Домбырашы Марат Нүкеев пен Алексей Ефременконың дуэті 1990 жылдары құрылған. Сол жылдары К.Байсейітова атындағы музыка мектебінің екі дарынды оқушысы мектеп директоры Оңдасын Абдуллаевтың жетекшілігімен бірге қазақ күйлерін, қазақстан композиторларының концерттік пьесаларын, виртуоз класстикалық шығармаларды ойнай бастаған. Қазақ домбырасы фортепианоға қарағанда баянның сүйемелдеуімен өте табиғи, әсерлі естілген. Мұны түсіндіру өте оңай болатын – екі аспаптың да халықтық табиғаты, дыбысының жұмсақтығы және баян аспабының динамикалық құбылғыштығы домбыраға классикалық аспап фортепианодан гөрі жақынырақ болатын. Ефременко мен Нүкеевтің ынталарымен құрылған камералық ансамбль Алматы, Душанбе, Екатеринбургте өткен конкурстарға қатысып, кейін Мәскеуде Жеңістің 50 жылдығына орай өткен халықаралық конкурста 1 орынды иеленіп, лауреат атанған. Дуэттің шығармашылық одағы сақталған және осы күнге дейін өз тыңдаушыларының құрметіне ие. Оның репертуарында түрлі халықтардың фольклоры, қазақ және орыс музыкасы бар. Қазақ Ұлттық Академиясы құрылған күннен бастап екі музыкант та осы оқу орнында еңбек етеді.
Қазақстан аймағынан басқа А.Ефременко мен М.Нүкеев, Д.Султанов пен Т.Алипбаев дуэтінің жеке орындаушылық шеберлігіне Лондон, Берлин, Брюссельдегі тыңдармандар да жоғары баға берген. Баяншы мен домбырашы дуэті Президент оркестрінің құрамына енгендіктен де болар, аталған ансамбльдің концерттік географиясы да өте ауқымды. Осындай үлгідегі дуэт 2 дәстүр синтезінен құралған: халықтық және академиялық. Екі музыканттың да жоғары кәсіби және орындаушылық деңгейі халық ансамблінің мәртебесін арттыра түседі.
Дамир Султанов пен домбырашы Т.Алипбаевтың дуэті, сыбызғышы Кансеитов Самат пен баяншы Митрохин Сергейдің ансамблі де тыңдармандарға керемет эстетикалық әсер беретіні сөзсіз.