Д.М. Мергалиев, Ж.С. Абдалимова, З.Н. Смакова

  1. Абай Ибраһим Құнанбаев. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Алматы, 1957.
  2. Ақшолақов Т. Керекүлік Майра. Қазақ әдебиеті №10. 5 наурыз, 1996 ж.
  3. Алпамыс батыр хикаясы. Батырлар жыры. Алматы, 1963.
  4. Антология казахской поэзии. М., 1958. 181 с.
  5. Антология казахстанской баянной литературы. Ч. 3. Сост. З.Смакова, А.Гайсин, Д.Мергалиев. А., 2016.
  6. Аравин П.В. Даулеткерей и казахская музыка XIX века. М., 1983
  7. Аравин П.В. Степные созвездия. А., 1979.
  8. Атлас музыкальных инструментов народов СССР. М., 1963. С. 197.
  9. Асафьев Б. О казахской народной музыке // Музыкальная культура Казахстана. Алма-Ата, 1955.
  10. Әжікен С.С. Баян аспабында орындаушылық өнер тарихы: Оқу құралы. Атырау, 2017.
  11. Ән еркесі. Құрастырған Ш.Әбдібаев. Алматы: «Өнер», 1990.
  12. Баженов Л. Древние авторы о Средней Азии (VI век до н.э. – III век н.э.). Хрестоматия. Ташкент, 1940.
  13. Басаргин В.С. Воспоминания. Рукопись. А., 2000.
  14. Басурманов А.П. Баянное и аккордеонное искусство. Справочник. М., 2003.
  15. Бекенов У. Қүй табиғаты. Алматы, 1981.
  16. Беляев В. Очерки по истории музыки народов СССР. Вып. 1. М., 1962.
  17. Бердыбаев Р.С. Традиции акынов-импровизаторов. Проблемы современной тюркологии: Материалы II Всесоюзной тюркологической конференции 27-29 сентября 1976 г. Алма-Ата, 1980.
  18. Бес ғасыр жырлайды. Құрастырғандар: М.Байділдаевпен А.Мағауин. 2 т. Алматы: Жазушы, 1984.
  19. Большая советская энциклопедия. 3 изд. Москва, 1969.
  20. Британов Г. Ф. Русские народные инструменты в советской музыкальной культуре (историко-социологический анализ). Л., 1978.
  21. Бұғыбаева Қ. Адасқан жапырақ. А., 2011.
  22. Валиханов Ч.Ч. Избранные труды. М., 1986.
  23. Виноградов В. Киргизская народная музыка. Фрунзе, 1958. С. 71.
  24. Виноградов В.С. Музыка Советского Востока /М.: Сов. Композитор, 1963.
  25. Вызго Т.С. «Орта Азия музыка аспаптары» Музыкальные инструменты Средней Азии: Ист. очерки / Т.С.Вызго; Под науч. ред. Ф.М.Кароматова, Г.А.Пугаченковой. М., Музыка, 1980.
  26. Газарян С. В мире музыкальных инструментов. М.: «Просвещение», 1989.
  27. Гайсин Г.А. Гармоника и ее разновидности в музыкальной культуре Казахстана (к проблеме взаимодействия национальных культур). Автореферат диссертации на соискание ученой степени ученая степень кандидата искусствоведения. Л., 1986.
  28. Гафуров Б.Г. Таджики. Древнейшая, древняя и средневековая история. М., 1972.
  29. Гизатов Б. Казахский оркестр имени Курмангазы: Очерк творческого пути. А., 1994.
  30. Давыдов Н.А. Теоретические основы переложения для баяна инструментальных произведений. Киев, 1973.
  31. Джансеитова С.С. Казахская музыкальная терминология. Алматы, 1992.
  32. Древнетюркский словарь. Л.: Наука, 1969. 677 с.
  33. Елеманова С.А., Омарова Г.Н., Раимбергенова С.Ш., Щегебаев П.Ш. Казахская музыкальная литература. А., 1993.
  34. Ерзакович Б.Г. Взаимовлияние русской и казахской музыкальных культур / Б.Г. Ерзакович. А-А., 1981.
  35. Ерзакович Б.Г. Народная музыка в Казахстане / Б.Г. Ерзакович. Алма-Ата: Жазушы, 1975.
