а) бөлек сақталып қалған мәтіндер немесе олардан үзінділер (зороастриялықтардың киелі кітабы «Авеста», музыкалық-эстетикалық пайымдаулардан, аспаптар атауларынан, музыкалық тұрмыстан тұратын согдий және сасанидтік шығармалар, басқалар);
б) көне грек, көне рим тарихи хроникалары және өзге де шығармалар (Геродот, Ксенофонт, Квинт, Курия, Руф, басқалардың тарихи еңбектері);
в) көне түркі орхон-енисей жазба ескерткіштері (үлкен және кіші қабір тастарындағы руна жазулары), оларда музыкалық аспаптардың атаулары туралы бірегей мәліметтер берілген;
г) көне қытай жылнамалары әлі де көптеген зерттеулердің жүргізілуін талап етеді. Оларда Самарқанд (Афрасиаб) және Ташкент (Шаш) оазистерінің қалалық өнеріне, көне Қытайдың музыкалық мәдениетіне ықпал етуші Орталық Азия–Қытай музыкалық байланысы бойынша бірегей мәліметтер берілген;
д) араб және парсы тілді ғылыми әдебиеттен Орта Азия халықтарының музыкасы туралы мәліметтер, бірінші кезекте ІХ–ХІІ және кейінгі ғасырларда ғалымдармен (әл-Фараби, Бируни, Наршахи, Махмуд Қашқари, Ибн-Сина, т.б.) құрастырылған музыка ғылымы және көркем әдебиет туралы трактаттар [48-50].