақстанның музыкалық өнері жайлы мақалалары баспасөзде жарияланған.
Қанағатов Самат Айкенұлы. 1978 ж. 13 тамызда туған. 1995-99 жж. – халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер колледжіне оқытушы В.К.Аксеновтің баян класында оқыған. 2000-04 жж. – Құрманғазы атындағы ҚҰК-да баян класы бойынша профессор Д.К.Тұяқбаевтан дәріс алған. 2000-02 жж. – Құрманғазы атындағы Академиялық оркестрінде, 2002-03 жж. – «Отырар сазы» академиялық оркестрінде, 2003-04 жж. – «Қазақ концерт» жанындағы «Әлқисса» фольклорлық ансамблінде әртіс-аспапшы болған. 2004 жылдан бүгінгі күнге дейін – Шығыс Қазақстандағы өнер колледжінде оқытушы. 2010-12 жж. – ШҚО филармониясы қазақ халық аспаптар оркестрінің бас дирижері болды.
Қараш Ләззат Қанағатқызы. 1967 ж. 2 маусымда Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында туған. Өзінің сүйемелдеуінде баянмен халық және авторлық өлеңдерді орындаушы, композитор, педагог. 1988 ж. – Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын (Б.Р.Раеваның баян класын) бітірген. 1988 жылдан Ұзынағаш орта білім беру мектептерінде музыка және ән пәнінің мұғалімі. Өзін баянмен сүйемелдеп авторлық өлеңдерді орындағаны үшін: Республикалық «Үкілі үміт» байқауының лауреаты (1993); Қазақстан Жазушылар одағымен және Алматы облыстық жастар ісінің Басқармасымен тағайындалған «Жас дарын» сыйақысының лауреаты (1995); Жамбылдың халықаралық қорының лауреаты (3 сыйлық, 1996); Ә.Бейсеуовтың орындаушылар мен композиторлар байқауында авторлық өлеңі үшін арнайы жүлдемен марапатталған (1999). Шығармалары: баянға жазылған пьесалар, Абайдың, Жамбылдың, Қ.Бұғыбаеваның, А.Бақтыгерееваның, Ж.Қыдыровтың, Ж.Жарқынбаеваның сөздеріне жазылған 70-тен астам өлеңдер.
Қисатов Бейбіт. 1991 ж. 19 тамызда туған. Қазіргі уақытта ҚР Қорғаныс министрлігі Ұлттық әскери-патриоттық орта орталығының жеке орындаушысы. Павлодар облысы Ақсу қаласында БММ (оқытушы В.И.Кондрушин класы), дарынды балаларға арналған Қарағанды орта-мамандандырылған музыка мектеп-интернатын (оқытушы В.В.Брусенцов класы) бітірген. 2014 ж. – Қазақ ұлттық өнер институтын бітіріп, 2017 ж. – ҚазҚӨУ-не магистратураға (доцент Д.Р.Султанов класы) түскен. Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты: «Music Forum Kazakhstan» республикалық конкурсы (2008 ж., I орын, Алматы қ.); «Друг баян» баян-аккордеон-гармон орындаушылары-ның ІІ халықаралық конкурсы (2010 ж., I орын, РФ, Курган қ.); «Прикамье-2012» халық аспаптар орындаушыларының ІІІ халықаралық конкурсы (2012 ж., диплом, РФ Пермь қ.); Құрманғазы атындағы халық аспаптар орындаушыларының IX республикалық конкурсы (2012г., II орын, г.Астана); Н.В.Пономарев атындағы баян – аккордеон орындаушыларының ІІ халықаралық конкурсы (2013 ж., II орын, РФ Уфа қ.); «Шабыт» XVI халықаралық жастар шығармашылығы конкурсы (2013 ж., В.И.Харламов атындағы диплом, Астана қ.); «Лира Прииртышья» халық аспаптарда орындаушылар V халықаралық конкурсы (2013 ж., диплом, РФ, Омбы қ.); С.В.Рахманинов атындағы халықаралық конкурс-фестиваль (2013 ж., Гран-При, Мадрид қ., Испания); «Казахстан баян-фест» халықаралық фестиваль қатысушысы.
Қожахметов Сұлтан Тайғараұлы. 1956 ж. 16 қыркүйекте Шымкент облысының Кентау қаласында туған. Орындаушы, педагог, дирижер. 1975 ж. – Шымкент музыка училищесін (В.В.Полянскийдің баян класын), 1980 ж. – Алматы консерваториясын (В.С.Басаргинның баян класын) бітірген. 1975 жылдан Н.Николаиди, В.Литвинов, А.Полянский, С.Қожахметов құрамындағы шымкенттік концерттік баяншылар квартетінің мүшесі. 1977 жылдан Құрманғазы атындағы қазақ халық аспаптары Мемлекеттік Академиялық оркестрінің концертмейстері және жеке орындаушысы. 1980 жылдан Алматы консерваториясында баян класының оқытушысы. 1984 жылдан Жезқазған музыка училищесінде баян класының оқытушысы, ал 1986- 91 жж. – аталған училищенің директоры. 1991 жылдан баян мамандығы бойынша аға оқытушы, студенттік қазақ аспаптар оркестрінің дирижері, 1992 жылдан Алматыдағы Абай атындағы педагогикалық университетінде музыкалық-педагогикалық факультеті деканының орынбасары. 1991 жылдан Алматы консерваториясында баян класының оқытушысы. 1991 жылдан С.Қожахметов пен Р.Отарбаев құрамында баяншылар дуэтін ұйымдастырушы. 1996 жылдан Алматының П.И.Чайковский атындағы музыка колледжінің директоры. 2013 жылдан Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында баян класының аға оқытушысы. Оқушылары арасында: Р.Отарбаев – республикалық байқауының лауреаты (3 орын, Кокшетау, 1995), А.Слышкин – республикалық байқауының лауреаты (2 орын, Астана, 2000). Шығармашылық топтар құрамында Польшаға, Финляндияға гастрольдерге шыққан. Республикалық байқаулардың қазылар алқасы мен ұйымдастыру комитетінің мүшесі. Қазақ радиосында жазбалары бар, Қазақ теледидарынан жеке концерттері берілген. Қазақ халық аспаптары оркестрлеріне жасаған лайықтаулары: Глинка «Иван Сусанин» операсынан «Вальс»; Моцарт «Маленькая ночная серенада»; Фибих «Поэма», қазақ күйлері, кәріс композиторларының шығармалары; қазақ халық аспаптары оркестр мен жеке баян аспабына лайықтаулар – Николаиди «Концерттік күй», Иванов «Утушка луговая». ҚР Еңбек сіңірген қызметкері (2002). ҚР-ң Мәдениет министрлігі, Ағарту министрлігі, Жоғары және орта білім министрліктерінің Құрмет грамоталарын иеленген.
Қоныратбай Тынысбек Әуелбекұлы. 1955 ж. туған. Композитор, зерттеуші-фольклоршы. Филология ғылымының кандидаты (1993), Филология ғылымдарының докторы (2002). Шымкент музыка училищесін (Романовтың баян класын), Қызылорда педагогикалық институтының филология факультетін, Алматы консерваториясы тарихи-теориялық факультетінің композициялау класын бітірген. Қызылорда пединститутының оқытушысы, «Өнер» баспасының музыкалық редакторы, ҚазКСР Баспа Мемлекеттік комитетінде (Госкомиздат) насихаттаудың Бас редакциясының редакторы болып қызмет атқарған, ал 1989 жылдан Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында аға оқытушысы, кафедра меңгерушісі, 1995 жылдан доценті, 2004 жылдан профессор. Шығармалары: баянға арналған шығармалар. Ол музыкалық фольклордың әртүрлі тақырыптарына 100-ден астам ғылыми жұмыстары жазылған.
Қонысбаев Меделхан Букеевич. 1945 ж. 21 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында туған. 1960-64 жж. – Шымкент музыка училищесін бітіріп, музыка мектебінде баян аспабынан сабақ берген. 1967-72 жж. – Құрманғазы атындағы Қазақтың мемлекеттік консерваториясында оқып, бітірген соң Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогикалық университетінің музыкалық аспаптар факультетінде баян аспабынан бүгінгі күнге дейін еңбек етіп келеді. 1982-2002 жылдар аралығында Қазақ зағиптар қоғамының мәдениет үйінде баянистер ансамблінің халықтық ұжымына жетекшілік етіп, қалада өтетін барлық мерекелік концерттерге шығып, өз өнерлерін көрсетіп, көптеген марапаттарға ие болды. 2007 ж. – «Сырымды айтам» әндер жинағы Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогикалық университетінің баспасынан жарық көрді.1 бөлімде өз әндері, 2 бөлімде халық әндері мен күйлері баянға лайықтап өңделген. 2012 ж. – З.Смақовамен бірге «Баянға арналған хрестоматия» оқу құралының екі бөлімі Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогикалық университетінің баспасынан жарық көрді. 2013 ж. – М.Қонысбаев З.Смақовамен бірге Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогикалық университетінің баспасынан «Антология казахстанской баянной литературы» еңбегін жарыққа шығарды. 2014 ж. – М.Қонысбаев З.Смақовамен бірге «Некоторые предпосылки распространения гармоники в национальных музыкальных культурах» еңбегін жариялады. 2016 ж. М.Қонысбаев, З.Смақова «Книга The Ekphrastic Turn Inter-art Dialogues. Chapter 5 The study of Accordion and Kazakh Culture: An Intermedial Approach, Common Ground Publishing, University of Illinois Research Park». Ы.Алтынсарин төс белгісінің иегері. «Ұлағат» алтын медалімен, Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогикалық университетінің дамуына қосқан айрықшаүлесі үшін» алтын медалімен марапатталған.
Қонысбеков Мейрамбек Алимбекұлы. 1983 ж. 10 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында туған. Орындаушы. 2002 ж. – Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстандық музыка колледжін (В.П.Демченконың баян класын) бітірген, 2002 ж. – Алматы консерваториясының студенті (Д.Х.Тұяқбаевтың баян класында). Республикалық жас орындаушылар байқауының дипломанты (Астана, 2002), Республикалық баяншылар-аккордеоншылар байқауының лауреаты (3 орын, Атырау, 2002).
Қоңырбаева Жанна Серікбайқызы. 1984 ж. 14 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан обллысы Кентау қаласында туған. 1999 ж. – Кентау қалалық балалар саз мектеп-лицейінде Жиленко Г.А. класын баян аспабы бойынша бітірді. 2004 ж. – Оңтүстік Қазақстан саз колледжін Демченко В.П. класын, 2009 ж. – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын (З.Н.Смақованың класын) бітірген. 2005-09 жж. – АО «Қазақконцерт» бірлестігінде «Әлқисса» фольклор ансамбль құрамында сырнай аспапшысы. 2009 жылдан бастап Маңғыстау облыстық филармониясының Абыл Тарақұлы атындағы ұлт аспаптар оркестрінде, «Ақжарма» фольклор ансамблі құрамында және Маңғыстау өнер колледжінің халық аспаптар бөлімінің баян класында дәріс беруде. Түлектері Алматы, Астана қалаларында білімдерін жалғастыруда.
Қошқарбаев Серік Нұржанұлы. 1968 ж. 22 қазанда Батыс Қазақстан облысында туған. Педагог, орындаушы. 1988 ж. – Орал музыка училищесін (В.В.Плетневтың баян класын), 1993 ж. – Алматы консерваториясын (З.Н.Смақованың баян класын) бітірген. 1989-93 жж. – Құрманғазы атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінде сырнайшылар тобының концертмейстері. 1993 ж. – Батыс Қазақстан өнер институтының оқытушысы, «Нарын» фольклорлық ансамблінің сырнайшысы, В.В.Плетневтің жетекшілігіндегі орыс халық аспаптар оркестрінің баяншысы. Шығармалары: әдістемелік әзірлемелер, репертуар жинағын құрастыру.
Күзембаева Дильвара Ғажапбекқызы. 1987 ж. 4 қаңтарда Атырау облысы, Исатай ауданы, Х.Ерғалиев ауданында дүниеге келген. 2002 ж. – 9 сыныптан соң Атырау қаласындағы «Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы», Атырау музыка колледжінің баян класына оқуға түседі. 2006 ж. – колледжді бітіріп, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясына оқуға түседі. 2010 ж. – консерваторияны аяқтап, «Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжіне ұстаздық қызметке орналасады. Ұстаздық етіп келе жатқан жылдарында көптеген жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Шәкірттері облыстық, республикалық, халықаралық конкурстардың лауреаты. Осы жылдар ішінде класынан бітірген шәкірттері А.Қадекешева, А.Тұхпатова, Ж.Жұмаханов, Қ.Ғылымова, Ө.Зинелғабиденов облыс көлеміндегі музыка мектептерінде жемісті еңбек етіп жүр.
Құрамысов Данияр Жолдасханұлы. 1970 ж. 14 қыркүйекте туған. 1988 ж. – Алматы қаласындағы Чайковский атындағы музыка колледжіне түскен. Оқып жүрген кезінде уақытша Ұзынағаш поселкесі автоклубының меңгерушісі, кейіннен Каменский ауылындағы Мәдениет үйінде сүйемелдеуші болған. 1989 ж. – аталған училищені аяқтап, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясының баян класына оқуға түскен. 1991-94 жж. – «Салтанат» Мемлекеттік би ансамблі оркестірінің аспапшысы, 1994 ж. – консерваторияны аяқтаған соң, Ұзынағаш поселкесіндегі музыка мектебінің оқытушысы, кейін аталған мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. 1996 ж. – «Жас дарын» конкурсының жеңімпазы, «Жаңа ғасыр – жаңа ән» республикалық конкурсының лауреаты болған. 1997-2002 жж. – Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясында, 2002 ж. – дыбыс жазу студиясының көркемдік жетекшісі, 2010 ж. – филармонияның көркемдік жетекшісі қызметтерінде болған. 2011 ж. – филармония бас директорының орынбасары, 2017 жылдан бастап Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының директоры қызметіне тағайындалған. Мәдениет саласының құрметті қайраткері, «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» медалінің иегері.
Құрбанов Мерхамит Қабылұлы. (08.03.1939–12.12.1993 жж.). ҚХР СУАР Шәуешек қаласында дүниеге келіп, қалалық гимназияны бітірген соң Пекин педагогикалық университетінде 1957-1962 жж. – физика мамандығы бойынша жоғары білім алған. 1962 жылдан бастап қоғамдық өмірге араласып, мәдениет саласында жауапты қызметтер атқарды. Шәуешек қалалық мәдениет мекемесін Тарбағатай аймақтық мәдениет басқармасын басқарған жылдары ұлтымыз үшін ұшан-теңіз игі істерді атқарды. Өзі бас болып Шыңжаң қазақтарының 1000 ән-күйін қисса дастандарын жинақтап нотаға түсіріп «алтын қорға» өткізді. Ең алғашқылардың бірі болып ұмытылып бара жатқан қазақ ақындарының айтыс өнерін 1989 ж. сахарадан «сахналык айтысқа» алып келіп Шыңжаң қазақтарының арасында осы өнердің жаппай дамуына өшпес үлес қосты. Өнер жолын ұстанған дарынды жастарға Құрманбек Әлімғазыұлы,Еркін Ергенұлы және де Бақыт Бешенқызы т.б.) қолдау көрсетеді. Дубек Шалғынбаев атындағы ансамбльді құрып, өнерлі жастарды шақырып, өзі жетекшілік етіп ел ішіндегі түрлі байқауларда биіктерден көрінді. Әр жылдары Баян-аккордеон курстарын ашты. Бүгінде бұл игі іс жалғасын табуда. 2016 ж. Тарбағатай аймағында он мың адам бірге бір күй орындап «Гиннес рекордтар» кітабына енуі туған жерінде дәстүрге айналған өнер Мерxамит Қабылұлынан бастау алған өнердің заңды жалғасы еді. Өзі бастамашы болып татар ұлтының мәдени орталығын құрып, ел ішіндегі «ән-күй» фестивальдарына қатысып жақсы нәтижелер көрсетті. Өз ұлтымыздың және әлем халықтарының ән-күйлерін нотаға түсіріп баян-аккордеонға бейімдеп халық арасына кең таралуына ықпал етті. Мерхамит Қабылұлы баян аспабында жеке орындаудың кәсіби шебері. Әлемдік деңгейдегі баянист Самғар Толқынқан ұлының әкесі Толқынқан Базарқанұлы – ол кісінің көзін көріп, тәрбиесін алған кәсіби аккордеонист , жолын қуған жиендері Ахан Ерен Төлеутайұлы, Ахан Едіге Төлеутайұлы және Айман Мұхаметқызы өнер әлемінен өз жолдарын іздей бастағаны көңілге сенім ұялатады. Мерхамит Қабылұлы – қазақ ұлтының музыка өнерін дамыту жолында ерекше еңбек етіп өзінің саналы ғұмырын қазақ өнеріне арнап ерекше ізін қалдырған ардақты азамат. Өмірінің соңғы сәттеріне дейін ұлт мәдениетіне жанашыр бола білді.
Ларионов Сергей Филиппович. 1962 ж. 26 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Лениногорск қаласында туған. Орындаушы. 1982 ж. – Өскемен музыка училищесін (В.Т.Заводчиковтың, В.Н.Савкинның баян сыныптарын), 1987 ж. – Новосібір консерваториясын (Д.Г.Ермаковтың баян класын), 1989 ж. – сол жерде ассистентура-тағлымдамасын (жетекшісі Г.П.Черничка) бітірген. Вл. Гайдуковпен ансамбльде халық аспаптарында орындаушылардың Бүкілресейлік байқауының лауреаты (2 сыйақы, 1986), Вл. Гайдуковпен ансамбльде халықаралық байқауының лауреаты (1 сыйақы, Мәскеу, 1995 ж.). Новосібір консерваториясында ансамбль сыныбын жүргізген. Н.Калининның басқаруындағы орыс халық аспаптары оркестрімен өнер көрсеткен. Геннадий Заволокиннің басқаруындағы «Частушка» ансамблінің және ОРТ-ғы «Ойна, гармонь» хабарламасының тұрақты қатысушысы.
Легкунец Федор Васильевич. 1934 ж. Көкшетау облысында туған, 1972 ж. Алматыда қайтыс болды. Орындаушы, педагог. Алматы музыка училищесін (К.К.Ошлаковтың баян класын), 1957 ж. – Гнесиндер атындағы музыкалық-педагогикалық институтын (Н. Я. Чайкиннің баян класын) бітірген. 1957 ж. – Алматы консерваториясында халық аспаптар кафедрасында баян класын ашқан. Доцент. Оқушылары арасында: В.А.Петренко, В.С.Басаргин, Г.П.Зонов, В.А.Холопайнен, А.Я.Стуров, В.А.Евдокименко, Р.Г.Заиров, В.В.Чекунов, Б.А.Мустафин, С.Б.Барибаев. Қазақ халық аспаптар оркестрінің маңдайалды баяншысы. Шығармалары: ғылыми-әдістемелік жұмыстар; баян класы үлгілік оқу бағдарламаларын құрастырушысы, Қазақстан композиторлары мен қазақ музыка шығармаларына аударма жасаған.
Литвинов Владимир Владимирович. 1937 ж. 11 қазанда Пятигорскіде туған. Педагог, орындаушы. 1960 ж. – Өскемен музыка училищесін (А.Ф.Подольскийдің баян класын), 1968 ж. – Қазан консерваториясын (Н.А.Черняевтың баян класын) бітірген. 1961 жылдан Шымкент музыка училищесінде баян класының оқытушысы. А.Г.Полянскиймен училище дуэтіндн ойнаған, 1975 ж. – баяншылар квартетінде (В.В.Литвинов, А.Г.Полянский, Н.И.Николаиди, С.Т.Қожахметов), Алматыда квартет құрамында Шымкент музыка училищесінің есептік концерттерімен өнер көрсеткен. Оқушылары арасында: Д.Х.Тұяқбаев – ҚР еңбегі сіңген қайраткер, профессор, Алматы консерваториясында қобыз бен баян кафедрасының меңгерушісі; А.Чернов – республикалық байқауының лауреаты (2 орын, Петро- павл қ.), В.И.Аксанов – Евпаторияда баян класының оқытушысы, В.Кузнецов – Рязанда баян класының оқытушысы, Т.Турдиев – Кентауда, Н.А.Елисеев пен С.Скирбан – Шардарада, В.Куклев және басқалары. ҚР халық ағарту Министрлігінің Құрмет грамотасымен және «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.
