Д.М. Мергалиев, Ж.С. Абдалимова, З.Н. Смакова

  1. Абай Ибраһим Құнанбаев. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Алматы, 1957.
  2. Ақшолақов Т. Керекүлік Майра. Қазақ әдебиеті №10. 5 наурыз, 1996 ж.
  3. Алпамыс батыр хикаясы. Батырлар жыры. Алматы, 1963.
  4. Антология казахской поэзии. М., 1958. 181 с.
  5. Антология казахстанской баянной литературы. Ч. 3. Сост. З.Смакова, А.Гайсин, Д.Мергалиев. А., 2016.
  6. Аравин П.В. Даулеткерей и казахская музыка XIX века. М., 1983
  7. Аравин П.В. Степные созвездия. А., 1979.
  8. Атлас музыкальных инструментов народов СССР. М., 1963. С. 197.
  9. Асафьев Б. О казахской народной музыке // Музыкальная культура Казахстана. Алма-Ата, 1955.
  10. Әжікен С.С. Баян аспабында орындаушылық өнер тарихы: Оқу құралы. Атырау, 2017.
  11. Ән еркесі. Құрастырған Ш.Әбдібаев. Алматы: «Өнер», 1990.
  12. Баженов Л. Древние авторы о Средней Азии (VI век до н.э. – III век н.э.). Хрестоматия. Ташкент, 1940.
  13. Басаргин В.С. Воспоминания. Рукопись. А., 2000.
  14. Басурманов А.П. Баянное и аккордеонное искусство. Справочник. М., 2003.
  15. Бекенов У. Қүй табиғаты. Алматы, 1981.
  16. Беляев В. Очерки по истории музыки народов СССР. Вып. 1. М., 1962.
  17. Бердыбаев Р.С. Традиции акынов-импровизаторов. Проблемы современной тюркологии: Материалы II Всесоюзной тюркологической конференции 27-29 сентября 1976 г. Алма-Ата, 1980.
  18. Бес ғасыр жырлайды. Құрастырғандар: М.Байділдаевпен А.Мағауин. 2 т. Алматы: Жазушы, 1984.
  19. Большая советская энциклопедия. 3 изд. Москва, 1969.
  20. Британов Г. Ф. Русские народные инструменты в советской музыкальной культуре (историко-социологический анализ). Л., 1978.
  21. Бұғыбаева Қ. Адасқан жапырақ. А., 2011.
  22. Валиханов Ч.Ч. Избранные труды. М., 1986.
  23. Виноградов В. Киргизская народная музыка. Фрунзе, 1958. С. 71.
  24. Виноградов В.С. Музыка Советского Востока /М.: Сов. Композитор, 1963.
  25. Вызго Т.С. «Орта Азия музыка аспаптары» Музыкальные инструменты Средней Азии: Ист. очерки / Т.С.Вызго; Под науч. ред. Ф.М.Кароматова, Г.А.Пугаченковой. М., Музыка, 1980.
  26. Газарян С. В мире музыкальных инструментов. М.: «Просвещение», 1989.
  27. Гайсин Г.А. Гармоника и ее разновидности в музыкальной культуре Казахстана (к проблеме взаимодействия национальных культур). Автореферат диссертации на соискание ученой степени ученая степень кандидата искусствоведения. Л., 1986.
  28. Гафуров Б.Г. Таджики. Древнейшая, древняя и средневековая история. М., 1972.
  29. Гизатов Б. Казахский оркестр имени Курмангазы: Очерк творческого пути. А., 1994.
  30. Давыдов Н.А. Теоретические основы переложения для баяна инструментальных произведений. Киев, 1973.
  31. Джансеитова С.С. Казахская музыкальная терминология. Алматы, 1992.
  32. Древнетюркский словарь. Л.: Наука, 1969. 677 с.
  33. Елеманова С.А., Омарова Г.Н., Раимбергенова С.Ш., Щегебаев П.Ш. Казахская музыкальная литература. А., 1993.
  34. Ерзакович Б.Г. Взаимовлияние русской и казахской музыкальных культур / Б.Г. Ерзакович. А-А., 1981.
  35. Ерзакович Б.Г. Народная музыка в Казахстане / Б.Г. Ерзакович. Алма-Ата: Жазушы, 1975.
