Кіріспе


Биология ғылым ретінде үш мәселеге қызығушылық танытады: өмірдің пайда болуы, оның өзгергіштігі және эволюциясы. Қалғанының бәрі осы үш жаһандық мәселемен қамтылған және біз нені зерттесек те, жоғарыда көрсетілген сұрақтарға жауап береміз. Бүгінгі таңда өмірдің молекулалық және генетикалық механизмдері, өзгергіштік және даму процестері туралы үлкен көлемді ақпаратқа қарамастан, біз қойылған сұрақтардың ешқайсысына толық жауап бере алмаймыз. Керісінше, тіршілік туралы көбірек білген сайын, қазірдің өзінде қалыптасқан және даусыз болып саналатын догмалардың дұрыстығына көп сұрақтар мен күмән туындайды. Әзірше өмірдің пайда болуы туралы біртұтас тұжырымдаманы қалыптастыру мүмкін емес, Дарвиннің эволюциялық теориясында елеулі мәселелер пайда болды, тірі жүйелердің өзгергіштік механизмдері мен олардың эволюциялық процестегі рөлі туралы бірыңғай көзқарас қалыптасқан жоқ.

Ұсынылып отырған оқу құралында молекулалық биология мен генетиканың, биотехнология мен гендік инженерияның, эволюциялық биология мен систематиканың, түрлер арасындағы қарым-қатынас пен биоалуантүрлілікті сақтаудың және т. б. мәселелері бойынша деректер қамтылған. Олардың негізінде білім алушылар қоғам алдында тұрған биология мен экологияның қазіргі заманғы мәселелері туралы түсініктерін қалыптастырады; ұлттық және жаһандық деңгейлерде биология мен экология мәселелерін шешудің неғұрлым заманауи тәсілдерімен танысады.

Экология, биология мамандықтарының білім алушыларына арналған.