Мадыкаримов Мақсат. 1994 ж. 10 шілдеде туған. Орындаушы. 2011-15 жж. – ҚазҰӨУ-нің колледжінде (А.П.Ефременко класы) оқыған. 2015 жылдан бері – Астана қаласы ҚазҰӨУ-нде оқиды (А.П.Ефременко класы). Конкурстар лау- реаты: В.Ф.Беляков сыйлығына ұлттық гармоникада орындаушылар және баяншы- лар, аккордеоншылардың І халықаралық конкурсы (2013 ж., 3 орын, Башқұртстан Уфа қ.); Крупин атындағы баяншылар мен аккордеоншылардың ІІ аймақаралық конкурсы (2014 ж., 3 орын, РФ Новосібір қ.).
Макаров Василий Леонидович. 1949 ж. 22 сәуірде Ақмола облысының Степняк қаласында туған. Педагог. 1968 ж. – Рудный музыка училищесін (В.Д.Скоробогатовтың баян класын), 1982 ж. – Алматы консерваториясын (О.А.Абдуллаевтың баян класын) бітірген. 1972-78 жж. – Рудный БММ баян класының оқытушысы және халық аспаптар бөлімінің меңгерушісі. 1978 ж. – Рудный музыка училищісінде баян класының оқытушысы, 1988-92 жж. – директордың оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары. Оқушылары арасында: республикалық жас музыканттар байқауларының лауреаттары С.Косарев (1 орын, Алматы, 1974), П.Пруцаков (1 орын, Алматы, 1974), В.Саксонов (3 орын, 1979); республикалық жас орындаушылар байқауларының лауреаттары Р.Закиров (1орын, Алматы, 2000), Т.Мызин (1 орын, Астана, 2002).
Мақсотұлы Айдар. 1994 ж. 21 тамызда туған. Орындаушы. 2010-14 жж. – Қазанғап атындағы Қызылорда музыка колледжінде (Т.Каденов класы) оқыған. 2014 жылдан Астана қаласы ҚазҰӨУ-нде оқиды (А.П.Ефременко класы). Кон- курстар лауреаты: Құрманғазы атындағы халық аспаптарында орындаушылардың 11-ші Республикалық конкурсы (2017 ж., 2 орын, ҚР Астана қ.).
Манузин Иван Павлович. 1939 ж. Кемеров облысының Чебула ауылында туған. Педагог, әдіскер. 1962 ж. – Қарағанды музыка училищесін (В.Д.Кривенконың баян класын), 1968 ж. – Алматы консерваториясын (В.П.Петренконың баян класын) бітірген. 1964 жылдан Қарағанды музыка училищесінде баян, аккордеон сыныптарының оқытушысы, әдіскер. Оқушылары арасында: республикалық жас орындаушылар байқауларының лауреаттары мен дипломанттары: В.Тишков (1 орын, 1993), М.Кобзева (1 орын, 1995), Р.Аверкиев (2 орын, 1995), В.Краус (диплом, 1998); Алматыдығы республикалық жас музыканттар байқауының лауреаттары: С.Лемеш (1 орын, 1973), В.Волков (2 орын). Оның шәкірттері өз білімдерін Мәскеу, Свердловск, Воронеж, Красноярск, Новосібір, Алматы қалаларында жалғастырған.
Марченко Андрей. 1993 ж. 26 қыркүйекте туған. Орындаушы. 2012 ж. – ҚазҰӨУ (А.Ф.Буркин класы), 2016 ж. – ҚазҰӨМ жоғары оқу орнына түскен. (А.П.Ефременко класы). 2016 жылдан Мәскеу қаласындағы А.Шнитке атындағы МГИМ-да оқиды (А.И.Леденев баян класы). Мынадай конкурстардың лауреаты: ТМД қатысушы елдер арасындағы V жастар Дельфи ойындары (2008 ж., қола медаль, Беларусь Минск қ.), «Music Fоrum Kazakhstan» Халықаралық конкурсы (2009 ж., 2 орын, ҚР Алматы қ.), «Друг баян» ІІ халықаралық конкурсы (2010 ж., 2 орын, РФ Курган қ.), «Прикамье-2010» ІІ халықаралық конкурсы (2010 ж., 2 орын, РФ Пермь қ.), Mohtrond-les-Bains Халықаралық баяншылар конкурсы (2010 ж., 2 орын «Классика», 2 орын «Варьете», Франция Монрон-ле-Бен қ.), «Трофей мира» 61-ші халықаралық конкурсы (2011 ж., 4 орын, Пинето қ., Италия), Ран-де-Флюе баяншылар халықаралық конкурсы (2013 ж., Гран-при, Ран-де-Флюе қ., Франция); «Виват, Баян!» 11-ші халықаралық конкурсы, (2013 ж., 2 орын, РФ Самара қ.); «Трофей мира» 63-ші халықаралық конкурсы (2013 ж., 7 орын, РФ Самара қ.); «Шабыт» 12-ші халықаралық жастар шығармашылығы фестивалі (2013 ж., 3 орын, ҚР Астана қ.), «Весенние голоса» IV мәскеулік халықаралық жас баян мен аккордеонда орындаушылар конкурсы (2014 ж., 2 орын, РФ Мәскеу қ.), Құрманғазы атындағы халық аспаптарда орындаушылардың X Республикалық конкурсы (2014 ж., 1 орын, ҚР Өскемен қ.), «Citta di Castelfidardo» Халықаралық баян мен аккордеонда орындаушылар конкурсы (2014 ж., 5 орын, Кастельфидардо қ., Италия), «Citta di Castelfidardo» халықаралық баян мен аккордеонда орындаушылар конкурсы (2015 ж., 7 орын, Кастельфидардо қ., Италия). В.Спиваков Халықаралық Қайырымдылық қорының «Москва встречает друзей» Халықаралық фестиваліне қатысушы.
Матющенко Александр Ильич 1935 ж. 5 шілдеде Қарағанды облысында туған. Педагог, әдіскер. Қарағанды музыка училищесін бітірген (Г.Е.Шолпаковтың баян класын). 1957-98 жж. – №1 Ақмола БММ оқытушысы, 1972-81 жж. – №1 БММ жаңындағы балалар халық филармониясының ұйымдастырушысы және көркемдік жетекшісі, 1998 жылдан Қазақ ҰМА оқытушысы. 100-ден астам оқушылар шығарды, олардың жартысы музыкалық білімдерін одан әрі жалғастырып, ҚР, Ресей, Украина, Өзбекстан, Германияда жұмыс жасап жатыр. Оқушылар арасында жас музыканттардың облыстық, республикалық байқауларының лауреаттары бар. Көп жылдары баянда ойнау әдістемелері туралы дәрістер оқыған, 1978-79 жж. – облыс радиосында музыка туралы субхаттардың авторы және жүргізушісі, облыс БММ оқытушыларының біліктілігін арттыру курстарын жүргізген. Шығармалары: музыкалық-ағарту жұмысы туралы мақалалар, кезеңдік баспаларда атақты орындаушылардың концерттеріне сын-пікірлері, әдістемелік әзірлемелер. «ҚазКСР ағарту ісінің үздігі» (1978).
Мацкевич София Борисовна 1981 ж. 8 қарашада Өскеменде туған. Орындаушы. 2000 ж. – Өскемен өнер колледжін бітірген (В.Ф.Романюктың аккордеон класын), 2000-2001 жж. – Алматы консерваториясының студенты (А.М.Гайсинның аккордеон класы). Республикалық жас орындаушылар байқауының лауреаты (1 орын, Алматы, 2000), (2 сыйлық, шығармашылық жастар фестивалі шеңберінде «Шабыт» халықаралық байқаудың лауреаты, Астана, 2000).
Мерғалиев Данияр Мерғалиұлы. 1980 ж. 21 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласында туған. Оқытушы, орындаушы, әдіскер. Өтнертану ғылымдарының кандидаты, ХАА-ның академигі (Международной академии информатизации), «ҚР Мәдениет қайраткері», 2016 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті «Орындаушылық өнері» кафедрасының меңгерушісі. 1996-2000 жж. – ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер колледжінде оқыған (В.К.Аксеновтің аккордеонкласы). 2000-04 жж. – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлтты консерваториясынан дәріс алған (доцент З.Н.Смақованың аккордеон класы). Павлодар мемлекеттік педагогика институтында «Музыкалық білім беру теориясы және әдістемесі» кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, доцент. 2004 жылдан бастап Естай атындағы ГДК жанындағы «Әл-Әки» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің әртісі («Шабыт» халықаралық және республикалық конкурстары мен фестивальдерінің лауреаты). 2006-09 жж. – РФ Барнаул қаласы Алтай мемлекеттік университетінің ізденушісі болып бекітілген (Ғылыми жетекшісі Т.М.Степанская). 2009 ж. кандидаттық диссертациясын қорғаған. 2012-14 жж. – С.Торайғыров атындағы ПМУ «Орындаушылық өнер» кафедрасының меңгерушісі. 20 шақты республикалық олимпиадалар, халықаралық конкурстар менфестивальдердің лауреаттарын дайындаған. Бірнеше рет Республикалық олимпиадалар мен халықара- лық конкурстардың алқа мүшесі және төрағасы болған. 2013 жылдан КГЖПУ жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің мүшесі. 2014-15 жж. – Астана қ., ҚазҰӨУ-нің орыс халық аспаптары және қобыз кафедрасының меңгерушісі. 2015 жылдан бүгінгі күнге дейін С.Торайғыров атындағы ПМУ «Орындаушылық өнер» кафедрасының меңгерушісі. 2016 жылдан Құрманғазы атындағы ҚҰК жанындағы РУМС мүшесі. 2016 жылдан РФ Барнаул қаласындағы Алтай мемлекеттік университеті халықаралық ғылыми журналы редакциясының құрамына қосылған (өнертану сериясы). ТМД елдерінде және шетелде жарық көрген 80-нан астам оқулық пен ғылыми еңбектердің авторы, 5-халықаралық ғылыми журналдарда, оның ішінде 5-і Скопус ақпараттық базасының деректері бойынша нульдік емес импакт-фактормен, 4 монографиясы, оның 2-і- шетелдік, 1-оқулық ҚР ХББМ РУМС грифімен, 1 оқу құралы ҚР ХББМ РУМС грифімен жарық көрген, 5 нысанға авторлық құқықты мемлекеттік тіркеу туралы куәлік иесі. Шығармалары: «Освоение игры на аккордеоне». /Оқу құралы /Д.М.Мергалиев. Павлодар: ПГПИ, 2011; «Оркестровое музицирование»/оқу құралы. – Павлодар: ПГПИ, 2012; «Формирование профессиональных умений учителя музыки в процессе его инструментальной подготовки». /Оқу-әдістемелік құралы /Г.К.Сулейменова, Д.М.Мергалиев. – Павлодар: 2014; «Формирование профессиональных умений учителя музыки в процессе его инструментальной подготовки». /Электронды оқу-әдістемелік құралы. С.Торайғыров атындағы ПМУ. – 2014. С/а: Н.Э.Пфейфер, П.Ю.Шеломенцев, С.Н.Токсанов, А.З.Даутова, А.А.Носов, Е.М.Абенов; «Аккордеонда ойнауды меңгеру». /Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі секциясының грифімен, 2014 ж. Оқу құралы /Д.М.Мерғалиев. – Павлодар: 2014; «Аккордеонда ойнауды меңгеру». /Электронды оқу құралы. С.Торайғыров атындағы ПМУ. – 2014. С/а: Н.Э.Пфейфер, П.Ю.Шеломенцев, С.Н.Токсанов, А.З.Даутова, А.А.Носов, Е.М.Абенов; «Ертіс – Кереку, Баян өңірі музыка өнерінің атақты майталмандары – Естай әндері» /Кітап /Б.С.Сарваров, Д.М.Мергалиев. – Павлодар: 2016; «Естай – Кереку Баян өңірі музыка өнерінің атақты майталмандары – Естай әндері». /Электронды кітап С.Торайғыров атындағы ПМУ. – 2016. Б.Сарваров., С.Н.Токсанов., А.З.Даутова., А.А.Носов, Е.Е.Абенов; 4 монография: «Фольклорные традиции в искусстве Казахстана». Мергалиев Д.М. Фольклорные традиции в искусстве Казахстана: Монография – Павлодар: ПГПИ, 2012; «Қазақстан өнеріндегі фольклорлық дәстүрлер». /Монография /Д.М.Мерғалиев., З.Н.Смақова – Павлодар: 2014; «Қазақстан өнеріндегі фольклорлық дәстүрлер». /Электронды монография. С. Торайғыров атындағы ПМУ. 2014. Соавторы: Н.Э.Пфейфер, П.Ю.Шеломенцев, С.Н.Токсанов, А.З.Даутова, Мергалиев Д.М., С.А. Олейник., Е.М.Абенов; «Традиции – душа народа: национальные музыкальные инструменты». /Монография /Д.М.Мергалиев, Л.И.Нехвядович, Т.Б.Каримов, К.А.Мелехова, А.Г.Степанская. – Павлодар – Барнаул: Кереку, 2014; «Традиции – душа народа: национальные музыкальные инструменты». /Электронды монография. ПГУ им. С.Торайгырова. – 2014. С/а: Н.Э. Пфейфер, П.Ю. Шеломенцев, С.Н.Токсанов, А.З.Даутова, Мергалиев Д.М., С.А. Олейник., Е.М. Абенов; «Горизонты культуры: традиции, синтез и современность». /Монография/ ғылыми жет. Т.М.Степанская. –Барнаул: АлтГУ 2014.
Митрохин Сергей Павлович. 1978 ж. 8 тамызда Алматы қаласында туған. 1991-95 жж. – Алға музыка мектебінде оқыған. 1999 ж. – А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыка училищесін (оқытушы Ф.М. Дюсметов класы) бітірген. 1999-2003 жж. аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясында оқып, профессор А.М.Гайсиннің класынан бітірген. Консерваторияда оқыған кездерінде үш жылдай Н.Тілендиев жетекшілік ететін «Отырар сазы» қазақ халық аспаптар оркестрінде жұмыс жасаған. Көптеген Халықаралық және республикалық конкурстардың қатысушысы: 1992 ж. – «Наурыз мейрамы» І облыстық халық аспаптар фестивалі Гран-при; 1998 ж. – «Жас Даурен - 98» жастар мен студенттер облыстық фестивалінің лауреаты; 2002 ж. – Республикалық конкурс дипломанты (Атырау қ.); 2004 ж., 2006 ж., 2010 ж. – «Жұбанов көктемі» халық аспаптар оркестрлері мен ансамбльдерінің халықаралық фестиваль-конкурсы; 2005 ж. Астана қаласында өткен участник «Шабыт» VIII жастар шығармашылығының фестиваль-конкурсының қатысушысы; 2007 ж. – халық аспаптар оркестрлері мен ансамбльдерінің I Халықаралық фестиваль – конкурсы – І дәрежелі лауреат дипломы, көркемдік жетекшісі К. Кожанбаев (Магнитогорск қ.); 2011 ж. – Колобжек (Польша) қаласында ХХ Халықаралық фольклорлық ансамбльдер фестивалі– «Арайлы Ақтөбе» ансамблінің құрамында қатысқаны үшін диплом; 2013 ж. – «Созвездие талантов»ІІ республикалық конкурс-фестиваль – І дәрежелі лауреат дипломы (Ақтөбе қ.); 2014 ж. – «Волшебный путь искусства» ІІ Халықаралық конкурс-фестивалі – ІІІ дәрежелі лауреат дипломы (Алматы қ.); 2015 ж. – «Современная методика и педагогика баянистов и аккордеонистов» оқыту семинары шеңберіндегі халықаралық байқау-конкурсы – І дәрежелі лауреат дипломы – (Воронеж қ.); 2016 ж. – «Тоника» халықаралық фестиваль-конкурсы – І дәрежелі лауреат дипломы (Актобе қ.). 2003 жылдан бүгінгі күнге дейін А.Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыка колледжінің орыс халық аспаптар бөлімінде баян класы бойынша жұмыс жасайды. 2004 жылдан бері Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының жанынан құрылған «Арайлы Ақтөбе» қазақ халық аспаптар оркестрінің концертмейстер және жеке орындаушы-аспапшысы. 2004-07 жж. аралығында – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының жанынан ассистентура-тағылымдамадан өткен (ғылыми жетекшісі – А.М.Гайсин). 2015 ж. – Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20 жылдығына орай, мемлекеттік медальмен марапатталған. Әр жылдары жеке концерттер берген. Әр концерті DVD жазылып, «Эврика», «Актюбинский вестник», «Диапазон», «НМГ», «Наурыз», «Казахстанская правда» газеттерінің беттерінен жарық көрген.
Мишин Владимир Дмитриевич. 1957 ж. 8 қыркүйекте Алтай өлкесінің «Березовка» поселкесінде туған. Алматыда қайтыс болды. Баян шебері. 1959 ж. отбасы Алматыға көшті. 1972 ж. – №4 БММ (В.А.Волотковтың, М.И.Клепацкийдің баян сыныптарын), 1977 ж. – Шымкент музыка училищесін (Н.И.Николаидидің баян класын), 1981 ж. – Шымкент педагогикалық өнер институтын бітірді. 1981 жылдан балалар өнер мектебінде баян класының оқытушысы. 1984 ж. – өнер мектебінде және Шымкент музыка училищесінде баяндарды, фортепианоларды жөндеу және күйіне түсіру шебері. 1998 жылдан Алматыда П.И.Чайковский атындағы музыка колледжінде және Алматы консерваториясында музыкалық аспаптарды жөндеу және күйіне түсіру шебері.
Молдабекова Анар Есбергенқызы. 1962 ж. 7 наурызда Алматы облысы Шелек ауданында туған. 1980 ж. – А.Қ.Жұбанов атындағы республикалық музыка мектеп-интернатын бітірген соң, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының «баян» класына оқуға түскен. 1985 ж. – аталған жоғары оқу орнын аяқтап, Талдықорған қаласының К.Байсейітова атындағы музыка училищесіндегі «Орыс халық аспаптар» бөліміне «баян» класының оқытушысы ретінде жұмысқа қабылданған. 1991-2006 жж. – І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің музыкалық аспаптар кафедрасында оқытушы. 2006 ж. – К.Байсейітова атындағы Талдықорған музыка колледжіне ауысқан. 2011 жылдан «Орыс халық аспаптар» бөлімінің меңгерушісі.
Мубараков Рамиль Равилович. 1962 ж. Татар АКСР-інде дүниеге келген. 1978 ж. – Шымкент қаласында Ж.Омарова атындағы №1 БММ бітіріп (оқытушы А.Н.Домащенко класы), 1978-82 жж. – Шымкент музыка училищесінде баян класы бойынша оқыған (оқытушысы – В.В.Литвинов). 1982-86 жж. – Ж.Омарова атындағы №1 БММ баян-аккордеон класы бойынша оқытушы болып жұмыс жасаған. 1984-90 жж. – М.Ашфари атындағы Ташкент мемлекеттік консерваториясында доцент, халықаралық конкурстардың лауреаты Э.Сеит-Абдуловтың класында оқыған. 1986 ж. – Шымкент музыка училищесіне жұмысқа шақыртылған. 1991-2006 жж. – орыс халық аспаптар оркестрінің жетекшісі. 2006 ж. – «Играй, гармонь» фестиваль-конкурсының әділқазы мүшесі. 2004 ж. ОҚМК оркестрі В.Фирсов атындағы І халықаралық фестиваліне қатысушы. Еңбек еткен жылдары ҚР Мәдениет министрлігінің Құрмет гармотасымен, республикалық конкурстарға шәкірттер дайындағаны үшін бірнеше Алғыс хаттармен марапатталған.
Муксинов Саид Каримович. 1907 ж. Ақмолада туған. 1980 ж. қайтыс болды. Гармоншы, баяншы. Алты жасынан гармонда тым жақсы ойнаған, кейін өздігінен баянды меңгеріп, шеберлігін ұштады. 20-шы жылдары Қазанда баянда үйренетін курстарда оқыған. Курстарды бітірген соң Ақмола тойханасында эстрадалық ансамблінде баяншы болып жұмыс жасаған. Тойханадағы жұмысын қаладағы жалғыз «Заря» кинотеатрінде орындаушылық қызметімен ұштастырған. Баяншы ретінде кино басталарда халық алдында баянда ойнайтын және даусы жоқ киноларды баянның музыкасымен сүйемелдейтін. Ұлы Отан соғысы жылдары кезінде майдандық концерттік бригадасында ұрыс-шайқасқа аттанатын жауынгерлер алдында эстрадалық ансамбльдің баяншысы ретінде өнер көрсеткен. Соғыстан кейінгі жылдары Ақмола кинотеатрында және «Ишим» ресторанында концерттік-сауықтық жұмысын жалғастырған.