  36. Жарасова А. Казахский фольклор и проблема самодеятельной песни. Традиционный фольклор в современной художественной жизни. Л., 1984.
  37. Жиенқұлова Ш. Өмірім менің – өнерім. Алматы, 1983.
  38. Жүсіпов Б. Жиделi - Байсын күйлерi. А.: Ғылым, 2000.
  39. Жұбанов А.Қ. «Замана бұлбұлдары». Алматы. 1966.
  40. Жұбанов А.Қ. «Ғасырлар пернесі». Алматы. 1975.
  41. Завьялов В.Р. Пути формирования баянного исполнительства и педагогики в условиях влияния развитых инструментальных культур. Л., 1981.
  42. Записки купца Жаркова. Библиотека для чтения. Т. 126. СПб. 1854. С. 231.
  43. Затаевич А. 500 казахских песен и кюев. Алма-Ата, 1931.
  44. Затаевич А. 1000 казахского народа (песни и кюи). Изд. 2-е. 1963.
  45. Иванин М.И. Внутренняя или Букеевская киргизская орда. Эпоха, 1864, №12.
  46. Измайлова Л., Мұхамбетова А. Зрелость таланта. В кн.: Композиторы Казахстана. Вып. 2. Онер, 1982. Стр. 112.
  47. Исмаилов Е. Акыны. Алма-Ата, 1957.
  48. История казахской музыки. Ғылым, 2000 г. 1-2 томдар.
  49. История Казахстана с древнейших времен до наших дней (очерк). Алматы: Дәуір, 1993. 416 с.
  50. История музыки Средней Азии и Казахстана. М.: Музыка, 1995. 357 с.
  51. История Советского драматического театра в 6 томах. М.: Наука, 1966. Т. 2.
  52. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: «Аруна Ltd» 2010.
  53. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: «Аруна Ltd» ЖШС, 2005.
  54. Қазақ поэзиясының антологиясы. Алматы, 1993.
  55. Казахская Национальная Академия Музыки. Ред.-сост. Джумакова У.Р., Бакаева И.А., Мылтыкбаева М.Ш. Астана, 2001.
  56. Карагандинское музыкальное училище имени Таттимбета. Караганда, 1989.
  57. Композиторы Казахстана. Вып. 2. Алматы, 1982.
  58. Короглы X. Взаимосвязи эпоса народов Средней Азии, Ирана и Азербайджана. 1983.
  59. Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы. Сост. Т.Жұмалиева, Д.Ахметбекова, Б.Ысқақов, Ә.Қарамендина, З.Қоспақов. Алматы, 2005.
  60. Қауғабаев О. Көне мұра күмбірі. Лениншіл жас, 1981.
  61. Кетегенова Н.С. Композиторы и музыковеды Казахстана. Справочник. Алматы, 1973.
  62. Композиторы и музыковеды Казахстана. Справочник. Алматы, 1983.
  63. Қожырұлы Б. Қазақ елінің атақты музыка өнерпаздары (антология). Алматы, 2010.
  64. Қоспақов З. Әнші тағдыры. Алматы, 1971
  65. Лафарг П. Очерки по истории культуры. 1926.
  66. Максимов Е.И. Ансамбли и оркестры гармоник. 2 изд., доп. И перераб. М., 1979.
  67. Максимов Е.И. Гармоника в культурно-просветительской работе как важное средство воспитания трудящихся. М., 1972.
  68. Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. М.-Л., 1951.
  69. Маргулан А.Х. О носителях древней поэтической культуры казахского народа/ Ауэзов М.О. Сб. статей к его 60-летию. Алма-Ата, 1959.
  70. Мирек А.М. Гармоника. Прошлое и настоящее. М., 1994.
  71. Мирек А.М. Из истории аккордеона и баяна [Текст] / А.М. Мирек. М.: Музыка, 1967.
  72. Мирек А.М. Справочник по гармоникам. М., 1968.
  73. Момынұлы П. Қазақ музыкасың қысқаша тарихы. 2 том. Алматы-Шымкент, 2002.
