3.2 Адамзаттың жаһандық стратегиясының 10 қағидасы


Төмендегі 10 қағида жаһандық биоалуантүрлілік стратегиясына қатысатын жеке адамдар мен ұйымдар үшін нұсқаулық бола алады:

1) Барлық тіршілік иелері адамзат үшін ерекше және маңызды.

2) Биоалуантүрлілікті сақтау – бұл жергілікті және ұлттық, онымен қоса жаһандық жалпы адамзаттық ауқымда да маңызды және пайдалы ресурстарды сақтау.

3) Биоалуантүрлілікті сақтау үшін қажет шығындар, болашақта бұл әрекет беретін кірістер мен пайда, әр түрлі ұлттар арасында және жеке елдердегі адамдар арасында біркелкі бөлінуі керек.

4) Адамзаттың тұрақты дамуына қол жеткізу жөніндегі одан да ауқымды әрекеттің бір бөлігі ретінде – биоалуантүрлілікті сақтау, бүкіл әлемдегі экономиканы дамыту тәсілдерінде, құрылымында және практикасында түбегейлі өзгерістерді талап етеді.

5) Биоалуантүрлілікті сақтау қызметін қаржыландыруды ұлғайту түрлердің, биотоптардың және ландшафттардың жойылу қарқынын бәсеңдетпейді. Биоалуантүрлілікті сақтауға жұмсалатын шығындарды ұлғайту, шынымен тиімді болатын жағдайлар туғызатын, мемлекеттердің арнайы саясаты және реформалардың тұтас кешені (заңнамада, табиғатты қорғау қызметінің құрылымында және т. б.) қажет.

6) Биоалуантүрлілікті сақтау саласындағы басымдықтар әртүрлі деңгейлерде әртүрлі. Яғни, жергілікті басымдықтар жалпыұлттық немесе жаһандық басымдықтарға сәйкес келмеуі мүмкін, бірақ жергілікті басымдықтар жаһандық басымдықтардан маңызы кем емес, елеулі. Бүкіл адамзат аясында биоалуантүрлілікті сақтау бойынша жұмыс тек бірнеше ерекше бай экожүйелерді (мысалы, тропикалық ормандар немесе маржан рифтері) қорғаумен шектелмеуі керек.

7) Қоғамның алаңдаушылығы мен олардың осы бағыттағы іс-әрекеттің қажеттілігіне деген сенімі үнемі артып отырса ғана, болашақта биоалуантүрлілікті сақтау тұрақты процесс бола алады. Саясаткерлер мен шенеуніктердің қажетті ақпаратқа ие болуы өте маңызды, соның негізінде олар негізделген таңдау жасай алады және тиісті шаралар қолдана алады.

8) Биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі іс-шаралар экологиялық және әлеуметтік басымдықтар негізінде тең дәрежеде жоспарлануы және іске асырылуы тиіс. Яғни, бұл әрекеттің назарында қорғалатын табиғи аумақтар ғана емес (мысалы, қорықтар, белгілі бір сирек кездесетін түрлердің мекендейтін жерлері және т. б.), сонымен қатар адамдар тұратын және жұмыс істейтін жерлер болуы керек.

9) Мәдени алуантүрлілік табиғи алуантүрлілікпен тығыз байланысты. Адамзаттың табиғаттың алуантүрлілігі, оның мәні мен қолданылуы туралы түсініктері халықтардың мәдени алуантүрлілігіне негізделген және керісінше, биологиялық алуантүрлілікті сақтау әрекеттері көбінесе мәдени интеграцияны күшейтеді және оның маңыздылығын арттырады.

10) Қоғамның қатысуының артуы, адамның негізгі құқықтарын құрметтеу, адамдардың білім мен ақпаратқа қол жеткізуін жеңілдету, саясаткерлердің, министрліктер мен ведомстволардың қоғам алдындағы олардың қызметіндегі есептілігін күшейту – биоалуантүрлілікті сақтау бойынша табысты қызмет мүмкін болатын маңызды жағдайлар.