Муксинов Сократ Саидович. 1934 ж. Көкшетау қаласында туған. Орындаушы, педагог. 1951 ж. – Алматы музыка училищесіне түскен (И.Ванечкинның баян класына), әскер қатарына шақырылған. Ақмолада Румянцевтың басқаруындағы эстрадалық ансамбльде ойнаған. 1961 ж. – Қарағанды музыка училищесін, эстрадалық оркестрлерде баян мен бандонеонда ойнап жүріп, бітірді (Е.Д.Чупровтың баян класын). 1961 ж. – Қарағанды музыка училищесінде баян класының оқытушысы. Педагогтер мен студенттерден саябақ Басқармасы жанындағы Шахтерлер Сарайында эстрадалық оркестр ұйымдастырды, соның жетекшісі, дирижері, солист-баяншысы. Сырттай Алматы консерваториясын (Ф.В.Легкунец пен В.С.Басаргиннің баян сыныптарын) бітірді. 1965-96 жж. – П.И.Чайковскийдің атындағы Алматы музыка колледжінде баян класының оқытушысы. Қалалық, облыстық, республикалық байқауларының қазылар алқасының мүшесі. Оқушылары арасында: А.Петров – «Жігер» республикалық байқауының лауреаты.
Мұстафин Болат Ахмедиевич. 1943 ж. 8 желтоқсанда Қарағанды облысының Ұлытау ауылында туған. Педагог, әдіскер. 1969 ж. – Алматы консерваториясын (Ф.В.Легкунецтың баян класынан) бітірген. 1961-62 жж. – Қызылорда драма театрыныңы баяншы-сүйемелдеушісі. Студенттік жылдары – Қазақконцерттің баяншы-концертмейстері, Құрманғазы атындағы Академиялық халық аспаптар оркестрінің сырнайшысы. 1969-74 жж. – Шымкент өнер институтының халық аспаптары кафедрасының аға оқытушысы, 1974-78 жж. – сол жерде баян кафедрасының меңгерушісі. 1978-83 жж., 1987-91 жж. – Талдықорған педагогикалық институтында халық аспаптар кафедрасының меңгерушісі. 1991 ж. – Талдықорған университетінің музыкалық аспаптар кафедрасының доценті. Сонымен бірге, 1979-97 жж. – Талдықорған музыка колледжінде оқытушы. Консерваторияның студенттік халық аспаптар оркестрінің құрамында Болгарияға гастрольге шыққын (1967). Аймақтық, өңірлік, республикалық ғылыми конференцияларда, семиинарларда, байқауларда баяндамалар жасаған. Басылымнан шыққан шығармалары (35): оқұ құралдары, хрестоматиялар, әдістемелік ұсыныстар мен әзірлемелер, оқұ бағдарламалары, мақалалар, баянға қазақ музыкасын өңдеулер, аудармалар (150 жақын), қазақ халық аспаптар оркестріне 30-дан астам аранжировкалар мен аспаптаулар. Олардың ішінен оқу құралдары: Сырнай-баян үйрену мектебi (авторластар: Т.Алыбаев, Т.Мұстафина, З.Смақова). Оқу қуралы. Алматы, 2003; Сырнай уйренудiң бастапкы курсы. Оку куралы. Алматы, 2003; (авторлас: З.Смақова). Қазақ орта мектебінің бастауыш сыныптарында сырнайдың сүйемелдеуiмен ән үйрету жөнiндегi оқулык-әдiстемелiк құралы. Сорос-Қазақстан қоры. Алматы, 1997; Қазақтың халық әндерi (құрастырылған, өңделген және сырнайға лайықталған хрестоматия. 150 бет. Қолжазба Талдықорған университетiнiң кiтапханасында; Сырнайға лайықталған қазақ музыкасының хрестоматиясы. Хрестоматия, 230 бет. Қолжазба Талдықорған университетiнiң кiтапханасында.
Мұқаметқазықызы Айман. 2001 ж. 6 тамызда туған. 2008 ж. – К.Байсейітова атындағы РОМММ-нің 3 сыныбына оқуға қабылданған, бүгінгі таңда баян класы бойынша 10 «А» сыныбында оқиды (мамандық О.А.Абдуллаевтан). Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаты: «ART OLYMPIA» балалар және жасөспірімдер шығармашылығы халықаралық фестиваль-конкурсы, Түркия, 1 орын, 2013 ж.; «ҚР дарынды балаларға арналған орта мамандандырылған музыка мектептері оқушылары- жас орындаушыларының II Республикалық конкурсы», Алматы қ., Гран-при, 2014 ж.; баян-аккордеоншылардың Халықаралық конкурсы, Харбинь қ., ҚХР – 2 орын, 2014 ж.; А.Жұбанов атындағы мектептің 50 жылдығына арналған, Қазақстан жас орындаушылары Халықаралық конкурс-фестивалі, Алматы қ., Гран-при, 2014 ж.; пианистердің халықаралық конкурсы , Италия, 1 орын, 2015 ж.; «ҚР дарынды балаларға арналған орта мамандандырылған музыка мектептері оқушылары жас орындаушыларының IV Республикалық конкурсы», Алматы қ., 1 орын, 2016 ж.; ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, А.Жұбанов атындағы жас орындаушылар Халықаралық конкурсы, Алматы қ., 3 орын; Құрманғазы атындағы ҚҰК-дағы Республикалық конкурс, Алматы қ., 1 орын, 2016 ж.
Мұхатжанов Әкім Магауович. 1957 ж. 16 маусымда Новосібірде туған. Педагог, дирижер. 1975 ж. – Қарағандының арнайы музыка мектебін (Е.Д.Чупровтың баян класын), 1980 ж. – Алматы консерваториясын (Д.Х.Тұяқбаевтың баян класын және О.Я.Готманның оркестрді дирижерлау класын) бітірген. 1980-82 жж. – Ортаазиялық әскери округінде ән-би ансамблінің баяншысы. 1982 ж. – Талдықорған музыка училищесінде баян мен дирижерлау класының оқытушысы, баяншылар оркестрінің жетекшісі. 1986 ж. – Алматы музыка училищесінде дирижерлау және аспаптау класының оқытушысы. 1987-97 жж. – студенттік қазақ халық аспаптары оркестрінің дирижері (республикалық байқауының лауреаты, 1992). 2000 жылдан Астана мемлекеттік үрлеу және симфониялық оркестрлерінің дирижері. Шығармалары: оқу бағдарламаларын құрастыру, қазақ халық аспаптар оркестрлеріне ыңғайлаулар; күйлерді өңдеу.
Нарымбетов Ғалымжан Маратұлы. 1985 ж. 7 шілдеде Ақтай қаласында туған. 1994-2003 жж. – А.Жұбанов атындағы РАММ-те баян мамандығы бойынша С.Т.Қожахметов класынан дәріс алған. Мектепті оқытушы З.Н.Смақовадан бітірген. 2003-07 жж. – Құрманғазы атындағы ҚҰК-нда оқыған (А.М.Гайсиннің класы). 2009-11 жж. – Құрманғазы атындағы ҚҰК-нда магистратурада оқыған (баян класы бойынша А.М.Гайсин), (ғылыми жетекшісі Ғ.З.Бегембетова). Көптеген конкурстардың лауреаты: «Шабыт» жас орындаушылар халықаралық конкурсында К. Ошлаков атындағы атаулы сыйлықтың иегері, 2002 ж. Астана қ.; Құрманғазы атындағы Республикалық конкурс лауреаты, 2006 ж. Астана. 2 орын; «Сitta di lanciano» 2006 ж. Италия, 2 орын; «Шабыт» жас орындаушылар халықаралық конкурсы, 2011 ж. Астана, 2 орын; «Аккордеон плюс» Бүкілресейлік Халықаралық конкурс, 2016 ж. Ресей, Ростов на Дону қ.диплом; «Кубок мира» Халықаралық конкурсы, 2016 ж. Ресей, Ростов на Дону, диплом; Халықаралық конкурс LeMonDore, 2017 ж. Франция, классика номинациясы, 1 орын, «варьете» номинациясы Гран-при; Құрманғазы атындағы Республикалық конкурс лауреаты, 2017 ж. Астана, 1 орын; Халықаралық конкурс «Кубок мира» 2017 ж. Италия, Озимо, диплом. Жұмыс орны: А.Жұбанов атындағы РССМШ педагог. «Алматы ауендері», «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамбль. Осы ансамбль құрамында Франция, Германия, Италия, Испания, Босния-Герцоговина, Румыния, Туркия, Корея, Қытай, Ресей, Башкортостан, Қырғызстан, Өзбекстан, ОАЭ, Оман, Монако, Филиппины, Малайзия елдерінде гастрольдік сапармен болған.
Нарымбетов Марат Құрманбайұлы. 1960 ж. 10 желтоқсанда Қызылорда қаласында туған. Педагог. 1984 ж. – Шымкент музыка училищесін баян класынан бітіріп, 1989 ж. – Қызылорда педагогикалық институтының музыкалық факультетін бітірген (Н.А.Быковскихтің баян класын). 1989 жылдан Н.В.Гоголь атындағы «Музыка-педагогика факультетінде» оқытушы болып жұмыс жасап келеді. 1994 ж. – Алматы қаласының мемлекеттік Қыздар педагогика институтына сырттай аспирантурасына түсіп «Қазақ халқының музыкалық фольклоры негізінде оқушылардың ұлттық танымы қалыптастыру жолдары» тақырыпта ғылыми дессертациясын жазып (ғылыми жетекшісі Т.А.Қоңыратбай), диссертация тақырыбына байланысты 25 ғылыми мақалалары Республикалық журналдарда жарық көрді. 3 халықаралық мақала, 2 оқулық шығарды. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Музыкалық білім және дәстүрлі музыкалық өнер кофедрасының доценті. «Дидар» фольклорлық этнографиялық ансамблінің мүшесі, 2005 ж. Оңтүстік Корея, Түркия мемлекетіне фестивальге қатысты. Педагогикалық жұмыс үдерісіне орындаушылық шеберлік номинациясында 3 лауреат дайындаған.
Наумова-Печенкина Ольга Васильевна. 1960 ж. 7 тамызда Алматыда туған. Педагог. 1979 ж. – Алматы музыка училищесін (В.Т.Маркиннің баян класы), 1984 ж. – Алматы консерваториясын (А.М.Гайсиннің баян класын) бітірген. 1984-86 жж. – Талдықорған музыка училищесінде баян класының оқытушысы. 1986- 1989 – Алматының №6 БММ оқытушысы. 1989-91 ж. – Краснодар өлкесіндегі Майкоп өнер колледжінің оқытушысы. 1991 ж. – Алматының №9 БММ және №44 гимназиясының оқытушысы.
Николаиди Николай Израилович. 1943 ж. 12 мамырда Грузияда Боржоми ауданының Бакуриани ауылында туған. Орындаушы, дирижер, композитор, педагог. 1949 ж. отбасымен Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласына көшіп келген. 1955 ж. – БММ-нің баян класына қабылданған (Г.А және А.С. Пановтар баян класы). 1960 ж. – Шымкент музыка училищесіне түскен (оқытушы Г.Ф.Плотников баян класы). 1962 ж. – Октябрь революциясы атындағы Мәскеу музыка-педагогикалық училищесіне ауысады (А.А.Сурков баян класы). Училищені аяқтаған соң, 1963 ж. жолдамамен Шымкент музыка училищесіне жіберіледі. 1966 ж. Мәскеуге қайта оралып, Мәскеу жанындағы Томилино қаласындағы музыка мектебіне жұмысқа орналасады. 1968 ж. Ростов музыкалық-педагогикалық институтына оқуға түсіп, (В.А. Семенов баян класы), 1969-73 жж. – Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясына ауысады (В.С.Басаргин баян класы, арнайы дирижерлау Ш.С.Қажығалиев класы). Дирижер ретінде өзге ұжымдардың жетекшілерімен бірлесіп, балалар операсы қойылған: Бойко – Песенка в лесу, Вайсберг – Гуси-лебеди. Аталған қойылымдар Шымкент қаласындағы балаларға арналған Орыс драма театрында қойылған. 1977-90 жж. – Сухуми (Абхазия) Аракишвили атындағы музыка училищесінің баян-аккордеон класы бойынша оқытушысы және халық аспаптар бөлімінің меңгерушісі. 1990 ж. – тұрақты тұру үшін Греция еліне көшіп кетіп, Патра қаласында мамандығы бойынша өз жұмысын жалғастырған. 2009 жылдан зейнеткер. Баянға арналған шығармалары: Прелюдия және фуга, Концертное аллегро, Вальс №1, Вальс№2, Скерцино, Юмореска, Галоп, Концертный кюй №1, Концертный кюй «Достык», Концерттік күйлер №2, №3, №4, №5, №6. «Сюита для баяна», «Концерт для баяна». Жинақтар: «Концертный репертуар абхазской музыки для баяна-аккордеона». «Фортепианоға арналған шығармалары: Симфониялық оркестр мен фортопианоға арналған №1 Концерт. Фортопианоға арналған №2 концерт (клавир), Фортопианоға арналған №3 концерт (клавир). Өңдеулері: Чабан (пастуший наигрыш), Карело-финская полька, Кочари (танец понтийских греков), Поппури на две грузинские темы, Шалахо (армянский танец), Қамажай (қазақ халық әні), Би (Х.Тастановтың «Би» күйіне өңдеу), Кеңес – күй.
Нүркебекова Ләззат Сағымбайқызы. 1990 ж. 27 қазанда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Қаракемер ауданында дүниеге келген. 2001-06 жж. – М.Төлебаев атындағы музыка мектебінде баян класын (оқытушысы М.Д.Сыздықова), 2006-10 жж. – Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің баян класын (оқытушысы Д.С.Ахметова), 2010-14 жж. – Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын баян класы бойынша (оқытушысы С.Т.Қожахметов) оқып, «Дәстүрлі музыка өнері» мамандығы бойынша бітірген. 2014-17 жж. – Байзақ ауданы Сарыкемер ауылындағы К.Әзірбаев атындағы балалар музыка мектебінде ұстаздық қызмет етті. 2014 жылдан Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінде баян класынан сабақ береді. 2017 жылдан «Қобыз-баян» пәндік циклдік комиссиясының меңгерушісі. Музыка туралы мақалалардың авторы, облыстық, қалалық әкімшілік тарапынан бірнеше рет Құрмет грамота, Алғыс хаттармен марапатталған.
Нұрланов Олжас. 1999 ж. 17 шілдеде туған. Қазіргі уақытта Павлодар қаласындағы «Дарынды балаларға арналған музыка колледжі-музыка мектеп-интернаты» кешені» ММ-нің IV курс студенті (оқытушы Д.Р.Султанов класы). Бала күнінен конкурстар мен фестивальдерге қатысып, концерттер беріп жүреді. Көптеген халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты, атап айтқанда: ТМД елдері қатысушыларының арасындағы Дельфи ойындары (2012 ж., алтын медаль, Астана қ.); Тяньцзынь қаласындағы баян-аккордеон орындаушыларының халықаралық конкурсы (2012 ж., I орын, Қытай); Н.И.Белобородов атындағы халықаралық конкурс (2013 ж., I орын, РФ Тула қ.); «Прикамье-2014» халық аспаптар орындаушыларының IV халықаралық конкурсы (2014 ж., I орын, РФ Пермь қ.); баян-аккордеон орындаушыларының халықаралық конкурсы (2014 ж., Гран-При, РФ Тюмень қ.); «Друг баян»баян-аккордеон орындаушыларының IVхалықаралық конкурсы (2015 ж., Гран-При, РФ Курган қ.); «Каспийская волна» халық және ұлттық аспаптарда орындаушылардың ІІ халықаралық конкурсы (2015 ж., I орын, РФ Астрахань қ.); «От Рождества к Рождеству» ХІІ халықаралық конкурс-фестивалі (2015 ж., I орын; ансамбль құрамында Дария Казбековамен бірге (фортепиано)- I орын, РФ Барнаул қ.); Н.Л.Тулунина атындағы Ашық Бүкілресейлік жас орындаушылар фестиваль-конкурсы (2016 ж., Гран-При, РФ Красноярск қ.); «Goldaccordion» І ашық республикалық эстрадалық конкурс (2016 ж., Гран-При, Астана қ. ); «Кубок Урала» халық аспаптарында орындаушылардың І халықаралық конкурсы (2016 ж., Гран- При, РФ, Магнитогорск қ.); «Астана-Мерей» ХІІ халықаралық конкурс (2016 ж., I орын, Астана қ.); «Еуразия кубогі» баян және аккордеонда орындаушылардың I халықаралық конкурсы (2017 ж., I орын, Атырау қ.); Клингенталь қаласындағы баян және аккордеон орындаушыларының халықаралық конкурсы (2017 ж., II орын, Германия).
Омарова Әсел. 1998 ж. 23 шілдеде туған. Орындаушы. 2005-14 жж. – ҚазҰӨУ жанындағы мектепте (Г.С.Ефременко аккордеон класы) оқыған, 2014 жылдан бері – Астана қаласы ҚазҰӨУ жанындағы колледжде оқиды (Г.С.Ефременко аккордеон класы). Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты: «Астана-Мерей» ІІІ халықаралық жас орындаушылар конкурсы (2007 ж., 2 орын, ҚР, Астана қ.), международный конкурс молодых исполнителей «Астана-Мерей» VII халықаралық жас орындаушылар конкурсы (2011 ж., 3орын, ҚР, Астана қ.), ТМД елдері-қатысушыларының арасында VII жастар Дельфи ойындары (2012 ж., қола медаль, ҚР, Астана қ.), В.Ф.Беляков сыйлығына баян, аккордеонда және ұлттық гармоникада орындаушылар арасындағы І халықаралық конкурс (2013 ж., 1орын, Башкортостан, Уфа қ.), «Астана-Мерей» жас орындаушылардың IX халықаралық конкурсы (2013 ж., 1 орын, ҚР, Астана қ.), «Весенние голоса» IV мәскеулік халықаралық баян мен аккордеонда жас орындаушылар конкурсы (2014 ж., 3 орын, РФ Мәскеу қ.), «Каспийская волна» орыс халық және ұлттық аспаптарында орындаушылардың II Ашық халықаралық конкурсы (2015 ж., 3 орын, РФ Астрахан қ., РФ), XXXVII Республикалық музыка колледждері арасындағы конкурс (2016 ж., 2 орын, ҚР Астана қ.), А.Жұбанов атындағы Халықаралық жас орындаушылар конкурсы (2016 ж., Гран-При, ҚР Алматы қ.), «Еуразия кубогі» баян-аккордеонда орындаушыларының I халықаралық конкурсы (2017 ж., 3 орын, ҚР Атырау қ.).
Остриков Сергей Анатольевич. 1959 ж. 28 сәуірде Орал қаласында туған. Орындаушы, педагог, әдіскер. 1975 ж. – Орал музыка училищесін (Н.Г.Новиньковтың баян класын), 1984 ж. – Алматы консерваториясын (А.М.Гайсиннің баян класын) бітірген. 1984-85 жж. – ОАӘО (САВО) ән-би ансамлінің концертмейстері. 1985 жылдан оқытушы, 1991 жылдан Орал музыка училищесінде орыс халық аспаптар бөлімінің меңгерушісі. Облыстық және республикалық конкурстардың тұрақты әділқазы мүшесі. Колледждегі және қалалық орыс халық аспаптар оркестріндегі жұмысын қатар атқараып келеді. Білім беру министрлігі және ҚР Ғылым академиясының грамоталарымен марапатталған. Бірнеше оқушылары республикалық және халықаралық конкурстардың дипломанты және лауреаты атанған.
Отарбаев Равиль Амангельдинович. 1978 ж. 30 қыркүйекте Семей облысында туған. Орындаушы. 1996 ж. – А.Жұбанов атындағы РОАММИ (С.Т.Қожахметовтың баян класын), 2001 ж. – Алматы консерваториясын (З.Н.Смақованың баян класын) бітірген. Халық аспаптарда жас орындаушылардың республикалық байқауының лауреаты (III орын, Көкшетау, 1995), Астанада Құрманғазы атындағы 1 халықаралық байқауының лауреаты (II сыйлық, Астана, 1998), «Шабыт» халықаралық байқаудың лауреаты (III сыйлық, Астана, 1999). 1996-2001 жж. – Құрманғазы атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінде баяншылар тобының концертмейстері.