  74. Момынұлы П. Қазақ музыкасың қысқаша тарихы. 3 том. Алматы-Шымкент, 2007.
  75. Мұстафин Б., Смақова З. Сырнай үйренудің бастапқы курсы. Алматы, 2003.
  76. Мұстафин Б., Смақова З. Сырнай үйрену мектебі. Алматы: «Білім», 2004.
  77. Нартай Бекежанов. Өсиет. Алматы, 1982.
  78. Новожилов В. Баян: Популярный очерк. М.: Музыка, 1988. Стр. 32.
  79. Орта Азия және Қазақстан музыкасының тарихы. М.: Музыка, 1995. 357 б.
  80. Очерки о композиторах Казахстана. Составитель А.С.Нусупова. Алматы, 2013.
  81. Ошлаков К.К. Школа игры на баяне. Алматы, 1959-1963.
  82. «Өркен» газеті, 10 бет. Алматы, 1990, 6 қазан.
  83. Портреты советских композиторов. Николай Чайкин. М.: «СК», 1986.
  84. Пугаченкова Г., Ремпель Л. Очерки искусства Средней Азии. М.,1982.
  85. Раимбергенов А., Аманова С. Күй қайнары. Алматы, 1990.
  86. Сарыбаев Б.Ш. Қазақ музыка аспаптары. Алматы: Жалын, 1978.
  87. Сапожников П.И. Қазақстанның ақын-сырнайшылар өнері туралы (Оңтүстік Қазақстан облысы материалдары бойынша). Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Көркемөнерден білім беру» сериясы, №1(46) 2016.
  88. Cейфуллин С. Тар жол тайғақ кешу. А.: «Жазушы», 1977.
  89. Смакова З.Н. Об ассимиляции гармоники в традиционную культуру Казахстана: в Материалах Международной научно-практической конференции, посвященной 100-летию со дня рождения П.В.Аравина. Алматы, 2008.
  90. Смакова З.Н. Об историко-культурных предпосылках появления гармоники в Казахстане. «Ғаламат ғұмыр – ғибраты ғасырларда»: в Материалах Международной научно-практической конференции, посвященной 100-летию со дня рождения А.К.Жубанова. Алматы, 2006.
  91. Смакова З.Н. Предисловие к Альбом баяниста. Вып. 2. Авторский нотный сборник З.Смаковой. Алматы, 2003.
  92. Смакова З.Н. Развитие казахстанской баянной школы на примере Казахской национальной консерватории имени Курмангазы: в Материалах Международной научно-практической конференции, посвященной 60-летию Казахской национальной консерватории имени Курмангазы. Алматы, 2005.
  93. Смакова З.Н. Роль гармоники в оркестровой и ансамблевой культуре Казахстана: в Материалах Международной научно-практической конференции «Традиционные музыкальные культуры народов Центральной Азии». Алматы, 2009.
  94. Смакова З.Н. Становление и развитие казахстанской баянной школы. «Высшая школа Казахстана», 1/2011. Алматы, 2011.
  95. Сницарева Т.М. Истоки и этапы становления музыкальной жизни современного села Казахстана /Т.М. Сницарева: дисс канд. искусствоведения: 17.00.02, 1985.
  96. Тарихи тұлғалар. Танымдық-көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. Алматы: «Алматы кітап» , 2009.
  97. Тулегенова Б. Живая песня. М., 1984.
  98. Турсунов Е.Д. Возникновение баксы, акынов и жырау. Алматы, 1999.
  99. Туякбаев Д., Смакова З. Пособие по аранжировке казахских кюев для баяна. А., 1999.
  100. Шейблер Т. Кабардинский фольклор. Советская музыка. 1956. № 6.
  101. Чабан В.А. Становление интонационального стиля искусства гармоники-баяна. Вильнюс, 1985.
  102. Черных И.П. История развития баяна в Павлодарской области. Дипломный реферат. А., 1977.

