Әлемде жыл сайын шамамен 40000 гемопоэздік дің жасушаларының трансплантациясы жасалады. Жағдайлардың 57 %-ында жеке-дара (аутологиялық) дің жасушалары, ал 43 %-ында донорлық (алогендік) дің жасушалары қолданылады.
Жасушалық терапия негізінен басқа дәрі-дәрмектермен немесе хирургиямен бірге қолданылады. Дегенмен, сүйек кемігінің немесе кіндік қанның гемопоэздік дің жасушаларын трансплантациялау емдеудің негізгі әдісі болып табылатын аурулар бар.
1) Туа біткен иммундық тапшылығының ауыр түрлері: Ниймеген синдромы, Вискотт-Олдрич синдромы, созылмалы гранулематозды ауру және басқалары. Кемшілігі бар иммундық жүйе нәрестені инфекциялардан қорғамаса, донордан сау иммундық жүйені трансплантациялау ғана баланы құтқара алады.
2) Өмірлік маңызы бар ферменттері синтезделмейтін метаболизмнің туа біткен аурулары. Олардың кейбіреулері үшін, мысалы, Гурлер синдромы, Санфилиппо, Краббе ауруы, үйлесімді донорлық кіндік қанын қолдану сүйек кемігін енгізуден гөрі сауығуға жақсы мүмкіндік береді.
3) Қанның түзілуінің туа біткен бұзылыстары – аплазиялық анемия. Африка елдерінде кең таралған орақ жасушалы анемияны емдеу үшін кіндік қанының бағаналы жасушалары ерекше маңызды болып табылады.
4) Ауыр дәрежеде радиоактивті сәулелену. Сүйек кемігінің немесе кіндік қанының гемопоэздік дің жасушаларын трансплантациялау адамды қалпына келтіре алады.
Дәрілік заттардың дің жасушаларымен бірге қолдану арқылы емделетін аурулар:
- қан ауруларының кең спектрі;
- миокард инфарктісі;
- инсульт;
- гепатиттер;
- бауыр циррозы;
- қант диабеті;
- бедеулік;
- тағы 100-ге жуық ауру.