Ошлаков Константин Кириллович. 1916 ж. 5 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Зырьян қаласында туған. 1987 ж. 25 тамызында Алматыда қайтыс болған. Орындаушы, педагог, әдіскер, композитор. Қазақстанға еңбегі сіңген мұғалім (1961). 1934-39 жж. – Томск музыка училищесін (А.Н.Рожковтың, И.П.Дорофеевтың баян класын), 1950 ж. – Алматы консерваториясының музыка теориясы факультетін бітірген. 1939 жылдан Абакандағы Хаккас радиокомитетінің солистісі, Красноярск, Ачинск, Минусинск, Черногорск қалаларына гастрольдерге шыққан. 1940 ж. – Алматы Қазақ радиокомитетінің жеке орындаушы және концертмейстері. 1941 ж. бастап – халық аспаптар бөлімнің меңгерушісі әрі оқытушысы (1962), П.И.Чайковский атындағы Алматы музыка училищесінде ұйымдастырушы әрі жетекші бола жүріп, 1 қазақстандық сырнайшылар оркестірін басқарған. 1941-44 жж. – Қазақстан мен Өзбекстан қалаларында Мосфильм мен опера театрының әртістерімен бірігіп, үлкен қонцерттік бағдарламалар жүргізген. 1946 жылдан В.К.Ошлаков пен Б.А.Кусковпен, 1950-59 жж. – В.С.Басаргин мен Н.Васильевпен бірге трио болып өнер көрсеткен. Репертуарларында Глинка, Бизе, Дунаевский, Хамиди, Даулеткерей, Құрманғазы, Дайрабай және басқа шығармалары. Көрнекті әншілер Е.Өмірзақов, Қ.Жандарбеков, К.Байсейітова, Р.Қойшыбаева, Б.Досымжанов, домбырашылар Қ.Жантілеуов, Н.Тілендиев және басқалармен қызметтес болып, концерттік эстрадаға ұлттық репертуар жасаған. 1961 ж. – Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының оқытушы, 1967 ж. – доценті, 1983 ж. – халық аспаптар кафедрасының профессоры. Баяншылар байқауының лауреаты (1 орын, Красноярск, 1939). Оқушылары арасында: ҚР Халық әртісі Әлібек Днишев (БММ, 4 сынып), ҚР еңбегі сіңген қайраткері, композитор, Алматы консерваториясының профессоры А.В.Бычков; ҚР Еңбек сіңірген артистері Х.Абуғалиева, Сүйіндікова, Х.Байсаринов; Алматы консерваториясының доценттері Ф.В.Легкунец, В.С.Басаргин, Л.С.Быкова; Минск консерваториясының доценті А.В.Мамонтов, Ош пед. институтының доценті Г.Шмаков, Қызылорда пед. институтының доценттері Н.Л.Быковских пен М.В.Быковских; Абай атындағы МАОБТ дирижері Р.Садыкова; музыка училищелерінің оқытушылары: И.Т.Ваничкин, В.А.Бриков, А.И.Астахов, Г.А.Пампуха, А.В.Канунников, А.П.Жданов (Киев), Г.Шолпаков, А.Я.Травков, А.Е.Ивакин, Ю.Калашников (Порт Мурманск), И.Ваганов, Р.Г.Заиров, И.И.Алейников, А.Ф.Подольский және басқалар; Қазақ мемлекеттік қыздар пед. институтының оқытушылары: А.Ш.Исағұлова, Г.А.Оразханова, Д.Р.Рахимжанова, Г.Биғалиева, Г.Қарамолдаева, С.Г.Колокольников және басқалар; БММ оқытушылары: Д.Е.Гриншпун, Г.М.Ткаченко, В.М.Астраханцев, В.В.Моисеенко, А.И.Буртовой, А.Я.Стуров, Э.В.Рашевская, В.И.Цулин, П.П.Коротченко, А.В.Лазутин, А.П.Миронов, В.В.Легкунец, М.Л.Курышкина, Б.А.Кусков, В.Д.Козлов, А.И.Реснянский, К.К.Южанин, В.В.Солодников, В.И.Пестов және басқалар. Шығармалары: кешенді оқу әдістемесіне негізделген және қазақ музыка материалдарынан құрылған төрт бөлімдік баянда ойнау мектебі (1959- 79 жж.), баянға арналған авторлық шығармалар: қазақ тақырыптарына жазылған сюита, фантазиялар, «Тыңда» сюитасы, қазақ марштары және басқа пьесалар, этюдтер (160), халық күйлер, өлеңдер мен билерді өңдеулер (300), репертуарлық жинақтар, оқу бағдарламалары мен әдістемелік кітапшалар. Константин Кириллович көптеген марапаттар иесі атанған, солардың ішінде: «За доблестный труд в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» медалі;«30 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» медалі; «40 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» медалі; «За доблестный труд в ознаменование 100-летия со дня рождения В.И. Ленина» медалі; «Ветеран труда» медалі. Төсбелгілері: «За заслуги перед Республикой»; «За отличную работу» – Министерства культуры СССР – 1960 ж.; «Отличник Министерства просвещения КазССР» – 1960 ж.; «Отличник культурного шефства над вооруженными силами СССР» – ЦК профсоюза работников культуры – 1961 ж. сынды марапаттармен марапатталған.
Ошлаков Сергей Константинович. 1950 ж. 23 қарашада Алматыда туған. Педагог, орындаушы. Бастапқы музыкалық білімді әкесі К.К.Ошлаковтан алып, 1971 ж. Алматы музыка училищесін (Р.Г.Заировтың баян класын), 1982 ж. – Алматы консерваториясын (В.С.Басаргин, В.Ф.Ячменев, О.А.Абдуллаевтың баян класын) бітірген. 1973-83 жж. – Қазақ мемлекеттік филармониясының солистісі және сүйемелдеушісі, сонымен қатар Алматы БММ оқытушысы. Балалар аудиториясы алдында музыкалық лекторийлар өткізіп, баян өнерінің даму тарихы тақырыбына дәріс-концерттермен өнер көрсеткен. 1974-82 жж. – «Вечерняя Алма-Ата» газетінің штаттан тыс корреспонденты болды, «Ленинская смена», «Советская культура» газеттеріне мақалалар жазған: орындаушы музыканттарға анонстар мен сын мақалалары, баяншылар гастрольдері, очерктер мен мақалалар (жариялымдар жайлы А.Басурмановтың «Баяншы анықтамалығында» айтылған). 1983-89 жж. – Республикалық оқушылар сарайында эстетикалық тәрбие бөлімінің меңгерушісі, 1982-87 жж. – қосымша Қазақ Қыздар педагогикалық институтында баян класының оқытушысы. 1989 ж. – Ленинград облыстық атқару комитетінің Мәдениет басқармасының, Ленинград облысы Өкіметіне қарасты Мәдениет комитетінің шақыруымен облыс мәдениет мекемелерінде әкімшілік лауазымдарда жұмыс жасаған: ауылдық Мәдениет үйінің директоры, клуб бірлестігінің директоры, аудандық МҮ директоры, аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, «Культура-сервис» МК-ң бөлім бастығы, директордың орынбасары, «Метелица» орыс халық аспаптары Мемлекеттік оркестрінің көркемдік-қойылымдық бөлімінің меңгерүшісі, Ленинград облысы мәдениет Комитетінің облыстық ғылыми-әдістемелік Орталығында әдіскер болып істеген.
Өмірғали Баубек. Атырау қаласында 1996 ж. дүниеге келген. 2011 ж. Н.Тілендиев атындағы Кіші Өнер Академиясының 9 сыныбын тәмамдап, сол жылы «Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжіне «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» Е.Ә.Камалиденовтың класына түсіп, 2015 ж. аяқтады. Сол жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясына түсіп, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор А.М.Гайсиннің класында дәріс алуда. Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты: Республикалық Дельфи ойындары – II орын, 2011 ж.; Республикалық Дельфи ойындарында – Алтын медаль иегері, Алматы қаласы, 2013 ж.; Республикалық колледжаралық конкурстың лауреаты, ІІІ орын, 2014ж; Халықаралық Дельфи ойындарының лауреаты, Волгоград қаласы, 2014; Республикалық Кіші олимпиада, 1 орын, 2015 ж; «Citta di Lanciano» Халықаралық конкурсы, 1 орын, Италия, Ланчано қаласы, 2014; Республикалық Үлкен олимпиада – 1 орын – 2016 ж.; «Еуразия кубогы» Халықаралық конкурсы, Гран-При, Атырау, 2017.
Павлов Анатолий Александрович. 1941 ж. 6 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Большенарым ауданының Усть-Нарым поселкесінде туған. Орындаушы, педагог. 1961 ж. – Өскемен музыка училищесін (Г.Ф.Плотниковтың баян класын), 1975 ж. – Өскемен педагогикалық институтының музыкалық факультетін (Ю.В.Крутиковтың баян класын бітірген. 1975-80 жж. – Өскемен педагогикалық институтының музыкалық факультетінде баян класының оқытушысы. 1980 ж. – Өскемен музыка училищесінде баян класының оқытушысы. 1981-90 және 1995- 97 жж. – Өскемен музыка училищесінде халық, 1967-70 жж. – Шығыс Қазақстан филармониясында жеке орындаушы және сүйемелдеуші болған.
Петренко Адольф (Вадим) Андреевич. 1937 ж. 14 сәуірде Украин КСР Донецк облысында туған. 1996 ж. қайтыс болды. Педагог, орындаушы. 1957 ж. – Челябинск музыка училищесін, 1962 ж. – Құрманғазы атындағы Алматы өнер институтын (Ф.В.Легкунецтың баян класын) бітірген. 1960 ж. – Құрманғазы атындағы мемлекеттік халық аспаптары оркестрінің солистісі-баяншысы, сол уақытта Алматы өнер институтында және музыка училищеде баян класының оқытушысы. Қазақстандағы Н.Я.Чайкиннің симфоникалық оркестріне қосыла баянның №1 концертінің ең бірінші орындаушысы. 1963-78 жж. – Алматы музыка училищесінде орыс халық аспаптар бөлімінің меңгерушісі. 1979-96 жж. – Украин КСР Дрогобыч музыка училищесінің оқытушысы. Оқушылары арасында: А.С.Зацепилов, Ж.Ж.Сарсембенов және т.б.
Петров Владимир Алексеевич. 1954 ж. 6 қыркүйекте туған. Орындаушы. 1973 ж. – Алматы музыка училищесін бітірген. 1973-85 жж. – КСРО МҚК Қызыл ту орденді Шығыс шекаралық округінің ән-би Ансамблінде оркестрдің солистісі-баяншысы.
Подолян Виктор Иванович. 1951 ж. 18 маусымда туған. Педагог, дирижер. 1971 ж. – Петропавл музыка училищесін (Л.А.Демиденконың баян класын), 1978 ж. – Уфаның өнер институтын (Е.С.Тейтельманның баян класын), 1994 ж. – Гнесиндер атындағы ММПИ (халық хорының дирижері бөлімі) бітірген. 1978-79 жж. – ӘО жанындағы ән-би ансамблінде қызмет. 1979 жылдан Петропавл музыка училищесінде баян класының оқытушысы, жұмысты әртүрлі көркемдік өнерпаздар ұжымдары, халық өлеңдері ансамльдердегі жұмыстарымен ұштастырады. 1994 ж. – теміржолшылар МҮ халық хорының солистісі және дирижеры, сонымен қатар қызметін Петропавл өнер колледжінде оқытушылықпен ұштастырады.
Полатов Талгат Қуатбекұлы. 1976 ж. 19 мамырда Шымкентте туған. 1995 ж. – Шымкент музыка училищесін, 2000 ж. – Алматы консерваториясын (А.М.Гайсиннің баян класын) бітірген. Республикалық жас орындаушылар байқауының лауреаты (3 орын, Көкшетау, 1995), «Шабыт» фестивалінің дипломанты (Астана, 1998), «Шабыт» фестивалінің лауреаты (1 орын, Астана, 1999).
Полянский Александр Гаврилович. 1938 ж. Шымкентте туған. Орындаушы, педагог, әдіскер. 1962 ж. – Шымкент музыка училищесін (Г.Ф.Плотниковтың бірінші түлегі), 1969 ж. – Қазан консерваториясын (Н.А.Черняевтың баян класын) бітірген. 1961 ж. – Оңтүстік Қазақстан музыка колледжінің баян-аккордеон класының оқытушысы, бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарған. 1960-80 жж. – А.Г.Полянскиймен училище дуэтінде, 70-ші жылдары – баяншылар квартетінде өнер көрсеткен. 1975 ж. – Н.И.Николаиди, В.В.Литвинов, А.Г.Полянский, С.Т.Қожахметов құрамындағы квартетте Алматыда есептік концертке қатысқан. Жүзден астам түлектер шығарған, олардың көбісі музыкалық жоғары оқу орындарын бітіріп, Қазақстанда және одан тыс жерлердегі қалаларда еңбек етіп жатыр. Оқушылары арасында: Жезқазған мен Алматы музыка колледждерінің директоры С.Т.Қожахметов, республикалық байқауларының лауреаты А.Абишев және басқалары. 1986 ж. – «оқытушы-әдіскер» категориясы берілген. КСРО жоғары және орта білім Министрлігінің «Орта арнайы білім беруде өте жақсы жетістіктері үшін» белгішесімен марапатталған (1987).
Пронин Николай Петрович. 1956 ж. 1 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының Явленка ауылында туған. Педагог, орындаушы, әдіскер. 1976 ж. – Петропавл музыка училищесін (Л.А.Демиденконың баян класын), әскер қатарынан қайтып келген соң Новосібір консерваториясын (А.А.Ручик пен А.В.Крупиннің баян класын) бітірген. Петропавл қаласында қалалық Пионерлер сарайында музыкалық студия басшысы, облыстық филармониясының концертмейстері, БММ оқытушысы, Петропавл өнер колледжінде баян-аккордеон класының және оқыту әдістемесінің оқытушысы.
Простомолотов Евгений Иванович. 1952 ж. 29 қаңтарда Алматыда туған. Орындаушы, педагог, әдіскер, дирижер. 1991 жылдан ҚР Музыка қайраткерлері қоғамының мүшесі. 1977 ж. – Алматы музыка училищесін (К.К.Ошлаковтың баян класын), 1985 ж. – Кыргыз Мемлекеттік институтын (В.П.Бондаренконың баян және дирижерлау класын) бітірген. 1977 жылдан Қазақ Мемлекеттік қуыршақтар театрының концертмейстері, театрдың және «Қазақконцерттің» концерттік бригадалар құрамында Қазақстан бойынша гастрольдерге шыққан, ҚР Халық әртістері Р.Бағланова мен М.Мұсабаевқа музыкалық сүйемелдеуші болған. 1981 жылдан Алматы балалар мен жастар шығармашылық Орталығында орыс халық аспаптары балалар оркестрінің жетекшісі болған. И.Я.Паницкийге арналған 1 Бүкілодақтық баяншылар мен аккордеоншылар фестивалінің лауреаты (III дәрежелі диплом, Бішкек, 1991); орыс халық аспаптары балалар оркестрі – Я.Ф.Орланский-Титаренкоға арналған халық аспаптарда орындаушылардың халықаралық фестивалінің лауреаты (1дәрежелі диплом, Бішкек, 1992). Алматы орталық концерттік залдарында оркестрдің концерттері өтті. Қазақ радиосында, теледидарда жазбалары бар. Шығармалары: орыс халық аспаптары оркестрлері үшін – «Музыка степи» (1992), өңдеулер, лайықтаулар, баянға өңдеулер, соның ішінде М.Шишкиннің «Ночь светла» өлеңі тақырыбына вариациялар (1981), «То не ветер ветку клонит» өлеңің өңдеу (1993); «Семь сорок» еврей халық өлеңі тақырыбына екі баян үшін вариациялар (1992), «Қала бағында» – домбра мен баян үшін музыкалық сүреттеме (1995); орыс халық аспаптары оркестрлері, ансамбльдер үшін өңдеулер мен лайықтаулар; вокалдық шығармалар; баспадан шыққан әдістемелік оқу құралдары: «Халық аспаптарының балалар оркестрі» – А., 1992; «Играй, оркестр». – А., 1992; «Константин Ошлаков» (ұстаз туралы естеліктер) – А., 1992; баспасөз бетінде және «Семь нот» журналында мақалалар, очерктер, «Дружные ребята» газетінде «Музыкальная выставка ЛОТО» рубрикасының авторы және жүргізушісі (1989-1990). ҚР білім беру үздігі, ҚР еңбегі сіңген қайраткер.
Пуатұлы Данияр. 1994 ж. 25 тамызда ҚХР-нда туған. 2014 ж. – Алматы қаласы К. Байсейітова атындағы РМММ педагог О. Абдуллаевтың баян класынан бітіріп, сол жылы Гнесиндер атындағы РАМ доцент А.Гатауллиннің класына оқуға қабылданған. Пуатұлы Данияр көптеген республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты: Республикалық конкурс «Musicforum» – 3 орын, 2009 ж.; А.Жұбанов атындағы халықаралық конкурс – 1 орын, 2011 ж.; 43 Республикалық конкурс – Гран-при 2012 ж.; Халықаралық конкурс Италия – Диплом 2015 ж.; Халықаралық конкурс, Мәскеу қ. – 3 орын 2016 ж.; Халықаралық фестиваль-конкурс, Химки қ. – 2 орын 2016 ж.; Халықаралық конкурс «AccordeOpale», Франция – 3 орын 2016 ж.; Халықаралық конкурс «Etoiles Sancyberie», Франция – 1 орын 2016 ж.
Раева Бихан Раевна. 1942 ж. 18 қарашада Алматы облысы бұрынғы Кеген ауданында туған. Педагог, әдіскер. 1966 ж. – Алматы консерваториясын бітірген (В.С.Басаргиннің баян класын). 1966 ж. – оқытушы, 1987 жылдан Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында халық аспаптар кафедрасының меңгерушісі, доцент, 2003 жылдан осы институттың профессоры. 1987 жылдан «Ұлар» фольклорлық-этнографиялық ансамбльдің көркемдік жетекшісі (Түркиядағы фольклорлық музыкасы халықаралық фестивалінің лауреаты (1992), «Наурыз» фестивалінде Гран-При (1998); ансамбльмен ТМД елдерінде, Моңғолияда гастрольдерде болған. Басылымнан шыққан шығармалары: «Халық аспаптар оркестріндегі сырнайдың рөлі» әдістемелік өңдеу, МинВУЗ, 1985; «Күйлерді орындауда әдістемелік ұсыныстар», 1986; «Напевы сырная» монографиясы, 1992; «Өлең айтайық, алақай» оқу-әдістемелік құралы А., 1987; «Көнiлдi әуендер» А., 1988; «Айдыныңда жүзген аққулар», А., 1996; мерзімдік басылымдардағы мақалалар. «Еңбек ардагері» медалімен, «Жоғары оқу үздігі» төсбелгісімен марапатталған.
Раисов Оразбай Фазылұлы. 1956 ж. 10 сәуірде Гурьев қаласында дүниеге келген. 1973-79 жж. – Гурьев музыка училищесінде оқып, баян класынан бітірді. 1979-82 жж. – Гурьев қалалық музыка мектебінде оқытушы болып еңбек етіп, баян класынан дәріс берді. 1982-86 жж. – Гурьев педагогикалық институтының музыка факультетінде оқыды. 1986-91 жж. аралығында – Атырау қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте музыка пәнінің мұғалімі болып еңбек етті. 1991-2001 жж. – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде аға оқытушы, музыка факультеті деканының орынбасары, кафедра меңгерушісі, доцент. 1993-97 жж. – Мәскеу қаласы Ресей Білім Академиясының Эстетикалық Тәрбиені зерттеу орталығында ғылыми ізденуші. 1997 ж. – «Синтез музыки и поэзии как фактор развития музыкальной культуры подростков в иноязычных школах Казахстана» атты тақырыпта ғылыми дисертация қорғап, Педагогика ғылымдарының кандидаты атанды. 1996 ж. – Қазақстан Республикасының Білім министрлігінің Құрмет Грамотасымен марапатталды. 2001-14 жж. – «Доссормұнайгаз» мұнайгаз өндіру басқармасының Мұнайшылар мәдениет сарайының директоры қызметін атқарды. 2014 жылдан Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде Спорт және өнер факультетінің «Музыка және өнер» кафедрасында доцент. Шығармашылығы: Атырау композиторларының әндерін насихаттап, халыққа таныту мақсатында 1999 ж. «Здесь мой край родной», 2000 ж. «Өлке» баспасынан «Атырау – әнім», 2005 ж. «Атырау – арман», 2009 ж. «Ақ жайық», 2010 ж. «Урал» «Жем аруы» атты Атырау композиторларының жеке ән жинақтары, 2000 ж. «Ақ баян» атты жергілікті композиторларының оркестрге өңдеген партитуралары жинағы, 2005 ж. Ұлы Жеңістің 60 жылдығына арнап «От кешкен әндер» жинағы, 2006 ж. И.Жақановтың «Доссор вальсі» атты әндер жинағы шықты, 20-дан астам сырнай аспабына арналған этюдтар, бірнеше өңдеулер, 30-дан астам ән жазды. «Доссорым мұнайлы мекенім», «Мұнайшы аруы», «Зейнеткерлер әні», «Сағыныш назы», «Сәлем саған мектебім», «Менің атам», «Ойыншықтар», «Қошақан» т.б. «Доссор өнерлі өлке» кітабының авторы. Бүкілодақтық және халықаралық байқаулардың лауреаты, Халықаралық Ғалымдар одағының мүшесі. 2013 ж. Мақат ауданының «Құрметті азаматы» атанды.