IX. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЯН ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ РЕСЕЙ, УКРАИНА МЕКТЕПТЕРІМЕН САБАҚТАСА ДАМУЫ

Қазақстандағы баян педагогикасының дамуын Ресей баян мектебімен арадағы байланыссыз көзге елестету мүмкін емес. Жалпыға белгілі, Ресей баянда орындаушылық мектебі мен педагогикасының даму тарихы ұзақ әрі тығыз байланысты. ХІХ ғасырдың асқан шебер-гармоншылары П.Невский мен Я.Орланский-Титоренкодан, керемет баяншылар П.Гвоздев пен И.Паницкийден бастап, баянда ойнау өнері қарқынды даму үрдісінен өткен [14, 70, 71].

Кеңес заманындағы баянда орындаушылықтың жарқын гүлдену кезеңі 1960-1990 жылдар аралығында орын алды. Баян құрылысын жетілдіру мақсатындағы үздіксіз ізденістер көптембрлі «Россия», «Мир», «Аппассионата», «Русь», «Левша», «Юпитер» маркалы дайын-терулі баяндардың пайда болуына әкелді.

Кеңес заманындағы баяншылардың бірнеше буыны айтулы баянда және аккордеонда орындаушылардың «Дни гармоники», кейін Клингентальдағы «Фогтландские дни музыки» (1966 ж. бастап – В.Галкин) және «Кубок мира» (1968 ж. бастап – Ю.Вострелов) халықаралық конкурстарында жоғары нәтижеге қол жеткізіп, озық орындаушылар қатарынан орын алып жүрді. Гармоникада ойнауды үйретуге арналған Ресейден шыққан алғашқы оқу құралына (Н.Куликова, К.Хватала) өз бетінше музыкаға үйрену репертуарлары мен ерекше әдістемелік кеңестер енгізілді. Осы кезеңде гармониканы «есту» немесе «сандық» тәсілмен ойнау дами түскен. ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін гармоникада ойнаудың тек әуесқой орындаушылық түрі дамыды.

Әдебиет көздеріне [пособия для обучения игре на гармониках Н.Куликова и К.Хватала; самоучителей и школ И.Телетова; сборников методических статей «Баян и баянисты» в выпусках (сост. И общ. ред. Ю.Акимова); сборников трудов ГМПИ им. Гнесиных «Музыкальная и исполнительство на русских народных инструментах»; авторских книг известных российских баянистов (В.Новожилов и др.)], талдау жасай отырып байқайтынымыз, түбегейлі бетбұрыс тек 1926 ж. М.Н.Герасимовтың «Баян хроматикалық гармоникаға арналған мектеп» оқулығы шыққан соң орын алған. Содан соң алғашқы баян кластары Ресейде Ленинградтағы (Санкт-Петербург, 1926) және Мәскеудегі (1927) музыка оқу орындарында ашылған [14, 70, 71].

Сол уақыттан бастап баянға арналған ерекше шығармалардан тұратын, күрделі формалы, классика мен халық әуендерінің концерттік өңдеулерінен тұратын кеңейтілген нота репертуарлары пайда болып, академиялық сахналарда баянды аспап ретінде нығайта түскен.

Баян тақырыбына қорғалған диссертациялық жұмыстар қазіргі музыка ғылымында белгілі бір орынды иеленуде.