  36. Жарасова А. Казахский фольклор и проблема самодеятельной песни. Традиционный фольклор в современной художественной жизни. Л., 1984.
  37. Жиенқұлова Ш. Өмірім менің – өнерім. Алматы, 1983.
  38. Жүсіпов Б. Жиделi - Байсын күйлерi. А.: Ғылым, 2000.
  39. Жұбанов А.Қ. «Замана бұлбұлдары». Алматы. 1966.
  40. Жұбанов А.Қ. «Ғасырлар пернесі». Алматы. 1975.
  41. Завьялов В.Р. Пути формирования баянного исполнительства и педагогики в условиях влияния развитых инструментальных культур. Л., 1981.
  42. Записки купца Жаркова. Библиотека для чтения. Т. 126. СПб. 1854. С. 231.
  43. Затаевич А. 500 казахских песен и кюев. Алма-Ата, 1931.
  44. Затаевич А. 1000 казахского народа (песни и кюи). Изд. 2-е. 1963.
  45. Иванин М.И. Внутренняя или Букеевская киргизская орда. Эпоха, 1864, №12.
  46. Измайлова Л., Мұхамбетова А. Зрелость таланта. В кн.: Композиторы Казахстана. Вып. 2. Онер, 1982. Стр. 112.
  47. Исмаилов Е. Акыны. Алма-Ата, 1957.
  48. История казахской музыки. Ғылым, 2000 г. 1-2 томдар.
  49. История Казахстана с древнейших времен до наших дней (очерк). Алматы: Дәуір, 1993. 416 с.
  50. История музыки Средней Азии и Казахстана. М.: Музыка, 1995. 357 с.
  51. История Советского драматического театра в 6 томах. М.: Наука, 1966. Т. 2.
  52. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: «Аруна Ltd» 2010.
  53. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: «Аруна Ltd» ЖШС, 2005.
  54. Қазақ поэзиясының антологиясы. Алматы, 1993.
  55. Казахская Национальная Академия Музыки. Ред.-сост. Джумакова У.Р., Бакаева И.А., Мылтыкбаева М.Ш. Астана, 2001.
  56. Карагандинское музыкальное училище имени Таттимбета. Караганда, 1989.
  57. Композиторы Казахстана. Вып. 2. Алматы, 1982.
  58. Короглы X. Взаимосвязи эпоса народов Средней Азии, Ирана и Азербайджана. 1983.
  59. Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы. Сост. Т.Жұмалиева, Д.Ахметбекова, Б.Ысқақов, Ә.Қарамендина, З.Қоспақов. Алматы, 2005.
  60. Қауғабаев О. Көне мұра күмбірі. Лениншіл жас, 1981.
  61. Кетегенова Н.С. Композиторы и музыковеды Казахстана. Справочник. Алматы, 1973.
  62. Композиторы и музыковеды Казахстана. Справочник. Алматы, 1983.
  63. Қожырұлы Б. Қазақ елінің атақты музыка өнерпаздары (антология). Алматы, 2010.
  64. Қоспақов З. Әнші тағдыры. Алматы, 1971
  65. Лафарг П. Очерки по истории культуры. 1926.
  66. Максимов Е.И. Ансамбли и оркестры гармоник. 2 изд., доп. И перераб. М., 1979.
  67. Максимов Е.И. Гармоника в культурно-просветительской работе как важное средство воспитания трудящихся. М., 1972.
  68. Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. М.-Л., 1951.
  69. Маргулан А.Х. О носителях древней поэтической культуры казахского народа/ Ауэзов М.О. Сб. статей к его 60-летию. Алма-Ата, 1959.
  70. Мирек А.М. Гармоника. Прошлое и настоящее. М., 1994.
  71. Мирек А.М. Из истории аккордеона и баяна [Текст] / А.М. Мирек. М.: Музыка, 1967.
  72. Мирек А.М. Справочник по гармоникам. М., 1968.
  73. Момынұлы П. Қазақ музыкасың қысқаша тарихы. 2 том. Алматы-Шымкент, 2002.