Романюк Владимир Федорович. 1943 ж. 2 қазанда Краснояр өлкесінің Тюхтет ауылында музыкалық шебер және гармоншы отбасында туған. Орындаушы, педагог, әдіскер. 1963 ж. – Өскемен музыка училищесін (А.В.Белоглазовтың баян класын) бітірген. 1963 ж. – Зайсан қаласында БММ оқытушысы және директоры. 1964-67 жж. – Кизил-Арват қаласындағы гарнизондық Офицерлер үйінде эстрадалық квартеттің жетекшісі. 1968 ж. – Өскемен музыка училищесінде баян, аккордеон сыныптарының оқытушысы. 1975 ж. – Новосібір консерваториясын бітірді (Г.Н.Житихиннің баян класын). 1980 жылдан Шығыс Қазақстан өнер колледжінің директоры. 1983 ж. – Шығыс Қазақстан филармониясы жанынан «Русский сувенир» атты аспаптық ансамбілін құрды. Ансамбілдің құрамында: В. Романюк – аккордеон, И. Миллер – гитара, В. Аксенов – бас. Ансамбльмен бірге Қазақстанда, Алтай өлкесінде гастрольдерде болған. Бұл ансамбль туралы бірқатар теле/ радиохабарлар берілген. Музыка училищелердің оқушыларынан жас орындаушылардың республикалық байқауларында бірнеше рет қазылар алқаларының мүшесі болған. Оқушылары арасында: республикалық байқаулардың лауреаты Н.Бриль (2 орын), С.Мацкевич – республикалық байқауының лауреаты (1 орын, Алматы, 2000), «Шабыт» халықаралық байқауының лауреаты (1 орын, Астана, 2000), О.Левинцева – республикалық байқауының дипломанты, З.Юсупова – республикалық байқауының дипломанты (Астана, 2002). Еңбектері: Әдістемелік оқулық, бірқатар әдістемелік өңдеулер. 1985 ж. – «Оқытушы-әдіскер» дәрежесі берілген.
Руссу Наталья Федоровна. 1970 ж. 24 шілдеде туған. Педагог. Актөбе музыка училищесін аккордеон класы бойынша, Алматы консерваториясын (В.С.Басаргиннің аккордеон класын) бітірген. Баяншылар мен аккордеоншылардың облыстық байқауларының лауреаты. 1994 жылдан Ақтөбе музыка колледждің баян мен аккордеон класының оқытушысы.
Рыжов Евгений Михайлович. 1924 ж. 11 желтоқсанда Мәскеуде туған. Орындаушы, педагог. Махачкалада баян үйірмесінде оқыған. Музыкалық техникумға түсіп, соғыс басталған соң оқуы үзіліп кетті. Майдан әскері қатарында Болгария, Румыния, Югославия, Венгрия, Австрия жерің басып өтті. Жарақаттанып, Болгария госпиталіне түсіп, көркемөнерпаздар үйірмесін басқарған. Жауынгерлер алдында баянда ойнап, әскери әкімшіліктен алғыстар алған. Соғыс біткен соң Североморск қаласында қызмет етіп, Солтүстік флот кемелерінде мәдени-бұқаралық жұмыстардың нұсқаушысы болған. 1947 ж. әскерден қайтып келген соң, 1947-65 жж. – Алматыдағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының баяншы-сүйемелдеуші қызметің атқарған. Е.Брусиловскийдің және симфониялық оркестрдің дирижері Л.Шаргородскийдің шақыруларымен баяншы рөлінде «Березы в степи» кинофильміне түсті. Әртістер бригадаларымен жұмыс жасады. Р.Бағланова, Б.Төлегенова, Ш.Жандарбеков, Ж.Елебеков, Г.Құрманғалиев, Е.Серкебаев, Ү.Тұрдыкұлова, Ж.Омарова, С. және И.Когандар, Р. және М.Абдуллиндер, Б.Жылысбаев және басқа да әртістермен Қазақстанға және одан тыс жерлерге гастрольдерге шыққан. Денсаулығына байланысты Алматы қалалық пионерлер Сарайында баян класының оқытушысы ретінде 1965-95 жж. – жұмыс жасады. 1973 ж. – Парижге бүкіл әлем халықтарының достығы фестиваліне барған. Ұлы Отан соғысына қатысушысы, еңбек ардагері.
Сабыржанов Мидхат Магисұлы. 1940 ж. 25 ақпанда Ойыл ауданы Бабатай ауылында (қазіргі Темір ауданы Қайыңды кеңшары) дүниеге келген. Аталған ауылдан музыка өнерін таңдаған үшеуі болған: А.Бағдаулетов – Алматы консерваториясын бітірген, А.Жұбановтың шәкірті; Т.Есниязов – ішекті контрабас мамандығын меңгерген, Германияда камералық оркестрде ойнаған; М.Сабыржанов – 1962 ж. М.Төлебаев атындағы Семей музыка училищесін баян класы бойынша бітірген. 1962-2006 жж. – Мәдени ағарту училищесінде оқытушылық қызмет атқарған. Үзіліссіз 2015 жылға дейін – А.Жұбанов атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының қазақ халық аспаптар оркестрінде істеген. 1968 ж. – Байғанин оркестрімен Мәскеуде өнер көрсетіп, лауреат атанған (жетекшісі К.Қожанбаев). 1985 ж. – «Жазира» ансамблінің құрамында Мәскеуде концерт берген (жетекшісі А.Бағдаулетов). Барлық оркестрлерде баянның бірінші партиясын орындаған. Отыз жылдан астам ансамбльге жетекшілік жасаған.
Садыкова Раиса Құдайбергенқызы. 1944 жылы Алматы облысында туған. Ол мектеп қабырғасында жүріп аудандық, облыстық конкурстарға қатысып, домбыра аспабында ойнаған. 1959 жылы П.Чайковский атындағы музыка училищесінде К.К.Ошлаковтың баян класынан, дирижерлау мамандығы бойынша Кравцовтың класынан білім алған. 1963 ж. Алматы Қыздар педагогикалық институтына К.К.Ошлаковтың класында түсіп, оқуын Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясына ауысып, жалғастырған. Баян класынан Ф.В.Легкунецте, дирижерлық білімді М.Ә.Әубакіровтан алып, кейін Ф.Мансуровтан дәріс алған. 1969 ж. консерваторияны бітірген соң, еңбек жолын Құрманғазы атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің баяншысы болып бастаған. 1973 жылы Ленинград консерваториясына профессор П.Э.Грикуровтың класына бекітілді. 1975 ж. Абай атындағы ҚМАОБ театрына дирижер болып жұмысқа қабылданған. Р.Садықоваға 1995 жылы ҚР Еңбек сіңірген қайраткері атанды.
Саксонов Валерий Ильич. 1963 ж. 7 қарашада Қостанай облысының Рудный қаласында туған. Орындаушы, педагог, дирижер. 1983 ж. – Рудный музыка училищесін (В.Л.Макаровтың баян класын), 1998 ж. – Челябинск өнер мен мәдениет институтын (В.П.Лаврушиннің баян класын) бітіріп, 2000 ж. – Челябинск өнер мен мәдениет Академиясында ассистентура-стажировкадан өткен (жетекшісі В.П.Лавришин). 1983-97 жж. – Қостанай мемлекеттік филармониясында жеке орындаушы-баяншы. 1997 жылдан Қостанай мемлекеттік университетінің халық аспаптар кафедрасының оқытушысы. Жас музыканттардың республикалық байқауының лауреаты (Алматы, 1979), Қостанай филармониясы облыстық камералық бригадасының құрамында «Жігер» республикалық байқауының лауреаты (1986), 1 Орал дирижерлар байқауының дипломанты (Челябинск, 1998). Қостанай комсомол сыйлығының лауреаты (1984). Өнер тақырыбындағы мақалалары баспасөзде жарияланған.
Сақайұлы Құрмет. 1953 ж. 28 наурызда Моңғолияның Баян-Өлгей аймағының орталығы Өлгей қаласында дүниеге келген. 1974 ж. – Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының оркестр факультетіне оқуға түсіп, оны 1979 ж. – «баян» аспабы бойынша. В.С.Басаргин класынан бітірген. 1989 ж. 17 қарашада – композиторлық еңбегі үшін Моңғолия Жастар одағының сыйлығы «Озат интеллигент» төсбелгісімен марапатталады. 1993 ж. 25 қаңтарда – білім саласындағы ерекше еңбегі үшін «Моңғолия білім беру ісінің үздігі» белгісімен марапатталған. Осы уақытқа дейін Құрмет Сақай 300- ге жуық әндер мен хорлар, 5 кантата, 1 музыкалық комедия, 30-дан астам би музыкасын жазған. 1994, 1998, 2003 жылдары Көкшетау қаласында 3 рет шығармашылық концертін өткізген. Құрмет Сақай білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін, 1999 ж. 10 тамызда «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» төс белгісімен, жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін, 2004 ж. 11 қазанда «Ы.Алтынсарин» төс белгісімен марапатталды. Облыстың мәдениетін дамытуға зор үлес қосқаны үшін композиторға 2003 ж. наурызда «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісі берілсе, 2011 ж. Қазақстан Композиторлар одағының кезекті ХІІ сьезінде екінші мәрте «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісімен марапатталған. Республикаға танымал, талантты композитор Құрмет Сақай Халықаралық конкурстың және Республикалық композиторлар конкурстарының 14 мәрте лауреаты. Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі. Балаларға арналған «Күміс қоңырау» (І, ІІ жинақ), әндер жинағымен, «Үш бақытым» патриоттық әндер жинағының авторы.
Самғар Толқынханұлы. 1989 ж. 28 сәуірде ҚХР-да туған. 2008 ж. – К.Байсейітова атындағы РССМШИ баян класы бойынша Абдуллаев Охан Абдуллаевичтің класынан бітірген. 2008-13 жылдар аралығында – Гнесиндер атындағы РАМ-да Ресей Федерациясының Халық әртісі, профессор Фридрих Липстің класында оқыған. 2015 ж. – Гнесиндер атындағы РАМ-да магистратураны бітірген (профессор Ф.Липстің класы), 2017 ж. – ассистентура-тағылымдаманы (профессор Ф.Липстің класы) аяқтаған. 2015 жылдан Қазақ Ұлттық өнер университетінде оқытушы. Оқыған жылдар аралығында Самғар көптеген халықаралық және республикалық конкурстардың жеңімпазы атанады: Жас орындаушылар арасындағы республикалық конкурс – 1 орын (Алматы, Қазақстан) 2006 ж.; Құрманғазы атындағы республикалық конкурс – 2 орын (Астана, Қазақстан) 2006 ж.; Халықаралық конкурс «Lanciano» – 1 орын (Италия) 2006 ж.; Халықаралық конкурс «Виват Баян» – 1 орын (Самара, Ресей) 2011 ж.; Халықаралық конкурс «Кубок Липса» – 1 орын (Челябинск, Ресей) 2011 ж.; Тянзинде баян-аккордеонда орындаушылардың халықаралық конкурсы - 1 орын (Қытай) 2011 ж.; Халықаралық конкурс «Весенние голоса» – 1 орын (Мәскеу, Ресей) 2011 ж.; Халықаралық конкурс «Шабыт» – 1 орын (Астана, Қазақстан) 2011 ж.; Халықаралық конкурс «Играй баян» – 1 орын (Ржев, Ресей) 2011 ж.; Халықаралық конкурс «Трофей Мира» – 3 орын (Пинето, Италия) 2011 ж.; V Мәскеу халықаралық конкурсы – 3 орын (Мәскеу, Ресей) 2015 ж.; Халықаралық конкурс «Кубок СНГ» – 2 орын (Мәскеу, Ресей) 2013 ж. Қазақстан, Қытай және Ресей қалаларында концерт және шеберлік сабақтарын өткізген. Самғар Харбинде (Қытай); Таченгте (Қытай) өтетін халықаралық баяншы-аккордеонистер конкурстарына, «Әлем кубогі» халықаралық конкурсы мен Шанхайда өтетін баяншылар конкурсына тұрақты әділқазы мүшесі ретінде шақыртылады. 2016 ж. – Самғар Қазақстаннан бірінші болып дүниежүзілік CIA аккордеонистер ассоциациясының мүшелігіне қабылданды.
Сапожников Павел Иванович. 1948 ж. 10 ақпанда Көкшетау облысы Арықбалық ауданы Нижний Бурлук ауылында дүниеге келген. Педагог, орындаушы, дирижер. 17.00.02 мамандығы бойынша өнертану ғылымдарының кандидаты (2013), диссертация тақырыбы «Развитие домрово-балалаечного искусства в российской провинции (по материалам Самарской области)», Қазақстанның Еңбек сіңірген артисі. 1968 ж. – П.И.Чайковский атындағы Алматы музыка училищесін (В.А.Петренко класы), 1973 ж. – Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік өнер институтын (В.С.Басаргин класы, И.Л.Рык – дирижерлау класы), 1986 – Горький консерваториясының жанынан ассистентура-стажировканы бітірген (жетекшісі Н.Я.Чайкин). Жоғары оқу орнында оқып жүрген кезінде Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік оркестрінің әртісі болып жұмыс жасаған. 1973 пен 1998 жылдар аралығында – әл-Фараби атындағы Шымкент мемлекеттік педагогикалық институтында оқытушы, аға оқытушы, баян кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған. Педагогикалық жұмысын Шымкент мемлекеттік филармониясындағы әртістік қызметімен қатар атқарған. Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Мәлік Әбішевпен (домбыра) және Құрман Шойынбаевпен (вокал) жұмыс жасап жүрген кезінде, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен 1996 ж. «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі» құрметті атағын иеленген. Өнер тану мамандығы бойынша доцент (1997, Қазақстан), халық аспаптар кафедрасы бойынша доцент (2006, РФ). Халықаралық фольклор фестивалінің дипломанты (Киев, 1991). Оқушыларының арасында Халықаралық және бүкілресейлік фестивальдер мен конкурстардың лауреаттары (Н.Белоусов, Д.Давыдов, Б.Паверин және басқалар) бар. 1998 жылдан бері – Тольятти консерваториясының халық аспаптар кафредасының доценті, кейін профессоры лауазымы бойынша жұмыс жасайды. Қаланың ғылыми-әдістемелік орталығында зерттеу және әдістемелік жұмыстарды жүргізеді. Орындаушылық әдістемесі және тарихы бойынша лекциялық курстардан, баян және аккордеон класы бойынша арнайы пәннен сабақ береді. Бірқатар әдістемелік жұмыстары жарық көрген, атап айтқанда: «Методические рекомендации по работе над пьесами композиторов Казахстана в классе баяна ДМШ» (Чимкент, 1988), «Пьесы композиторов Казахстана и обработки казахских народных мелодий для баяна (Методические рекомендации с нотным приложением для учителей и учащихся ДМШ» (Чимкент, 1992). «Развитие домрово-балалаечного искусства в российской провинции» (Изд-во LapLambert, Uthvfybz)», 2016 - Германия) монографиясы, Ресей мен Қазақстанның ғылыми журналдарында көптеген мақалалары басылған.
Сарсембенов Жанажол Жармухамедұлы. 1939 ж. 19 тамызда Новосібір облысында туған. Педагог, әдіскер. 1965 ж. – Алматы музыка училищесін (В.А.Бриковтың, Г.К.Пампуханың баян класын) бітірген. 1964 ж. – Құрманғазы атындағы Мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің баяншысы. 1966-86 жж. – педагог, Алматыдағы М.Төлебаев атындағы №5 БММ халық аспаптар бөлімінің меңгерушісі. 1974 ж. – Алматы консерваториясын (В.А.Петренконың баян класын) бітірген. 1986 жылдан ҚР білім Министрлігінде РУМК-ның музыкалық білім беруден халық аспаптары мамандығы бойынша аға әдіскер, жұмысын Қыздар педагогикалық институтта педагогикалық жұмыспен ұштастырып отыр. 1991 ж. – Ы.Алтынсарин атындағы ҒЗИ аға ғылыми қызметкері. 1993 ж. – №7 БММ баян класының оқытушысы және директоры. Оқушылары арасында: жас музыканттардың қалалық, республикалық байқауларының лауреаттары Б.Нұржаев, С.Литвинов, Е.Жұмабеков. Басылымнан шыққан шығармалары: «Қазақ халық аспаптаының мектеп оркестрі»; БММ және ОМ арналған әдістемелік құралы, А.: ҚР Білім министрілігінің әдістемелік кабинеті, 1988; БММ және ОМ оркестрлік класының бағдарламасы, А.: ҚР Халыққа білім беру Министрілігінің әдістемелік кабинеті, 1989; «Негізгі музыкалық аспап - баян» пәні бойынша педагогикалық институттарға арналған бағдарлама, А.: ҚР Халыққа білім беру Министрілігі, 1989. «ҚазКСР халық ағарту үздігі» (1982), «Еңбек ардагері» (1989).
Сәрсенбиев Қилан. Музыка өнерінде өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленген кәсіби өнерпаздың бірегейі Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі, күйші-сазгер әрі баяншы-аккомпаниатор. 1934 ж. Атырау облысы, Құрманғазы (бұрынғы Теңіз) ауданы, Қошалақ ауылында өмірге келіп, 2009 ж. Жамбыл баба ауылында дүниеден озған екен. Бала жасынан домбыраның құлағында ойнап өскен дарынды музыкант Алматыдағы П.И.Чайковский атындағы музыка училищені үздік бітіргеннен кейін, Еңбек жолын Алматы обылысының Жамбыл ауданында Мәдениет үйінің директоры болып бастайды. Ал кейіннен аудан орталығындағы Ұзынағаш музыка мектебінде көп жылдар бойы жас шәкірттерге дәріс береді. Әріптестері Қиланды нағыз сегіз қырлы, бір сырлы сері жігіт деуші еді. Себебі ол күйші-композитор, суретші, аспап шебері, әрі режиссер-актер тұлға болды. Әсіресе баян аспабын шебер ойнап, кез келген әншіні қостап кететін. Өзінің шығарған авторлық әндерін баянмен шебер сүйемелдеп, беретін. Қазақ радиосының алтын қорында ҚР Халық әртістері Зейнеп Қойшыбаева мен Рашид Мұсабаевтың орындауындағы «Шынарым», «Бақытымның қызғалдағы», «Наурыз», «Жастар әні», «Бір сен үшін», атты әндері сақталған, Қилан Сәрсенбиев туралы Қазақстанның Халық әртістері, Қазақстан комсомолы сыйлығының лауреаттары Әсет Бейсеуов пен Ескендр Хасанғалиев 1963, 1991 жылдары баспасөз беттерінде шығармашылық сәттілік тілеп мақала жазған екен.
Сауыт Жандос. 2001 ж. 12 қазанда туған. 2008 ж. – К.Байсейітова атындағы РОМММ-не оқуға қабылданған, бүгінгі таңда баян класы бойынша 10 «А» сыныбында оқиды (мамандықтан О.А.Абдуллаев). Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаты: «ҚР дарынды балаларға арналған орта мамандандырылған музыка мектептері оқушылары-жас орындаушыларының II Республикалық конкурсы», Алматы қ., 1 орын, 2014-16 жж.; баян-аккордеоншылардың Халықаралық конкурсы, Харбинь қ., ҚХР, 1 орын, 2014 ж.; А.Жұбанов атындағы мектептің 50 жылдығына арналған, Қазақстан жас орындаушылары Халықаралық конкурс-фестивалі (Алматы қ.), 3 орын, 2014 ж.; «Кубок Мира» баян-аккордеоншылардың Халықаралық конкурсы, Харбинь қ., ҚХР, 1 орын «баян», 1 орын «Ансамбльдік орындаушылық», дуэт –Жетпісұлы Елжанмен, 2016 ж.; ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, А.Жұбанов атындағы жас орындаушылар Халықаралық конкурсы, Алматы қ., 2 орын, 2016 ж.; Құрманғазы атындағы КНК-дағы Республикалық конкурс, Алматы қ., 1 орын, 2016 ж.; XIV Фестиваль «Москва встречает друзей» «Дуэт» номинациясы бойынша, Мәскеу, 1 орын, 2017 ж.