Соғыстан кейінгі жылдары баяннан арнайы білімі жоқ, бірақ баянда орындаушылық мәдениетін арттыру ісіне айтарлықтай үлес қосқан педагогтердің орнына жоғары музыкалық білімі бар педагог-баяншылар келді. Осы уақытта баяншыларды даярлау кәсіби деңгейі жоғары пианист, скрипкашы және өзге музыканттарға жақындап қалған болатын. Баянға арналған күрделі шығармалар ойнала бастады: 1-ші және 2-ші сонаталар, Н.Чайкиннің баянға арналған концерттері мен сюиталары, А.Холминовтың баянға арналған сюитасы.

Қазақстандағы баян мектебінің негізін салушылардың бірі К.К.Ошлаков Тобыл музыка училищесінен кейін 1940 пен 1987 жылдар аралығында көптеген кәсіби баяншыларды даярлап, олар одан әрі балалар музыка мектептері мен студияларда, музыка және педагогикалық училищелер мен педагогикалық институттарда өз шәкірттерін тәрбиелеп, өсірген. К.К.Ошлаковтың шәкірттерінің бірі Легкунец Федор Васильевич Гнесиндер атындағы Мемлекеттік музыкалық-педагогикалық институтта жоғары кәсіби музыкалық білім алған соң [77], Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында баян класы бойынша алғашқы оқытушы болып еңбек етеді. Оның ұстазы-композитор, Ресей Федерациясының Еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор Н.Я.Чайкин бірнеше рет Алматы консерваториясында Мемлекеттік емтихан комиссиясына төрағалық еткен. Халық аспаптар кафедрасының шақыртуымен әр жылдары МЕК-ның төрағасы болып Гнесиндер атындағы Мемлекеттік музыкалық-педагогикалық институтта халық аспаптар кафедрасының негізін қалаушы және меңгерушісі профессор А.С.Илюхин, РСФСР Еңбек сіңірген әртісі, халықаралық және дүниежүзілік конкурстар мен фестивальдердің лауреаты профессор В.А.Семенов, өнертану ғылымдарының кандидаты М.И.Имханицкий шақыртылған.

Гастрольдік концерттермен Қазақстан бойынша көптеген халықаралық және дүниежүзілік конкурстардың лауреаттары өнер көрсеткен. Қазақстан академиялық сахнасының жиі қонақтары болған әйгілі ресей баяншылары: Ю.Казаков, Н.Ризольдің жетекшілік етуімен Мемлекеттік Киев филармониясының баяншылар квартеті, П.Гертер, В.Семенов, В.Бесфамильнов, Ю.Вострелов, Э.Митченко, Н.Севрюков, Ю.Дранга, О.Шаров, В.Голубничий, А.Дмитриев, В.Гридин, В.Зубицкий, А.Скляров, В.Карпий, В.Галкин, А.Кузнецов, В.Дукальтетенко, Б.Ларионов пен В.Савин дуэті, ЮШишкин.

Ресейде баяннан кәсіби білім беру флагманы – Гнесиндер атындағы Мәскеу мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген түлектер А.Ф.Подольский, Ф.В.Легкунец, Е.Д.Чупров және А.Дубровский (Н.Я.Чайкин класы), Т.О.Оқапов (Ф.Р.Липс класы), В.П.Демченко (В.П.Кузовлев класы), М.М.Бакиев (Ю.А.Сидоров класы), И.Хребтова (Ю.Дранга класы). Ресей баян мектебімен арадағы байланыс көбінесе білім беру саласынан байқалады. Көрнекті қазақстандық баяншылар Ресей музыкалық жоғары оқу орындарынан баянда орындаушылықтың озық теориясы мен практикасын терең меңгеріп, үздік баян мектептерінде оқыту әдістемесін енгізген. Оларды өздерінің орындаушылық және педагогикалық тәжірибесімен толықтырған.