  74. Момынұлы П. Қазақ музыкасың қысқаша тарихы. 3 том. Алматы-Шымкент, 2007.
  75. Мұстафин Б., Смақова З. Сырнай үйренудің бастапқы курсы. Алматы, 2003.
  76. Мұстафин Б., Смақова З. Сырнай үйрену мектебі. Алматы: «Білім», 2004.
  77. Нартай Бекежанов. Өсиет. Алматы, 1982.
  78. Новожилов В. Баян: Популярный очерк. М.: Музыка, 1988. Стр. 32.
  79. Орта Азия және Қазақстан музыкасының тарихы. М.: Музыка, 1995. 357 б.
  80. Очерки о композиторах Казахстана. Составитель А.С.Нусупова. Алматы, 2013.
  81. Ошлаков К.К. Школа игры на баяне. Алматы, 1959-1963.
  82. «Өркен» газеті, 10 бет. Алматы, 1990, 6 қазан.
  83. Портреты советских композиторов. Николай Чайкин. М.: «СК», 1986.
  84. Пугаченкова Г., Ремпель Л. Очерки искусства Средней Азии. М.,1982.
  85. Раимбергенов А., Аманова С. Күй қайнары. Алматы, 1990.
  86. Сарыбаев Б.Ш. Қазақ музыка аспаптары. Алматы: Жалын, 1978.
  87. Сапожников П.И. Қазақстанның ақын-сырнайшылар өнері туралы (Оңтүстік Қазақстан облысы материалдары бойынша). Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Көркемөнерден білім беру» сериясы, №1(46) 2016.
  88. Cейфуллин С. Тар жол тайғақ кешу. А.: «Жазушы», 1977.
  89. Смакова З.Н. Об ассимиляции гармоники в традиционную культуру Казахстана: в Материалах Международной научно-практической конференции, посвященной 100-летию со дня рождения П.В.Аравина. Алматы, 2008.
  90. Смакова З.Н. Об историко-культурных предпосылках появления гармоники в Казахстане. «Ғаламат ғұмыр – ғибраты ғасырларда»: в Материалах Международной научно-практической конференции, посвященной 100-летию со дня рождения А.К.Жубанова. Алматы, 2006.
  91. Смакова З.Н. Предисловие к Альбом баяниста. Вып. 2. Авторский нотный сборник З.Смаковой. Алматы, 2003.
  92. Смакова З.Н. Развитие казахстанской баянной школы на примере Казахской национальной консерватории имени Курмангазы: в Материалах Международной научно-практической конференции, посвященной 60-летию Казахской национальной консерватории имени Курмангазы. Алматы, 2005.
  93. Смакова З.Н. Роль гармоники в оркестровой и ансамблевой культуре Казахстана: в Материалах Международной научно-практической конференции «Традиционные музыкальные культуры народов Центральной Азии». Алматы, 2009.
  94. Смакова З.Н. Становление и развитие казахстанской баянной школы. «Высшая школа Казахстана», 1/2011. Алматы, 2011.
  95. Сницарева Т.М. Истоки и этапы становления музыкальной жизни современного села Казахстана /Т.М. Сницарева: дисс канд. искусствоведения: 17.00.02, 1985.
  96. Тарихи тұлғалар. Танымдық-көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. Алматы: «Алматы кітап» , 2009.
  97. Тулегенова Б. Живая песня. М., 1984.
  98. Турсунов Е.Д. Возникновение баксы, акынов и жырау. Алматы, 1999.
  99. Туякбаев Д., Смакова З. Пособие по аранжировке казахских кюев для баяна. А., 1999.
  100. Шейблер Т. Кабардинский фольклор. Советская музыка. 1956. № 6.
  101. Чабан В.А. Становление интонационального стиля искусства гармоники-баяна. Вильнюс, 1985.
  102. Черных И.П. История развития баяна в Павлодарской области. Дипломный реферат. А., 1977.