Сейітханов Сүйінген Сейітханұлы. 1950 ж. 31 мамырда Жамбыл облысының Жаңа талап ауылында туған. Педагог, әдіскер. ҚР Еңбегі сіңген қызметкер (2002). 1970 ж. – Алматы музыка училищесін (Г.К.Пампуханың баян класын), 1975 ж. – Алматы консерваториясын (В.С.Басаргиннің баян класын) бітірген. 1975 ж. – ҚазКСР халық ағарту Министрлігінің инспекторы, 1979 ж. – Алматы музыка училищесінде баян класының оқытушысы, 1977-84 жж. – өз жұмысын консерваторияда баян класының оқытушылығымен қатар алып жүреді. Алматы музыка колледжінде орыс халық аспаптары бөлімінің меңгерушісі. Оқушылары арасында: В.Толстов – республикалық байқауының лауреаты (III орын, 1982), Н.Левченко – республикалық байқауының дипломанты (1980), С.Сковикова – республикалық байқауының лауреаты (III орын, 1993), О.Малеванная – республикалық байқауының дипломанты (1993) – республикалық байқауының лауреаты (III орын, Астана, 2002). М.Бакиев (Гнесиндер атындағы ММПИ түлегі, Ю.Сидоровтың класы). Б.Ш.Сарыбаевтың басқаруындағы алғашқы қазақ фольклорлық аспаптар ансамблінің тұңғыш сырнайшысы. Шығармашылық делегациялар құрамында Индия, Чехословакия, МНР, Венгрияларда Қазақстан мәдениетін көрсеткендердің бірі. Республикалық радио қорында жазылымы бар. Халық аспаптарда орындаушылардың республикалық байқауларында қазылар алқасының мүшесі. Еңбектері: «Баянға пьесалар», А., «Онер». 1981; «БММ мен музыка училищелерге арналған педагогикалық репертуардың Хрестоматиясы», қазақ халық музыкасы материалдары негізінде қосымша бағдарлама, А., «Мектеп». 1983; «БММ баян класында гаммалар мен жаттығуларды оқудың әдістемелік ұсыныстары», А., Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіретін институт, 1984; «Баянга арналган пьесалар», А., «Онер». 1997; Дәулеткерейдің «Құдаша», «Топан» күйлерін баян үшін концерттік өңделімдері, Р.Абдуллаевтың Прелюдиялар мен Токкатаны баянға лайықтаған транскрипциялары. Қазақстан Халық ағарту Министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған. «ҚР Еңбегі сіңген қызметкер» (2002).
Скуратов Рашид. 1957 ж. 15 наурызда туған. Дирижер. Татарстан Республикасының еңбегі сіңгер өнер қайраткері (2001),VІ Бүкілодақтық опера-симфониялық дирижерлар конкурсының ІІІ орын иегері (1988). Құрманғазы атындағы Алматы Қазақ мемлекеттік консерваториясын оркестрлік дирижерлау мамандығы бойынша бітірген (профессор А.М.Гайсиннің класы). Р.Скуратов 1990-91 жж. бас дирижер, 2001-07 жж. ТР Мемлекеттік симфониялық оркестрінің бас дирижері болған. Бұрынғы КСРО елінің көптеген оркестрлерімен өнер көрсеткен. Қазіргі уақытта ТР Мемлекеттік симфониялық оркестрімен, UH-Symphony, BVSO-Orchestra-Texas оркестрлерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды. Дирижер жұмыс жасайтын әртістердің қатарында: Н.Штаркман, Э.Эллиот, А.Либор, А.Бараховский, М.Яшвили, Я Мавридис, Т.Бикис, сондай-ақ В.Репин, А.Мельников, Б.Березовский, А.Анчевская, А.Р.Паршин, Д.Мацуевтерді атауға болады. Дирижер ретінде кең ауқымды классикалық және заманауи репертуарды меңгерген, оны үнемі Германия, АҚШ, композиторларының жобаларын жүзеге асыру үшін шақыртады. Шақыртушылар ретінде П.Хюбнер, У.Лорманн, Х.Крузе, П.Леувенді атауға болады. Ол Венгрия, Испания, ФРГ, АҚШ елдерінде ірі концерттер берген.
Смақова Зәуре Нығыметқызы. 1959 ж. 15 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында туған. Педагог, орындаушы. «ҚР Мәдениет қайраткері» (2005), ХАА-ның корреспондент-мүшесі (Международной академии информатизации), 2015 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері, «ҚР білім беру ісінің үздігі» төс белгісі (2016) мен «Б.Момышұлы атындағы» медаль иегері (2016). 1978 ж. – Өскемен музыка училищесін (В.Г.Шульгиннің, В.Т.Заводчиковтың баян сыныптарын), 1984 ж. – Алматы консерваториясын (Д.X.Тұяқбаевтың баян, Т.С.Османовтың, Т.А.Абдрашевтың, Ш.С.Қажығалиевтың оркестрді дирижерлау сыныптарын), 1988 ж. – Санкт-Петербург консерваторияның аясында ассистентура-стажировканы бітірген (жетекшісі П.И.Говорушко). 1984 жылдан Алматы консерваториясының оқытушысы, 1989 жылдан аға оқытушы, 2002 жылдан консерваторияның кобыз-баян кафедрасында доценті. 2009-16 жж. консерваторияның кобыз-баян кафедрасының меңгерушісі. Халық аспаптарда орындаушылардың республикалық байқауларының лауреаты (1973, 1978. Алматы, III дәрежелі дипломдар). Оқушылары арасында: М.Бердіғұлов, Д.Ақбулатов (дуэт) – Халықаралық баяншылар және аккордеоншылар фестивалі, Бішкек, 1992, 1 премия; Р.Отарбаев – Құрманғазы атынд. халықаралық конкурс, Астана, 1998, 2 премия және «Шабыт» халықаралық конкурсы, Астана, 1999, 3 орын; Ғ.Нарымбетов – V «Шабыт-inspiration» халықаралық конкурсы, Астана, 2002, дипломант; А.Михальчук – Құрманғазы атынд. V халықаралық конкурс, Астана, 2003, дипломант; А.Үсібалиев–64 «Кубок мира» халықаралық конкурсы. Қытай, Шанхай, 2011, дипломант; А.Үсібалиев – «Энергия молодых» VII жастар Дельфи ойын. Астана, 2012, дипломант; М.Садченко – Халықаралық баяншылар конкурсы «Солист» номинациясы. Италия, Ланчано, 2012, 3 орын; М.Садченко, И.Ананьев (дуэт) – Халықаралық баяншылар конкурсы «Ансамбль» номинациясы. Италия, Ланчано, 2012, 1 орын; А.Үсібалиев – Халықаралық баяншылар конкурсы «солист» номинациясы, Италия, Ланчано, 2013, 1 орын және «Варьете» номинациясы, Италия, Ланчано, 2013, 1 орын; Д.Алмұратов – Халықаралық баяншылар конкурсы «солист» номинациясы, Италия, Ланчано, 2013, 1 орын; М.Даулетхан – Халықаралық баяншылар конкурсы «солист» номинациясы, Италия, Ланчано, 2013, 2 орын; Т.Ахымбек – Халықаралық баяншылар конкурсы «солист» номинациясы, Италия, Ланчано, 2013, 1 орын; Д.Елемес – «ART-DUO» Халықаралық баяншылар конкурсы «солист» номинациясы Берлин, Германия, 2014, 2 орын; А.Пердебекова – «ART-DUO» Халықаралық баяншылар конкурсы «солист» номинациясы Берлин, Германия, 2014, 1 орын; Д.Елемес – «ART-DUO» Халықаралық баяншылар конкурсы «солист» номинациясы Прага, Чехия, 2 орын; Т.Ахымбек – «ART-DUO» Халықаралық баяншылар конкурсы «солист» номинациясы Прага, Чехия, 3 орын; Н.Есмаханова – Халықаралық «XVI Сәтпаев оқулары» ғылыми конференциясы. Павлодар, 2014, 2 орын; К.Далиев – Республикалық студенттік пәндік олимпиада, Алматы, 2011, 3 орын; А.Үсібалиев – Республикалық Дельфи ойын. Астана, 2011, 2 орын; А.Үсібалиев – Республикалық Дельфи ойын. Атырау, 2012. Гран-при, алтын алқа; М.Садченко – Республикалық студенттік пәндік олимпиада.Алматы, 2012. 1 орын; Е.Мамырбаев – Республикалық студенттік пәндік олимпиада. Алматы, 2012, 3 орын; А.Үсібалиев – Республикалық студенттік олимпиада, Алматы, 2013, 1 орын; Д.Рақадылов – Республикалық студенттік олимпиада. Алматы, 2013. 3 орын; Н.Есмаханова – Халықаралық «XV Сәтпаев оқулары» ғылыми конференциясы. Павлодар, 2015. 2 орын; Е.Күшеров – Республикалық студенттік олимпиада. Алматы, 2016. 2 орын; Ж.Сансызбаев – «Perpetuum mobile» Халықаралық баяншылар конкурсы Украина, Дрогобыч, 2016. 3 орын; Ш.Жексенбаева – Халықаралық «XVI Сәтпаев оқулары» ғылыми конференциясы. Павлодар, 2016. 1 орын; Ғ.Жұбанов–Халықаралық «XVI Сәтпаев оқулары» атты ғылыми конференциясы. Павлодар, 2016, 2 орын; Е.Кушеров – Халықаралық конкурс «Кубок Евразии» номинация «Ансамбль», РК, Атырау, 2017, 2 премия; З.Сүйекенова – Халықаралық «XVII Сәтпаев оқулары» ғылыми конференциясы. Павлодар, 2017, 3 орын; Д.Бейсенов – Халықаралық «XVII Сәтпаев оқулары» ғылыми конференциясы. Павлодар, 2017, 3 орын және т.б.
Еңбектері: монография: Қазақстан өнеріндегі фольклорлық дәстүрлер.–Павлодар, 2014; Баянға арналған хрестоматия. 1, 2 бөлім. – Алматы, «Ценные бумаги», 2012; Антология казахстанской баянной литературы. Часть 2. – А., «Ценные бумаги», 2013; Аранжировка домбровых кюев для баяна. – А., «Ценные бумаги», 2013; «Сырнай үйрену мектебі». Учебник - Алматы: «Білім», 2013; Альбом баяниста. Вып. 2. А., «Ценные бумаги», 2015; Альбом баяниста. Вып. 3. А., «Ценные бумаги», 2015; Музыка сабағында ән үйрету әдістемесі (сырнаймен әнді сүйемелдеу). А., 2015; «Халық аспаптарына арналған шығармалар». А., «Ценные бумаги», 2016; «Концертный репертуар исполнителя на народных инструментах». «Ценные бумаги», А., 2016; Антология казахстанской баянной литературы. Часть 3. – А., «Ценные бумаги», 2016; Типтік оқу бағдарламалар 2003, 2007, 2013; СD-диск «Играет Зауре Смакова». А., 2016, электронді оқулықтар және т.б. Өңдеген күйлері Құрманғазы атындағы халықаралық байқауында міндетті түрде бағдарламаға енгізген. Республикалық, халықаралық, шетел аккордеон-баяншыларының байқауларына қазылар алқасы төрайымы мен мүшесі ретінде шақырылады. 2009 ж. – концерттік топтардың құрамында ол Қазақстанның Мәдениеті күндері аясында Сауд Арабия, Иордания, Түркия елдеріне өнер сапарымен барып келді.
Солодников Вячеслав Васильевич. 1941 ж. 2 тамызда Пермь қаласында туған. Педагог, әдіскер. 1964 ж. – Алматы музыка училищесін (К.К.Ошлаковтың баян класын), 1972 ж. – Мәскеу мәдениет институтын бітірген. 1964-84 жж. – №4 Алматы БММ-де баян класының оқытушысы. 1984-87 жж. – Алматы қ. аудандық білім беру бөлімінің эстетикалық тәрбие ісінің әдіскері. 1987-89 жж. – ҚР Мәдениет министрлігі жанындағы Өнер басқармасында аға-инспектор. 1989 жылдан Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының атқарушы-директоры. Концерттік бригадалар құрамында Қазақстан бойынша гастрольдерге шыққан. «ҚР Білім беру ісінің үздігі» (1979). ҚР білім беру Министрлігі және Қалалық білім беру бөлімінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Сорокин Владислав Петрович. 1944 ж. 14 шілдеде Магнитогор қаласында туған. 2015 ж. қайтыс болды. Педагог, орындаушы. 1964 ж. – М.Глинка атындағы Магнитогор музыка училищесін (Е.А.Кудиновтың баян класын), 1976 ж. – Уфа Мемлекеттік өнер институтын (Р.Ю.Шайхутдиновтын баян класын) бітірген. Көкшетау кәсіби баян мектебін қалаушылардың бірі. 1976 жылдан Біржан атындағы музыка мектеп құрылғаннан бері, баян класының оқытушысы болып жұмыс жасайды, сонымен қатар Көкшетау облыстық филармониясында музыкалық лекторийдің жеке орындаушысы және концертмейстері қызметін атқарған. 1976- 85 жж. – орыс халық аспаптар бөлімінің меңгерушісі. Филармониялар солистерінің ішіндегі республикалық байқауының лауреаты (1979), республикааралық байқауының лауреаты (1993). Облыс, республика және одан тыс жерлерде 200-ден астам жеке концерттер берген. 1985 ж. – В.Сорокин, Я.Геберт, Р.Хабибулин, Н.Неретиннің қатысуымен баяншылар квартетін құрған. 1987 жылдан Көкшетау баяншылар квартеті Қазақконцерт тарапынан Росконцерт концерттерінің кестесіне енгізілген. Қазақстан мен Беларуссияда гастрольдерде болған, Алматы ОКЗ (ЦКЗ) екі рет есептік концерттермен өнер көрсеткен. Жаңа құрамындағы квартет (В.Сорокин, С.Барило, О.Закирова, Ю.Елисеев) халықаралық байқауда лауреат болды (1 орын, Алматы, 1993). 1995-2000 жж. – Ресей Федерациясының Сызрань қаласында өнер колледжінде баян класының оқытушысы, облыстық халық аспаптар оркестрінде баяншылар тобының концертмейстері болып жұмыс жасаған. 2000 жылдан Біржан атындағы Көкшетау музыка колледжінде оқытушы және халық аспаптар бөлімінің меңгерушісі. Халықаралық конкурстардың лауреаты: «Приз г.Монтезе» «Жеке орындаушы» номинация бойынша, Италия, 2004 ж.; «Приз г.Монтезе» «Ансамбль» номинация бойынша, Италия, 2005 ж. Оқушылары арасында: А.Камерлохер – «Трофей Югославии» халықаралық байқауының дипломанты (Загреб, 1990), В.Селецкий – республикалық байқауының лауреаты (2 орын, Рудный, 1991), С.Миров – аймақтық байқаудың лауреаты (3 сыйлық, Кокшетау, 1993), О.Никитенко (3 орын, Кокшетау, 1995) және В.Архипов (Ленинград консерваториясының түлегі, Ленинград облысында БММ-де баян класының оқытушысы), А. Камерлохер (Воронеж өнер институтының түлегі, Германияда Штуттгартта жұмыс жасайды), В.Селецкий (Воронеж өнер институтының түлегі, Тула облысының Новомоссковск музыкалық кол- леджінде баян класының оқытушысы), О.Закирова (Алматы консерваториясының түлегі, Көкшетау БММ жұмыс жасайды). Жеке концерттермен Алматы ОКЗ-да, сонымен қатар Курган, Челябинск, Уфа, Рудный, Петропавл, Екатеринбург қалаларында өнер көрсеткен. Орал баяншылар мен аккордеоншылар ассоциациясының үйымдастырушы. «ҚР Мәдениет қайраткері». Педагогикалық және орындаушылық қызметтері үшін ҚР Мәдениет және білім Министрлігінің, облыстық білім беру Басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталған. Республикалық теледидарда «Встреча с баяном» жазылымы көрсетілген (Көкшетау баяншылар квартетінің алғашқы құрамының концерті), Алматы, 1986.
Снурницын Сергей Федорович. 1956 ж. 17 маусымда Омбы облысының Корниловский ауданында туған. Орындаушы. 1979 ж. – Петропавл музыка училищесін (В.И.Верещагиннің баян класын) бітірген. 1979 жылдан Бишкуль пос. МҮ (ДК) баяншысы. 1988-92 жж. – Воронеж мемлекетік академиялық орыс халық хорында орыс халық аспаптары оркестрінің әртісі, солармен бірге ЧКСР, Румыния, Португалия, Канада, Ирландия, Америка елдеріне гастрольдерге шыққан. 1998 жылдан Петропавл қаласында «Сладкая ягода» өлеңшілер ансамблінің музыкалық жетекшісі. Қазақстан көркемөнерпаздар композиторлар фестивалінің лауреаты (1998). Еңбектері: Тверьде басылып шыққан өлеңдер жинағы; әндер, соның ішінде «Сибирь – песенный край» (Омбы орыс халық хоры репертуарында).
Стригин Константин. 1976 ж. 20 мамырда туған. Орындаушы, педагог. 2003 ж. – ҚазҰМА (Астана қ., А.П.Ефременко класы), 2010 ж. – Құрманғазы атындағы ҚҰК жанынан ассистентура-стажировканы бітірген (Алматы қ., жетекшісі А.М.Гайсин). 2009-12 жж. – ҚазҰМУ баян класының оқытушысы. 2013 жылдан бері – Астана қаласындағы «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының әртісі. Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты: «Шабыт» II республикалық фестиваль-конкурсы (1999 ж., 3 орын, ҚР Астана қ.), «Шабыт-INSPIRATION» V мерекелік халықаралық жастар шығармашылығы фестиваль-конкурсы (2002 ж., 3 орын, ҚР Астана қ.), Республикалық баяншылар және аккордеоншылар конкурсы (2002 ж., 3 орын, ҚР Атырау қ.), «Премия г.Ланчано» Халықаралық баяншылар-аккордеоншылар конкурсы (2010 ж., 1 орын, Ланчано қ., Италия).
Стручков Матвей Васильевич. 1960 ж. 11 маусымда туған. Орындаушы, педагог. 1979 ж. – Петропавл музыка училищесін (В.И.Верещагиннің баян класын) бітірген. 1979-82 жж. – Алексеевск БММ оқытушысы. 1982 ж. – «Айналайын» жас таланттардың облыстық және 2 халықаралық фестивальдердің лауреаттары (Павлодар, 1997), Ю.Николаевтың «Утренняя звезда» (1998) бағдарламасының қатысушысы болған «Русские узоры» фольклорлық ансамблінің жетекшісі. Республикалық жас орындаушылар байқауының лауреаты (Шымкент, 1978). Оқушылары арасында: халықаралық байқауларының лауреаттары В.Достов пен К.Черный (Бішкек, 1994), К.Черный (Ржев, 1995); республикалықбақауларының – Р.Ахметулин (Алматы, 1985), В.Достаев (Алматы, 1988), А.Пакрац (Алматы, 1991), К.Черный (Көкшетау, 1994). «ҚР Еңбегі сіңген білім беру үздігі» (1995).
Стуров Алексей Яковлевич. Алтай өңірінде туған. 2001 ж. Алматы қаласында қайтыс болды. Орындаушы, педагог. Баянда 16 жасынан ойнай бастады. 1959 ж. – Алматы музыка училищесін К.К.Ошлаковтың баян класын), 1969 ж. – Алматы консерваториясын (Ф.В.Легкунецтың баян класын) бітірген. 1958-59 жж. – Құрманғазы атындағы оркестрдің сырнайшы әртісі. 1958 ж. – Құрманғазы атындағы оркестрдің құрамында Мәскеудегі ҚазКСР-ің әдебиет пен өнер декадасына қатысқан. 1963 ж. – №6 Алматы БММ баян класының оқытушысы. 1970-94 жж. – «Кызыл-Ту» фирмасының «Зори Семиречья» Халық хорының концертмейстері. Оқушылары арасында: республикалық жас музыканттар байқауының лауреаттары: К.Цымбельман (1973), Т.Галинская (1977), В. Вязигин (1980), А. Полозков (1988), М. Комар (1994). «Халық ағарту ісінің үздігі» (1990).