Киев консерваториясының түлектері Д.А.Гусинцов жәпенне В.Толстов (И.А.Яшкевич класы), түбегейлі жоғары білім алып, республиканың музыка мәдениетіне өз үлестерін қосты.

Новосібір консерваториясының қабырғасынан шыққан музыканттар: В.Ф.Романюк (Г.Н.Жигихин класы), В.В.Ткаченко, В.К.Аксенов, Г.Гориченко (А.А.Михайлов класы), Г.А.Гайсин мен А.Ф.Буркин (Г.П.Черничка класы), Г.А.Ерзаков (Г.А.Розанов класы), Н.П.Пронин (А.А.Ручиц және А.В.Крупин класы).

Новосібір консерваториясын және ассистентура-стажировкасын бітірген көрнекті музыкант Бүкілодақтық және Халықаралық конкурстардың лауреаты А.М.Гайсин (Г.П.Черничка класы)

Челябинск өнер және мәдениет институтының тәрбиеленушісі И.И.Алейников (В.Я.Кондин класы) Көкшетаудың баянда орындаушылық өнерін дамытуға зор үлес қосты. Аталған оқу орнының тағы бір өкілі В.И.Саксонов (В.П.Лавришин класы) Қостанайдағы баян әдістемесі мен орындаушылық шеберлігін дамытты.

Мәскеу мәдениет институтынан тамаша білім алған М.Х.Балтабаев (П.А.Гвоздев класы), ғылым кандидаты, кейінірек педогогика ғылымының докторы дәрежесіне көтеріліп, диссертация қорғаған.

Осы жоғары оқу орнының тағы бір түлегі В.В.Солодников бірнеше жыл бойы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директор-басқарушысы болған. Осы институтта дәріс алған В.Кондратьева Құрманғазы атындағы академиялық қазақ ұлт аспаптар оркестрінде сырнайшылар тобына жетекшілік еткен.

З.Н.Смақова (П.И.Говорушко класы) ассистентура-стажировканы Санкт-Петербург консерваториясының аясында тәмамдаған.

Өзі оқыған Донецк консерваториясын көпке танытқан, бірнеше беделді халықаралық конкурстардың лауреаты Д.Р.Султановтың (А.А.Семешко класы) жоғары орындаушылық мәдениеті, қазақстандықтардың өз жерлесіне деген мақтанышын оятады.

Өскемен музыка училищесін (В.Т.Заводчиков класы) және Новосібір консерваториясын (Г.П.Черничка класы) бітірген, біздің тағы бір отандасымыз Б.Ларионов – В.Савинмен танымал баян дуэтінде ойнаған.

Урал (Екатеринбург) консерваториясының түлегі Н.А.Двизов (В.И.Алешина класы) Астана Ұлттық музыка академиясында еңбек етті.

Қазан консерваториясының түлектері В.В.Литвинов пен А.Г.Полянский (Н.А.Черняев класы) Шымкент баян мектебінің негізін қалаушылар болып табылады.

Халықаралық конкурстардың лауреаты Э.Н.Сейт-Абдуловтың класынан Ташкент консерваториясында білім алған Р.Р.Мубараковтің өнер жолында жолы ашылған.

В.П.Сорокин (Р.Ю.Шайхутдинов класы), И.Подолян (Е.С.Тейтельман класы) және Ю.Ф.Зайберт (Т.Г.Бажанов класы) Уфа мемлекеттік өнер институтынан дәріс алған мамандар.

Горький консерваториясының түлегі И.С.Черный Ақмолада (Астана) баян орындаушылықтың өсіп, өркендеуіне үлес қосты.

Саратов консерваториясының өкілі Ю.П.Яковлев (В.В.Синецкий мен А.И.Сенин класы) республикалық конкурстардың көптеген лауреаттарын дайындаған.

Қазақстанда бірнеше шебер орындаушылық баян мектептері бар. Бұлар – Алматы, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Петропавл, Өскемен, Астана және т.б. мектептер.