IV. ГАРМОНШЫЛАРДЫҢ НАСИХАТТЫҚ-АҒАРТУШЫЛЫҚ РӨЛІ

ХХ ғасырдың 20-шы жылдары Қазақстанда көркем өнерпаздар орындаушыларына арналған гармонды жаппай меңгеруге бағытталған ыңғайлы жағдайлар жасалды. Төңкерістен кейінгі дүниежүзілік және азаматтық соғыстары кезіндегі ауыр кезеңде мұндай жаңашылдыққа алғашқы қадам бастаған Бүкіл Одақтық Ленин комсомолы жастар Одағы (ВЛКСМ) болды. «Таза» пролетарлық өнер қалыптастыру үшін түбегейлі ниеттенген «күрескерлер» жаңа идеяларды енгізуге кірісіп кетті. Қазақтың ұлттық аспаптары қуғынға ұшырай бастады. Бұл гармоникада орындаушылықты қолдау туралы Кеңес Одағының «Комсомольская правда» газетіне ұран тасталған уақыттан басталды.

Көптеген жігерлі тілшілер ілгері итермелеуші пролетарлық музыкалық аспап ретінде гармониканың пайдасы үшін, халық ұлттық аспаптарын толықтай ұмытуға шақырды. Осы мәселеге қатысты баспасөз беттерінде қомақты дискуссиялар, даулар пайда бола бастады. Ақындар, жазушылар мен зиялы қауым қазақ халқының орындаушылық өнерін қорғаушылар қатарынан орын алып жатты.

1926 ж. комсомол гармониканы дамытуға қатысты үстемдік жүргізе бастайды. Гармоника туралы жаңа тұрмыстың ұйытқысы, саналы ойын-сауық құралы мағынасындағы әңгімелер айтыла бастады. С.Богославский: «Біз гармониканы шеттете алмаймыз, оның үстіне оны скрипка, пианино және т.б. аспаптармен ығыстырып шығару мүмкін емес. Гармон симфониялық және камералық музыканың негіздерін өзінің репертуарымен құлату, ыдырату қаупін төндіріп отыр.

...Әрбір музыканы сүйетін, қадірлейтін қызметкер, кәсіби мамандар гармоникада, балалайка, гитарада ойнау арқылы шынайы өнерді халыққа қалай тарату туралы ойлануы тиіс».

1926 ж. «Комсомольская правда» газеті Мәскеу қалалық комсомол комитетімен бірлесе отырып, Мәскеу қаласында үздік гармонист атағына Бірінші конкурс ұйымдастырып, «гармониканың мәдени және ағартушылық мәні туралы»; оның танымал мәдени аспаптар (скрипка және т.б.) қатарынан орын алатын бұқаралық музыкалық аспап болып саналатыны туралы мақалалар жариялады.

Комсомолдың бастамашылық жасауымен 1926 ж. Дүниежүзілік гармонисттер конкурсы ұйымдастырылып, Мәскеу, Ленинград және Кеңес Одағының өзге де қалаларында өткізілді. М.М.Ипполитов-Иванов, Л.М.Цейтман, С.С.Богославский секілді ірі музыка қайраткерлері гармониканың халық ішіндегі үдемелі рөлін байқап, оның алатын орны мен мәні туралы өз пікірлерін білдіріп жатты [70].

Бірнеше ай өткен соң республикалық комсомол газеттерінің беттерінен орталық комсолмол органының шешімін өмірге енгізуге арналған төмендегідей шаралар жарық көре бастайды:

1. Комсомол ұйымдарының басшылығымен клубтар, орта білім беру мектептері жанынан гармоншылар үйірмелерін құру, үйірмелердің жетекшілеріне арналған дайындық курстарын ашу.

2. Гармоника дайындау жөніндегі кәсіпорын ашу, олардың бағасын арзандату шараларын алу, гармоникаға арналған әндер мен музыкалық шығармалар жазу.

3. Гармоникада ойнау насихатын арттыру үшін, баспасөз беттерінде осы жұмысқа қатысты барлық қиындықтар мен табыстар туралы мақалалар жарияланды. Гармоншыларды дайындауға арналған тәрбие жұмыстарында баспахана, кино, теледидар және радионың маусымдық шығарылымдары пайдаланылды.