Султанов Дамир Рафхатович. 1975 ж. 5 сәуірде Шымкент қаласында туған. Орындаушы, педагог. 1990 ж. Шымкент БММ (А.В.Латышевтың баян класын), 1993 ж. – Кривой Рог музыка училищесін (А.А.Семешко баян класын), 1997 ж. – Донецк консерваториясын (А.А.Семешко баян класын), 1999 ж. – сол жерде ассистентура-тағылымдау курсын (жетекшілері А.А.Семешко, В.В.Воеводин) бітірген. 1998 жылдан Қазақ Ұлттық музыка Академиясында орыс халық аспаптар кафедрасының аға оқытушысы, доценті. Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты: Республикалық жас музыканттар байқауы (1 орын, Алматы. 1988); В.В.Андреев атындағы Бүкілресейлік байқау (1 орын, Ленинград. 1990); «Кубок Кривбасса» республикалық байқау (1 сыйлық, Кривой Рог - Украина. 1992); Н.Лысенконың атындағы халықаралық фестивалі (1 сыйақы және украин композиторының шығармасын үздік орындағаны үшін жүлде, Киев. 1992); «Кубок Кривбасса» халықаралық байқауы (2 сыйлық, Кривой Рог. 1995); «Фогтландские дни музыки» атты халықаралық байқауы (1 сыйлық, Клингенталь, Германия. 1996); «Кубок мира» халықаралық байқауы (2 сыйлық, Дунайска Стреда, Словакия. 1996); «Мир гармоники» халықаралық фестивалі (1 сыйлық, Берлин, Германия. 1996); «Аккордеон-интернешнл» халықаралық байқауы (3 сыйлық Райнах, Швейцария. 1997); аккордеонистердің халықаралық байқауы (1 сыйлық, Дрезден, Германия. 1997); «Гран При» халықаралық байқауы (алтын медаль, кубок, Страсбург, Франция. 1997); «Кубок Кривбасса» халықаралық байқауы (1 сыйлық, Кривой Рог. 1998);«Трофей мира» халықаралық байқауы (1 сыйлық, Реноаро, Терме, Италия. 1998); «Приз Ланчиано» халықаралық байқауы (1 сыйлық, Италия. 2000); «Шабыт» шығармашылық жастардың V халықаралық фестивалі (Гран-При, Астана. 2002). Германия, Англия, Бельгия, Италия, Словакия, Ресей, Украина және Қазақстан елдеріне гастрольдерге шыққан. Шеберлік сабақтарын өткізген. Жеке бағдарламалармен, симфониялық, камералық, халық аспаптар оркестрлерімен Еуропа және Азия елдерінде концерттер берді. Ресей, Украина, Қытай, Швейцария, Қазақстанда өткен халықаралық фестивальдерге қатысқан. Көптеген халықаралық конкурстардың әділқазылар алқасының мүшесі, республикалық және халықаралық конкурстардың бірқатар лауреаттарын дайындаған маман. «Казақстан баян-фест» халықаралық фестивалінің көркемдік жетекшісі, «Музыка» қорының директоры. Қазақстан Республикасының «Тұңғыш Президент қоры» сыйлығының лауреаты, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты, халықаралық конкурстардың лауреаты, Татарстан Республикасының Еңбегі сіңген әртісі. Қазіргі аккордеон орындаушылық өнерінің дамуына қосқан орасан зор үлесі және атқарған еңбегі үшін, Д.Р.Султанов «Мэтры мирового аккордеона» жоғары лигасы құрамына қабылданған (2007).
Сумароков Иван Александрович. 1948 ж. 24 шілдеде Алматы қаласында туған. Орындаушы, педагог, дирижер. 1967 ж. – Өскемен музыка училищесін (В.Т.Заводчиковатың баян класын, 1976 ж. – Қырғыз өнер институтын (В.В.Ковалевтың баян және дирижер класын) бітірген. 1976-80 жж. – Қырғыз өнер институтында халық аспаптар кафедрасының оқытушысы. 1980-86 жж. – Өскемен музыка училищесінде халық аспаптар оркетрінің жетекшісі. 1990 ж. – Шығыс Қазақстан өнер колледжінде баян және дирижер класының оқытушысы. Қырғыз баяншыларының I республикалық байқауының лауреаты (1971), Қазақстан орыс халық аспаптар оркестрлерінің I республикалық байқауының лауреаты (1986). Оқушылары арасында: А.Черепанов – Халық аспаптарында орындаушылардың VIII республикалық, IV Бүкілодақтық байқауларының лауреаты.
Сүйімбаева Лилия Тоғызбайқызы. 1950 ж. 28 қыркүйекте Алматы облысының Панфилов қаласында туған. Педагог, әдіскер. 1968 ж. – Алматы музыка училищесін (В.А.Петренконың баян класын), 1973 ж. – Алматы консерваториясын (В.С.Басаргиннің баян класын, Т.С.Османовтың оркестрді дирижер класын) бітірген. 1972 жылдан Алматы музыка училищесінде баян мен аккордеон сыныптарының оқытушысы. Әдіскерлік жұмысты жүргізеді, ҚазКСР ЖОО Министрлігінің, Білім Министрлігінің жүйесіндегі республикалық әдіскерлік семинарларда баяндамалар жасаған (1973, 1977, 1981, 1984). Қазақ радиосында қор жазылымы бар (1966-1968). Н.Я.Чайкиннің оркестрімен баянға арналған №1 Концертті орындаушы (концертмейстер Чечен-Ингушетия АКСР Еңбегі сіңген әртісі Р. Шарипова). Көптеген түлектері өздерінің білімдерін Қырғыз өнер институтында, Алматы консерваториясында одан әрі жетілдірген. Республикалық байқаулары қазылар алқасының мүшесі. Шығармашылық топтардың құрамында Германия, Польшя, Чехословакия елдеріне гастрольдерге шыққан. ҚР Мәдениет Министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Сұлтанова Гүлайым Мұхитқызы. 1986 ж. 27 қаңтарда Атырау қаласында дүниеге келген. 2003 ж. – «Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы», Атырау музыка колледжінің баян класына оқуға түседі. 2007 ж. – колледжді С.Әжікеннің класынан бітіріп, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерватория- сына оқуға қабылданып, оны 2011 ж. З.Н.Смақованың класынан аяқтаған. Сол жылы «Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжіне ұстаздық қызметке орналасады. Ұстаздық еткен жылдарында көптеген жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Шәкірттері облыстық, республикалық, халықаралық конкурстардың лауреаттары атанған.
Сұлтанмұратов Берік Талапқалиұлы. 1975 ж. 16 тамызда Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Сүйіндік совхозында дүниеге келген. 1992-97 жж. – Атырау музыка училищесінің баян класында оқыған (оқытушысы Ж.Ізтелеуов). 1997-99 жж. – Атырау облыстық Н.Жантөрин атындағы филармония жанындағы «Нарын» фольклорлық ансамблінің әртісі болып жұмыс жасаған. 1999-2003 жж. – Атырау облысы Құрманғазы ауданы Сүйіндік округіне қарасты Лабай орта мектебінде мұғалім қызметін атқарды. 2003 жылдан бастап Құрманғазы ауданы Ганюшкино ауылының Д.Нұрпейісова атындағы Ганюшкино балалар өнер мектебінде баян класының мұғалімі. Педагогикалық еңбек жылдары Б.Сұлтанмұратовтың шәкірттері аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде өткен конкурстардың лауреаттары атанды.
Тамендаров Галимжан Гиреевич. 1947 ж. 14 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының Мамлютка ауылында туған. Педагог, концертмейстер, композитор. «ҚР Еңбегі сіңген қызметкер» (1992). Гармоникада 5 жасынан, баянда 9 жасынан ойнай бастаған. 1967 ж. – Петропавл музыка училищесін (Д.Д.Фукстың баян класын), 1989 ж. – Талдықорған педагогикалық институтын (Б.А.Мұстафиннің баян класын) бітірген. 1967 жылдан Ә.Қашаубаев атындағы БММ оқытушысы, содан кейін композитор И.Нүсипбаевпен бірге №4 облыстық қазақ мектеп-интернатта «Балдырған» атты үлкен балалар хорының көркемдік жетекшісі. Хордың базасында фольклорлық «Бұлбұл» ансамбілін құрған. Татар фольклорлық «Сарман» ансамблінің жетекшісі, халықаралық фестивальдардың лауреаты. Оның жетекшілігіндегі халық музыка ансамбльдері Мәскеудегі Дүниежүзілік студенттер фестивалінің (1973), Германияның Рудольфштат қаласында өткен XIII халықаралық фестивалінің (1981), Венадағы Дүниежүзілік фольклор музыкасы фестивалінің (1996), Мәскеудегі халықаралық фестивальдардың (1973), Алматыдағы фестивальдардың (1985, 1990) лауреатттары атанған. КСРО Халық әртістері Е.Серкебаевқа, Б.Төлегеноваға, Р.Бағлановаға, Р.Абдуллинге; ҚР Халық әртістері Р.Мұсабаевқа, М.Жүнусоваға, М.Ералиеваға; ҚР Еңбегі сіңгенр әртістері Б.Ибрагимовқа, Ш.Шагалимовқа, А.Жанбырбаевқа баянмен концерттік сүйемелдеу көрсеткен. Қазақстаннның өнерін Түркия, Прибалтика, Австрия, Германия елдерінде көрсеткен. Еңбектері: баянға, мандолинаға, құрайға, сыбызғыға арналған пьесалар; романстар, хор өлеңдері, би әуендері; кітаптар: «Билейміз және өлең айтамыз» (1990), «Бұлбұл» (1995), «Сарман» (1995): әдістемелік өңдеулер, ғылыми-зерттеулік мақалалар. Республикалық радиосының «Алтын қорында» 100-ден астам өлеңдер, Қазақ теледидарында – 10 шақты телефильм-концерттер жазылған. Бүкілодақтық «Мелодия» фирмасында күйтабақтар шығарылған: «Жалпы білімдік мектептерде 1-3 сыныптарға ән сабағының фонохрестоматиясы», 9 үлкен дискіден тұрады (1970), және 1973, 1976, 1980, 1983, 1987 жылдары шығарылған; аудио, видеокассеталар.
Ткаченко Владимир Владимирович. 1949 ж. 26 ақпанда Қарағандыда туған. Педагог. 1969 ж. – Қарағанды музыка училищесін (Г.П.Зоновтың баян класын), 1974 ж. – Новосібір консерваториясын (А.А.Михайловтың баян класын) бітірген. 1972 жылдан Қарағанды музыка училищесінде баян класының оқытушысы. Оқушылары арасында: Баянда жас орындаушылардың республикалық байқауларының лауреаттары О.Новиков (3 орын, 1981), Н.Корнеев (3 орын, 1983).
Тураев Руслан. 1990 ж. 17 шілдеде туған. 2003 ж. – Татар өнер мектебін бітірген (оқытушы ТР еңбек сіңірген қайраткері Р.А.Атногулов). 2013 ж. – Астана қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетін доцент Д.Р.Султанов класы бойынша бітірген. Қазіргі уақытта М.Төлебаев атындағы музыка колледжінің және Татар өнер мектебінің оқытушысы (Семей қ.). Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты: ТМД елдері – қатысушыларының арасындағы IV Дельфи ойындары (2006 ж., II орын, Астана қ.); «Кубок Фридриха Липса» баян-аккордеон орындаушыларының III халықаралық конкурсы (2006 ж., I орын, РФ, Челябинск қ.); «Петро-Павловские ассамблеи» V халықаралық музыкалық конкурсы (2007 ж., I орын, РФ, Санкт-Петербург қ.); «Лира Прииртышья» халық аспаптары орындаушыларының ІІІ халықаралық конкурсы (2007 ж., I орын, РФ Омбы қ.); «Кубок Южного Урала» халық аспаптары орындаушыларының ІІІ халықаралық конкурсы (2008 ж., Гран-При, РФ Оренбург қ.); «Кубок мира» баян-аккордеон орындаушыларының XXI халықаралық конкурсы (2008 ж., II премия, Глазго қ., Шотландия); «Татар моны» І халықаралық телевизиялық конкурс-фестивалі (2009 ж., лауреат, РФ Қазан қ.); «Иртыш моннары» Х халықаралық конкурс-фестиваль (2009 ж., Гран-При (Д.Султанов екеуі дуэтпен), Семей қ.); «Татар моны» ІІ халықаралық телеарналық конкурс-фестиваль (2010 ж., лауреат (Д.Султанов екеуі дуэтпен), РФ Қазан қ.); «Наследники Суюмбике» атты халықаралық конкурс-фестиваль (2010 ж., Гран-При (Д.Султанов екеуі дуэтпен), Қырым Республикасы Ялта қ.); «Прикамье-2010» халық аспаптар орындаушыларының ІІІ халықаралық конкурсы (2010 ж., I орын, РФ Пермь қ.); «Шабыт» жастар шығармашылығының халықаралық конкурсы (2011 ж., Гран-При, Астана қ.); «AccoHoliday» баян-аккордеон орындаушыларының VII халықаралық конкурсы (2012 ж., II орын, Украина Киев қ.). «Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Ұлт көшбасшысы» Қоры сыйлығының мәдениет саласындағы лауреаты, Қазақстан Республикасы Білім беру министрлігінің «Жас Талап-2008» сыйлығымен, Татарстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің құрмет грамоталарымен марапатталған (2008 ж.). Ресейде, Украина, Молдавия, Қытай, АҚШ, Австрия, Швейцария, Иордания, Италия, Қазақстанда концерттер берген.
Тұрарбаев Мұрат Бектарұлы. 1966 ж. 20 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының Большенарым ауылында туған. Дирижер, орындаушы. 1982 ж. – Лениногорск БММ, 1986 ж. – Октябрь революциясы атындағы Мәскеу музыка училищесін (А.А.Набатовтың баян класын, Н.С.Жарасовтың опералық-симфониялық дирижерлау класын) бітірген. «Баян» номинациясында жас музыканттардың республикалық байқауының лауреаты (1979), жас дирижерлардың 1 республикалық байқауының лауреаты (1 сыйлық, Алматы, 1993).
Тұяқбаев Досмұхамед Халмухамедұлы. 1953 ж. 1 қаңтарда Оңтүстік Қазақстаннның Газылкент ауданында туған. Орындаушы, педагог, дирижер. ҚР еңбегі сіңген өнер қайраткері (1998). 1972 ж. – Шымкент музыка училищесін (В.В.Литвиновтың баян класын), 1977 ж. – Алматы консерваториясын (В.С.Басаргиннің баян класын, Ш.С.Қажығалиевтың оркестрді дирижерлау класын) бітірген. 1975 ж. – Құрманғазы атындағы мемлекеттік Академиялық халық аспаптар оркестрінің әртісі. 1977 ж. – оқытушы, 1982 ж. – аға оқытушы, 1987-2005 жж. – қобыз бен баян кафедрасының меңгерушісі, 1990 ж. – доцент, 1998 ж. – Алматы консерваториясының профессоры. Шығармашылық топтарының құрамында Франция, ФРГ, Австрия, Швейцария, Португалия, АҚШ, Жапония, Шри-Ланка, Куба, Үндістан, Түркия, Филиппиндер, Иран, Конго, Ангола, Малайзия, Мальдив елдеріне гастрольдарға шыққан. 1984 ж. Халықаралық фестивальдар мен байқаулардың қатысушысы – «Мұрагер» халық музыкасы ансамблінің құрушысы мен жетекшісі (А. Райымбергеновпен бірге). Әдістемелік жұмысты жүргізеді, әртүрлі қалаларда педагогикалық семинарларда баяндамалар жасап, республика көлемінде шеберлік сыныптарын өткізеді. Еңбектері: «Баянда ойнаудың прогрессивтік мектеп» оқу-әдістемелік құрал. «Өнер», 1988, авторлас А.Гайсин; «Баяншы Альбомы – авторлық музыкалық шығармалардың, халық музыкаларының өңдеулерінің, Казақстан композиторлар шығармаларының транскрипцияларының жинағы. А., «Өнер», 1986; «Қазақстан композиторлары шығармалары мен қазақ халық музыкасын орындауда әдістемелік ұсыныстар. А., ҚазМинвуз басылымы. ҚазКСР, 1986; «Пособие по аранжировке казахских кюев» (оқу-әдістемелік құрал). А., 1999, авторлас З.Смақова; «Негізгі музыкалық аспап - баян» пәні бойынша педагогикалық институттарға арналған бағдарлама. А., ҚазКСР білім беру Министрлігінің басылымы, 1989; Музыка училищелері үшін баян класы бойынша қосымшалар мен әдістемелік ұсыныстар, А., Қаз. ЖОО Мин. басылымы, 1984. Оның орындауында 20-дан астам шығармалар Қазақ радио қорына жазылған. Бүкілодақтық «Мелодия» фирмасында күйтабағы жазылған.
Узбеков Малик Максумович. 1958 ж. 17 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысының Ленгер қаласында туған. Педагог. 1979 ж. – Шымкент музыка училищесін (П.И.Сапожниковтың баян класын), 1984 ж. – Алматы консерваториясын (А.М.Гайсиннің баян класын) бітірген. 1982-87 жж. – Алматының №8 БММ-де баян класының оқытушысы, халық аспаптар бөлімінің меңгерушісі. 1987-1990 ж. – Алматы консерваториясының қобыз-баян кафедрасында оқытушы. 1990 жылдан Алматының №9 БММ-де директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары, баян класының оқытушысы, халық аспаптар оркестрінің жетекшісі. Еңбектері: Қазақстан композиторларының шығармаларын, қазақ халық өлеңдерін баян мен халық аспаптар оркестіріне өңдеулері. «ҚР Халыққа білім беру үздігі» (1996).
Ураевская Галина Михайловна. 1983 ж. 20 қарашада туған. Орындаушы, педагог. 2006 ж. – ҚазҰМА (Астана қ., оқытушы Г.С.Ефременко класы), 2012 ж. – ҚазҰӨУ жанынан магистратураны (Астана қ., жетекшісі К.П.Стригин) бітірген. Астана қаласы №3 БММ орыс халық аспаптар бөлімінің меңгерушісі. «Особенности баянного творчества Серикжана Абдинурова» оқу-әдістемелік құралының (2012 ж., Астана қ.), білім беру жұмысшы бағдарламасының (БММ 5-7 жыл оқыту), халық аспаптар ансамбльдері мен оркестрлеріне арналған жинақтың авторы.
Усембаева Аяжан. 1997 ж. 25 мамырда туған. Орындаушы. 2009-13 жж. – ҚазҰӨУ жанындағы мектепте (Г.С.Ефременко аккордеон класы), 2013-17 жж. – Астана қаласындағы ҚазҰӨУ колледжінде (Г.С.Ефременко аккордеон класы) оқыған. 2017 жылдан А.Шнитке атындағы Мәскеу мемлекеттік музыка институтында (оқытушы А.И.Леденев класы) оқиды. Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты: «Астана-Мерей» VII халықаралық жас орындаушылар конкурсы (2011 ж., 3 орын, ҚР, Астана қ.), В.Ф.Беляков сыйлығына баян, аккордеонда және ұлттық гармоникада орындаушылар арасындағы І халықаралық конкурс (2013 ж., 2 орын, Башқортостан, Уфа қ.), Крупин атындағы ІІ аймақаралық баян және аккордеонда орындаушылар конкурсы (2014 ж., 3 орын, РФ, Новосібір қ.), А.Жұбанов атындағы жас орындаушылар Халықаралық конкурс-фестивалі (2014 ж., 1 орын, ҚР, Алматы қ.), XXXVII Республикалық музыка колледждері арасындағы орындаушылар конкурсы (2016 ж., 1 орын, ҚР Астана қ.), «Еуразия кубогі» баян-аккордеонда орындаушылардың I халықаралық конкурсы (2017 ж., 2 орын, ҚР, Атырау қ.).
Үсіпбалиев Айтөре Бақтыбайұлы. 1993 ж. 23 наурызда Тараз қаласында дүниеге келген. 2000 ж. – Алматы қаласында К.Байсейітова атындағы Республикалық мамандандырылған музыка мектебінің 1-сыныбына Д.Тұяқбаевтың баян класына оқуға қабылданып, одан 2003 ж. А.Жұбанов атындағы Республикалық мамандандырылған музыка мектебіне З.Смақованың класына ауысып, оны 2012 ж. баян мамандығы бойынша бітіріп шыққан. 2012 ж. – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына баян мамандығы бойынша оқуға түседі. Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты: 2009 ж. V Халықаралық Астана-Мерей жас орындаушылар конкурсының баян, аккордеон номинациясы бойынша дипломанты атанған. 2009 ж. – Music Forum Kazakhstan Республикалық музыка олимпиадасында 3 - дәрежелі дипломант. 2010 ж. – А.Жұбанов атындағы жас орындаушылар байқауының Гран-При жүлдегері. 2010 ж. – Құрманғазы атындағы VIII Республикалық халық аспаптарында орындаушылар байқауының сырнай номинациясы бойынша 2 - орын жүлдегері болған. 2011 ж. – VII Ұлттық жастар Дельфи ойындарының алтын медаль, 2013 ж. – Италияның Ланчиано қаласында өткен баяншылар байқауының «солист» және «варьете» екі номинациялардың 1-орын жүлдегері.
