Баянда орындаушылық өнері эстрадалық ансамбльдер мен оркестрлермен қатар танымал бола бастады. Мұндай ұжымдар мәдениет және демалыс парктерінде өтетін түрлі ойын-сауық бағдарламаларында, сеанс басталмас бұрын кинотеатрларда, түрлі мерекелік концерттерде, циркте, мейрамханаларда, тойларда және т.б. өнер көрсетеді.
Мұндай ансамбльдерде кез келген баяншы ойнай алмаған. Бұған жоғары шеберлік, импровизация өнері, әртістік қабілет және материалды көпшілікке жарқырата ұсына білу, ансамбльді сезіну және т.б. секілді қасиеттер қажет. Бұл эстрадалық ансамбльдің баяншы-орындаушысына қойылатын талаптың толық тізімі емес.
Соғыс жылдарынан кейін танымал баяншылардың көпшілігі осы секілді ұжымдарда ойнаған. Олардың қатарында: К.Щеглов, Е.Д.Чупров, С.К.Муксинов, Г.Г.Шутов, В.А.Холопайнен, С.С.Муксинов, В.И.Разломов, В.Ф.Романюкті атауға болады.
50-60-жылдары Қарағандыдағы Шахтерлар сарайында құрылған эстрадалық оркестрдің құрамында дарынды баяншы В.А.Холопайнен ойнайды. Герман Шелпаков – жарқын баяншы, республикада шебер баяншы ретінде атағы шыққан. Баянды құрастырып, тапсырысқа жасайтын болған.
Муксинов Саид Каримович. 1907 ж. Ақмолада туып, 1980 ж. дүниеден өткен. Гармоншы, баяншы. Оның аталары Ешім жағалауынан үй салған алғашқылардың бірі болған. Жастайынан бала музыка тыңдағанды ұнатқан, алты жасынан бастап гармонда ойнаған.
Кейіннен өз бетімен үйреніп, одан әрі жетілдіре түскен. 20-жылдары Қазан қаласындағы баянда ойнау курстарында оқыған.
Курсты аяқтаған соң эстрадалық ансамбль баяншысы болып Ақмола мейрамханасында еңбек еткен. Мейрамханадағы жұмысын қаладағы жалғыз «Заря» кинотеатрында орындаушылық жұмысымен қатар атқарған. Ансамбль баяншысы ретінде жиналған халықтың алдында сеанс басталғанға дейін баянда ойнаған, сондай-ақ тілсіз кинофильмдер көрсетілімін баян ойынымен жандандырған.
Ұлы Отан соғысы жылдары майдан шебіндегі концерттік бригадаларда эстрадалық ансамбль баяншысы ретінде өнер көрсеткен.
Муксинов Сократ Саидович тамаша эстетикалық, музыкалық дәрісті Румянцевтің басшылығымен ұйымдастырылған эстрадалық оркестрден алған. Қытайға және кейінірек одан әрі Қазақстанға жер аударылған ақ гвардияшы офицерлер Ақмола аудиториясы тыңдаушыларының жоғары музыкалық талғамын тәрбиелеген. Әрқайсысы екі-үш музыкалық аспапта ойнайтын болған. Бұл жоғары білімді музыканттар ұжымы болатын. Сол кезде Қарағанды музыка училищесінің студенті бола жүріп, Сократ Муксинов Қарағандыдағы «Октябрь» кинотеатрында сеанс алдында банданеонда ойнаған. Кейін Оқушылар сарайының жанынан Қарағанды музыка училищесінің педагогтары мен студенттерінен эстрадалық оркестр құрып, өзі жетекшісі, жеке орындаушысы әрі дирижері болған.
Шығыс Қазақстан өнер колледжінің директоры, белгіді әдіскер Романюк Владимир Федорович әкімшілік жұмысын педагогикалық және концерттік қызметімен қатар атқарады. Оның Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының жанынан 1983 ж. құрған «Русский сувенир» аспаптық ансамблінің құрамында: В. Романюк – аккордеон, И. Миллер – гитара, В. Аксенов – бас болған. Олар Шығыс Қазақстан, Семей, Павлодар, Алматы облыстарында жүздеген концерттер берген. Бірінші Республикалық лекториялық бригадалар конкурсында «Русский сувенир» жоғары баға алып, 1987 жылғы қазан айында Алматы қаласындағы Орталық концерт залында өнер көрсеткен. 1995 жылғы шілдеде ұжым Алтай өлкесінде концерттер берген.
Эстрадалық ансамбльдің классикалық түріне: соло гитарадан, аккомпанемент, бастан басқа баян, аккордеон, бандонеон кіреді. Мұндай ансамбльдер 60-шы жылдары өте көп болған. Қазақстанда болған осы секілді ансамбльдер: «Березка», «Айгүл» кейбір эпизодтарда баян пайдаланылған, айталық, ұлттық нақышта орындалатын фольклорлық әуендерде.