Қазіргі биологиялының салалары барған сайын «тармақталып» жатыр. Зерттеудің жаңа бағыттары пайда болып, дәстүрлі бағыттар қарқынды дамып келеді. Ақпараттық кеңістік елестету мүмкін емес шектерге дейін кеңейіп жатыр. Адам геномы декодталған, генетикалық манипуляция әдістері керемет деңгейлерге жеткен, биомедициналық зерттеулер мен әзірлемелерге бөлінген әлемдік шығындар өткен ғасырлардағы ғалымдар армандарынан асып түссе де, ауруларды толық жеңу әлі де өте алыс сияқты. Керісінше, тіршілік туралы көбірек білген сайын, қазірдің өзінде қалыптасқан және даусыз болып саналатын догмалардың дұрыстығына көп сұрақтар мен күмән туындайды.
Тіршілікті ұйымдастырудың барлық деңгейлерінде тіршіліктің мәні мен организмдердің іргелі қасиеттері туралы түсінік қалыптастыру, биологиялық жүйелердің тұрақтылығын анықтайтын механизмдерді түсіну, ғылымның қазіргі жетістіктері негізінде биологиялық пәндер саласындағы білімді түсіну деңгейі артқанмен, тіршіліктің пайда болу механизмдері, өзгергіштік және эволюция мәселелеріне әлі шешім табылған жоқ.
Оқу құралында биология ғылымының әр түрлі бағытындағы ашылған негізгі жаңалықтар қатары мен олардың қалыптасу тарихы толық берілген. Организмдердің толық біртұтас организм ретінде қалыптасуында өсімдіктер мен жануарлар селекциясының, клондаудың және биотехнологияның алатын орны көрсетілген. Сонымен қатар геномика, протеомика мен биотехнология бағыттары және осы бағыттардағы организмдердің жаңа түрін алу мен организмдердің қалыптасуын одан әрі дамуы үшін қолданылатын әдіс-тәсілдері мен олардың тиімділігі толық қарастырылған. Сол себепті бұл оқу құралының әрбір тарауы биологияның жаңа бағыттарына арналған, сондай-ақ осы бағыттардың негізгі мәселелеріне тоқталған.
«Қазіргі заманғы биологияның мәселелері» курсы білім берудің барлық нысанындағы студенттерге болашақ биолог, эколог ретінде нағыз маман болу үшін қажетті білім мен дағдыларды алуға мүмкіндік береді.
Бұл курсты оқу нәтижесінде әрбір болашақ маман қазіргі биологияның іргелі биологиялық тұжырымдамалары туралы білімдерін қалыптастырады, ғылыми, ғылыми-конструкторлық қызметті ұйымдастыру кезінде алған дағдылары мен білімдерін қолдана алады.