Фардеев Талгат Тимерзянович. 1954 ж. 10 маусымда Башкортостанда туған. Педагог, әдіскер. 1971 ж. – Уфа музыкалық онжылдық мектепті (Ю.А.Лысенконың баян класын), 1976 ж. – Алматы консерваториясын (Т.О.Оқаповтың баян класын). 1974 жылдан педагог, 1982 жылдан Қапшағай балалар өнер мектебінің директоры. Мектептің оқушылары – халықаралық байқаулар мен балалар шығармашылық фестивальдарының жеңімпаздары. Еңбектері: «Өнер мектебінің бағдарламалары» – авторлас. «ҚР Халыққа білім беру үздігі» (1992).
Хабибулин Руслан Наильевич. 12.11.1956–25.08.2008 жж. 1965-70 жж. – Көкшетау музыка мектебінде оқытушы Бексеитов Манарбек Касымұлынан баян класы бойынша оқыған. 1972-76 жж. – П.И.Чайковский атындағы Павлодар музыка училищесінен, 1976-81 жж. – Свердловск (Екатеринбург) қаласындағы Урал мемлекеттік консерваториясына баян мамандығы бойынша дәріс алған. 1976-81 жж. – Свердловск (Екатеринбург) қаласы «Урал» мәдениет сарайы жанындағы халық хорының сүйемелдеушісі, 1981-95 жж. – Көкшетау музыка училищесінде баян класы бойынша оқытушы, 1995-99 жж. – Екатеринбург қаласындағы БММ баян-аккордеон класы бойынша оқытушы. 1999-2000 жж. – Біржан сал атындағы Көкшетау музыкал колледжінде баян және орыс халық аспаптар класы бойынша оқытушы. 2000-03 жж. – Ақмола облыстық филармониясында әртіс-аспапшы. Еңбек еткен жылдары ҚР Мәдениет министрлігінің Құрмет грамотасымен, республикалық конкурстарға шәкірттер дайындағаны үшін бірнеше Алғыс хаттармен марапатталған.
Харламов Владимир Иванович. 1950 ж. 19 мамырда Қарағанды облысының Кеңгір ауылында туған. Астанада қайтыс болған. Педагог, орындаушы, композитор. 1973 ж. – Қарағанды музыка училищесін (В.А.Холопайненнің баян класын), 1978 ж. – Алматы консерваториясын (В.С.Басаргиннің баян класын) бітірген. 1978-80 жж. – Семей музыка училищесінің оқытушысы, Семей облыстық филармониясының жеке орындаушысы. 1980-94 жж. – Целиноград музыка училищесінің оқытушысы, 1985-92 жж. – Целиноград музыка училищесі директорының орынбасары. 1998 жылдан Қазақ ҰМА-да аға оқытушы. Оқушылары арасында: Р.Дамиров – республикалық байқауының лауреаты (Гран-При, Астана, 2002). «Баянға балалар сюитасы» авторлық шығармасын 2002 ж. жас орындаушылардың республикалық байқауында орындау міндетті болды. Еңбектері: «Пьесалар мен өңдеулер» жинағы; «Баянда ойнауды үйренудің бастапқы курсы», орыс және қазақ тілдерінде, Гумилев атындағы АГЕУ оқытушылары И.Бахновский және Ж.Мукановпен авторлас ретінде; қазақ халық күйлері мен өлеңдерінің өңдеулері; орыс халық аспаптар оркестріне арналған шығармалар.
Холопайнен Василий Алексеевич. 1923 ж. Ленинград облысында туған. Қарағанды қаласында қайтыс болған. Педагог, композитор. 1957 ж. – Қарағанды музыка училищесін (Г.С.Шелпаковтың баян класын), 1969 ж. – Алматы өнер институтын (Ф.В.Легкунецтың баян класын) бітірген. Қарағанды музыка училищесі ашылғаннан бері оқыды және жұмыс жасады, 1977 жылға дейін орыс халық аспаптар оркестрінің негізін қалаушысы және жетекшісі. Оқушылары арасында: В.А.Евдокименко, Б.И.Быков, А.В.Чекунов, В.Смольянов, Ю.Курбатов және басқалары. Еңбектері: Репертуарлар жинағы; қазақ халық өлеңдерінің аударымдары мен өңдеулері, Қазақстан композиторлары шығармаларының транскрипциялары; орыс халық аспаптар оркестріне өңдеулер.
Хорошева Разия Исмаиловна. 1942 ж. 19 наурызда Пенза облысында туған. Орындаушы, педагог, баяншылар оркестрінің жетекшісі. ҚР Еңбегі сіңген мұғалімі (1996). 1969 ж. – Алматы музыка училищесін (К.К.Ошлаковтың баян класын), 1971 ж. – Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының музыка және әншілік факультетін бітірген (К.К.Ошлаковтың баян класын). 1966 жылдан зағиптар және нашар көретін балалардың №4 мектеп-интернатында оқытушы. Оқушылары арасында: Д.Терехин, А.Проскурин – Мәскеудегі Луи Брайль атындағы I халықаралың байқауының лауреаттары (1993). 1996 жылдан төмендегі ұжымдардың ұйымдастырушысы және жетекшісі: Зағип балалар-баяншылар ансамблі (балалар музыкалық ұжымдардың республикалық байқауының лауреаты, 1989, және «Үлгілі» атағы); Қазақ зағиптар қоғамының баяншылар оркестрі, ол 1981 ж. «Халықтық ұжым» атағын алған. Баяншылар ансамблімен және оркестрімен Мәскеу, Ленинград, Киев, Бішкек қалаларына гастрольдерге шыққан. «Баяным, ойна» радиохабарға қатысқан (1988). «Мелодия» Бүкілодақтық фирмасымен жазылған екі күйтабағы бар (1981, 1985).
Чалдаева Шамиля Хасьянқызы. 1954 ж. 29 мамырда Мәскеуде туылған. Мұғалім. ҚазКСР білім ағарту саласының үздігі. (1991). 1973 ж. – №2 Мәскеу музыка училищесін (ұстаздары В.И.Логачев пен В.Ф.Глотов), 1984 ж. Алматының Мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваториясын (ұстазы О.А.Абдуллаев) үздік бітірген. 1973-76 жж. – Мәскеу облысы Наро-Фоминсктың балалар музыка мектебінің ұстазы. 1976 ж. бастап – Алматының №5 балалар музыка мектебінде оқытушы, 1983-98 жж. – халық аспаптар бөлімінің меңгерушісі. 1985 ж. – Алматы мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваторияда баян класының ұстазы. 1998-99 жж. – Мәскеу қаласының №54 балалар музыка мектебінде және №10 балалар өнер мектебінде ұстаз. 1999-2001 – Тегерандағы (Иран) Ресей елшігінің жаныңда музыка-эстетикалық студия жетекшісі, балаларға арналған Ирандағы 1 мюзиклдің қоюшы-авторы. 2001 ж. – Алматыдағы УО «Голубой парус» бас директорының орынбасары. 2004-09 жж. – Алматының №5 балалар музыка мектебінде халық аспаптар бөлімінің меңгерушісі, 2009 ж. – аталған оқу орнында директор, балалар мюзиклдің авторы және қоюшы режиссеры. Қалалық және республикалық сайыстарда жүлдегер атанған шәкірттері – Курбанова А. (жас музыканттардың қалалық сайысында 1 орын. Алматы, 2008; республикалық конкурста дипломант. Астана, 2008; ҚР 5 Дельфи жастар ойындарында 1 орын. 2009; «Musik forum Kazakhstan» атты республикалық музыка олимпиадасының дипломанты. Алматы, 2009. Туындылары: баянға лайықталған қазақ музыкасының өңдеулері.
Чекунов Александр Васильевич. 1945 ж. Қарағандыда туған. Орындаушы, педагог. 1966 ж. – Қарағанды музыка училищесін (В.А.Холопайненнің баян класын), 1981 ж. – Алматы консерваториясын (Д.X.Тұяқбаевтың баян класын) бітірген. Қарағанды музыка училищесінде істеген. Жеке концерттермен шыққан, В.В.Чекуновпен дуэтте облыстық байқауның лауреаты болған. Еңбектері: Қазақстан композиторларының өңдеулері, жеке баянға авторлық пьесалар мен этюдтар.
Чекунов Виктор Васильевич. Қарағанды музыка училищесін (Е.Д.Чупровтың баян класын), 1970 ж. – Алматы консерваториясын (Ф.В.Легкунецтың баян класын) бітірген. Қарағанды музыка училищесін оқытушысы. Облыс бойынша жеке концерттерімен шыққан. Киров ауданының БММ-да кәсіби бағыттау бойынша жұмыс жасаған. Оқушылары арасында: облыстық және республикалық байқауларының лауреаттары: С.Щекин, В.Ниль, Б.Нуғышев; Н.Литвинов – баяншы-аккордеоншылардың Орал аймақтық және Нижний Новгородтағы Бүкілодақтық байқауларының лауреаты, «Русь» ансамблінің музыкалық жетекшісі, Ресейдің Еңбегі сіңген әртісі; Э.Сорокин (Воронеж өнер институты) – Париждегі халықаралық байқауының дипломанты (4 орын).
Черная Любовь Николаевна. 1950 ж. туған. Педагог, орындаушы, дирижер. 1971 ж. – Қарағанды музыка училищесін (И.П.Манузиннің баян класын), 1976 ж. – Алматы консерваториясын (В.С.Басаргиннің баян класын, И.Л.Рыктың дирижерлау класын) бітірген. 1976 жылдан Целиноградтың №3 БММ оқытушысы. 1979 жылдан С.Сейфуллин атындағы ЦМПИ оқытушысы. 1983 жылдан Целиноград музыка училищесінің оқытушысы. 1982 жылдан М.Черный, Л.Черная, О.Бурнацкий құрамындағы триомен концерттік бағдарламаларын педагогикалық қызметпен қатар алып келген. 1995 жылдан Иркутсткідегі №1 БММ оқытушысы, орыс халық аспаптары оркестрінің жетекшісі. Бішкектегі баян, аккордеон және гармониканың халықаралық фестивалінің лауреаты. Оқушылары арасында: А.Ф.Буркин – НГК түлегі, республикалық байқауларының лауреаты, Қаз. ҰМА орыс халық аспаптары кафедрасының меңгерушісі, доцент; С.Евменов – республикалық байқауларының дипломанты; Е.Коробко – Гнесиндер атындағы ГМПИ түлегі. Еңбектері: орыс халық аспаптары оркестріне өңдеулер, әдістемелік әзірлемелер.
Черный Михаил Сергеевич. 1951 ж. туған. Педагог, орындаушы. 1971 ж. – Қарағанды музыка училищесін (И.П.Виндгольцтың баян класын), 1985 ж. – Горький консерваториясын бітірген. 1971 жылдан Целиноградтың №1 БММ оқытушысы. 1984 жылдан Целиноград музыка училищесінің оқытушысы. 1982 жылдан М.Черный, Л.Черная, О.Бурнацкий құрамындағы баяншылар триосымен концерттік бағдарламаларын педагогикалық қызметпен қатар алып келген. 1994 жылдан Иркутск музыка училищесінің оқытушысы. Бішкектегі баян, аккордеон және гармониканың халықаралық фестивалінің лауреаты. Оқушылары арасында: Г.Асадуллина – халықаралық байқауының лауреаты; В.Достов – Бішкектегі халықаралық фестивалінің лауреаты.
Чупров Евгений Дмитриевич. 1918 ж. туған. Қарағанды қаласында қайтыс болған. Орындаушы, педагог. Алматы музыка училищесінің дирижерлау бөлімін (К.К.Ошлаков жалпы баян класын), Гнесиндер атындағы ГМПИ (Н.Я.Чайкиннің баян класын) бітірген. Қарағанды кәсіби баян мектебінің іргесін қалаушыларының бірі. Алматы филармониясында жеке орындаушы, концертмейстер болып қызмет атқарған, көптеген концерттерге шыққан, барлық қазақстандық белгілі әртістерге сүйемелдеуші болған, соның ішінде КСРО Халық артисі Р.Бағланова, ҚазКСР артисі Ш.Жиенқұлова және басқалары да бар. Ұлы Отан соғысы кезінде концерттік бригадалар құрамында жауынгерлер алдында концерттер қойған. 1954-79 жж. – Қарағанды оқытушысы, дайын-сайланбалы баянда ойнауды үйренген және үйретушісі ретінде Қазақстанның ең бірінші баяншыларының бірі. Оқушылары арасында: П.Гертер – халықаралық байқауының лауреаты, В.Кривенко, Г.Зонов, В.Брусенцов, А.Демченко, В.Чекунов, А.Зацепилов, А.Мұхатжанов, Е.Данилевский, Ю.Логинов, Е.Коробко және басқалары.
Шутов Геннадий Гаврилович. 1922 ж. 21 желтоқсанда Киров облысының Слобода ауданында туған. Орындаушы, сүйемелдеуші. Әкесінің арқасында, 5 жастан бастап гармоникаларда ойнаған (кировтікі, саратовтікі, ливенка, татардікі, башқұрттікі, хромка және басқалары). 10 жасында Новосібірдегі гармоншылар мен баянистердің 1 байқауында 2 орын алып, велосипедпен марапатталған. Баянды өздігінен меңгерді. 1941 ж., Әскери ұшқыштар училищесін ұшақтарды жөндеу және қызмет көрсету мамандығы бойынша бітірген соң, майданға жіберілген болатын. Сталинград үшін шайқастарға қатысқан, жауынгерлік жолдармен Польшаға дейін жеткен, қоршауға түскен. Бірақ, баянмен ешқашан ажырасқан емес, шайқастар арасында жауынгерлер алдында ойнап, олардың әскери рухын көтеретін. Әскери олжалы аккордеонмен 1946 ж. Алматы музыка училищесіне түседі (контрабас класы). 2 курстан бастап ҚР Халық әртістері Ф.Балғаева, Қ.Жандарбеков және әнші Р.Тулегенова оны сүйемелдеуші ретінде үнемі концерттер мен гастрольдерге шақырады. Музыка училищесін бітіргеннен кейін оның аккордеонда ерекше ойнаушылық қабілеттері үшін «контрабас және аккордеон мамандығының әртісі» куәлігі берілген. 1950-83 жж. – Жамбыл атындағы Қаз. Мемлекеттік филармониясының солистісі және концертмейстер-сүйемелдеушісі. Тың жерлерді игу кезіндегі концерттерге белсене қатысқан, КСРО Халық әртістері Б.Төлегенова, Р.Бағланова, Ә.Дінішевпен, ҚР Халық әртістері Ж.Омарова, М.Мұсабаевпен концертмейстер ретінде КСРО республикаларының барлығына гастрольдерге шыққан. Қазақ радиосы мен теледидардың эстрадалық оркестрі құрамында Данияда, солист және сүйемелдеуші ретінде Монгол елінде болған ҚР Мәдениет күндерінде гастрольдерде болған. Филармонияның музыкалық лекторийдің концертмейстері ретінде ҚР Халық әртістері М.Мұсабаев, Ғ.Молдакәрімоваға, ҚР Еңбегі сіңген әртістері Г.Кононов, А.Енкебаев, Г.Никифороваға, атақты орындаушылар Г.Ересько, А.Байсақалов, А.Жаркінбаева, Ж.Махамбетов, В.Стрельцовқа сүйемелдеу жасаған. Мемлекеттік хор капелласына сүйемелдеу жасаған. Негізігі әртіс-аккордеоншы мамандығымен қатар көп уақыт Қазақ Мемлекеттік филармониясында және Казақ радиосында фортепиано шығармаларына өңдеулер жасаған. Жеке пікір кітабында ұлы орындаушылары И.Безродный, Э.Гилельс, В.Камышов, В.Ростроповичтің және басқа да атақты орындаушылардың ризашылығын білдірген жазбалары бар. «Мелодия» Бүкілодақтық фирмасымен атақты қазақстан әншілердің кейбір өлеңдерді аккордеон сүйемелдеуінде жазылған күйтабақ бар. Қазақ радиосы қорында Ж.Омарованың және басқа әншілердің жазбалары бар. Марапаттары: Ұлы Отан соғысының II дәрежелі ордені, 18 жауынгерлік медальдары, «Тыңды игерген үшін» медалі, КСРО Жоғары Кеңесі Президиумы, Өкімет, Мәдениет Министрлігі, қалалық мәдениет Басқармасы, Қазақстан мәдениет қызметкерлері кәсіподақ ұйымы облыстық комитеттерінің Құрмет грамоталары және басқалары. «Советская культура», «Казахстанская правда», «Вечерняя Алма-Ата», «Караван» және басқа да газеттерде ол туралы мақалалар мен пікірлер.
Шупейкин Василий Васильевич. 1954 ж. 13 ақпанда Ашхабадта туған. Орын- даушы, дирижер. 1973 ж. – Алматы музыка училищесін (П.И.Сапожниковтың баян класын), 1984 ж. – Қырғыз Мемлекеттік өнер институтын бітірген. Жас музыканттар мен жас орындаушылардың республикалық байқауларының лауреаты. 1973- 79 жж. – Алматы Қызыл орденді Шығыс шекарашылар округі ән-би ансамбілінің балет тобының концертмейстері және оркестр солисі. 1984-89 жж. – Қызыл орденді Шығыс шекарашылар округі ән-би ансамблінің бастығы. Ансамбль-КСРО шекарашылар ансамльдері бүкілодақтық байқауларының дипломанты (1973, 1979, 1985). Қазақстан, Қыргызстан, Ресей қалаларында концерттер қойған. 1973 ж. – офицерден бастап, шекарашы әскерлерінің полковнигі шенінде қызмет атқарған. Әскери журналист, «Отан сақшысы – Часовой Родины» газетінің Бас редакторы, ҚР Журналистер одағының мүшесі, И.Шухов атындағы сыйлығының лауреаты, «Грешница» хиқаяты үшін ТМД жазушылары халықаралық байқауының лауреаты («Простор» журналы, №12, 1998, «Ансамбль» естелік хиқаяты үшін, №6 «Пограничник» Ресей журналы, 2000). Еңбектері: бірқатар орыс халық әндері мен билерді баян үшін өңделері, соның ішінде «Ах, вы, сени, мои сени», «А я по лугу», «Барыня»; оркестрмен баян үшін «Утушка луговая», «Наигрыши Семиречья», «Песни о границе».
Яковлев Юрий Павлович. 1946 ж. 23 қазанда Челябі облысының Златоуст қаласында туған. Педагог, дирижер. 1965 ж. – Магнитогор музыка училищесін (Б.В.Синецкийдің баян класын), 1970 ж. – Саратов консерваториясын (Б.В.Синецкийдің, А.И.Сениннің баян класын) бітірген. 1965-68 жж. – Челябі облысының Еманжелинск БММ-де баян класының оқытушысы. 1968 жылдан Қостанай облысы Рудный қаласы музыка училищесінде орыс халық аспаптары оркестрінің дирижері, баян класының оқытушысы. Оқушылары арасында: Н.Ищенко – орыс халық аспаптарында орындаушылардың Бүкілресейлік байқауының лауреаты, Челябинск колледжінде орыс халық аспаптары бөлімінің меңгерушісі, С.Уваров – БММ оқытушыларының облыстық байқауының лауреаты (1 сыйлық, Костанай, 1990); Н.Дамаева – XIX республикалық байқауының лауреаты (3 сыйлық, Алматы, 1998), «Друг баян» байқауының лауреаты (2 сыйлық, Курган, 1999), сол байқаудың ансамбль класының лауреаты, «Шабыт» республикалық байқауының лауреаты (1 сыйлық, Астана, 1999); О.Рассолова – жас орындаушылар республикалық байқауының лауреаты (2 орын, Алматы, 1998); С.Лизунков – «Шабыт» республикалық байқауының лауреаты (2сыйлық, Астана, 1999), «Друг баян» байқауының ансамбль класы бойынша лауреаты (Курган, 1999); А.Болотов – XIX республикалық байқауының лауреаты (2 орын. Алматы, 2000). Еңбектері: кезеңдік басылымдардағы мақалалар, соның ішінде баяншылар туралы. Марапаттары: «Орта арнайы білім берудегі ерекше жетістіктері үшін» белгісі, «Еңбек ардагері» медалі, ЖОО Министрлігінің Құрмет грамоталары.