Гармоникаға қолдау көрсету туралы 1926 ж. «Жас қайрат» газетінің үндеуіне қатысты қазақстандық орталық комсомол газеттерінің беттерінде қызу пікірталастар болған. Біреулері, айталық ресейлік әріптестерінің сөзіне қарай, қазақ жастарын музыкаға тәрбиелеу үшін домбырашылар, сыбызғышылар, қобызшылар үйірмелерін құру керек десе, енді біреулері қазақ музыка мәдениетінде домбыраның рөліне аса мән бермей, келешек ұрпақты тәрбиелеу үшін дыбысы әлсіз домбыраның пайдасыз екендігін дәлелдеуге тырысты. Олар гармоника, мандолина, скрипкаға көбірек көңіл бөліп, домбыраның дыбысы төрден босағаға жетпейді, – деді. «...Шыңғырлаған таяқ пен қой шегінен көнерген тыр, тыр, тырдан басқа шығатын дыбыс жоқ», – деп баға берді. Тағы біреулерінің түсінігі бойынша «домбыра заманына сай келмейді. Дыбысталуы жағынан басқа аспаптардан қалыс қалады, сахнада пайдалануға өте қолайсыз деп жатты. Гармонда ойнауды үйренгендер одан әрі рояльді де еркін меңгереді. Жақсы сырнайшы ән-күйлерді ашық жуан дыбыспен орындайтын болады және ол тыңдаушыларын да қызықтыра алады», – деді.

Комсомол ұйымдары гармониканы өзінің басшылығына алу себебі, халық ішінде таптық күресті өршітпей, жастар арасына өз ықпалын жүргізу болатын. «Гармоника – комсомол қызметіне!», «Гармоника – кеңестік қоғам қызметіне!» ұрандары гармониканың дәрежесін социалистік қоғам құру кезіндегі көмекші құрал ретінде одан әрі шарықтата түсті. Комсомолдың ықпалымен болған бастамашылық гармоникада орындаушылықты тарату жұмыстарына одан әрі ынталандыра түсті. Сол уақыттан бастап кеңестік мемлекет пен Қазақстан халқының арасында жүргізілетін саяси, қоғамдық және мәдени-ағартушылық жұмыстар барысында гармоникаға үлкен көңіл бөлінді.

Осы кезеңде Ташкент, Верный, Семей, Орынбор қалаларында конкурстар, слеттер, музыкалық олимпиадалар ұйымдастырылып, оған әнші-гармоншылар, ақын-гармоншылар белсене қатысты. Клубтарда, оқу үйлерінде гармоншылар үйірмелері жұмыс жасады, сол ұжымдардың инструктор-жетекшілері бір орталықтан оқытылды. Осы секілді үйірмелерде гармоникада, баянда ойнауға үйретілді. Сол уақыттардан бастап әнші-гармоншылар тек халық ішінде өтетін мерекелердің ғана емес, түрлі қыдырыстар мен жәрмеңкелердің, жиналыстар мен ереуілдердің де қатысушыларына айналады.

Ашық аспан астында өтетін түрлі мерекелер кезінде дауысының өткір шығуына байланысты, өзге аспаптармен салыстырғанда гармониканың беделі арта түсті.

Сырнай халық аспабына айналды, алайда танымалдылығы мен таралуы жағынан домбырадан кейінгі орынды иеленді.

