Эволюцияның синтездік теориясының негізгі ережелерін келесідей ұсынуға болады:
1) Түр біртұтас генетикалық жабық жүйе болып табылады. Ол популяциялардан, өзара жеке дарақтардың миграциясына байланысты гендер алмасуы жүретін генетикалық ашық жүйелерден тұрады.
2) Эволюцияның қарапайым бірлігі популяция болып табылады.
3) Эволюцияның қарапайым факторлары (мутациялық және комбинаттық өзгергіштік, гендердің ағыны мен дрейфі, популяция толқындары, оқшаулау) эволюцияның алғышарттары болып табылады.
4) Эволюцияның негізгі қозғаушы күші – тіршілік үшін күрес негізінде жүретін табиғи сұрыпталу.
5) Табиғи сұрыпталудың әсерінен бейімделудің қалыптасуы және түрлердің қалыптасуы жүреді. Бұл эволюцияның негізгі нәтижелері болып саналады.
6) Түрдің түзілуі ұзақ және біртіндеп жүреді, бірқатар аралық формалар – түрлер мен кіші түрлер арқылы жүзеге асырылады.