Жаңа қоғамның қалыптасуы кезеңінде, бірін-бірі толықтай жоққа шығаратын түрлі идеялар, нанымдар пайда бола бастады. Солардың қатарында «Жас қанат» республикалық орталық комсомол газетінің бетінен жарық көрген пікірлерді атауға болады [82]. Қазақ ұлттық аспаптарына қуғын-сүргін мемлекет деңгейіндегі масштабта жүргізілді. Сол уақыттағы Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бұрынғы екінші хатшысы бүкіл ұлттық, оның ішінде қазақ халық аспаптарына қарсы, жаңа социалистік өмірге қайшы келетін аспап ұғымымен ірі саяси науқанды бастайды. Қуанышқа орай, мындай сандырақ тенденция жүзеге аспай, музыкалық қоғам парасатты ойды басшылыққа алып және көне ұлттық мәдениетке қатысты келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілікті сезініп, домбыра, қобыз және өзге де, оның ішінде қолданыстағы және қазақ халқының музыка мәдениетінің құрамында дамып келе жатқан ұлттық аспаптарды сақтап қалуды ақылмен шешті. Аталған аспаптарды музыка өмірінен мүлде алып тастауға ешқандай тарихи, болмаса объективті себеп табылмады.

Осындай әбден мезі қылған мәселені біз ушықтыру, болмаса біреулердің пікірлерін қақтығыстыру үшін емес, сол замандағы музыка өмірінде артықшылықтың Қазақстан өмірі мен мәдениетінде кейіннен келген гармоника мен баянға берілгенін мысалмен дәлелдеу үшін қарастырып отырмыз.

Баспасөз беттерінде пайда болған жасанды дебаттардың көбейгеніне қарамастан, халық өз тіршілігімен өмір сүруді, ата-бабадан қалған мұра – ұлттық аспаптарда ойнауды жалғастыра берді. Домбыра, қобыз және гармон халық өмірімен біте қайнасып кетті.

Торғай облысының тумасы қызыл командир Ә.Жангелдиннің керуенінде көркемөнерпаздар үйірмесі құрылып, оның құрамында гармоншылар да болды. Аталған үйірмеге қатысушылар қатарынан кейіннен қазақ сахнасының әйгілі әртістері шыққан.

1928 жылдан бастап республикада халық орындаушыларының облыстық слеті жүйелі өткізіле бастайды. ХХ ғасырдың 30-шы жылдары радиокомитеттер құрылып, оған халық өнерінің қас шеберлері шақыртылатын болған. Танымал қазақ әншілері гармоншылардың сүйемелдеуімен тікелей эфирден өнер көрсетеді. Өнердің жалпылама қарқын алып дамуына қозғау салған 1934 ж. Алматы қаласында өткен І Бүкілқазақстандық халық өнері қайраткерлерінің слеті болды. Сол 1934 ж. домбыра үйірмесінен керемет қазақ халық аспаптар оркестрі құрылып, кейін оны Құрманғазы атындағы Академиялық халық аспаптар оркестріне айналдырған А.Қ.Жұбанов қазақ аспаптарына қатысты дауды біржолата тоқтатты.

1933 ж. Ахмет Қуанұлы Жұбанов Алматы музыка-драма техникумының жанынан ғылыми-зерттеу кабинеті мен музыка-эксперименттік шеберханасын ашады. Шебер – кәсіби мамандар, композиторлар мен орындаушылардың жүргізген зерттеу жұмыстары мен шығармашылық еңбегінің нәтижесінде дайындалған материалдардың формасы, көлемі жасалып, жылжымалы перненің орнына бекітілген пернелер белгіленіп, қолдан жасалған шектердің орнына фабрикалардан шыққан кетгуттар тартылады. Акустика заңына сәйкес домбыра құрылысының жаңартылуы, оның таза және анық, қатты дыбысталуына мүмкіндік берді. Диапазоны кеңіп, халық әндері мен әлемдік классикалық әндерді орындау келешегі ашыла түсті. А.Қ.Жұбановтың, кейін осы бағытта үлкен жұмыс атқарған Ш.С.Қажығалиевтың арқаларында қазақ домбырасы көркем, техникалық, динамикалық және әдемі дыбыс шығару үлкен потенциалы бар, концерттік аспапқа айналды.

Қалай болғанда да, жалпы алғанда, Қазақстанның жаңа өмірін қалыптастыру кезеңінде гармониканың атқарған насихат-ағартушылық қызметі өте зор. Сол кездегі гармоншылар үйірмесі мүшелерінің қатарынан ірі музыканттар мен республика мен Одақ көлемінде танымал болған өнер қайраткерлері өсіп шықты.